Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зертханалық жұмыс №6

Тақырыбы: Қыналар бөлімі./Lichenes/

Қажетті материалдар: 1.Қаспақты, жапырақты, бұталы қыналардың

коллекциясы.

2. Қына қабатының анатомиялық кесіндісінің дайын

препараты.Қынаның анықтама кітаптары. Бузина не

картоп түйнегі, бритва.

 

Түсініктеме: Қыналар- LICHENOPHYTA.

Қыналар симбионтты организмдер. Қына қабаты саңырауқұлақ Гифтерінің матасуынан құралады. Қабатының қалыңдығы әр түрлі болады. Гифтердің матасуы нәтижесінде күрделі құрылысты паренхима қабаты құралады. Қына құрамына енетін микобионты болып қалтапы сирек базидиялы саңырауқұлақтар, ал фикобионттар көк-жасыл, жасыл сирек сары жасыл балдырлар. Қынаның 90%-нің құрамында требукция, трентополия (жасыл), носток (көк-жасыл) балдырлары болады. Қынаның үлкендігі мен пішіні әр түрлі. Қыналардың формасы жағынан қабыршақты, қаспақты, жапырақты, бұталы деп 4 топқа бөлінеді: Қабықты не қаспақты, қабыршақты қыналар төсемікке тығыз орналасуына байланысты формасын бұзбай алынбайды. Олар порошок, дән, түйір, бұдырлы болып келеді.

Күрделірек құрылысты қыналар жапырақ пішінді, төсемікте жайылып жатады, оған гиф шоғырлары арқылы бекінеді. Жапырақты қыналар төсеміктен оңай алынады.

Күрделі құрылысты түрлерінің қабаты бұталы болып келеді де көбінекей төсемікте бекінбей бос не резинолары арқылы бекініп жатады. Бұталы қыналар жоғарғы ұшынан тік өседі.

Қыналар анатомиялық құрылысына қарай гомеомерлі және гетеромерлі болып 2 бөлінеді. Гомеомерлі қынаның құрылысы қарапайым келеді, микобинат пен фикобинаттар қына қабатында біркелкі таралып жатады. Ал саңырауқұлақтар болса жоғары, төменгі және өзекті қабаттарды құрайды.(55-сурет).

Қыналар вегетативтік жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Қынаны классификациялауға негізгі белгі ретінде көбею ерекшелігі алынады.

Тапсырмала:

1. Қына коллекцияларымен танысып, оларды оқып зерттеу қажет.

2. Қынаның анатомиялық құрылысымен танысу үшін оның қабатының бірнеше көлденең кесіндісін дайындап, оны микроскоппен қарап, олардың суретін салып, органдарын белгіле керек.

3. Бірнеше қына түрлерін анықтау қажет.

Кладония- Cladonia қабаты бұталы болып келеді. Олардың кейбір түрлерін Бұғы мүгі деп атайды. Ол көп жерді алып жатады. Әсіресе Тундра мен орманды жерлерде кең тараған өсімдік.

Қабырғалы ксантория-Xanthoria parietina қабаты ұсақ жапырақ пішінді, қатпарлы, не тегіс жапырақ пішінді. Жоғарлы жағы сары- қоңыр,қызғылт, жасыл түстіден сұр түске дейін өзгереді. Төсемікке төменгі жағымен тығыз бекініп орналасады. Қынаны құрайтын фикобионт болып Cystococcus есептеледі.

Леканора-Lecanora allophana қынасы қаспақты, қалың, ұялы, жарылған, қатпарлы, жоғарғы қабықтық қабаты соредилі бөліктерден тұрады.

Қына қабатының анатомиялық құрылысымен танысу үшін кәдімгі әдіспен оның көлденең кесіндісінің препаратын дайындау керек. Ол үшін қынаны хлорогидрат немесе 5% КОН ерітіндісіне салып өңдейді. Содан соң препарат дайындап микроскоппен қарап, оның құрылысымен танысып зерттейді.

 

 

Пысықтау сұрақтары:

1. Қына қандай организм?

2. Қынадағы саңырауқұлақ пен балдырдың қарым-қатынасы қандай?

3. Қыналардың морфологиялық құрылысына қарай қандай түрлері бар?

Олардың ерекшеліктері неде?

4. Қыналардың анатомиялық құрылысына қарай қандай түрлері болады? Олардың құрылысы қандай?

5. Қыналар қалай көбейеді?

6. Қыналардың қандай экологиялық топтары болады?

7. Қыналардың шығу тегі қандай?

8. Қыналардың классификациясы қандай белгілеріне негізделген?

9. Альгалды қабат неден тұрады?

10. Қыналардың қандай практикалық маңызы бар?

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ | Там, где кончается Волга.


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных