ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азан оқиғасы 25 қазан 1917 Петроградтағы төңкеріс немесе Қазақ комитетері 4 страницаСонымен ЖЭС Совет өкіметін нығайту, Қазақстанда түбірлі социалистік қайта күрылыстарды жүзеге асыру (қазақ ауылын советгендіру, 1921-1922 ж. жер-су реформасын жүзеге асыру, егістік және шабындык, жерлерді қайта бөлу) барысында ауылдық және шаруалар Советтерін пролетариат диктатурасының органдарына айналдыру, жер мәселесівдегі отаршылдықтың қалдықтарын жою, ауылды экономика мен түрмыстағы патриархалдық-феодалдық институттарынан тазарту міндеттері қоса шешідді. 3.Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы. Орта Азияда Кеңестік республикаларының ұлттык мемлекеттік межеленуі және Кеңестік Қазақ Автономиялык республиканың құрылуы мен нығаюы (1920-1925 жж) Орта Азия Советтік республикаларының ұлттық-мемлекеттік жағынан межеленуі — ұлттық мемлекеттік құрылыстың аса маңызды актісі; Орта Азия, Қазақстан халықтарының өз еркімен ұлт саясаты негізінде 1924-1925 ж.ж. Совет мемлекеті жүзеге асырған территориялық-мемлекеттік қайта өзгеріс; одақтас советтік социалистік мемлекеттік құру кезеңдерінің бірі. Орта Азия халықтарының әрқайсы-сының өз тарихы, талай ғасырлардан бері келе жатқан ұлтгық дәстурлері мен ерекшеліктері бар. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қүрылған Түркістан АССР-ын, Бұқар және Хорезм Халықтық Совет Республикаларын Орта Азия халықтарының түр жағынан шыңдалған мемлекеттік қүрылымдары деп есептеледі. Сондықтан да ол РК(б)П-нің Түркістандағы міндетгері туралы ОК (Орталық Комитет) шешімінің жобасына жасалған ескертпелерінде былай деп жазды: "1) Түркістанның Өзбекстан, Қырғызстан жөне Түркістан өлкелеріне бөлінген картасын (этнографиялық және басқа) жасау тапсырылған. 2) Осы 3 бөліктің қосылу немесе бөліну шарттары егжей-тегжейлі анықталсын"1. Ол кезде Орта Азияны ұлттық жағынан межелеу үшін саяси және әлеуметтік жағдайлар әлі жасала қоймаған еді. РСФСР қүрамына енген көп ұлттық Түркістан АССР-ның құрылуы Орта Азия халықтарының советтік ұлттық мемлекет жасаудағы алғашқы елеулі қадамы болды. Түркістан АССР-нің саяси, экономикалық және мөдени дамуының шапшаң алға басуы Бұхар мен Хорезм еңбекшілерінің өз халық республикаларын социалистік республика етіп қайта құруға деген талабын күшейтті. Совет өкіметінің нығаюы, жұмысшылар мен диқандар одағының күшеюі, Азамат соғысының аяқталуы, халық шаруашылығын қалпына келтірудегі табыстар, Орта Азиядағы ұлтгық қатынастардың жаңа да әділ негізде үйлесуі мен жергілікті халықтар арасындағы достастықтың едеуір өсуі, совет қызметкерлерінің ұлттық кадрларының өсіп жетілуі Орта Азияда ұлтгық мемлекепік межелеудің аса маңызды алғы шартгарын жасады. Бұлардың нәтижесінде Бүхар мен Хорезмде аса ірі саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүзеге асырылды. 1923 жылдың қазанында Бүкш Хорезмдік құылтай жиналысы Хорезм Халықтық Совет Республикасын Советтік Социалистік Республика етіп қайта құруға қаулы алды, ал келесі жылы қыркүйекте Бүкілбұқаралық құрылтай жиналысы Бұхар Советтік Социалистік Республикасын жариялады. 1924 жылы ақпанда, наурызда Түркістан Бұхар және Хорезм Компартиялары Орталық Комиттеттерінің пленумдары мен партия-совет активтерінің кеңестері Орта Азияда ұлттық межелеу ісін жүргізуді жақтады. РК(б)П Орталык Комитеті бұл мәселені карап, Түркістан, Бұхар және Хорезм Компартия ларьшың қызметін ретгеп отыратын РК(б)П Орталык Комитетінің Ортаазиялық бюросы мен жергілікті партия органдарына ұлттык межелеу жобасын әзірлеп, Орталык Комитетінің қарауьша ұсынуды тапсырды 1924 жылы 12 маусымда Саяси Бюро "Орта Азия республикаларын (Түркістанды, Бұхарды, Хорезмді) ұлттық межелеу туралы" қаулы қабылдады. Өлке халыктарының тілектері мен мүделерін еске ала келіп, Орталық Комитетінің Түркімен және Өзбек Советгік Социалистік Республикаларьш кұруды жақтады. РК(б)П Орталық Комитеті Түркістанның Қырғыз (қазақ) аудандарын Қырғыз (қазақ) АССР-мен біріктіру РСФСР күрамында Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысын, Өзбекстан ССР-і қүрамында Тәжік автономиялы облысын құру қажет деп тапты. Орталық Комитет бұл одақтас республикалардың СССР күрамына енуін және Түрікменстан, Өзбекстан компартияларын құру туралы мәселені де карады. РК(б)П Орталық Комитетінің Ортаазиялық бюросы жанынан ұлттық-территориялық межелеу жөніндегі Орталық комиссиясы құрылып, оған жаңадан құрылып жатқан барлық республикалар мен облыстардың өкілдері енді. Орта Азия республикаларын ұлттык межелеу жөніндегі шешімді Орта Азия халықтары зор қанағаттанғандықпен қарсы алды. Бұл ұйғарымды бүкілхалыктык. талқылау көзінде еңбекшілер бұкарасы ұлт саясатын бір ауыздан мақүлдады. Мүньщ өзі ұлтгық межелеу туралы шешімнің халық тілегіне сай екенін, бүқара ырқын баянды ететінін көрсетті. 1924 жылы күзге салым межелеуге әзірлік негізінен аяқталды. Сол жылы қыркүйекте Түркістан ОАҚ-нің төтенше сессиясы мен Советгердің Бүкілбұхаралық және Бүкілхорезмдік қүрылтай жиналыстары межелеу ісін Түркістан, Бұхар және Хорезм республикаларының үкіметгері арасындағы келісім негізінде жүргізу жөнінде бірауыздан қаулы қабылдады. Орта Азия республикаларын ұлттық межелеу жайында Я.Э.Рудзудактың сөзін тыңдай келіп РК(б)П Орталық Комитетінің Қазан (1924) Ішенумы Орта Азия партия, Совет ұйымдарының бұл бағыттағы жұмысы туралы хабарды мақұлдады. Өлкеде жүзеге асырылған орасан зор саяси және ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде Түркістан, Бұхар, Хорезм Советтік Республикаларының орнына: Өзбек Советгік Социалистік Республикасы, Түркімен Советтік Социалистік Республикасы, Тәжік Автономиясы Советтік Социалистік Республикасы (бастапқы Өзбек ССР-нің құрамында болды 1929 жылы желтоқсанда одақтас республика болып кайта құрылды). РСФСР құрамына енген Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысы (1926 жылдан АССР 1939 жылдан одақтас республика), ҚазССР-нің қүрамында Қарақалпақ автономиялы облысы (1932 жылы АССР болып қайта күрылып, РСФСР қүрамына енді, 1936 жылы Өзбек ССР күрамында) ұйымдасты. Бұрынғы быты-рап жатқан өзбек, түркімен, тәжік, қырғыз, қазак, қарақалпақ жерлері бірыңғай Советтік социалистік республикалар мен автономиялы облыстарға бірікті. Бұл арқылы Орта Азия халықтарының Советтік ұлттық мемлекеттігін одан әрі дамытуға жаңа қадам жасалды. 1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан советгерінің Қүрылтай сьезі 1920 жылғы 26 тамызда Ленин және Калинин қол қойған декрет негізінде РСФСР— дің қүрамывдағы Қазақ автономиялық Советгік Социалистік Республикасының құрылғандығын жариялады. Ресми мәліметтер бойынша 1920 жылдың күзінде Қазақ АССР — нің жер көлемі 2,285,26 кв верста болып, халқының саны 4,068920 адамға жетті. Солардың ішінде қазақтар — 2,441360 немесе 60 проценті, орыстар — 1,627560 немесе 40 проценті1. Қазақ АССР-нің жариялануы Қазақ Совет мемлекетгігінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету жолындағы аса ірі оқиға болды. Алайда қазақтар мекендеген оңтүстік облыстар әлі де Түркістан республикасының қүрамында еді. Сонымен қатар қазақтардың айтарлықтай топтары Хорезм және Бүхара республикаларының территорияларында бытырап жатты. Олар Түркістан АССР-і тұрғындарының 19,3 процентіне, Бұхара республикасы тұрғындарының 1,5 және Хорезм тұрғындарының 3,5 процентіне тең болды. Ал Қазақ автономиялық республиканың қүрамына: Семей (Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері), Ақмола (Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уөзінің бір бөлігі), Торғай (Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғайуездері), Орал (Орал, Ілбішін, Темір, Гурьев уездері) облыстары сондай-ақ Маңғыстау уезі Закаспий облысындағы Красноводск уездерінің төртінші және бесінші Адай болыстары, Астрахань губерниясының Каспий теңізі жағалауындағы Солтүстік шығыс бөлігі, Бөкей ордасы мен теңіз маңындағы округтердің болыстықтары енді. Совет өкіметі ешқандай да территориялық талас пен алауыздыққа жол бермей кейбір жекелеген жергілікті қызметкерлердің шовинистік және ұлтшылдық көзқарастарын тойтара отырып қазақ халқының біртұтас бірігу мәселесін осылайша әділ шешкен еді. 1921 жылы Ақмола мен Семей облысьшың Омбы уөзінен басқа жері Сібір ревкомының қарауынан алынып, Қазак, АССР-нің құрамына берідді. Сол жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің Декреті бойынша Жайық пен Ертіс өңірінде бүрьш казактарға тартып әперілген он шақырымдык шеп құраған жерлер қазақ халқына қайтарылды. Бұл жекелеген орыс жауапты қызметкерлерінің ызалы қарсылығын туғызды. Республиканың құрамынан жекелеген уездерді тіпті губернияларды бөліп әкетуге әрекеттер жасалды, мысалы, 1921 жылы маусымда Орал губкомы казактардың правосын қорғау желеумен Жайықтың сол жақ жағалауында да қазақтарға қайтарылған он шақырымдық шеп қүрайтын жерді бермеу туралы хабарлады. Алайда партияның орталық комитеті мұндай өтінішті қабыддамай тастады. Ал РК(б) партиясының қазак, обкомының президиумы губкомының позициясын саяси қателік ретінде айыптады. Сөйтіп губкомның қүрамына өзгерістер енгізілді. — Қостанай губерниясыңцағы кейбір басшы қызметкерлердің тарапьшан да шовинистік әрекетгер көрінді. Ұлт саясатының мәнісін түсінбеген олар Қостанай уөзін Қазақ АССР-нан бөліп, Челябі губерниясына қосу туралы талап қойды. Алайда РК(б) II Орталық Комитеті және обком Қостанай губко-мының жұмысын зерттеп, басшы қызметкерлер тобының шовинистік көзқарасын айыптады. Сөйтіп губкомның хатшысы Шафет бастаған бұл топты қызметтен босатты. В.И.Лениннің басшылығымен Орта Азияны Ұлттық мемлекеттік межелеу, Оңтүстік Қазақставды Қазақ Республикасына қосу жөнінде үлкен әзірлік жұмыстары жүргізілді. 1918 жылы мамырда Түркістан автономиясы қүрамына кіріп кеткен Жетісу, Сырдария облыстары мен Каспий сырты аймағының тағдырын шешу де күн тәртібінде түрды. Бұл туралы 1920 жылы 11 қаңтарда Ақтөбеде өткен 1-ші Бүкілқазақстандық конференцияда арнайы мәселе қаралды. Онда Ташкент қаласы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы болады деп жарияланды. Әрине бұл қата шешім еді. Ежелгі қазақ жерлері — Жетісу мен Сырдария облыстарын, Маңғыстау мен Красноводск уездерін Қазақ өлкесіне қосу мәселелерін Туркістан республикасы үкіметінің алдына қою үшін Ташкентке Казревкомның арнаулы өкілі жіберілді. Сібір ревкомына қарап келген Акмола және Семей губернияларьш Қазақ республикасына қосу мәселелерін талкылау мақсатымен және осы екі облысты мекендеген қазақ еңбекшілерімен тығыз байланыс жасап, олардын талап тілектерін жете тусіну үшін Омбы мен Семей қалаларына да комитет өз өкілдерін аттандырды. Олар Қазақ республикасының түпкілікті шекараларын аныктауға байланысты келіссөздер жүргізді. Бұл салада Казревкомның жанынан құрьшған Қазақ АССР-нің мемлекеттік шекарасын анықтау жөніндегі комиссия қызметі аса маңызды болды. Оның алдына мынадай міңцетгер қойылды: өлкенің экономикалық, саяси және этнографиялық жағдайларына байланысты Қазақ Республикасына қосылуға тиіс байырғы территорияларды анықтау: республика шекарасын дәлдеп анықтау жөне оған байланысты Халық комиссарлары Советі мен бүкілқазакстандык Советгер съөзіне үсыныстар әзірлеу: көрші губерниялар мен Қазақстан Республикасы арасындағы шекара мен территорияға байланысты даулы мәселелер жөнівде қорытыңды беру және оларды тікелей шешу; республиканың ішкі әкімшілік бөлінуінің жобасын жасау тапсырылды. В.И.Лениннің Түркістанды болашақта ұлтгық мемлекет-терге бөлу мүмкіндігі туралы ескертуі кептеген жан-жақты әзірлік жұмыстарынан кейін, 1924 жылы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде СССР-дің құрамында Өзбек және Түркімен Советтік Социалистік Республикалары, Өзбек ССР-нің қүрамында Тәжік АССР-і, РСФСР-дің қүрамында Қырғыз АССР-і қүрылып, бұрынғы Түркістан АССР-не қарап келген Жетісу және Сырдария облыстарьшың қазақтар мекевдеген уездері Қазақ АССР-не қосылды. Атап айтқанда Қазақстанға Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, Әулиеата уездері мен Ташкент, Мырзашөл уездерінің және Самарқанд облысы Жизақ уөзінің кейір облыстары, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Піспек уөзінің қазақтар мекендеген аудандары қосылды. Қазақ АССР-нің жер көлемі 700 мың шаршы шақырымға, халқынын саны 1 млн. 468 мың адамға көбейді. 1926 жылғы ресми мәлімеггер бойьшша республика халқының 61,3 проценті қазақтар болды. 1925 жылғы 26 каңтарда РКП(б) Орталық Комитеті Қазақстанды аудандастырудың жаңа жобасын қарап, оны пысықтауға ВЦИК-тің Орталык, әкімшілік комиссиясына берді. Республиканын әкімшілік бөлінуін қайта құру осылайша аяқталды. Нәтижесінде Қазақ АССР-і губерния дәрежесіндегі Адай уөзінен, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губерниялары мен кейін Өзбек ССР-і қүрамындағы Қарақалпақ АССР-і болып кайта күрылған Қарақалпақ автономиялы облысынан түратын болды. 1925 жылы Қазақ АССР-нің астанасы Орынбордан Акмешітке көшірілуіне байланысты Орынбор қаласы мен онын төңірегіндегі аудандар РСФСР-дің қүрамына енді. 1925 жылғы 15-19 сәуірде республиканың жаңа астанасында Қазақстан Советтерінің съезі тұңғыш рет Қазақстанның барлық аудандары еңбекшілерінің өкілдері қатысқан жағдавда өтті. Съезд халықтың шын аты — "қазақ" деген атауды қалпына келтірді және ресми республика Қазак, АССР-і болып аталатын болды. Оның астанасы Ақмешіт қаласы Қызылорда деп өзгертідці. 1929 жылы Республика астанасы Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. Ал 1936 жылғы желтоқсанда Қазақ АССР-і одақтас Республика болып қайта қүрылды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы тарихи декларация, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. 1998 жылы 10 маусымда Қазак Республикасының астанасы Астана (Ақмола) қаласына ауыстырыдды". 4. Ф.И.Голощекин және “Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды. Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бұліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты. Қазақстан тарихының тағылымдары үшін,брынғы КСРО-да жүргізіліп келген ұлт саясатын зерттеп, ой елегінен өткізудің принципті маңызы бар. Егер бүгін таңда кеңестік заман біржолата өткенге айналды, біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз деп ойласақ — қатты қателесер едік. Біздің тарихи түсініктеріміз, әсіресе жаппай сан деңгейіндегі түсініктеріміз объективті емес, үзік-үзік екенін, көптеген тұрпайы социологиялық сүзгілерден өткізілгенін мойындауымыз керек.. Міне осыдан барып тұжырымдаудағы ұшқарылықтар —«ақтаңдақтарға» тек қана қара бояу жағудан бастап, таяудағы өткенді мінсіз етіп көрсетуге дейін орын алды. Осының екеуі де жаңарып жатқан қоғам үшін бірдей қауіпті, өйткені адамдардың наразылығын туғызғаннан басқа ештеңе де бермей, олардың парасатты шешімдер қабылдауына бөгет жасап, неше түрлі саяси жалдаптықтың негізіне айналады. Оның үстіне демократиялық институттарды енгізудің өзі жағдайды өздігінен түзеп, ұлтаралық қатынастар проблемаларын шешеді деп есептеу қате болар еді. Бұрынғы жүйенің басты тарихи ағаттығы неде? оның себебі,тоталитарлық мемлекеттің аясына, оның үстіне пролетарлық интернационализм туы астына бүтіндей халықтардың күшпен көшірілуінде жатыр. Ал іс жүзінде бұл ұлттық сана-сезімнің серіппесін ширықтыруға әкеп соқты. Қоғам капиталистік немесе социалистік даму жолын таңдап алса да, ұлттық сана-сезімді қорғау институттарын нығай-тып, дамытпайынша мемлекеттік құрылыстың сөзсіз күй-рейтінін тарих тағы бір көрсетіп берді. Қазақстанның көп этносшылығы факторы ұлт проблематикасына ұдайы назар аударып отыруды талап етеді, өйткені елде тыныштық пен ұлтаралық татулықты сақтау осыған тәуелді. Республикада ұлттардың өзгеше талап-тілектерін зерттеу, нәсіліне, ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін, азаматтарды алалудың кез-келген пошымына тиым салатын конституциялық нормаларды қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіледі. Осы заманғы ұлт саясатын жүргізе отырып, мемлекет Қазақстан халқының этностық құрамын және оның жасақталу процесін ескеріп отырады, ол процесс тіпті де мамыражай болмағаны және белгілі. Сараптылар берген баға бойынша революцияға дейінгі кезендегі шаруалар отарлауы көзінде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам көшіріліп әкелді. Ұжымдастыру көзінде КСРО-ның кіндік аудандарынан Қазақстанға кулак деп танылған 250 мың шаруа жер аударылды.Соғыс алдындағы жылдарда елдің түкпір-түкпіріне, негізінен европалық бөлігінен өнеркәсіптік құрылыс салуға деп 1 миллион 200мың адам көшірілді. Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің сұмдық салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге мүлдем көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейік. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын — бұл осында көшірілгендердің жалпы санымен бірдей дерлік. Ал 1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды. Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс көзінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде. Соның нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600 мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40—50 жылдың ішінде келді. Сонымен бір мезгілде сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873 мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілді. Бірақ 1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды. 5. Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері және оның ерекшеліктері. Қазакстандағы индустрияландыруға көшу және бірінші бесжылдық (1928-1932 жж) Қазақстаңцы индустрияландыру жөнінде сөз еткенде оньщ Ресей тарихымен етене байланысын айту керек. Бірінші бесжылдықта Қазақстанда негізінен екі сала: тау кен және ауылшаруашылығы, әсіресе, мал өнімдерін өндеу өндірісі дамьщы. Шикізатты тасымалдау үшін темір жол желілері салына бастады. Қазақстанда елді индустрияландыру қарсаңында республикада әлеуметгік-экономикалык жағдай өте ауыр жағдайда болған. 307 мемлекет мүлкіне айналдырылған кәсіпорынның 250-і жұмыс істемейді. Егістік жердің көлемі қыскдрады. Мал басы 29,9 миллионнан 16,3 миллионға кемиді. Соғыс қимылдарынан әсіресе өндіріс орындары зиян шекті. Ірі өндіріс орындарынан жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 2 есе азайды. Өндіріс орнындағы өндіріс құралдары, мұнай өндіру 4 есе қысқарды. Көптеген кен шығаратын жер және көмір шахталарьш су басқан еді немесе олар электр энергиясьшың бүзылуынан және құрал-жабдык,-тарының жетіспеуінен жұмыс істемеді. Жол катынастары (транспорт) әсіресе темір жол катынасы ете қиын жағдайда еді. Паравоздардың жартысынан көбісі күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпірлер қираған еді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|