Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ШУДЫ МӨЛШЕРЛЕУ




 

Үздіксіз шуды мөлшерлеу параметрі – жиіліктің октава жолақтарындағы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц орташа геометриялық жиілікті дыбыс қысымының деңгейі болып табылады:

L=10 lgP202, дБ.

Ауыспалы шу энергия бойынша эквивалентті дыбыс деңгейімен мөлшерленеді.

Дыбыс деңгейі – ол мына теңдіктен есептеліп шығатын шама:

, дБА

мұнда, PA – шу жиілігінің барлық диапазонындағы орташа квадратты дыбысты қысым Н/м2.

Дыбыс деңгейін жиілік спектрінің анализаторы сөніп тұрған күйде, шу өлшегіштің “А” шкаласының көмегімен анықтайды. Қарқынды шудың мөлшерлеу параметрі ретінде орташа геометриялық жиілікті октавалы жолақтарындағы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц тең энергия бойынша эквивалентті дыбыс қысымының деңгейі болып табылады.

Дыбыс қысымының немесе дыбыстың эквивалентті деңгейі энергия бойынша мына формуламен анықталады:

, дБ (дБА)

мұнда, Т – деңгейлерді орташалау уақытының периоды, с; ti – деңгей берілген шектерде болатын, уақыт интервалы.

МЕСТ 12.1.003-76 сәйкес рұқсат етілген шу деңгейінің мөлшерлері, 3 және 4-кестеде келтірілген.

 

3-кесте. Өндіріс орындарындағы дыбыс деңгейі мен дыбысты қысымның рұқсат етілген деңгейлері

 

Атаулар Орташа геометриялық жиілігі бар жиіліктің октавалы жолағындағы дыбысты қысым деңгейі (дыбысты қысымға эквивалентті), дБ Дыбыс деңгейі (дыбыс деңгейіне эквивалентті), дБА
               
                   
Ой еңбегіне арналған бөлмелер (кабинеттер, конструкторлық бюро, теориялық жұмыстарға арналған зертханалар, денсаулық сақтау пункттері...).                  
Конторлық еңбекке арналған бөлмелер (жазба машиналары, администрация, цехтар, шу көздері бар зертханалық бөлмелер, есептеу машиналарына арналған бөлмелер...)                  
Өндіріс орындарында және өндірістік кәсіпорындар аймағындағы жұмыс орындары                  

 

4-кесте. Дыбыс деңгейі мен дыбыс қысымының деңгейіне арналған түзетулер

 

Сыртқы фактор Шарттар Түзетулер дБ немесе дБА
Шу сипаттамасы Кең жолақты Үндестілік, қарқынды -5
Дыбыстың әсер ету ұзақтығы Бір ауысымдағы қосындысы 4-8 сағат 1-4 сағат 0,25-1 сағат 5-15 минут 5 минуттан төмен   +6 +12 +18 +24

 

ШУДЫ ӨЛШЕУ

 

Шуды өлшеуді керекті қорғаушы жұмыстарды өңдеу қажеттілігі мақсатымен жұмыс орнындағы агрегаттардың шулы және дыбыс қысымдарының немесе дыбыс деңгейінің сипаттамасын анықтау үшін жүргізеді.

МЕСТ 8.055.79 сәйкес агрегаттың негізгі шулы сипаттамасы ретінде дыбыс қуатының октавалы деңгейі болып табылады.

Сонымен қатар, мынандай сипаттамалар қолданылады: 1,3 және 10 м тіреуіш радиустарындағы дыбыс деңгейі; агрегаттардың сыртқы контурынан 1 м арақашықтықтағы дыбыс деңгейі және дыбыс қысымының октавалы деңгейі; бағытталғандық сипаттамасы.

Шулы жағдайдағы акустикалық өлшеулер кезінде есептеу нүктелерін ҚНжЕ 11-12-77 сәйкес бөлмелердің, ғимараттың, құрылыстың ішінен және территорияларда, жұмыс орындарында адамдар әрдайым еден деңгейінен, жұмыс істеу алаңынан немесе территорияның жобалау бағасынан 1,2-1,5 м жоғарыда болатын зонада таңдайды.

Дыбыс қысымының октавалық деңгейі бірдей, бір немесе бірнеше шу көздері бар бөлмелердің ішінде ең кемінде 2 нүкте таңдау керек: біреуі шағылған өріс зонасында орналасқан жұмыс орнында, екіншісі – тура дыбысты өрісті жұмыс орнында болатын.

Егер бөлмеде, жұмыс орындарында дыбыс қысымының октавалық деңгейі бір-бірінен 10 дБ көп айырмашылығы бар бірнеше шу болса, онда тура өріс зонасында 2 нүкте таңдау керек: дыбыс көздерінің ең көп және ең аз дыбыс қысымының деңгейі бар жұмыс орындарында.

Шуды өлшеу үшін келесі аспаптарды қолданады:

Жолақты октавалы немесе үштік октавалы акустикалық сүзгілері бар МЕСТ 17187-71 сәйкес дәлдігі 1 немесе 2 класс шу өлшегіштері.

МЕСТ 13761-68 сәйкес дәлдігі I және II класс өлшеуіш микрофондар, олар жолақты октавалы немесе үштік октавалы сүзгілі шу спектрінің анализаторымен, өлшеуіш үдеткішпен және өлшеуіш аспаптармен бірге пайдаланылады.

Жиілік диапазоны 20 – 20000 Гц тар емес аз жиілікті өлшеуіш үдеткіштері. Октавалы немесе үш октавалы электрлік сүзгілер МЕСТ 17168-71 бойынша. Жұмысшы жиілік диапазоны 20 – 20000 Гц тар емес өлшеуіш аспаптар. Жиілік диапазоны 20 – 20000 Гц тар емес деңгейлерді өздігінен жазатын аспаптар.

Отандық өнеркәсіп акустикалық өлшеу аспаптарын жетілдіріп жасап шығаруда. Осы аспаптар арасында ең көп қолданылатындар: шу және діріл өлшегіші ИШВ-1, ол 10-нан 8000 Гц-ға дейін дыбыс қысымының деңгейін, 30-дан 130 дБ дейін дыбыс деңгейін және діріл жылдамдығымен діріл үдеткішін өлшейді (1-сурет).

Біздің зертханада шуды өлшеу үшін ИШВ-1 аспабы қолданылады. Бұл аспап дыбыс тербелісін электрлік сигналға өзгерту принципі бойынша жасалған, ПИ-6 өлшегіш аспабымен өлшенеді және содан кейін күшейтіледі.

Дыбыстың сигналдарын электрлі сигналдарға өзгерту үшін М-101 конденсаторлы микрофонды капсюль қолданылады.

Электрлі дыбыс, дыбыс қысымына пропорционалды күшейтетін өлшеуіш аспабымен нығайтылады, орташа квадратты детекторды әдеттегі жұмыс істеуіне қажетті көлеміне дейін, содан кейін стрелкалы аспабына түседі, децибелде градуирленген.

ИШВ-1 алдыңғы жағында басқару жүйелері орналасқан:

КІРУ – микрофонды кабельге қосу үшін;

ШЫҒУ – өзі жазғышты қосу, магнитофонды қосу, т.б.;

КАЛИБР – кабельдік жүйені қосу үшін;

БӨЛГІШ-1 – ауыстыру қосқыш көмегімен, 90 дБ-дан сатылы 10 дБ арқылы кіру сигналын әлсіздендіру жүргізеді;

БӨЛГІШ-2 – ауыстыру қосқыш көмегімен, 40 дБ-дан сатылы 10 дБ арқылы кіру сигналын әлсіздендіру жүргізеді;

ӨЛШЕУ ТҮРІ – ауыстыру қосқышпен котавдық сүзгіні (тазартқыш) және “А”, “В”, “С”, “ЛИН” сипаттамаларын қосады;

ЖҰМЫС ТҮРІ – ауыстыру қосқыш бағыты, “ажырату”, “қорытынды желіс”, “жылдам”, “баяу”;

ДІРІЛ ДЫБЫСЫ – тумблер, діріл мен шуды өлшеп қосатын аспап;

ЖИІЛІК – қосу октавының коммутациялық тазартқыштың қызметін атқарушы.

Жұмысты тексеру үшін аспап бетіне белгі беретін жарық (лампа) қойылған. Шу мен дірілді өлшегіш аппараты зертханада жоғарғы бағыттағы желілік токқа қосылған, оны қолданған кезде сымды жер қабатына өткізу керек.

1-сурет. ИШВ-1 – шу және діріл өлшегіші






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных