Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Археография




XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы Ресейде басқа да капиталистік елдермен қатар монаполистікке дейінгі капитализмнен империализмге өтіп жатты. Бұл капитализм дамуының жаңа және соңғы этапы тап күресуінің шиеленісуімен, жұмыс табының пролетар революциясына күресімен сипатталды. 90 жылдардың ортасынан бастап революциялық қозғалыстың пролетарлық этапы жаңа тарихи жағдайда Лениннің максистік еңбектерінде толықтырылып дамуын тапты. Елдің империализм тұсында дамуы тарих ғылымы мен деректерді басылымға дайындау жолдары мен сипатында әсерін қалдырды. Буржуаздық –дворяндық археографиялық ұйымдар қызметінде реакцияшыл мінездер күшейді. Олар марксизммен күрес жүргізді және көбіне өткен тарихты жариялаумен айналысты.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы көркемдік басылымдардың өсуімен белгілі.

Бұндай жағдайларға сай буржуаз тарихшылар ортасында бір жағынан-самодержавиені ашық қорғау күшейіп, екінші жағынан- көптеген тарихшылардың деректердің ғылыми анықтамалық аппараты мен алғысөзін зерттемей деректі тек басылымға шығару жұмысымен айналысты. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы елде басылымдық қызметтің кең етек жаюымен сипатталады. Басылымдық жұмыспен мынадай қоғам мен ұйымдар айналысты: Орыс тарих қоғамы, Тарих және көне ресей ескерткіштер қоғамы, археографиялық комиссия, Губерниялық ағарту мұрағат комиссиясы және ғылыми-тарихи журналдар.

Әр-түрлі тақырыптарға байланысты көптеген материалдар «Русский архив», «Русская старина», «Историеский вестник» журналдарында жарыққа шықты.

1905-1907 жылдардағы революция революциялық мінезді деректердің жарыққа шығуына мүмкіндік берді.

Революция кезеңінде Ресейде халықтық-либеральды бағыттағы жаңа «Былое» (1906-1907 жылдары) журналы шыға бастады. Бұл журналда естеліктер, хаттар, император канцеляриясының III бөлімінің мұрағат құжаттары және басқа ұйымдардың декабристер, петрашевтер, либерал-студент қозғалысының құжаттары жарияланған. Кейбір құжаттар крестьян қозғалысы және азғанасы жұмыс қозғалысы мен социал-демократиясына қатысты болды.

1905-1907 жылдардағы революция кезінде декабристердің құжаттары, соның ішінде Н.Г. Чернышевскийдің күнделігі жарияланады.

Империализм кезеңіне тиісті жағдай болып марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін тарату, партиялық социал-демократиялық құжаттардың басылымға шығуы болды. Социал- демократиялық және большевистік басылымдардың ұйымдастырылуы мен басшылық етуіне Ленин көп жұмыс атқарды.

Деректер партиялық журналдар, газеттер, арнайы құжат жинақтарында жарияланды. Бұл іс заңды да заңсыз түрде жүрді. Партиялық деректерді жариялау елдегі тарихи жағдайға байланысты болды. Партиялық деректерді жариялауда буржуаздық археографиялық әдістерден өзгеше әдіс-тәсілдер қолданды. Бұл кейін совет археографиясының ажырамас бөлігі болды. Методиканың дамуына революцияға дейін жарық көрген Лениннің еңбектері маңызды. Ленин еңбектерінде құжаттарды басылымға дайындау әдістері жайлы бірнеше шарттар бар, олар археография үшін принципиальды мазмұнда болды.

Социал-демократиялық және большевистік құжаттарды басылымға дайындау, марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерін жарыққа шығару помещиктер мен капиталистерді биліктен тайдыру жолындағы маңызды іс-шара.

Деректерді басылымға дайындауда жаңа принциптер жасалды. Лениннің дайындаған басылымдары мынадай проблемаларды шешу мысалдары болды: құжаттарды іріктеу, түсіндірме беру, алғысөзді жазу және тағы басқалары.

Қарастыған кезеңде археографиялық оқиғалар басында Орыс тарих қоғамы, Тарих және көне ресей ескерткіштер қоғамы тұрды. Үкімет мұрағаты мен Ғылым академиясының қызметі жанданды.

Көптеген археографиялық ұйымдар құжаттардың үлкен сериялы жинақтарын шығара бастады. 1905-1907 жылдардағы революция кезінде бұрын қолданыста болмаған декабристер, революцияшыл-демократтар тарихына қатысты басылымдар пайда болды. Буржуаздық тарих ғылымы жүктеген міндеттері бар археография өзі де жаңа деректерді ғылымға енгізу арқылы дами түсті.

XIX ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында археография ғылым ретінде қалыптасуын аяқтады. Осы кезде құжаттардың сериялық басылымдары шығып, жекелеген құжаттарды басылымға әзірлеу принциптері дайындалды. Археография бойынша курстар оқытыла бастады.

XX ғасыр бойы археография арнайы тарихи-филологиялық пән ретінде қарастыру процессінен өтті. Бұл процесс марксистік идеологиямен шектелгеніне қарамастан белгілі заңдылықтарды орната алды және құжаттардың барлық түрі мен әр түрлі кезеңге жататын құжаттардың көркемдік басылым принциптерін айқындады.

Бақылау сұрақтары:

1. Археографияның ғылыми пән ретінде қалыптасу кезеңіне сипаттама беріңіз?

2. Революцияға дейінгі археографияның даму ерекшеліктерін көрсетіңіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Добрушкин Е.М. Основы археографии: Учеб.пособие. М., 1992.

2. Добрушкин Е.М. История отечественной археографии. Современные проблемы и задачи изучения. Учеб.пособие. М., 1989.

3. Королев Г.И. Археография: Учеб. пособие. –М.: РГГУ, 1996.

ДӘРІС -3.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных