Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Павлодар облысы! Құтқару бөлімшелері күштері мен құралымдарының шеру-байқауы




1 наурызда Павлодар қаласында Павлодар облысы ТЖ департаменті арнайы өрт сөндіру техникасы мен авариялық-құтқару қызметтерінің құралдарының шеру-байқауы өткізілді. Іс-шара Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнінің 85-жылдығына арналды. Облыстық орталықтың орталық көшелерінен ТЖ аумақтық органы күштері мен құралдарының колоннасы өтті. Ал орталық алаңда ТЖ департаменті, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің және жергілікті полиция қызметі, және облыстық Қызыл жарты ай филиалының волентерлары жеке құрамының бөлімшелері сапқа тұрды.

Мерекелік іс-шараға Павлодар облысы төтенше қызметтерінің құрылуы кезінде тұрған азаматтық қорғау ардагерлері қатысты. Олардың ішінде ТЖ алдын аоу және адамдардың өмірін құтқарған ісіндегі ерекше қызметтері үшін Азаматтық қорғаныс Халықаралық Ұйымының медалімен марапатталған екі ардагер де болды. Бұл Владимир Михайлович Власов – жедел-құтқару жасағының басшысы және облыстың өртке қарсы қызметінің бұрынғы бастығы. В.М. Власовтың жеке есебінде құтқарылған 50 астам адамның өмірі, Владимир Михайлович еңбек жолының отыз жылын азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметке арнады. Дәл сағат 10: 00 «Сап тік тұр» -деген бұйрық берілді. Жалау ұстаған топ, қадамды тік басып, саптың алдынан құтқарушылардың алауын алып өтті.

Жергілікті полиция қызметі автомашиналарының сүйемелдеуімен колонна Мир және Торайғыров көшелерінің бойымен, сондан кейін Ак. Сәтбаев орталық көшесімен өтті. Колонна өткен кезде Павлодар қаласының тұрғындары, жалпы орта білім беру мектептерінің, колледждердің осы іс-шараға қатысқан оқушылары құтқарушыларды қошеметтеді.

Одан кейін іс-шараның барлық қатысушылары салтанатты жиналысқа мәжіліс залына жиналды. ТЖ департаментінің бастығы Әлібек Әбдікәрімұлы Длимов төтенше жағдайлардың алдын алу мемлекеттік жүйесінің дамуы мен құрылуындағы үлес үшін, азаматтық қорғау ардагерлеріне алғыс білдіру сөзімен жүгінді. Бұл Болат Құсайынұлы Сержанов – құрметті ардагер, Павлодар облысы АҚ штабының бұрынғы бастығы, содан кейін Павлодарлық ТЖ басқармасының бастығы. В.Д. Жуковтың еңбек қызметінің қырықтан астам жылы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты. Владимир Дмитриевич облыс өнеркәсіптік кәсіпорындары басшыларының арасында абыройға ие.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамыту және нығайту ісіндегі еңбегі үшін В.Д. Жуков көптеген Үкіметтік және ҚР ТЖМ ведомстволық марапаттарына ие. Азаматтық қорғаныс Халықаралық Ұйымының тарихы туралы баяндамасымен Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Д. Алябьев сөз сөйледі. Ардагерлер қоғамдық ұйымының атынан төрайымы К.Х. Асқарова сөз сөйлеп, жеке құрамы тағы да бір мейрам – Алғыс айту күнімен құттықтады, бұл мейрам Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен бекітілген.

ТЖ аумақтық органының тату-тәтті ұжымында 10 ұлт өкілі жұмыс жасайды. Бұл қазақтар, орыстар, украиндар, белорустар, татарлар, немістер, башқұрттар, ингуштар, поляктар, балкарлар. Ал барлығымызды туған еліміз –Қазақстан Республикасына деген татулық пен махаббат біріктіреді, - деп атап өтті ардагер. Іс-шара құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің күделікті қызметі туралы деректі фильмді көрсетумен аяқталды.

Наурыз айына толығымен іс-шара кешені жоспарланды – олар дөңгелек үстел, өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күндері, өрт сөндіру техникалық орталығында балаларға экскурсия, облыстық телеарналардан және радиолардан құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің сөз сөйлеуі болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных