Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Білім берудің және оқытудың әдістері: Жұптасып жұмыс жасау

Лабораториялық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Бөлім: Табиғаты органикалық дәрілік заттарды

Талдау

Тақырыбы: Амин қышқылдары және олардың туындыларының дәрілік препараттарын талдау: глютамин қышқылы, аминалон, пирацетам, цистеин, метионин

Курс: 3

Мамандық: 5В110300- «Фармация»

Шымкент

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №16, 18.06. 2016 ж.

 

Кафедра меңгерушісі __________проф. Ордабаева С.К.

Тақырыбы: Амин қышқылдары және олардың туындыларының дәрілік препараттарын талдау: глютамин қышқылы, аминалон, пирацетам, цистеин, метионин

Мақсаты: Амин қышқылдары және олардың туындылары дәрілік препараттарының (глютамин қышқылы, аминалон, пирацетам, цистеин, метионин) жалпы және жеке қасиеттері негізінде нормативті құжаттар талабына сәйкес фармацевтикалық талдау жүргізуді және сапасына баға беруді үйрету.

Оқыту мақсаты:

· Білім алушыларға дәрілік заттардың жасалуы, алынуы, сақталу және қолдану сатыларында фармацевтикалық талдаудың әдістемелерін үйрету;

· Білім алушыларға дәрілік заттарды талдауда жалпы фармакопеялық әдістерді қолдануды үйрету;

· Білім алушыларға дәрілік заттар сапасына және қауіпсіздігіне нормативті-техникалық құжаттар талабына сай фармацевтикалық талдау жүргізуді үйрету және машықтандыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Амин қышқылдары деп қандай қосылысты атайды? Дәрілік заттар ретінде қандай амин қышқылдары қолданылады?

2. Амин қышқылдары дәрілік препараттарының латынша және рациональды атауын, химиялық формуласын жазыңыз.

3. Препараттардың қышқыл-негіздік орталықтарын көрсетіңіз және осы қасиеттерді фармацевтикалық талдауда қолдану.

4. Амин қышқылдарының оптикалық белсенділігі олардың фармакологиялық эффектісіне қалай әсер етеді? Мысал келтіріңіз.

5. Алифатты амин қышқылдары қандай қосылыстарға дейін тотығады? Осы тотығу процесінің фармацевтикалық талдауда қолданылуы.

6. Химиялық құрылысы мен фармакологиялық әсері арасындағы байланысқа сипаттама беріңіз: глютамин қышқылы, цистеин, ацетилцистеин, метионин

7. Жоғарыда аталған препараттардың алу жолына байланысты өзіндік қоспаларын көрсетіп, анықтау әдістерін атаңыз.

8. Глютамин қышқылының өзі екендігін анықтайтын өзіндік реакцияларды көрсетіңіз.

9. Глютамин қышқылының оптикалық мінездемесін идентификациялауда қолдану

10. Цистеин, метионин және ацетилцистеин препараттарының молекуласында тиотоптың бар екендігін қалай дәлелдеуге болады?

11. Құрамында күкірті бар аминқышқылдарының өзіндік қоспаларын атап, оларды талдау әдістерін көрсетіңіз.

12. Амин қышқылдары препараттарының мүмкін болатын сандық мөлшерін талдау әдістерін атап, реакция теңдеулерін жазыңыз.

13. Цистеин препаратының сандық мөлшерін иодометрия әдісімен анықтаудың реакция теңдеуі мен есептеулерін жазыңыз.

14. Глютамин қышқылының сандық мөлшерін Серенс әдісімен анықтау. Реакция теңдеуі мен есептелуін жазыңыз.

15. Азот бойынша амин қышқылдарының сандық мөлшерін анықтау қалай жүргізіледі? Реакция теңдеуін жазыңыз.

16. Амин қышқылдарының сандық мөлшерін сусыз ортада анықтау оның қандай қасиетіне негізделген?

17. Метиониннің түстілігі мен мөлдірлігіне сынақ не үшін жүргізіледі?

18. Сілті мен қышқыл ерітінділерінде еритін препараттарды атаңыз? Ерігіштігі мен химиялық құрылысы арасындағы өзара байланысты көрсетіңіз.

19. Амин қышқылдарының өзі екендігін нингидрин сынағымен анықтау.

20. Амин қышқылдарының медицинада қолданылуы, олардың адам

ағзасындағы алмасу процесіндегі мәні

Білім берудің және оқытудың әдістері: Жұптасып жұмыс жасау

Оқу объектісі:

1. Глютамин қышқылы ҚР МФ II басылымы, 182 бет

2. Пирацетам ҚР МФ II басылымы, 423 бет

3. Цистеин ҚР МФ II басылымы, 565 бет

4. Метионин ҚР МФ II басылымы, 311 бет

Лабораториялық сабақты өткізуге 200 минут бөлінген:

 

№ п/п Сабақ кезеңдері Уақыты, мин
  Лабораториялық сабақтың тақырыбы бойынша бастапқы білімдерін бақылау (ауызша)  
  Жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты орындауға дайындығын тексеру  
  Лабораториялық жұмысты орындау  
  Хаттама жазу  
  Хаттаманы қорғау  
  Лабораториялық сабақ тақырыбы бойынша білімдерін бақылау (тестілеу)  
  Қорытынды (баға қою)  

Жұмыс орны №1. Глютамин қышқылысубстанциясына толық фармакопеялық талдау жүргізу.

 

Жұмыс орны №2. Метионин субстанциясына толық фармакопеялық талдау жүргізу.

 

Жұмыс орны №3. Қабықшамен қапталған метионин таблеткасына 0,25г толық фармакопеялық талдау жүргізу.

 

Жұмыс орны №4. Цистеин субстанциясына толық фармакопеялық талдау жүргізу.

Әдебиеттер:

Негізгі

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жибек жолы».-2008.-Том 1.-592 п.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жибек жолы».-2009.-Том 2.-804 п.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы.-Алматы: «Жибек жолы».-2014.-Том 3.-856 п.

4. Арыстанова Т.А. Жалпы фармацевтикалық химия. Оқу құралы.-Алматы: Эверо.-2013.-286 б.

5. Бейсенбеков А.С. Фармацевтикалық химия оқулығы.- Алматы.- 1999.-140 б.

 

Орыс тілінде

1. Арыстанова Т.А. Общая фармацевтическая химия/Учебное пособие.-Алматы: Эверо.-2013.-238с.

2. Арзамасцев А.П.. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр.-М.:ГЭОТАР-Медиа.-2006.-640 с.

3. Беликов В.Г. Фармацевтическая химия. В 2-х ч: учебное пособие, 4-е изд., перераб. и доп.-М.: МЕДпресс-информ.-2007.-624 с.

4. Ордабаева С.К. Анализ лекарственных препаратов, производных ароматических соединений.-2012.-270 с.

қосымша:

1. Арыстанова Т.А., Арыстанов Ж.М. Инновационные технологии в фармацевтическом образовании: обучение и контроль. Учебно-методическое пособие. – Шымкент.-2012.- 175с.

 

Бақылау:

 

1. Аминқышқылдары қандай туындыларға жатады:

а) көмір қышқылы

б) көмірсулар және олардың галоген туындылары

в) карбон қышқылдары

г) альдегидтер

 

2. Аминқышқылдарын идентификациялауда қолданылатын физикалық константалар:

а) балқу температурасы

б) қайнау температурасы

в) қату температурасы

г) меншікті айналу бұрышы

 

3. Екі негізді аминқышқылы:

а) аминалон

б) метионин

в) глутамин қышқылы

г) пирацетам

 

4. Амфотерлі қасиет көрсететін препарат:

а) аскорбин қышқылы

б) мырыш оксиді

в) калий ацетаты

г) аминалон

 

5. Аминқышқылдарына тән сезімтал реакция:

а) нингидрин сынағы

б) сілтімен реакциясы

в) мыс катионымен реакциясы

г) резорцинмен реакциясы

 

6. Аминқышқылдарының тотығу өнімдері:

а) аммиак, спирт

б) аммиак, көміртегі (ІІ) оксиді, альдегид

в) азот, альдегид

г) спирт, альдегид

 

7. Аминқышқылдарына тән қасиет:

а) амфотерлі

б) бейтарап

в) қышқылды

г) негізді

 

8. Құрамында күкірт атомы бар аминқышқылы:

а) глутамин қышқылы

б) цистеин

в) аминалон

г) пирацетам

 

9. Сілтімен әсерлесіп, меркаптан түзетін препарат:

а) аминалон

б) метионин

в) глутамин қышқылы

г) шаншуға арналған кальций-тетацин ерітіндісі

 

10. Этилацетат түзілу реакциясы тән препарат:

а) цистеин

б) пирацетам

в) аминалон

г) ацетилцистеин

 

11. Цистеин молекуласындағы тиотопты анықтайтын реактив:

а) темір (ІІ) хлориді

б) натрий нитропруссиді

в) натрий сульфиді

г) күкірт қышқылы

 

12. меншікті айналу бұрышы анықталатын препарат:

а) аминалон

б) метионин

в) цистеин

г) аминокапрон қышқылы

 

13. Глутамин қышқылын метиониннен ажырату реакциясы:

а) нингидринмен

б) концентрлі күкірт қышқылы қатысында резорцинмен

в) мыс сульфатымен

г) натрий нитропруссидімен

 

14. Бөгде аминқышқылдары қоспасын ашатын реакция:

а) Фелинг реактивімен

б) Марки реактивімен

в) Несслер реактивімен

г) Толленс реактивімен

 

15. Серенсен бойынша формольды титрлеу әдісі қай топтың қасиетін тежеуге негізделген:

а) карбоксил тобы

б) алифатты амин тобы

в) ароматты амин тобы

г) альдегид тобы

 

16. Құрамында күкірт атомы бар аимнқышқылдарының сандық мөлшерін анықтайтын әдіс:

а) комплексонометрия

б) иодометрия

в) бейтараптау

г) сусыз ортада титрлеу

 

17. Аминалонның сандық мөлшерін анықтауда қолданылатын әдіс:

а) сусыз ортада қышқыл-негіздік титрлеу әдісі

б) комплексонометрия

в) формальдегид қатысында алкалиметрия

г) аргентометрия

 

18. Метиониннің сандық мөлшерін иодометрия әдісімен анықтауда түзілетін өнім:

а) күкіртсутек

б) метионин дисульфиді

в) метионин сульфоксиді

г) метионин сульфаты

 

19. Гепатопротекторлы әсер көрсететін препарат:

а) пирацетам

б) глутамин қышқылы

в) метионин

г) цистеин

 

20. Гемостатикалық әсер көрсететін препарат:

а) глутамин қышқылы

б) аминокапрон қышқылы

в) ацетилцистеин

г) аминалон

 

21. Муколитикалық әсер көрсететін препарат:

а) цистеин

б) ацетилцистеин

в) аминалон

г) метионин

 

22. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препарат:

а) цистеин

б) ацетилцистеин

в) аминалон

г) метионин

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Гарсеванян С., Исмурзина А., Петухова А., Смирнова К. Административная реформа: замысел и реализация в 2003 – 2013 гг. | Рубрика: спортивное питание


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных