Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы. 8 страница




2002 жылғы 5 ақпанда Президент Н.Назарбаев ақпарат құралдарының өкілдерімен әңгімесінде: «Бүкіл әлемді шырмап алған ғаламдасуға карсыласудың ешқандай мән-мағынасы жоқ... Біз Қазақстандағы нашар өнімнің сапасын бұқтырып ұстап, соны көрсетпеу үшін шекараларымызды жауып коя алмаймыз. Одан да біздің компа-нияларымыз бәсекеге түсіп, басқалармен таласа-тармаса жүріп өссін, түптің түбінде олар да әлемдік рынокқа шығуы тиіс қой... Өйткені, біздің Қазақстанда 16 миллион ғана адам бар. Біздің өзімізде өндірілген тауарлардың бәрі бірдей Қазақстанда сатылуы мүмкін емес. Адамдардың саны 60 миллионнан кем түспейтін мемлекет қана өзін өзі толық қамтамасыз ете алады... Осы тұрғыдан алып қарағанда, Орталық Азияның бірде-бір мемлекеті өзін-өзі дербес күйінде қамтамасыз ете алмайды... Ал егер бұған Ресейді қоссаңыз, онда 200 миллион адам болып шығады. 200 миллион адам өз ішінде өз тауарларын өндіре де алады, сата да алады. Сонда өндіріс те дамиды, адамдар да жалақыға ие болады...» деп түйінді мәселені сөз етті.

2002 жылғы 1 наурызда Алматыда Қазакстан, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан президенттерінің бірлескен мәлімдемесі кабылданды. Онда табиғи газ ондіру мен тасымалдау саласындағы кең ауқымды тығыз ынтымақтастық деген обьективті мүдделілік біздің елдеріміздің өзара байланысының ғана емес, сонымен бірге, әлемдік экономикадағы ғаламдастыру мен интернационалдану процестерінің күшеюінен де туындап отыр, деп атап көрсетілген.

Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2008 жылғы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мелекеттік саясаттың басты мақсаты"атты Қазақстан халқына жолдауында. "Біз Ресеймен, Қытаймен және орталық азия мемлекеттрімен өзіміздің экономикалық және саяси ынтымақтастығымызды әрі нығайта беруге тиіспіз. Өңірдегі тұрақтылық, ашық пікір алысу және өзара іс-қимыл таныту үшін берік негіз қалауымыз қажет "деген болатын.

3.Қазақстан әлемдік қауымдастықтын тең құқылы мүшесі. Біріккен Ұлттар Ұйымы және Қазақстан. Егемен еліміз үшін 1992 жылдың 23 қаңтары да ерекше есте қаларлықтай. Бұл — қазақ халқының ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздігін бүкіл әлемге әйгілеп, Қазақстанды төрткүл дүниенің барша бүрышын жайлаған елдерге танытқан күн болды. Елбасы Н. Назарбаевтың атына Біріккен Ұлттар Ұйымының сол кездегі Бас хатшысы Бутрос Ғалиден Қауіпсіздік Кеңесі Бас Ассамблеясының Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау жөніндегі үсыныс жасайтын қарарды дауыска салмай-ақ қабылдағаны жөнінде жеделхат келіп түсті.

Осылайша әлемдегі ең бедці де бедедці ұйымдардың бірі — БҰҰ-дың штаб-пәтері орналасқан Нью-Йорктегі зәулім ғимараттың алдында көгілдір аспан түстес туымыз Кіндік Еуразияда жаңадан жас мемлекеттің өмірге келгенін паш етіп, желбірей бастады.

Жалпы алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы жер бетіндегі бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың барлық принциптерін меңгерген ұлттар қауымдастығы болып есегггеледі. Тарих дәлелдеп отыр-ғандай, адамзат соғыс тауқыметін қаншалықты білетін болса, соған жол бермейтін өзара түсіністік, бейбітшілікті қамтамасыз етуге деген ортақ күш-жігерді де соншалықты сөзіне білді. 1914 жылғы бүкіләлемдік соғыс Ұлттар лигасын туғызса, 1939 жылғы екінші дүниежүзілік соғыс осы Біріккен Ұлттар Ұйымының өмірге келуіне себепші болды. Алғаш "Атлант хартиясы" деп аталған кауымдастық құжатына 1942 жылы жиырмадан астам мемлекет өкіддері қоддау білдіріп (ішінде бұрынғы Кеңес одағы да бар), қол қойган соң тарихта "Біріккен Ұлттар Декларациясы" деген атаумен қадды.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен-ақ болашақ Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы мен алдағы аткарар жұмыстары нақтыланып, арнайы конференциялар өткізіп түру практикаға енді. Бірақ қауымдыстық жұмысы қаншама реформаланғанымен, бастапқы міңдеті — елдер арасындығы бітімгершілікті сақтап қалуға деген іс-әрекеті басты шаруа болып қалуда. Ол ұйым жұмысының үштен бірін қамтиды. Бүдан басқа БҰҰ елдердегі экономикалық және әлеуметтік дамудың аса маңызды бағдарламаларын жүзеге асыруға, адамдар қүқығын қорғау бағытындағы іс-шараларға, босқындар мен түрлі апат қүрбандарына, экологиялық зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына көмек көрсетуге барынша ат салысып келеді.

Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылдана салысымен-ақ Бас Ассамблеяның барлық жұмысына белсене қатысқан. Сессиялар қабылдаған аса маңызды мәселелер женіндегі бірнеше қарардың қосалқы авторы бола білген. БҰҰ-ның басшы органдары мен қүрылымдары сайлауын өткізуге де белсене атсалысыпты. Соның нәтижесінде еліміз бірсыпыра комитеттің мүшесі болған, сессиялардың тең төрағаларының орнына сайланған.

Әлемдік банктің, ПРООН-ның, тағы басқа да ұйымдардың республикамыздағы мүдцелі министрліктермен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде Арал аймағындағы экологиялық жағдайды сауықтырудың және қаржылай кемек көрсетудің кешенді бағдарламасы жасалып, іске асуда. Экономикалық

реформаны, қаржылық басқару, банк ісін жөне басқа да институттар жұмысын жақсартуға қаржылай көмек көрсетілген. Елдегі инфляцияны шешуге алғашқы жылдары (1993-1995 ж.) түрлі банктер арқылы 460 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінген1

Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда қызмет ете бастаған алғашқы екі жылдың ішінде жалпы кұны алты миллион доллар тұратын дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар бөлсе, кейін балалар мен оның аналарына арнап тағы да бірнеше миллион доллар қайырымдылық кемек көрсетті. Кейінгі жылдары Ислам Даму Банкі, Азия Даму Банкі және Еуропалық қайта құру және Даму банкі мен донорлық елдер тарапынан келетін кемек те көбейе түскен.

БҰҰ мен Қазақстан үкіметі арасындағы байланыс екі кезеңце — 1996-1999 жылдарға және 2000-2004 жылдарға арналған рамалы бағдарлама бойынша жүзеге асуда. ЮҢДАФ-тың мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасында, әсіресе, қүзырлы мекеменің Дамыту бағдарламасы (басты мақсаты — адам дамуын жетілдіруге көмек керсету, сондай-ақ әлеуметтік даму мен кедейшілікті жою, әйелдер мен еркектердің тендігі, тиімді мемлекетгік басқару және қоршаған ортаны қорғау сияқты стратегиялық маңызды міндеттерді қамтиды), Әйелдер дамыту қоры (әйелдердің қүқын қорғауға, олардың экономикалық және саяси мүмкіңдіктерін арттыруға көмектеседі, БҰҰ қүрамында әйелдер мүддесін ұлттық, аймақтық және әлемдік деңгейде шешілуіне ықпал етеді) және Еріктілер бағдарламасы (1970 жылы БҰҰ Жобалары мен Бағдарламаларын, соның ішінде, әсіресе, қоғамдык (немесе жүртшылықты) қолдау мақсатымен қүрылған) белсенділік танытып келе жатқан керінеді.

Сондай-ақ БҰҰ жүйесі бойынша жұмыс істеп жаткан Балалар қоры, Халықаралық валюта қоры, Білім, ғылым және мәдениет ұйымы, ВИЧ/СПИД/-пен күресу жөніндегі бірлескен бағдарламасы, Халықаралық еңбек ұйымы сияқты үжымдардың тірлігіне де ризашылық білдіруге болады.

Тағы бір айта кетерлік жәйт, Біріккен Ұлттар Ұйымы 2001 жылды — Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Мүның озі мана біз жоғарыда атап көрсеткен Еріктілер бағдарламасы (БҰҰЕ) аясында ұйымдастыратын шаралардын кең ауқымда, толыққанды болып өтетінін байқатса керек.

Қорыта келгенде, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған тоғыз жылдың ішінде түрлі саяси және экономикалық мәселелерді шешуде белсенділік те, бІліктілік те көрсете білді, сөйтіп өзінің халықаралық беделін арттыра түсті деп айтуға толық негіз бар.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастыққа аса зор маңыз береді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессия-сында Семей полигоны жөніңде арнаулы қарар қабылданды, ал оның мамандандырылған ұйымдары Еуропалық эконо-микалық комиссия мен Азия және Тынық мүхит аймағы үшін экономикалық-әлеуметтік комиссия, Орталық Азия аймағьш әлеуметгік-экономикалық жағьшан дамыту жөніндегі бағдарлама болды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бір кезде ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей аумағын қалпына келтіру жөніңдегі шаралар туралы және бір қарар қабыддады.

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше 2000-шы жылы Катарда өткен Ислам конференциясы ұйымының бас қосуына белсенді түрде қатысты.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесіндегі БҰҰ Даму бағдарламасы, Д үниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссариат, Есірткіге бақылау жасау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы және басқа беделді ұйымдармен ынтымақтастықты нақтыландыра түсті. Еліміз Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі сияқты халықаралық қаржы институттарымен үйлесімді түрде өзара тығыз жұмыс істеп келеді.

Қазақстан БҰҰ-ға қабыдданған 1992 жылдан бері Біріккен Ұлтгар Ұйымының ондаған ұйымдары мен бағдарламаларына мүше немесе қатысушы болып үлгерді. Байланыс, әсіресе, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының жұмысына қатысып, сөз сөйлегелі бері ерекше қарқынмен нығая түсті.

4.Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы. Қазақстан экономикасына шетелдер инвестициясының тартылуы және онын пайдасы мен зияны. Қазақстан шетелдік инвестициялар үшін неге тартымды?
Біріншіден:Қазақстан қазыналы ел.

Минералдық қазба байлыктар қорынан дүниежүзіндегі 170-тен астам елдердің арасында Қазақстанның алатын орны1 мынадай:

вольфрам — 1 орын

хромит — 2 орын

фосфор - 2 орын

марганец — 3 орын

уран — 3 орын

қорғасын — 4 орын

молибден — 4 орын

мырыш — 5 орын

мыс — 6 орын

күміс - 7 орын

темір рудасы — 8 орын (371 жылға жетеді)

көмір — 9 орын

никаль — 10 орын

мұнай - 12 орын (81 жылға жетеді — 7 орын)

Қазақстан жерінің көлемі жағынан әлемде 9-орынды халқының саны жағынан - 71-орын алады.

Бұрынғы Совет елінде Қазақстан қазына байлықтар қоры жағынан алдыңғы орынды алатын.

Екіншіден, Қазақстанда "Тікелей инвестицияларды мемлекетгік қолдану туралы" заң қабылданған. Ол республикадағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған. Бұл құжат инвесторлардың мүдделерін қорғайды. Жаңа кепілдіктер инвесторлардың бәсекеге түсу еркіндігін, бір жағынан өз бәсекелестеріне деген қарым-қатынас жасау құқықтарын, екінші жағынан — кәсіпкерлік қызмет түрлерінің еркіндігін, яғни, олардың мемлекетке деген қарым-қатынас жасау құқықтарын қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, Қазақстанның инвестициялар үшін тартымдылығы мынада. Әлемде 50-ден астам сирек метаддар бар. Олар жер бетінде аз, көп кездеспейді. Бірақ алынуы қиын; қолға қиямет-қайым қиындықпен түседі. Шартгы айтқанда, етіп бара жатқан XX ғасырда түсті металдар заманы десек, келе жатқан XXI ғасырды сирек металдар ғасыры деп атауымызға болады. Бұл жаңа ғасырдың басты бір бағдары.

Сирек металдар кез келген жерде кездесе бермейді, олар таза күйінде жалпы үшыраспайды, басқа түсті метаддардың құрамынан жоғары технология жәрдемімен алынады. Қазакстанда олар Алтай таулары мен Сарыарқа даласында шоғырланған. Қазақстан жер бетінде сирек металдар бойынша Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Америка секілді аса бай олке. Біздің кен орындарында кездеспейтін сирек металл жок десе де болады. Уран мен вольфрамды (екеуінен де Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынды алады) былай қойғанда кен орындарынан тантал мен титан, ниобий мен цирконий, рений мен гелий, молибден мен ванадий алынады.

Бұл ғасырды уран мен берилийдің заманы деп атайтын боламыз. Қазақстандағы бұл қазыналы куаттың мол екені келешегіміздің көкжиегін де аңғартады. Президент Н. Ә. Назарбаев 2000 жылы қыркүйекте Америкаға барып БҰҰ саммитіне қатысқан кезде американдық фирмалармен бірнеше маңызды келісімдерге қол қойьщды. Соның ішінде берилий мен уран жөніндегі қол қойылған шарт ерекше аталды. Уран да, берилий де ғасырдың аса ғажап та қажет қымбат металдары. Бұл екеуіне ғана арнайы келісім-шарттың жаса-луында үлкен мән-мағына жатыр.

Әлемдегі бар уран қорының төрттен бірі Қазақстан жерінде жатыр. Оның мөлшері 926 мың (яғни миллиондай тонна), ал әлемдік қоры 4 миллион тоннаға барады1. Қазір дүние жүзінде бір жылда 50-60 мың тонна уран шығатын болса, қазақ жерінің қазынасы қаншаға жететінін осыған қарап-ақ есептей беріңіз.

Одан қуатты мұнайға қарағанда он мың есе көп алуға болады. Әзірге бар уранның он пайызы да пайдаланылып отырған жоқ.

Бір тонна рудадан 0,045-0,06 грамм таза уран алуға болады. Бұл кен орнын 1976 жылы Волков экспедициясының геологтары Н.Петров пен Л.Павлов ашқан. Ал қазір Созақ жерінде үш рудник істейді. Оларда уранды жер астынан Қышқылдың күшімен ерітіп, сорғытып алады.

Қазақстанның таулы-тасты аймақтарының бәрі уранға толып тұрған секідді. Уран өндіру қарт Қаратау қойнауынан басталған, Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес одағыныңтүңғыш руднигі елуінші жылдардың басында Қордай даласында орнаған. Оған ілесе Шу — Сарысу, Іңкәр, Буденновск, Мыңқұдық кеніштері осы Қаратау мен Бетпакдала өңіріңде, уран қорының тең жартысы Созақ ауданында жатыр.

Ондағы уранның сапасы қандай?

Жерінің беті көріксіз болса да асты қазына екен. Сондай жер Маңғыстау даласында, Көкшетау, Атбасар аймағында табылып, Ақтауда, Ақмолада аса ірі комбинаттар жұмыс істеді. Сондықтан да біздің еліміз уран қоры жағынан дүние жүзінде бірінші орын алып отыр. Кеңес заманында атомы қаруы шұғыл қажет болғанда іздегенде уранның мол қоры осы қазақ даласынан табылған. Содан сол ураннан жасалған атом бомбалары сыналып, жарылып сол мол уран жатқан алқапқа алапат әкелді.

Енді уран қатер әкелер бомба емес, бейбітшілікке қуат берер атом электр станцияларына отын болып, адамдаркі қызмет етеді.Мұнай сарқылып, кейін көмір таусылған кезде (ол да осы XXI ғасырдың ішінде болатын оқиғалар) адам жылу мен жарықты атом қуатынан алатын уақытта уранның қажетілігі арта түседі.

Тертіншіден Мемлекет басшысьшың сыртқы саяси қызметі мен Қазақстанның әлем мемлекеттерімен сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту мәселелерін шешуменг тығыз сабақтасып жатыр.

Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттарға іа жүзінде Шығыс және Батыс Еуропаның барлық мемлекетгерімен, арабтық Шығыс едцерімен, Үндіқытаймещ-Корей түбегімен, Түркиямен, Иранмен және Пәкістанмен қол қойылды. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде көрсетілген елдермен ынтымақтастық табысыты жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Германия арасындағы белсенді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық дамуда, Балтық және Қара теңіз жағалауы елдерімен байланыс жолға қойьщдьй "Шеврон", "Мобил", "ЭНИ", "Бритиш Газ", "Мицуи"; "Харрикейн", "АЕС" және басқа жетекші корпорация компаниялармен жемісті ынтымақтастық дамуда. Ірі келісімдерге қол жеткізіліп, Каспий мұнайы мен газыа өндіру, Қарашығанақ пен Теңіз кеншілерін, сондай-ақ Екібастұз кемір разрездерін пайдалану жөніндегі жобалар іс жүзінде іске асуда. Каспий құбыр жүргізу консорциумынын толып тұрған секідді. Уран ендіру қарт Қаратау қойнауынан басталган, Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес одағының тұңғыш руднигі елуінші жылдардың басында Қордай даласында орнаған. Оған ілесе Шу — Сарысу, Іңкәр, Буденновск, Мыңқұдық кеніштері осы Қаратау мен Бетпакдала өңіріңде, уран қорының тең жартысы Созақ ауданында жатыр.Ондағы уранның сапасы қандай?

Астана да Атырау-Самара бағытын қуаттайтындығын білдірді. Сойтіп әлі күнге дейін кеңестік кеңістіктігі ықпалынан айырыла қоймаған Ресей стратегиялық бағытгағы тізгінді уысынан шығармауға түбегейлі бет бүрды. Қазақстан мұнайын тасымалдауға ықылас танытып отырған елдің іргелесінің бірі — Қытай. Батыс Қазақстан-Батыс Қытай бағыты болашақта жылына 20 миллион тонна мұнай тасымалдауды, әрі оны болашақта қуаттылығын 40 мшілион тоннаға жеткізуді көздейді. Азия аумағындағы беделін ол да пайдаланғысы келеді.

Каспий аумағындағы қалған елдерге ықпал етуді Иран да қостайды. Таяу Шығысқа тасымалданатын мұнай құбыры-ның өз жерінен өткенін ол да қалайды. Каспий жағалауын-дағы елдер халқының басым көпшілігін исламға мінәжат ететіңдер құрайтындықтан, Иран осы көзірді тиімді пайдаланғысы келеді. Ең бастысы әлемдік аренада саяси қарсыласы болып табьшатын АҚШ-тың Каспий аймағыңдағы ықпалын әлсірету болып табылады. Алайда, иран бағыты экономи-калық жағынан тиімді болғанымен, саяси жағынан күрделі. Каспий аумағындағы басқа елдердің бұл бағытқа тәуекел ете алмай отырғаны да сондықтан. Әлемдік аренадағы қарым-қатынас кеп полюсті бағытқа қүрылып отыр дегенімен де басты өуеннің кімнің сүранысына қатысты орындалатыны тағы да белгілі. Сол себегаі Қазақстан, Түркіменстан, Әзербай-жан бұл төңіректе жалғыз бағыттан гөрі көп векторлы бағытты қуаттайды. Жалғыз бағытқа жолығып, арандап қалмасақ деген аландаушылық басым бұл жерде.

Каспийдегі көздің күртына айналған байлық геосаясатпен қосыла өрілетініне ешкім шек келтіре қоймас. Қалай болғанда да басты нәтиже Астананың әуелі Ресеймен, одан соң Қытай, АҚШ және басқа да Батыстың алып мемлекет-терімен арадағы қарым-қатынасына келіп тірелді. Ресей мен Қытайдың, АҚШ-тың, қажетті жерінде Ираннын өз ережесіне құрьшған саясат ойыны күрделі қимылға ұласады. Мұнай төңірегінде мың сан қатпардан тұратын сан құбылмалы саясатгың ара-жігін ашып, "диагаозына сәйкес" амал істегенде ғана Астана алпауыт әлемнің қырғи қабақ кезқарасына ілікпейді. Ал бұл дегеніміз қазіргідей кезеңде диштоматиялық дәстүрі енді қалыптасып келе жатқан Қазақстан үшін үлкен бақ. Өйткені геосаяси мүдделердің бастауы әр елдің ішінен" бастау алып жатқандығы зандылық. Сондықтан, байлығы шалқыған Каспий көзін тапсаң экономикалық өркендеуге бастайды. Ал шалыс бассаң қасіретке бастау болатыны да ғажап емес. Келер ғасырда мұнай төңірегіндегі ықпалдастық қимылдың Каспий жағалауынан орын теуіп қалуы да ғажап емес деп айтып отырғанымыз да сол. Каспий жағалауындағы тағы бір ел әзербайжандардың тандаған өз жолы бар. Мемлекет басшысы Гейдар Әлиев Ильхамды мұнай өндірісіне "жегіп жіберді". Ол — иекетгік мұнай компаниясының вице-президенті, содан аң премьер министр болды. 2003-жылы 16 қазанда Әзірбайжан президентінің сайлауы өтті деп танылды. Президент сайлауы барысында "Жаңа Әзербайжан" партиясының атынан ұсынылған президентгіктен үміткер, елдің премьер-министрі Ильхам Әлиев жеңіске жетті. Оған сайлауға қатысушылардың 80 пайызына жуығы дауыс берген. Қалай болғанда да Ильхам мұнай арқылы билікке бір табан жақындап келеді. Сөйтіп, вказ бойындағы тағы бір елдің мұнай мен биліктің «ажрамас ұғым екендігін дәлелдеді.

Қазақстанда да мұнай төңірегіңдегілердің үлкен биліктен үміті бар.

Мұнай кұлағын ұстап отырғандардың бәрі де — елге белгілі есімдер, арасында осалы жоқ. Ендеше, Қазақстанда да мұнай мен құбыр иелерінің ықпалы күшейіп келеді деген сөз.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстанның Орта Азия елдерімен өзара саяси, әскери, экономикалық, мәдени байланыстары қандай?

2.. Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге бағытталған қандай құжаттарға қол қойылды?

3. Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді қандай приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды көздейді?

4. Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы мен Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуының себептері неде?


 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных