ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
азақстанда ғылымның дамуы, қазақ мәдениетінің өркендеуі
Қазақстанда ғылымның дамуы халық өнерінің театр, музыкалық мәдениеттің өркендеуімен тағдырлас болды. Олардың қай-қайсысы да Кеңес өкіметі жылдарында кең өріс алып, халықтың ақыл-санасынан орын теуіп, бұрын көбінесе Еуропа мен Азияның халқы мол қалыптасқан қалаларында ғана болып келген бұл өнер қазақ жеріне де кеңінен жайыла бастады. 30-жылдары Қазақстанның әдебиеті мен өнерінде біраз өзгерістер,елеулі оқиғалар болды. 1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезі болып, онда халықтың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетінің М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, Ж.Аймауытов сияқты саңлақтармен бірге қазақ әдебиетінің қаулап өсіп келе жатқан мол жеткіншектер тобының бар екені көрінді. Келесі жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдыцң туғанына 90 жыл толуын бүкіл Кеңес елінің халықтары атап өтті. 1936 жылы республика еңбекшілері С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығын мерекеледі. 32-33 жылдары Қазақтың театр, музыкалық-актерлық студия және музыкалық мектеп ашылды. Музыка өнерінің кадрларын даярлайтын Республикалық - музыкалық драма техникумы, Қарағанды, Шымкент, Орал, Ақтөбеде ашылған өнер училищелерінде халық арасынан шыққан талантты жастар оқыды. Солардан іріктеліп Қазатком (қазіргі Құрманғазы атындағы) халық аспаптар оркестр құрылды. 1934 жылы 13 қаңтарда талантты әнші, сахна шеберлеріеін күшімен (Айман-Шолпан) музыкалық комедиясының (либреттосын жазған М.Әуезов), одан кейін, либреттосын Ғ.Мүсірепов жазған (Қыз Жібек) операсының, сондай-ақ либреттосын Б.Майлин жазған (Жалбыр), С.Вамалов либреттосын жазған (Ер - Тарғын) операларының сахнаға шығуы қазақ театрларының дамуындағы үлкен белес болды. 1935 жылы А.Жұбановтың ұйымдастыруымен қазақ филормониясы құрылды. Оның фольклорлық оркестрі, хор копеллосыц болды.Қазақ музыка мәдениетімен бірге бұл Орталық Батыс Еуропаның музыкалық жетістіктерін насихаттаумен де шұғылданды. Мәскеу, Ленинград (Санкт-Петербург) сияқты қалалардың өнер шеберлері қазақстандықтарға көмек көрсетсе, астаналық облыстардағы театрлар тығыз творчесволық байланыста болды. Халық өнерін дамытудағы Қ.Жандарбеков, Қ.Бәйсейітов, К.Бәйсейітова, Қ. Қуанышбаев, Ж.Шанин, М.Ержанов, С.Қожамқұлов, Ә.Мұхитов Ш.Жиенқұлова, Қ.Бадыров т.б.өнер саласындағы еңбегімен атты шықты. 20-жж. Қазақстанда табиғи өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі комиссияның (КИЕПС), КСРО Ғылым академиясының Одақтық және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі айрықша комитетінің (ОКИСАР) және басқалардың көптеген орнықты және көшіп жүретін топтары жұмыс істеді. Тұнғыш ғылыми – зерттеу мекемелері: 1922 ж. ҚАКСР Денсаулық сақтау комиссариатының жанынан Өлкелік химия-бактериологиялық лаборатория, 1924 ж.Денсаулық сақтау халық комиссариаты жанынан малдәрігерлік-бактериологиялық институт, 1926 ж. тыңайтқыш және агротопырақ зерттеу институты пайда болды.
Орытынды
Әрине, мәдениттің басқа салаларында да ілгерілеушілік болмады емес. Мәдени-ағарту мекемелерінің дамуы,кітап бастыру, мерзімді баспасөз шығару ісі жолға қойылды. 1925 жылы елде 31 газет шықса, 1940 жылы 200-ден аса газеттер, оның ішінде жүзден аса аудандық газет шықты. 500-ге арта кітап бастырылды. Олардың мазмұны бірыңғай болғанымен халықтың мәдени дәрежесін, ой-санасын көтеруге тигізген әсері зор болды. Қазақ мәдениетінің бүкіл даму тарихы оның барлық салаларындағы өзгерістер, өнеге үлгілері, белгілері аңыз, әңгіме, жыр, қисса, материалдық мәдени мұралар, әдеби, музыкалық, сәулет, бейнелеу өнерлерінің туындылары, жыраулардың шығармалары, шешендік сөздік, ғұлама ғылымдарымыздың ғылыми даналығы, қазақтардың баланы, жасөспірімді тәрбиелеу дағдылары, шаруашылық машығы, ертеден келе жатқан наным-сенімдер мен дін дербес бір ұлттың бет-бейнесін қалыптастырады. Қазақ халқы тәуелсіздік алып, дербес, егеменді ел болып отырғанда оның мәдениеті үшін, ұлттық мәдениеттің дамуы үшін, әдейі қамқорлық болуы керек.
Дебиеттер тізімі
1. А.К.Ақышев «Қазақстан тарихы» Алматы; 1994 жылы
2. Х.Маданов «Қазақ мәдениетінің тарихы» Алматы;1998 жылы
3. Х.Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» Алматы;1995 жылы
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|