Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ндірістегі негізгі және қосымша материалдар




Қағаз дегеніміз – целлюлоза талшықтарынан (ағаш целлюлозасы, ағаш массасы, мақта, зығыр талшықтары, макулатуралық масса және т.б.) тұратын массасы 250 гм2дейінгі парақтар немесе ленталар. Қағаз басу үшін арналған негізгі материал болып табылады. Ол кеуекті капиллярлы парақ немес лента.

Қатырма – өсімдік тектес талшықтардан тұратын, 1м2массасы бойынша жеңіл және ауыр қатырма боп бөлінетін материал. Қатырма бір немесе көп қабатты, массасы 150-600г/м3болып келеді. Пайдаланылуына қарай қатырма үш маркада шығарылады. А, Б және В маркалары.

Форзацтық қағаз – ақ және түрлі-түсті болып келеді. Оларды кітап форзацтарын даярлау үшін қолданады. Оның екі маркасы бар. А және О маркасы. А маркасы басылмайтын (ақ) болады, ал О маркасы көп бояулы түрлі-түсті басылатын форзацтар үшін қолданылады.

Мұқабалық қағаз – ақ немесе түрлі-түсті болып келеді. Жылтыр, күліңгірт және қысыммен өңделген болып бөлінеді. А және Б маркалы мұқабалық қағазды 60% сульфидтік және 40% сульфаттық ақ целлюлозадан жасайды. Олар физика-механикалық қасиеттері бойынша бірдей. А маркасы жылтыр, ал Б маркасы күліңгірт. Мұқабалық қағазды түптеу қаптарын және мұқабаларды дайындауда пайдаланады.

Синтетикалық жіптер – капрон және алидполиамидті полимерде дайындалып жасалынады. Ол үшін полимерлер ерітіліп диаметрі 0,25 мм тесігі бар фильер арқылы қысылып балқытылады. Полимердің мұқабасы, суыған кезде талшықтарға айналады. Диаметрі 8 мкм синтетикалық жіптер еріліп дайындалады.Синтетикалық капронды жіптер 18 К мөрлері –кітапты брошюалы тігудегі 3 қолайлы жіптер. Мақта-маталы жіптерге қарағанда 2 есе мықты. Блоктарды тігуде бұл өте сапалы.

Терможіптер – талшықтарды 2 компонентті комбинация: вискозді жібекпен қыздыру кезінде балқып кетпейтін және полипропилен кыздыру кезінде балқып қағаздың негізіне желімдейді. Терможіптердің балқу температурасы 260-320 С терможіптер дәптерлерді бекітуде қолданылады.

Түптеу материалы №4 – біртұтас полиграфиялық материалдардан жасалған, жұмсақ қаптама, жиектері блоктан асып тұрады (с кантом). Мұны дайындап шығару үшін екі жағына қатырма бет жән мұқабалық қағаз қолданылады.

Термографиялық марля (ГОСТ 5196-75) – сирек кездесетін қатты тығыздалған мақта-қағазды, бір-біріне тоқыла жасалған материал. Ені 67±1 және 73±1 см ұлпалы болып, екі жіптің негізінде түйістіріліп жасалады.Тағайындалу жөнінде марляның 2 маркасы бар:

1) БО – блокты өңдейтін агрегаттарда кітап блогының түптеріне желімдеу үшін қолданылады.

2) НШ–тігін машиналарына кітап блогын тігу үшін пайдаланылады.

Штапелді түптеу матасы. Штапельді маталарды жасанды, мысалы, вискозды талшықтардан дайындайды. Штапельді талшық өте ыңғайлы, өйткені оны иіруүшін мақталыжəне жібекті талшықтарды қосып немесе жеке-жеке қолдануға болады.Штапельді түптеу матасы вискозды жəне ацетатты жүннен тұратын мата, оныңбетіне əртүрлі полимер қосылған крахмал-каолинді қабат жағылады,сыртқыбетіне нитроцеллюлоза негізінде лактар жағылады. КВК маркасы ГОСТ-5202-78 бойынша шығарылады, яғни жеті форматты ені 66-дан 91,5 вискозды түптеу коленкоры ретінде қолданады. Түптеу қабын желімдеу үшін қолданады.

Каптал – ені 13-15мм лента, қалындығы 1,5 мм. Капталды әртүрлі боялған жібек, жартылай жібек, мақта-мақталы жіптерді жасайды. Лента каптал ұзындығы-100мм арнайы втулкаға оралып дайындалады. Каптал кітап блогының түбінің екі шетіне жабыстырылады. Кітаптың мықтылығы және безендіру жұмыстары үшін пайдаланылады. Лента – каптал катты біртегіс, талшықты болуы керек [5].

Желім мұқабаларжәнетүптеу қабын жасау үшін өте қажет материал. Желімге мынандай талаптар қойылады:

- мұқаба жоғарғы жылдамдықта жасалған кезде оның тез жабысуы;

- түптеу материалына жұққан желімнің құрамында ылғалдың көп болмауы;

- химиялық реакцияның нәтижесінде түптеу қабының түсінің өзгермеуі. Өндіріс орындарда желім дайындалғанда түптеу материалдарының ерекшеліктері және мұқаба жасайтын машинаның техникалық кемшіліктері ескерілуі керек. Желімдер поливинилацетатты, карбоксометилцеллюлозалық, термопластикалық, сүйектік, крахмалды және бутадиенстиролды болады.

Поливинилацетатты желім. Поливинилацетатты желім – жоғары-тұтқырылықты (ВМС воронкасы бойынша 50% кепкен қалдық жəне 5-15% дибутилфтолат (пластификатор ретінде) ОСТ 5-05-386-80 бойынша түптеу материалдарын даярлау үшін қолданылады.Ол сүйекті желіммен, NaKMц тұзымен, полиэтилениминмен жақсы қосылады, олар ПВАД қасиеттерін түзетуге жəне оның қолдану аймағын кеңейту үлкен мəні бар. Поливинилацетатты желім бөлмелік темпкратурада қолданылады.Тігілген кітап блогының түбін желімдеу үшін тұтқырлығы ВМС воронкасы бойынша 30-35с болатын шамамен 33% кепкен қалдық бар поливинилацетатты дисперсия қолданылады. Поливинилацетатты дисперсиясы сумен араластырып дайындайды. Тікелей желіммен бектіну, жіппен тігілген кітап блогіне мұқабаны желімдеу үшін, «Ротор-Биндер» жартылай автоматты машинада суперқапты кигізу үшін тұтқырылығы ВМС воронкасы бойынша 40-80с болатын араластырылмаған дисперсия қолданады.ПВАД-ның жағымды қасиеттері: астарға қатты жабысуы, желімдік қабаттың жоғары созылғышытығы, түссіздігі, жағымысыз иістің болмауы жəне жұмыста ыңғайлылығы. ПВАД-ның кемшіліктері: желімдік қабаттың алуға төзімділігі өте төмен (-20°С температурадада ПВАД құрғақ жəне сығыш болады).

Бутадиен-стиролды (латексті) желім. Түптеу материалдарын даярлау үшін СКС-50П (ГОСТ 15080-69) латексін қолдануға болады. Бутадиен-стиролды латекстің жабысқақтығы жоқ,сондықтан латексті желімді даярлау үшін оны сүекті желіммен жəне басқа қоспаларымен біріктіру қажет.Бутадиен-стиролды латексті тот баспайтын қазанға салып 70-80°С-ға дейін араластыра отырып ысытады. Сосын латекске ерітілген сүйекті желім қосады. Температураны 75-85°С-ға көтеріп 1-3 сағат араластыра отырып қайнатады. Қайнату ұзақ болған сайын желімнің жабысқақтығы жəне тұтқырылығы жоғарылайды. Суыған соң қазанға натрий сульфитінің жəне силикатының ерітіндісін қосады. Бəрін əдемілеп араластырады, натрий силикаты желімнің қасиетін жоғарлатады, натрий сульфиті-желімнің тұтқырлығын төмендетеді. Латексті желімді таза ағаш бөшкелерде,эмальданған ыдыста да сақтайды. Желім суық түрінде қолданылады. Латексті желімнің жағымды қасиеттері - жоғары желімдік күш жəне желімдік қабаттыңың созылымдылығы, арзандылығы жəне оны даярлайтын шикізаттың бар болуы. Кемшіліктері - жағымсыз иісі бар жəне желімдік ерітіндінің арасында көбектенуі.Айтылған құрамдағы латексті желім марля мен форзацты желімдеуге,машиналарда түптеу қабын блокқа кигізу кезінде немесе қолмен түптеу қабын блокқа кигізу кезінде немесе қолмен каптал мен қағаз тілімін кітап блогінің түбіне желімдеуге қолданылады.

Карбоксометилцеллюлозалық желім. Карбоксилметилцеллюлозаның гликоль қышқылының жай эфиры,суда ісінеді, сосын мерзімді араластырып отырып жақсы ерітінді түптеу желімі пайда болады – крахмал желімінің алмастырушысы, оны қағаз желімдеуге жəне басқа түптеу желімдерінің қоспасымен қолданады. NaKMЦ желімінің жағымыды қасиетері – жоғары желімінің күші жəне желімдік қабаттың созылмалдылығы, түссіздігі, ашықтығы, жағымысыз иістің болмауы, сақтау кезінде қасиеттердің бұзылмауы, шикізаттың болуы жəне арзандылығы.Бұл желімді былай дайындайды: таза ыдысқа 85/500 мл карбоксометицеллюлозаның натрий тұзының өлшенген санын жəне рецепт бойыныша судың 1/3 бөлігін араластыра отырып қосады. 6-12 сағат өткен соң рецепт бойыныша қалған суды қосып араластырады. Еру процесін тездету үшін 60оС-ға дейін қыздыруға болады. NaKMЦ желімін сүйық түрінде қолдануға болады.

Термо пластикалық желім. Термопластикалық желім (терможелім) жай температурада қатты, температураны 130°С – ға дейін қыздырғанда жабысқақ сүйық түрде болатынбалқымалы полимерлік композиция болып табылады. Терможелім көбінесе кітап блоктарын тікпей желіммен бектіу үшін қолданады.

Терможелімдердің негізгі жағымды қасиеттері:

- желімдік қабаттың тез қатуы жəне осы қасиет кітап блогын өңдеуін кептіру процесін аттап кетіп орындауға мүмкіндік береді;

- желімідік қабаттың созылмалдылығы, желімдік бекітудің беріктігі;

- желіміде ылғалдың жəне органикалық еріткіштердің болмауы.

Сонымен терможелімнің басқа түптеу желімдерін салыстырғанда өзіндікерекшеліктері бар.

Терможелімдерге келесі техникалық талаптар қойлады:

- желім 70-90°С температурада жұмсақ, 100-120°С балқып, 140-180° температура жұмыстық қасиетіне ие болу керек;

- еріген күйде желімнің қасиеттері тұрақты болу керек;

- кепкен желімдік қабат мықты, созылмалы жəне мөлдір болу керек;

- желімідік қабат қатты суық кезінде де өз созылмалдылығын жоғалтпау қажет, суыққа төзімді болу керек;

- желімдеу мықтылығы басқа желімдермен салыстырғанда төмен болмауқажет.

Сүйектік (глютиндік) желімдер. Сүйектік желім − көбінесе ақуызды зат, глютиннен тұратын қатты ұнтақталатын плиткалар түрдегі зат. Ол жануар сүектерінен желімдік сорпа түрінде өңделеді, сосын кайнатылып кептіріледі де қатты күйге кешеді.Жануарлардың сүйектерінде, мүйіздері мен тұяқтарында суда ерімейтін ақуызды зат – коллагин (грек сөздері «колла» -желім, «генос»- тұқысдас, пайда болу) болады. Бірақ кллагенді суда көп уақыт қайнату нəтижесінде ол басқа - глютин деген аққуызді бөліп шығарады. Ол ыстық суда ериді жəне желімдік қасиеттерге ие болады.Сүйектік түптеу желімі былай дайындалады. Қазанға белгілі мөлшерде сүйектік желімді салып рецепт бойынша сумен араластырады. 60-70°С-ға дейін балқыту үшін ысытқыш пен механикалық араластырғышты қосады. Жоғары концентрациялы желімді даярлау кезінде желімге араластыра отыра глицерин,пеногаситель мекн антисептиктер қосады.Сүйектік желім ыстық күйде ғана 40-50°С температурада қою жəне жабысқақ ерітінді түрінде қолданады.

Қрахмалды желімдер. Крахмалды желім 6-8% картопта крахмалдан тұрады (ГОСТ 7699-68) крахмал аз болса желім сұйық болады, ал көп болса қатты жабысқақ болады да қиын жағылады, одан жоғары желімдік күші бар желімді алуға болады.Мұндай желім мөлдір ашық масса түрінде болады, жаққышпен жеңіл жағылады.Температураны 80°С жоғарылатса желім ағарады жаққышқа жіп сияқты созылады жəне түптеу материалының артқы бетіне сіңеді.Температураны жоғарлатқан сайын желімнің желімдік күші төмендейді.Желімнің қасиеттерін жоғарлату үшін əрбір 50л дайындалған крахмалдық желімге 0,5л 10% мыс сульфаты ерітіндісін қолданады.Жүгерілік крахмалдан жасалған желімдер аз уақыт сақталады,дайындалағаннан кейін тез қоюланып кетеді, жаман жағылады. Желімнің осытүрі полиграфияда қолданылмайды.

Қойма шаруашылық кәсіпорыны. Қоймалық иілік полиграфиялық кәсіпорын жобасы өнеркәсіптік нормамен техникалық жобалау ОНТП -3-80-ге жүктеледі. Қағаз және картон қоймасы келесі құрамда:

1) Базалық және қатырма қоймасы,оның құрамына: қағаз қабылдау бөлігі, рулондық қағаз сақтау бөлімі, табақтық қағаз бен картон сақтайтын бөлім, қағаз беру бөлімі кіреді.

2) Қағаз және картонды басуға дайындау бөлімінде келесі жұмыстар орындалады: рулонды қағазды кесу, картонды кесу, табақты қағазды кесу.

Қағаздарды жинақтау кезінде қалдық қағаздар және престелген қағаздар өңделеді. Бланктық өнімді даярлау үшін кесілген қалдық қағаздарды қолданады, ол мәдени және қоғамдық қолданысқа арнайы жобаланған. Кітапшалау-түптеу цехынан престеу бөліміне қалдық қағаздар келіп түседі, ал қағаздарды жинақтау кезінде басу цехындағы макулатура және қағаз қалдықтары әкелінеді.

Жартылай өңделген өнімдердің қоймасы. Жартылай өңделген өнімдердің ең негізгісі:

- алдын-ала сенсибелденген(жарық сезгіш) офсеттік пластиналар;

- формалардың жинағы;

- басылған парақтар;

- бүктелген дәптерлер;

- түптелген қақпалар.

Дайын өнім қоймасы қапталған өнімді сақтау және оның айтылған жеріне дейін жеткізілуі үшін жасалған. Қойманың ауданы өндірістің он күндік жұмыс істеп бір уақытта сақтау шарттарымен анықталады, сонымен қатар өнімді қабылдау және оның жөнелтілуі үшін қажетті ауданды қарастырады.

Материалдар қоймасы. Қойманың құрамы сәйкесінше сақтауға жарамды шикізат түрлері және материалдардан құралады.

Материалдарды сақтауға арналған мекеме өндірістің іші мен территориясы бойынша қарастырылады. Өндірістің ішінде жанар-жағар май (ЖЖМ) және үлкен көлемді қышқалдан басқа барлық материалдар сақталады. ЖЖМ қоймасы арнайы нормаларға сай салынады. Шикізат пен материалдарды сақтауға арналған аудан келесі факторларға байланысты болады: мекемедегі қойманың биік тұрған қабатының бастан-аяқ биіктігіне.

Механикалық жөндеу цехы. Механикалық жөндеу цехының негізгі бағыты – технологиялық және транспорттық құрылғыларды, өндіріс орында-рын және инженерлік ғимараттарды, кәсіпорын тараптарын, өндірістік жиһаздарды жөндеу және жұмыс қалпында сақтау болып табылады. Механикалық жөндеу цехының басты жұмысы технологиялық және басқа да құрылғыларды жұмыс қалпында сақтай, солардың ішіндегі ең ірілері слесарьлік машина бөлімі болады.

Жөндеу және бұзылуды болдырмау қызметтері ЖЕЖ (жоспарлы ескерту жұмыстары). Жөндеу цехтары өндірістік тараптардағы бір немесе бірнеше кәсіпорындарды жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз ету негізінде құрылады.

Құрылғыларға көрсетілетін жөндеу жұмыстары ағымдағы қызмет көрсететін топтармен ұйымдастырылады.

Есептік қызмет көрсету жабдықтары мен техникалық қызмет көрсету, кадрлық полиграфиялық өнеркәсіпорын ұйымдастыру - жоспарлау барысында зерттеледі. Методикалық есептеуде ППР шамасына келтіріледі. Ені 9 м болатын кеңістікте, көлденең желілерін 6, 9 және 12 м көпқабатты, бір қабатты ғимараттарда алып тастауға болады.Барлық бөлме бір тұрғыда бір жолда орналасқан және 60 м ұзындықта болады [6].

 

ОРЫТЫНДЫ

Бұл диплом алды практика есебі бойынша оқытушының нұсқауымен тәжірбиеден өткен «Дәуір» Республикалық полиграфиялық баспа кешені аймағымен толықтай таныстым. Кәсіпорында өндірілетін өнім түрлері мен процестерді орындауға арналған жабдықтарға техникалық сипаттамалар жасай отырып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы толық мағлұмат жинадым. Сонымен қатар жеке тапсырма ретінде берілген өнім түріне техникалық сипаттама және технологиялық карта толтырып, өнімді даярлаудың жалпы барлық цехтағы технологиялық сұлбасын құрдым.

Келесі кезекте басуға дейінгі, басу, және кітапшалау-түптеу цехтарында орындалатын кітап өнімін даярлауға қажетті барлық технологиялық процестермен, және осы процестерді орындауға арналған жабдықтармен таныстым. Сонымен қатар жоғарыда айтылған процестерге арналған материал түрлерін таңдап, олардың берілген өнім талабына сай келуін қадағалау арқылы материал құрамымен толықтай таныстым. Басуға дейінгі, басу және кітапшалау-түптеу цехының техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысып, алдағы уақытқа көптеген мағлұматтар меңгерілді.

Басуға дейінгі цехта Сtp технологиясымен форма даярламас бұрын бейнелік және мәтіндік ақпаратты қарапайым плоттерде шығарылып, сынама өнім алынады. Содан кейін ғана ақпарат көшірмелеу аппаратына жіберіледі.

Басу процесі кезінде басылатын материал мен бояу және ылғалдау материалдарының құрамдары өзара сәйкес болуы қажет. Себебі әр түрлі химиялық реакциялар басылатын өнім сапасына ғана әсер етіп қоймай, машинаның техникалық ақауына да әкеліп соқтыруы мүмкін.

Кітапшалау-түптеу цехында орындалатын барлық процестер полиграфиялық өнім үшін маңызды рөл атқарады. Мысалы қарапайым түбін кептіру процестері өз кезегімен орындалмаса, ол барлық процестерде ақаудың пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан бұл цехта орындалатын әр бір процестің ретін біліп, толық түсіну аса маңызды болып саналады.

Осы практика барысында кез келген өнім түрі үшін басуға дейінгі және басу процестері қандай маңызды болса, осы цехқа келіп түсетін өнім үшін кітапшалау-түптеу процесі да соншалықты маңызды болмақ. Себебі кітапшалау-түптеу процесіндегі орындалатын технологиялық процестер тек өнім сапасына ғана жауап беріп қоймай, оның алдағы уақытта сатылымдағы деңгейіне де әсер етпек.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных