Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






СӨЖ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР




 

Кредиттік оқу жүйесінде ӨЖ студенттің білім алудағы негізгі әрекетіне жатады.Динамика мен өзгерістерге толы, ақпараттың шектен тыс өрбіген заманында тұлғаның негізгі қасиеті өздігімен үйрену мен білім игеру болып табылатындықтан, өздік жұмыстың маңызы барған сайын арта түсуде.

Кредиттік оқу жүйесі бойынша кез келген теориялық тақырып бойынша студенттердің талдау жұмысы келесідей тәртіппен өтуі ұтымды:

1.Студенттер оқытушы ұсынған теориялық материалды өздігімен шығармашылық тұрғыдан меңгереді, нәтижесін жазба жұмысында келтіреді.

2. Студенттер өз жұмыстарын аудиториядан тыс уақытта бірлесе талқылап, жұмыстарын тереңдетудің жолдарын қарастырады, бір-біріне кеңес береді, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

3. Студенттердің өткізген шығармашылық жұмыстары оқытушы тұрғысынан бағаланады.

ӨЖ студенттердің пәнді жүйелі түрде меңгеру, игерілген білім, білік, дағды, түсінікпен құзырлықтарды бекіту, дәріс және семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларды өздігімен үйрену дағдыларын қалыптастырады.

ӨЖ дегеніміз студенттің оқытушының қатысуынсыз және сабақтан тыс уақытта оқу жоспарында (силлабуста) белгіленген тапсырмаларды орындап, атқарған жұмысы туралы жазбаша есеп немесе ақпарат беруі.

ӨЖ –та студенттер алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйренеді.

ӨЖ студенттердің өз біліміне деген жауапкершілігін арттырып, өз білімінің мазмұндық траекториясын анықтауға және қолданатын әдіс-тәсілдерді таңдауға баулиды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных