Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экономикалық жүйелердің типтері және олардың сипаттамасы.




Кез келген қоғам экономиканы ұйымдастыру және оның мәселелерін шешу үшін өз қарамағында әртүрлі құрылымдарды, тетіктерді және институттарды қолдана алады. Осындай механизмдердің бірсыпыра жиынтықтарын экономикалық жүйелер арқылы қарастыруға болады.

Экономикалық жүйелер - экономиканың өзара байланысқан элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:

1. Ашықтылық дәрежесі бойынша:

1.1. Жабық экономикалық жүйе - бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы.

1.2. Ашық экономикалық жүйе - бұл экономиканың халықаралық экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.

2. Меншік катынастары бойынша:

2.1.Дәстүрлі экономикалық жүйе - ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.

Бұл жүйенің сипатты белгілері:

- өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге негізделеді;

- әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс қарқынының тым төмен болуы;

- техникалық прогресстің шектелуі;

- халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан тұрақты түрде артып отыруы;

- сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;

- мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.

2.2.Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе - орталықтандырылған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.

Сипатты белгілері:

- өндіріс құрал-жабдықтарына деген мемлекеттің меншіктің орын алуы;

- экономиканы орталықтан жоспарлау;

- өндірушілердің монополиялануы;

- ресурстардың орталықтандырылған қоры.

- ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.

2.3.Нарықтық экономикалық жүйе - жеке меншікке, жеке мүддеге, еркін бәсекелестікке негізделген қатынастар.

Сипатты белгілері:

- өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;

- кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы;

- шаруашылық субъектілерінің дербестілігі;

- шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру;

- өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелестік, бұл ешкім нақты экономикалық билікке ие болмауы тиіс.

2.4.Аралас экономикалықжүйе - нарықтық тетіктер мен экономиканы мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын қатынастар.

Сипатты белгілері:

- әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы;

- көптүрлі меншіктің болуы;

- күшті кәсіподақ қозғалысының орын алуы;

- мемлекеттік реттеу мен түзету рөлі белсенді болып табылады.

3. Өнеркәсіптік төнкерістін және ғылыми-техникалық прогрестің дамү денгейі бойынша:

3.1.Индустриалдыққа дейінгі жүйе - қол еңбегіне негізделген натуралдық шаруашылық басым түрде орын алатын және ауыл шаруашылығына негізделген жүйе.

3.2.Индустриалдық жүйе - тауар-ақша қатынастарының дамуымен байланысты ірі машиналы өндіріске негізделген жүйе.

3.3.ІІостиндустриалдық жүйе - басты саласы - экономикалық-өндірістік емес (қызмет көрсету) сала болып табылатын және ақпарат басты ресурс ретінде саналатын жүйе.

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных