ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кәсіптік ауруларды анықтамасы
Кәсіптік ауру - бұл еңбек жағдайының және жағымсыз өндірістік факторлардың организмге және қосарланып жүретін сырқаттылықты айтамыз. Кәсіби патология клиникалық саласы және бөлімі; ол ішкі медицинадан этиологиясың қағида бойынша бөлінген және өзінше бірқатар ерекшеліктерден тұрады. Кәсіптік аурулардың дамуында кәсіптік зияндылық және маңызды роль атқаратын сырқаттар (силикоз, қорғасынмен улану, вибрация дерті) жатады және белгілі өнеркәсіптік жағдайда жиі кездесетін сырқаттар, кәдімгі жағдайларға қарағанда (урсолмен контактыда жұмыс істегендегі бронхиальды демікпе, беизолмен жұмыс істеу барысында туындаған лейкоз, анилинді бояғыштармен контактыда болғандармен зәр қуығының рагі). Кәсіптік аурулар жалпы сырқаттардың ағымын ұзартуы мүмкін, сонымен бірге жағдайының нашарлауына, жүйелер қызметінің жетіспеушілігінің өсуіне әкеледі, жағымсыз факторлардың әсер етуінің арқасында жалпы аурулар ағымдары өзгеруі мүмкін (құрамында кремний бар шаңды жұтқандағы туберкулез, жоғары температура химиялық кәсіби зияндылықтардың әсері жоғарлайды, метеорологиялық факторлар фариниттердің, бронхиттердіқ, пневмониялардың және т.б. дамуына ықпал жасайды). Кәсіптік патологиялардың даму сатылары. Зиянды еңбек жағдайларының адам денсаулығына әсер ететіні туралы және нұсқаулар Египет жазбаларында, Рим жазушыларында бар. Кәсіптік ауруларға арналған жұмыстер XVI ғасырда пайда болған. Кәсіптік аурулардың этиологиялық факторлары.Жұмыс орындарында еңбек жағдайына және еңбек сипатына гигиеналық баға беру үшін "еңбектің гигиеналық жіктеуі"құрылады, соған қарай бөлінеді: 1)Зиянды өндірістік фактор - өндірістік фактордың белгілі бір жағдайда жұмыскерге әсер етуі сырқаттылаққа не еңбекке қабілетінің тұрақты түрде төмендетуге әкелуі мүмкін. 2)Қауіпті өндірістік фактор - өндіретін фактордың белгілі бір жағдайда жұмыслерге әсер етуі жарақатқа не денсаулығының күрт төмендеуге әкелуі мүмкін. Еңбек ауырлығы-тірек-қимыл аппаратына не оның жұмысын қамтамасыз ететін функциональды жүйелерге күш түсетін еңбек үрдісін сипаттайды. Кәсіби ауруларда мүгедектікке әкелетін себептер: Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|