ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ГЕРБ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНГОСУДАРСТВЕННЫЙ ГЕРБ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Форма, размеры и технические требования ҚР СТ 989 – 2008 Ресми басылым Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитеті (Мемстандарт) Астана II Алғысөз 1 «Қазақстан стандарттау жəне сертификаттау институты» РМК, «Геральдика 2004» ЖШС ƏЗІРЛЕП ЕНГІЗДІ 2 Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 151-од бұйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ 3 Осы стандартта өндірушіге арналған МІНДЕТТІ ҚОСЫМША – Көлемді Мемлекеттік Елтаңбаны дайындау процесін регламенттейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына арналған жобалық – құрастырылымдық құжаттамасы жəне Мемлекеттік Елтаңба бейнесінің нұсқалары (екі түсті, бір түсті, түсті жəне қарапайым орындау үшін) салынған CD-диск.
4 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2013 жыл ТЕКСЕРУДІҢ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 жыл
5 ҚР СТ 989-96 « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері жəне техникалық талаптар » ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрлігінің Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеліп басылып шығарыла, көбейтіле жəне таратыла алмайды ҚР СТ 989 – 2008 III Мазмұны 1. Қолданылу саласы 1 2. Дайындауға қойылатын техникалық талаптар 1 3. Пайдалануға қойылатын техникалық талаптар 2 4. Бұйымдарды таңбалау 3 5. Дайындаушы кепілдігі 4 А қосымшасы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының құрамдық элементтерінің атауы көрсетілген жалпы түрдегі сызбасы Б қосымшасы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондық үлгісінің сипаттамасы В қосымшасы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының негізгі элементтерінің пропорционалды байланысы бар жалпы түрдегі сызбасы Г қосымшасы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының графикалық бейнесі (СD-дискіде) Д қосымшасы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көлемді түрде дайындау процесін регламенттейтін жобалық-құрастырылымдық құжаттамасы (СD-дискіде) Ж қосымшасы. Библиография 8 ҚР СТ 989 – 2008 IV ҚР СТ 989 – 2008 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ Нысаны, өлшемдері жəне техникалық талаптар Енгізілген күні 2008.04.01 Олданылу саласы Осы стандарт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының (бұдан əрі - Мемлекеттік Елтаңба) нысанына, өлшемдері мен дайындауға жəне пайдалануға қойылатын техникалық талаптарды белгілейді. Мемлекеттік Елтаңбаны қолдану «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сəйкес жүзеге асырылады, Ж қосымшасы[2]. 2. Дайындауға қойылатын техникалық талаптар 2.1. Сипаттамалар 2.1.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мифтік тұлпарлардың қанаттары көмкерген, жан-жағына күн сəулесі түрінде «уықтар» (тіреулер) таратылған, көгілдір түс аясындағы «шаңырақ» (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнесін білдіреді. Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар, Ж қосымшасы [1]. 2.2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы осы стандарттың талаптарына сəйкес, техникалық құжаттама жəне белгіленген тəртіппен бекітілген эталон-үлгі бойынша дайындалуға тиіс. 2.3. Мемлекеттік Елтаңба көлемді жəне графикалық бейнеде орындала алады. Мемлекеттік Елтаңбаның түрлі түсті орындалуында 2 түс – алтын жəне көгілдір түс қатысуы керек. Графикалық суреті бір түсті, екі түсті жəне түрлі түсті бола алады. 2.3.1. Мемлекеттік Елтаңбаны көлемді орындау, оның өлшемдері мен оны алудың технологиялық тəсіліне қарамастан, бұйымның ұзақ сақталуын жəне беріктік қасиеттерін қамтамасыз ететін құрама элементтердің пішіні, өлшемдері жəне пропорционал байланысы бойынша (В қосымшасы) Мемлекеттік Елтаңбаның эталон-үлгісіне (Ж қосымшасы [3]) жəне техникалық құжаттамаға (Д қосымшасы) сəйкес келуге тиіс. Мемлекеттік Елтаңбаны көлемдік орындаған жағдайда: сəулелердің арасы мен «шаңырақтың» ішіндегі дөңес бөлігінде жəне «кереге» арасы көгілдір түспен, ал Елтаңбаның қалған бөліктері алтын түспен жабылады. Көгілдір түс 3125С нөміріне (Ж қосымшасы, [5]), алтын түс 873 нөміріне (Ж қосымшасы, [6]) сəйкес келуге тиіс. Ресми басылым ҚР СТ 989 – 2008 2.3.2. Мемлекеттік Елтаңбаның графикалық кескіні кез келген: типографиялық, басып шығару, құю, нақыштау, жұқалтырмен бедерлеу сияқты технологиялық тəсілмен, компьютерлік графиканың көмегімен немесе оның өлшеміне қарамастан қызмет ету мерзімі ішінде Мемлекеттік Елтаңбаның анық жəне айқын бейнесін қамтамасыз ететін тəсілмен орындала алады. Бір түстегі контурлық сызықпен жасалған Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі бір түсті болып табылады. Контурлық сызықтардың түсі қара немесе алтын түстес болуы мүмкін. Осы сызықтармен шектелген кеңістік түспен толтырылуға тиіс жəне қағаздың түсін немесе Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі орналасқан басқа да тасымалдағыштың түсін сақтап қалуға тиіс. Мемлекеттік Елтаңбаның көлемді (бедерлі, биік бедерлі, қима) бейнесін, сондай-ақ металдағы бейнесін (шеку, қырнау жəне басқа əдіспен) жасаған кезде жасалған материалдың түсіне сəйкес келетін бейне бір түсті болып саналады. Стандартпен белгіленген түс – көгілдір түс жəне алтын түске сəйкес орындалған кескін екі түсті болып табылады. Көгілдір түс Pantone халықаралық атластың түстік анықтамалығының 3125С (CMYK: C-89 M-0 Y-20 K-0, RGB: R-0 G-176 B-199), «алтын» түс 109 (CMYK: C-0 M-10 Y-100 K-0, RGB: R-225 G-196 B-24) нөміріне сəйкес келуі керек, (Ж қосымшасы [5]). Мемлекеттік Елтаңбаның түрлі түсті кескіні оның фотосуреті болып табылады. Фотосуретті Мемлекеттік Елтаңбаның үлгі-эталонынан ғана пайдалануға рұқсат етіледі. 2.4. Стандартта белгіленген өлшемдерден + 1% шегінде ауытқу рұқсат етіледі. 3. Пайдалануға қойылатын техникалық талаптар 3.1. Мемлекеттік Елтаңбаның көлемді орындалуы. 3.1.1. Басшылардың кабинеттерінде диаметрі 500 мм Мемлекеттік Елтаңба (Ж қосымшасы Ж [2]) орнатылады. 3.1.2. Мемлекеттік Елтаңбаны орнату қарастырылған мəжіліс залдары мен холдарда президиум артындағы қабырға - оның ортасы немесе төрағалық етушінің артындағы орын орналастырудың қолайлы орны болып табылады. Бұл жағдайда үй-жайдың өлшемдеріне байланысты диаметрі 1000 мм-ден бастап 3000 мм-ге дейінгі Мемлекеттік Елтаңба пайдаланылады. 3.1.3. Ресми мəжіліс залдарының трибуналарында оған арнайы бөлінген орынның жоғарғы бөлігінде диаметрі 250 мм Мемлекеттік Елтаңба орнатылады. ҚР СТ 989 – 2008 3.1.4. Ғимараттарда орналастыруға арналған Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану ережесі мен өлшемдерінің типтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен белгіленген (Ж қосымшасы [6]). 3.1.5. Мемлекеттік мекеменің атауы бар үй-жайлардың кіреберісінде Мемлекеттік Елтаңба маңдайшадағы жазуға, оның жоғарғы бөлігінің ортасында жазудың өлшемдеріне байланысты 120 мм-ден бастап 200 мм-ге дейін диаметрде орнатылады. 3.2. Мемлекеттік Елтаңбаның графикалық бейнесі. 3.2.1. Мемлекеттік Елтаңбаның түрлі түсті бейнесін насихаттау мақсатында плакаттық-баспагерлік өнімдерге пайдаланылады (Г қосымшасы). 3.2.2. Мемлекеттік Елтаңбаның екі түсті жəне бір түсті бейнесі баспагерлік жəне жəдігерлік өнімдер үшін пайдаланылады (Г қосымшасы). Мемлекеттік Елтаңба бейнесінің өлшемдері қазіргі жағдайда белгіленбеген жəне Мемлекеттік Елтаңбаның əрбір нақты бейнесін дайындау мақсатына байланысты түрлендірілуі мүмкін. Диаметрі 100 мм жəне шағын диаметрдегі Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін пайдалану жағдайларында Мемлекеттік Елтаңбаның қарапайым нұсқасы пайдаланыла алады (Г қосымшасы). 3.2.3. Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін мемлекеттік емес ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының бланкілерінде, мөрлері мен басқа да деректемелерінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
4 Бұйымдарды таңбалау 4.1. Мемлекеттік Елтаңбаны таңбалау қазақ жəне орыс тілдерінде жүргізілуге тиіс. 4.1.1. Мемлекеттік Елтаңбаның сыртқы жағына: - дайындаушы-кəсіпорын атауы жəне (немесе) оның тауарлық белгісі; - өнім атауы; - бұйым өлшемі; - осы стандарттың белгісі; - шығарылған күні көрсетілген тауарлық жапсырма салынады. 4.1.2. Мұқият пайдалануды талап ететін материалдардан жасалған Мемлекеттік Елтаңбаларға жаднама қосымша салынуы керек. 4.1.3. Елтаңбаға арналған əрбір орамаға 4.1.2-тармаққа сəйкес деректемелер, сондай-ақ орамадағы Елтаңбалар саны көрсетілген орау жапсырмасын бекітеді. Жапсырма баспаханалық тəсілмен толтырылады. Жекелеген деректемелерді мөртабандармен салуға рұқсат етіледі. 4.2. Орау 4.2.1 Елтаңбаларды пакеттерге немесе қораптарға орауға болады. Бастапқы орау тапсырыс берушімен (тұтынушымен), ал олар болмаған ҚР СТ 989 – 2008 жағдайда дайындаушының шешімімен келісіледі. Орау өнім сапасының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Өнімді тасымалдау жəне сақтау кезінде, тапсырыс берушімен келісім бойынша өнім сапасының сақталуын қамтамасыз ететін орауыштың басқа түрлерін де қолдануға рұқсат етіледі.
5 Дайындаушы кепілдігі 5.1. Тасымалдау, сақтау жəне шығарылатын өнім сапасын бақылау шарттары сақталған жағдайда дайындаушы Мемлекеттік Елтаңба сапасының осы стандарт талаптарына сəйкестігіне кепілдік береді. ҚР СТ 989 – 2008 А қосымшасы (міндетті) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының құрамдық элементтерінің атауы көрсетілген жалпы түрдегі сызбасы 1 – Уықтар, 2 – Үлкен қанат, 3 – Үлкен масақ, 4 – Ортаншы қанат, 5 – Жон, 6 – Кіші масақ, 7 – Мүйіз, 8 – Шаңырақ, 9 – Кіші қауырсын, 10 – Кереге, 11 – Жылқының айдары, 12 – Бас омыртқа, 13 – Сақина, 14 – Аттың төсі, 15 – Белдеу, 16 – Тұяқ белгісі, 17 – Босаға қиықтары, 18 – Бедерлі фон, 19 – Сатылы белестер, 20- Бес бұрышты жұлдыз, 21 – Сына буындары, 22 – Ортаншы масақ, 23 – Кіші қанат, 24 – Мүйіздің сақинасы, 25 – Үлкен қауырсын, 26 – Ортаншы қауырсын, 27 – Күлдіреуіш, 28 – Жылқының жалы, 29 – Аттың басы, 30 – Ортаншы буын білезігі, 31 – Уықтың басы, 32 – Желбезектер, 33 – Басқұр желбау, 34 – Керегенің басы, 35– «Қазақстан» жазуы, 36 – Қошқар мүйіз өрнегі. ҚР СТ 989 – 2008 Б қосымшасы (міндетті) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондық үлгісінің СИПАТТАМАСЫ 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы «шаңырақ» (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнесін білдіреді. 2. «Шаңырақ» табаны «шаңырақтың» орта бөлігінен күн сəулесі түрінде бір-бірінің арасында 50 бұрышты 72 данада тарайтын «уықтармен» (тіреулермен) түзілген қима конуспен ілескен, диаметрі 500 мм цилиндр нысанына ие. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде, қиылған конустың бүйір бетіне көлемді бес бұрышты жұлдыз орналасқан. 3. «Кереге» (киіз үй тұлғасы) – айқасқан сəулелі элемент. «Кереге» «шаңырақ» табанына симметриялы орналасқан. 4. «Шаңырақтың» орта бөлігі – жарты шарды көмкеретін сыртқы жəне ішкі сақинадан тұрады. а) Ішкі сақинадан төмен кертпеш орналасқан. Кертпеште «уық» элементін жалғастыратын 72 сəуле орналасқан. б) Жарты шарда осьтен 450 бұрышы астында өзара айқасқан алты «күлдіреуіш» - əрбірінде үш жетекші элементтен екі жинақты білдіретін керме-бекітпе енсіз жұқа тақтайша орналасқан. «Күлдіреуіштің» ортаңғы бөлігі текше түрінде шығыңқы 9 элементтен тұрады. 5. «Босаға» - бұл киіз үйдің алдыңғы шығыңқы бөлігі, елтаңбада кертпеш элементтермен бірге төменгі бөлікте орналасқан. «Босағаның» ортаңғы бөлігінде көлемді мəтін – «Қазақстан» деген сөз орналасқан, қарпі – кесек, мəтін астындағы фон – фактуралық. 6. «Босағаны» симметриялық орналасқан көлемді-құрылымдық, «қошқардың» бас бөлігінің стильденген элементтері көмкереді, олар Мемлекеттік Елтаңба шеңберінен тыс шығарылып орындалған жəне «желбау» таспалары «шаңырақтың» сыртқы сақинасынан төмен түсірілген. «Босағаның» орталық бөлігінен жоғары «белдеу» элементі орналасқан. 7. «Тұлпарлар» – «шаңырақтың» екі жағынан симметриялы орналасқан мифтік қанатты тұлпарлар. Елтаңбаның бұл құрамдас элементі тұлпар тұлғасынан, мүйізі, қанаты мен «тұлпар жалынан» тұрады. ҚР СТ 989 – 2008 В қосымшасы (міндетті) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының негізгі элементтерінің пропорционалды байланысы бар жалпы түрдегі Сызбасы Елтаңбаның ортасы Шаңырақтың ортасы Елтаңбаның ҚР СТ 989 – 2008 Ж қосымшасы (анықтамалық) Библиография [1] 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы. [2] «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері туралы» 2007 жылғы 04 маусымдағы № 258-ІІІ Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. [3] Мемлекеттік Елтаңбаның эталон-үлгісі. [4] Мемлекеттік Елтаңбаны көлемдік дайындау процесін регламенттейтін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасына арналған жобалық-құрастырылымдық құжаттама салынған CD-диск жəне CD-дискте электрондық нұсқада Мемлекеттік Елтаңба суретінің нұсқалары (екі түсті, бір түсті, түрлі түсті жəне қарапайым орындалған түрі үшін). [5] PANTONE Стандарты, PANTONE Formula Guide полиграфиялық өнімі үшін түрлі түсті анықтамалық. [6] 2007 жылғы 2 қазандағы №873 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын жəне Мемлекеттік Əнұранын орналастыру ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. ҚР СТ 989 – 2008 ƏОЖ 688.761.2:006 МСЖ 03.160 Түйінді сөздер: Мемлекеттік Елтаңба, рəміз, техникалық талаптар, техникалық шарттар, шаңырақ, жұлдыз, тұлпар, өлшемдер, Қазақстан, босаға, желбау. ҚР СТ 989 – 2008 Ескертулер үшін ГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТАНДАРТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ГЕРБ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|