Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Негізгі ұғымдар: Ғылыми-техникалық прогресс, реформа, этнодемографиялық құрлым.




Мақсаты: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру тарихын таныту. Еңбек сүйгіштікке тәрбилеу.

Жоспар:

1. Бейбіт тұрмысқа өтуі.

2.Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.

3.Ауыл шаруашылығы.

4.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру.

 

Мазмұны:

1. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен қатынастың

күрделі сипаты. Соған байланысты ішкі дамуда әскери өнеркәсіптік базаны жедел дамыту бағытын көздеу. Қазақстанда қайта ақтау процесінің басталуы. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру.

2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін құру.

3. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін басу шаралары. Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 ж. Шаруашылық реформа. Ауыл-шаруашылығының жағдайы.

4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік – экономикалық салдары. Тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың этнодемографиялық құрлымына әсері.

Бекіту сұрақтары:

1. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру қашан басталды?

2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін құру қалай әсер етті?

3. Ауыл-шаруашылығының жағдайы қандай көріністе болды?

4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік – экономикалық салдары және тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың этнодемографиялық құрлымына әсері қалай тиді?

Лекция №21-22 КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)

Негізгі ұғымдар: Экология, Биресми қоғамдық қозғалыстар, Экологиялық қозғалыстарды саясаттандыру.

Мақсаты: КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстандағы саяси-эклогиялық жағдайлар туралы тарихи мәліметтер беру.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Жоспар:

1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар

2. 1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы.

 

Мазмұны:

1. КПСС-тің Сәуір пленумы (1985 ж) Жаңа курстың жариялануы. Қазақстандағы 1986 ж. желтоқсан оқиғалары. 1987-1989 жж. саяси жағдайлар Экологиялық қозғалыстарды саясаттандыру. Биресми қоғамдық қозғалыстар. Бір партиялық жүйеден көппартиялық жүйеге көшу. Қазақстанның саяси партиялары. КСРО ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.

2. Қазақстандағы реформалар. 1986-1989 ж.ж. экономикалық рефлрмалар 1990-1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық реформалар

Бекіту сұрақтары:

1.КСРО ыдырауының саяси себептері болды ма?

2.ТМД-ның құрылуы қандай мақсаттарда жүзеге асты?

3.1985-1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық жүйесінің дағдарысының себебі неде болды?

Лекция №23-26 XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындығы Қазақстан (1995-2000 жж.)

Негізгі ұғымдар: Кеңестік ғылым, инфляция, валюта. Республиканың тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң. Ресейдің территориалдық талаптары.

Мақсаты:. Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдайлар туралы деректер негізінде тарихи сана біліктіліктерін қалыптастыру.

Жоспар:

1.Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай.

2.XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы.

3.1995-2000 жылдары Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясаты.

4.1995-2000 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық.

5.Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі басты сыртқы саясаты (XX ғ. аяғы- XXIғ. басы.)

Мазмұны:

1. Республиканың тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң. Республика президентін сайлау. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. Қазақстан Республикасының Конституциясын дайындап қабылдау. Жаңа мемлекеттік рәміздерді Жоғары Кеңестің бекітуі. Ресейдің территориалдық талаптары.

2. Экономикадағы капиталистік өзгерістер. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен тыс бөлу және жекешелендіру. Бағаны ырықтандыру. Материалдық өндірістің күйреуі. Ұлттық валютаны енгізу. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыу шаралары.

3. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік мәселелер. Инфляцияның салдарлары. Жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Халықтың тіршілік деңгейінің төмендеуінің салдары.

4. Деңсаулық сақтау және халық ағарту салаларындағы жағдай.

5.Сыртқы саясаттар қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық байланыстары. Қазақстанның БҰҰ-на және басқа халықаралық ұйымдарымен байланысы. Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарының кеңеюі.

 

Бекіту сұрақтары:

1. Республиканың тәуелсіздігін жариялау және “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң, Республика президентін сайлау, қашан өтті?

2. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру шаралары қалай жүзеге асты?

3. Халықтың тіршілік деңгейінің төмендеуінің әлеуметтік салдары неде?

4. Деңсаулық сақтау және халық ағарту салаларындағы жағдай қандай болды?

5.Қазақстанның БҰҰ-на және басқа халықаралық ұйымдарымен байланысы қандай пайда әкелді?

Лекция №27-30 Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың дамуы (2001-2010ж.ж)

Негізгі ұғымдар: Біріккен Ұлттар Ұйымы, стратегия, инвестиция, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар

Мақсаты: Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың дамуы Ресеймен экономикалық байланыстары мен халықаралық қатынастар туралы тарихи біліктіліктерін дамыту.Отаншылдық рухқа тірбиелеу..

Жоспар:

1.Орталық Азия елдерімен Қазақстанның қарым-қатынастары.

2.Ресеймен экономикалық байланыстары.

3.Қазақстан әлемдік қауымдастықтын тең құқылы мүшесі.

4.Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

 

Мазмұны:

1. Қазақстанның Орта Азия елдерімен өзара жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Саяси, әскери, экономикалық, мәдени байланыстары.

2. Ресей және ТМД-ның басқа да елдерімен өзара сенімді және тең қатынас қалыптастыруға бағытталған шаралар. Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге түсуге бағытталған құжаттарға қол қойылуы.

3. Қазақстан-әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі.Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдануы. әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы. әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптасуы. Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды айқындау.

4. Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстанның Орта Азия елдерімен өзара саяси, әскери, экономикалық, мәдени байланыстары қандай?

2.. Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге бағытталған қандай құжаттарға қол қойылды?

3. Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді қандай приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды көздейді?

4. Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы мен Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуының себептері неде?


 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных