ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
кіметке сенімсіздік білдіреді.5) соғыс және бітім мәселелерін шешеді; 6) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді; 7) Республикалык бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді; 8) Президенттің Республика Премьер-министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауға келісім береді. Парламент Сенаты: 9) Республика Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот Алқаларының төрағаларын, судьяларын сайлайды және қызметтен босатады, олардың анттарын қабылдайды, мәслихаттардың өкілеттігін тоқтатады, Жоғарғы Сот Кеңесінің кұрамына екі депутат жібереді, Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауға келісім береді. Парламент Мәжілісі: 10) заңдардың жобаларын қарауға қабылдайды және қарайды; Республика Парламенті қабылдаған заңдарға Республика Президентінің қарсылыктары бойынша ұсыныстар әзірлейді; Республика Президентінің ұсынуымен Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарын, хатшысы мен мүшелерін сайлайды және қызметтен босатады; Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлайды, әділет біліктілік алқасының құрамына екі депутат жібереді. Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз: 11) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды; Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, Республика Бас Прокурорының ұсынуымен депутаттарға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру мәселелерін шешеді; өз құзырындағы мәселелер бой-ынша парламенттік тыңдаулар өткізеді; Үкімет мүшелерінің өз қызмет мәселелері жөніндегі есептерін тыңдайды және т.б. 2005 жылдың 4 мамырында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану, Қазакстан қоғамы мен мемлекетін кезең-кезеңмен саяси жаңарту процесін жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Парламентінің рөлін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол койды. Жарлыққа сәйкес әлеуметтік-экономикалық блок министрлерін олардың кандидатураларын Парламент Мәжілісі мен Сенатының бейімдік комитеттерінде алдын ала талқылаудан кейін тағайындау практикаға енгізіледі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары олардың кандидатураларын Парламент Сенатының бейімдік комитетінде алдын ала талқылағаннан кейін тағайындалатын болады. Аталмыш Жарлыққа сәйкес Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы және Елбасы тағайындайтын екі мүшесі олардың кандидатураларын Парламент Мәжілісінің бейімдік комитеті алдын-ала талқылағаннан кейін тағайындалатын болады. Бұған қоса Парламент Мәжілісіне Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, оның орынбасары және мүшелері лауазымдарына кандидатура-лар жөнінде шешім қабылдағанға дейін осы мәселе бойынша Парламент Сенатымен консультация жүргізу ұсынылды. Елбасы Жарлығына сәйкес Парламент палаталарының төрағаларына Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің тиісті мүшелерін олардың кандидатураларын Республика парламентінің тиісінше Мәжілісі мен Сенатының пленарлық отырысында талкыланғаннан кейін тағайындау құкығы берілді. Көріп отырғанымыздай, Парламенттің конституциялық өкілеттігі жетерлік. Бақылаудың және өкілеттік етудің жоғарыда айтылғандай айрыіқша кұдыреттерінің барлығы Конституция бойынша Қазақстан Парламентіне бекітіліп берілген. Осылайша, Қазақстан Парламентінің конституциялық өкілеттігі қазіргі уақытта барынша ауқымды және тиімді болып отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі Конституцияның Үкіметтің мәртебесі мен өкілеттіктерін белгілеуге жаңа көзқарастар тағайындағаны да өте маңызды Үкімет дербес әрекет ету жағдайында болады, яғни атқарушы органдар жүйесін басқара отырып, олардын қызметіне жетекшілік жасап және басқарушылық шешімдерді дербес қабылдай отырып, экономика мен әлеуметтік саладағы істің жағдайына толық жауап береді. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Рес-публика Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Республика Парламентіне есеп береді, ал Үкімет мүшелері өз қызметтері бойынша Парламент палаталарына есеп береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) Парламентке республикалық бюджетгі және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді; 4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; 5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді; 6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды; 7) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 8) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды. Үкіметтің жоғарыда аталған қызметтерінен заң шығарушы және атқарушы биліктің бір-бірін тежемелік механизмі орныққанын көреміз. Мысалы, Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-министр Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім білдіру туралы мәселе қоя алады. Бұл мәселе бойынша дауысқа салу сенім білдіру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей жургізіледі. Егер Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірсе, Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республика Президенті он күн мерзімде қарайды. Егер Парламенттің сенімсіздік білдіруіне байланысты Үкіметтің орнынан түсуі қабылданбаған жағдайда Президент Парламентті тарата алады. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі - Қазақстан Республикасы- ның бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелігін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган. Конституцияның мәртебелілігі - билік органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандай да болсын құқықтық актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға сай келуі, оған қайшы келмеуі болып табылады. Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері де Конституция нормаларының бұзылуына жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелігін қамтамасыз етуде Конституциялық Кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға және басқаларға тәуелсіз және тек Конституцияға ғана бағынады, әрі саяси және өзге де себептерді негізге ала алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңеске мүше бола алады. Конституциялық Кеңестің төрағасын және тағы екі мүшесін Республика Президенті, екі мүшесін Сенат төрағасы және екі мүшесін Мәжіліс Төрағасы тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Конституциялық Кеңестің қарауына мынадай мәселелер жатады: 1. Дау туған жағдайда Президент сайлауының; 2. Парламент депутаттары сайлауының және 3. Республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді; 4. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; 5. Конституция нормаларына ресми түсініктеме береді; 6. Парламент республика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін - белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді. Жоғарыда аталған мәселелерді Конституциялық Кеңес Республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Терағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің және Премьер-Министрдің өтініштері бойынша қарайды. Конституциялық Кеңес іс жүргізуге қабылданған өтінішті қарап, өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде ол жөнінде қорытынды шешім шығарады. Егер мәселені кейінге қалдыруға болмаса, Республика Президентінің жазбаша нысанда жасаған талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін. Конституциялық Кеңестің шешіміне толығымен немесе бір белігіне Республика Президенті қарсылық білдіруі мүмкін. Бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен ескеріледі. Республика Президентінің қарсылығы ескерілмеген жағдайда Конституциялық Кеңестің шешімі қабылданбады деп есептеледі және осы мәселе бойынша конституциялық іс жүргізу тоқтатылады. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Мысалы, 2005 жылдың ортасында қоғамымызда президенттік сайлаудың қашан өтетіндігі туралы дау туғанда Республика Парламентінің бір топ депутаттары Конституцияның 41-бабының 1-тармағына және 94-бабының 1-тармағына ресми түсіндірме беруді және Конституцияның аталған нормаларының қайсысы басым екенін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлау күнін белгілеу мен ол күнді Республика Парламентінің Мәжілісі жариялау кезінде қайсысын басшылыққа алу керектігін айқындап беруді өтініп Конституциялық Кеңеске жүгінген болатын. Осыған орай 19 тамызда ҚР Конституциялық Кеңесі Конституцияның 41-бабы және 3-тармағына және 94-бабының 1-тармағына ресми түсіндірме жасап еліміздегі кезекті Президент сайлауының мерзімін анықтап берді. Конституциялық Кеңестің шешімдері Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып саналады және шағымдануға жатпайды. Конституциялық Кеңес сот қызметін атқармайды. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тек сот қана жузеге асырады. Қазақстан Республикасындагы сот билігі Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүлделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен мүлделерін қорғауды жүзеге асырады, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықгық актілердің, республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Соттар өздеріне тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан Қазакстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Рес-публикасындағы сот билігі еліміз Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік қүқықтық актілерінің, Қазақстанның халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттардың шешімдері, үкімдері, өзге де қаулылары, заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, сондай-ақ өтініштері республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып саналады. Оларды орындамау және сотты құрметтемеу заң бойынша жауаптылыққа әкеліп соғады. Қазақ-стан Республикасындағы сот жүйесін заңмен құрылатын Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттар, Алматы, Астана қалалық соттары, аудандық (қалалық) соттары құрайды. Ешбір өзге органның, лауазымды адамның немесе өзге тұлғаның сот функцияларын өзіне алуға құқығы жоқ. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға болмайды. Судья Республикадағы сот билігін атқарушы болып табылады. Судьяға конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген, бұндай жағдайда судьялар тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Ешкімнің де сот төрелігін жүзеге асыруға араласуға және судьяға қандай да болсын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заң алдында жауаптылыққа тартылады. Сот билігінің мүлтіксіз жүзеге асырылуы көп жағдайда өзімізге де байланысты. Заңды қастерлемейінше және заңдылықтың сақталуын ең алдымен өзімізден және басқалардан (көре тұра көз жұмбалыққа салынбай) талап етпейінше әділ сот жүйесін орнықтыру қиынға соғады. Бізде әлі күнге дейін құқықтық сана, құқықтық білім беру мен оқыту бір жүйеге келтірілмеген. Орта мектепте құкықтану сабағы бір жыл ғана (9 сыныпта), онда да 34 сағат қана оқытылады. Азаматтардың көпшілігінде құқықтық енжарлық басым, өздерінің құқықтарын белсенді қорғай алмайды. Халықтың құқықтық санасын, құқықтық белсенділігін арттыру үшін «заңды білген ұтылмайды» қағидасын әркімге және олардың күнделікті тұрмыс әрекетіне орнықтыру қажет. «Заңды білмеу мені жауапкершіліктен құтқарады» әдетінен арылу арқылы ғана кұқықтық мемлекет орнықтыра аламыз. Құкықтық мемлекет көрінісінің ең басты белгілерінің бірі де заңның үстемдігі, әркімнің заң алдындағы теңдігі, заңды кұрметтеу, заң нормаларының мүлтіксіз орындалуы, әділ сот әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғай алу құқығы және т.б. 2007 жылғы мамыр айындағы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оқулық мәтіні бойынша терулер аяқталып, жұмыс баспаханаға жіберіліп қойғандықтан берілген жоқ. Конституцияға қатысты мәтіндер өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейінгі Конституция нормалары бойынша беріліп отыр.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|