Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ішкі бездер жүйесінің аурулары және зат алмасу бузылыстары_ Ішкі аурулар_ қаз

/\ Қысқа әсерлі инсулиндерге жатады:

– лантус

– детемир

– хумулин

– протафан

+ инсуман рапид

\/

/\ Дене салмағы шамадан тыс артық 60 жастағы ер адамда, гликемияның ашқарындағы деңгейінің 8,9 және 10,9 ммоль/л дейін жоғарылауы 2 рет анықталған. Емхана эндокринологы алғаш анықталған 2 типті қант диабеті диагнозын қойған.

Патогенетикалық терапияның мақсаты болуы Барынша мүмкін:

– ішекте глюкозаның сіңірілуінің төмендету

– экзогенді инсулиннің әсерін күшейту

– инсулиндік рецепторлардың сезімталдығын төмендету

– Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларының функциясын ынталан-дыру

+ шеткі тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарылату

\/

/\ 2 типті қант диабетінің компенсациясының белгілеріне жатуы Барынша мүмкін:

– HbA1с < 8,0 %

– HbA1с < 9,5 %

– зәрдегі глюкоза > 0,5 %

– холестерин < 6,0 ммоль/л

+ ашқарындағы гликемия < 7,0 ммоль/л

\/

/\ Дене салмағы артық 50 жастағы әйелде ашқарындағы гликемия деңгейі 2 рет 6,9 және 7,2 дейін жоғарылағаны байқалған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– семіздіктің

– 1 типті қант диабетінің

+ 2 типті қант диабетінің

– ашқарындағы гликемияның бұзылысы

– глюкозға толеранттылықтың бұзылысы

\/

/\ Бір жыл бұрын 18 жастағы ер жігітте қант диабетінің 1 типі анықталып, инсулинтерапиясы тағайындалған. 8 айдан кейін инсулинге қажеттілік күрт төмендеп, инсулин тоқтатылды. Жағдайы қанағаттанарлық. Ашқарынға гликемия 4,2 - 5,0 ммоль/л, тамақтан соң – 7,2 ммоль/л жоғары емес.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– ашқарындағы гликемияның бұзылысы

– глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы

– қант диабетінің 1 типі, декомпенсация

– қант диабетінің 1 типі, субкомпенсация

+ қант диабетінің 1 типі, ремиссия жағдайы

\/

/\ 65 - жастағы ер адамда, ісіну, артериалді гипертензиямен байқалатын диабеттік нефропатия. Қарап тексергенде: тәулігіне 500 мг жоғары протеинурия, гипопротеинемия, шумақтық фильтрацияның төмендеуі анықталды.

Диабеттік нефропатияның қандай сатысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– уремия

– бүйректің гиперфункция

+ айқын нефропатия

– жаңа басталған нефропатия

– құрылымдық өзгерістердің бастапқы сатысы

\/

/\ Инсулинтерапияның асқынуларына жатуы БАРЫНША мүмкін?

– глюкозурия

– гипергликемия

+ липодистрофия

– тромбоцитопения

– трансаминазалардың жоғарлауы

\/

/\ 60 жастағы ер адам, трофикалық жарамен нәтижесіз ем қабылдаған. Бір жылдан бері манинил қабылдайды. Терісі құрғақ, ісінулер жоқ. АҚ - 135/80 мм с.б.б. ЖЖЖ 82 рет мин.. Status localis: оң аяқтың табаны гиперемияланған, сәл ісінген, үстіңгі бетінде пішіні дұрыс емес, көлемі 4,5x6,1 см жара бар. Оң аяқтың шеткі тамырларының пульсациясы әлсіреген. Қандағы глюкоза – 15 ммоль/л, тәуліктік глюкозурия 29 г/л.

Науқасты жүргізудің қайсы тәсілі БАРЫНША тиімді?

+ инсулинге ауыстыру

– бигуанидтерге ауыстыру

– сульфонилмочевина препараттарының мөлшерін ұлғайту

– емдәмді қатаң сақтау және тиімді физикалық күштеме

– бигуанидтер мен секретагогтарды кешенді пайдалану

\/

/\ 28 жастағы ер адам диабеттік кетоацидоздық кома жағдайында жан сақтау бөлімшесіне түсті.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындау барынша тиімді?

– реополиглюкинді

– 5% глюкоза ерітіндісін

– 40% глюкоза ерітіндісін

– 7,5% калий хлориді ерітіндісін

+ 0,9% натрий хлориді ерітіндісін

\/

/\ 1 типті қант диабетімен ер адамда қысқа кезеңді қозулы кенеттен дамыған команың мынау болуы БАРЫНША мүмкін?

– бауырлық

– лактацидоздық

– гиперосмолярлық

– кетоацидоздық

+ гипогликемиялық

\/

/\ 4 жыл бойы қант диабетімен ауыратын 16 жастағы қыз бала инсулинтерапиясын алады. Дене шынықтыру сабағы кезінде есінен танып, қысқа мерзімдік тырысулар болды. Терісі ылғалды.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– гиперосмолярлы кома

– лактацидозды кома

– кетоацидозды кома

+ гипогликемиялы кома

– жедел өкпе-текті жүрек жетіспеушілігі

\/

/\ 27 жастағы ер адам ессіз жағдайда қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Іштің алдыңғы бетінде егу іздері бар. Қарап тексергенде: жүдеу, тері жабындысы ылғалды. Бұлшықеттер тонусы жоғарылаған. Қарашықтары кеңейген, жарыққа тітіркенбейді. Тілі ылғалды, алқызыл түсті. Тыныс шығарғанда ерекше иіс жоқ. Тынысы бір қалыпты - 24 рет мин. Пульс 105 рет мин. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз. Қанда: лейкоциттер – 8,6 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы – 1029, лейкоциттер – 10-12 к/а, белок жоқ.

Төмендегі комалардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– бауырлық

– гиперосмолярлы

– кетоацидозды

– лактацидозды

+ гипогликемиялы

\/

/\ Ұзақ уақыт қантты диабетпен ауыратын 65 жастағы әйел, күніне 3 рет 2 таблеткадан адебит қабылдайды. Бір апта бұрын тұмаудан кейін жөтел пайда болған. қабылдау бөліміне ессіз жағдайда жеткізілді, түскенше құсқан. Тері жабындылары құрғақ, бозарған. Ацетон иісі жоқ. Куссмауль тынысы. АҚҚ - 50/30 мм с.б.б. ЖЖЖ - 120 рет. мин. Қандағы қант 12 ммоль/л, зәрдегі қант 6%, сүт қышқылының деңгейі 2 ммоль/л.

Төмендегі комалардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– бауырлы

– уремиялы кома

– гиперосмолярлы

– кетоацидозды

+ лактатацидозды

\/

/\ Қабылдау бөліміне 60 жастағы қант диабетімен ауыратын ер адам, ессіз жағдайда жеткізілді. Соңғы 2 күнде құсу, бірнеше қайталанған іш өту, тырысулар болған. Қарап тексергенде: науқас сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермейді. Қарашықтары кеңейген. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген. Көз алмалары жұмсарған. ТЖ - 22 рет мин., АҚ - 60/40 мм с.б.б. ЖЖЖ - 110 рет мин.. Қанда: эритроциттер - 6,5 млн., лейкоциттер - 12,8 мың, ЭТЖ - 8 мм/сағ. Қандағы қант - 65 ммоль/л.

Осы команың дамуына қандай фактор БАРЫНША маңызды?

– гипоксия

– интоксикация

+ ағзаның сусыздануы

– бүйрек жетіспеушілігі

– көмірсуларды аз қабылдау

\/

/\ 62 жастағы әйел жедел жәрдем бригадасымен ессіз жағдайда жеткізілді. Туысқандарының айтуынша қант диабетімен ауырады. Соңғы 5 күнде құсу, бірнеше қайталанған іш өту, тырысу байқалған. Қарап тексергенде: науқас сыртқы тітіркендіргіштерге жауапсыз. Қарашықтары кеңейген. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген. Көз алмалары жұмсарған. ТЖ - 24 рет мин., АҚ - 50/30 мм с.б. ЖЖЖ -120 рет мин. Қанда: эритроциттер - 6,5 млн., лейкоциттер - 12,8 мың, ЭТЖ - 8 мм/сағ. Қандағы қант - 58 ммоль/л. Сарысудың осмолярлығы > 350 ммоль/л. Зәрде ацетон жоқ.

Төмендегі комалардың қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

– бауырлы

+ гиперосмолярлы

– кетоацидозды

– гипогликемиялы

– лактатацидозды

\/

/\ 17 жасар жасөспірімде 1 дәрежелі эндемиялық зоб анықталды. Эутиреозды жағдай. Пациентті жүргізудің қандай тәсілі БАРЫНША тиімді?

– левотироксинді қабылдау

– мерказолил мен β-блокаторларды қосақтап қабылдау

– йод препараттарын өмір бойы тәул. 100 мкг мөлшерінде қабылдау

– левотироксин және йод препараттарын қосақтап қабылдау

+ 6 ай бойына тәулігіне 200 мкг йод препараттарын қабылдау

\/

/\ 25 жастағы әйел, құлаққа берілетін мойын аймағындағы ауыру сезімі мен жұтынудың қиындауына шағымданады. Жағдайының нашарлауын ЖРВИ ауырғанымен байланыстырады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, Т – 37,8ºС. Терісі ылғалды, ыстық. Қалқанша безі 2 - дәрежеге ұлғайған, тығыз, сипағанда ауырмайды, айтарлықтай қозғалмалы емес. Пульсі - 96 рет мин., АҚ -120/80 мм с.б.б. Қанда: Нв - 134 г/л, лейкоциттер - 9,8 мың., ЭТЖ - 30 мм/сағ. Тироксин – 100 нмоль/л.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– тиреотоксикоздың

+ жеделдеу тиреоидиттің

– фиброздық тиреоидиттің

– аутоиммундық тиреоидиттің

– жедел іріңді тиреоидиттің

\/

/\ 32 - жастағы әйел аздаған әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде; қалқанша безі ассимметриялы ұлғайған, сипағанда беті тегіс, шекарасы айқын, қозғалмалы түйін анықталады.

Емдеудің қандай тәсілі БАРЫНША тиімді?

– тиреостатиктерді

– йод препараттарын

+ оперативті емді

– тиреоидты гормондарды

– қабынуға қарсы препараттарды

\/

/\ 33 жастағы әйел әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде: қалқанша безінің субтотальді резекциясы, тәулігіне 50 мкг L-тироксинді қабылдайды. Объективті: беті ісіңкі, жүрек үндері тұйықталған. АҚ - 100/70 мм с.б.б. ЭХОКГ-да перикард қуысында сұйықтық анықталды.

Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

– ЭКГ

– қанның бактериальдық себіндісі

– кеуде аралық КТ

+ Т3 және Т4 деңгейлерін анықтау

– АҚ тәуліктік мониторлау

\/

/\ 38 жастағы әйелғ дене салмағының артуы, терлеудің азаюы және бетінің ісінуіне шағымданады. Ұзақ уақыттан бері созылмалы тонзиллитпен ауырады. Объективті: бойы-158 см, салмағы - 89 кг. Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, көз шарасының шекаралары айқын емес. ЖЖЖ - 56 рет мин. АҚ - 100/60 мм с.б.б. Қанда: эритроциттер - 3,2 млн., лейкоциттер - 7,5 мың., Нв - 82 г/л, ЭТЖ - 14 мм/сағ, қандағы глюкоза - 3,3 ммоль/л, сарысу белоктарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л.

Емдеудің қандай тәсілі БАРЫНША тиімді?

– витаминдік ем

– зәр айдағыштарды тағайындау

– қабынуға қарсы терапия

– төмен калориялы емдәмді тағайындау

+ тиреоидты препараттармен емдеу

\/

/\ 35 - жастағы әйел, стресстен кейін тершеңдік, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтары қалтырайды. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л.

Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

– ЭХОКГ

– АҚ тәуліктік мониторингі

– қалқанша безінің пункциясы

+ Т3, Т4, тиреотропты гормондарды зерттеу

– гликозилирленген гемоглобинді зерттеу

\/

/\ 43 - жастғы әйел терісінің құрғауы, іш қату, ұйқышылдыққа шағымданады. Анамнезінде созылмалы гайморит. Бойы - 168 см, салмағы - 92 кг. Стриялар жоқ, айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, көз шарасы шекаралары айқын емес. Беті ісіңкі, ЖЖЖ - 60 рет мин. АҚ - 80/60 мм с.б.б. Қанда: Нв - 75 г/л, қандағы глюкоза - 3,5 ммоль/л, сарысу белоктарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л.

Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

+ Т3, Т4, ТТГ зерттеу

– Реберг сынамасын жүргізу

– қандағы холестеринді зерттеу

– Нечипоренко сынамасын жүргізу

– глюкозаға толеранттылықты зерттеу

\/

/\ Гипотиреозбен есепте тұратын әйел, ЖРВИ мен ауырғаннан 3 аптадан кейін әлсіздік пен ұйқышылдықтың күшейгенін байқады. Қарап тексергенде науқас тежелген. Беті ісінген, көз шарасы тарылған. Терісі боз, суық. Өкпесінде әлсіз везикулярлық тыныс. ТЖ - 14 рет мин. АҚ - 85/50 мм с.б.б.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– перикардиттің

– Пиквик синдромының

+ гипотиреоидты команың

– нефротикалық синдромның

– ревматикалық емес миокардиттің

\/

/\ 47 - жастағы әйел, 5 күн бұрын жасалған струмэктомиядан кейін пайда болған қалтырау, қорқыныш сезімі, тершеңдік, дене қызуының жоғарылауы, полиурияға шағымданады. Науқас қозған, жылдам, түсініксіз сөйлейді. Терісі ылғалды, гиперемияланған. Қолдың үлкен сілтемелі дірілі байқалады. Дене температурасы 37,2ºС. ТЖ - 30 рет мин. Жүрек үндері анық, тахикардия. ЖЖЖ - 100 рет мин., АҚ - 90/60 мм с.б.б. ЭКГ-да: синустық тахикардия, алдыңғы-перде аймағында реполяризация процестерінің бұзылысы.

Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

– Нэб бойынша ЭКГ

– кольпоцитограмма

– 17-ОКС анықтау

– бас сүйегінің рентгенографиясы

+ Т3, Т4 деңгейін анықтау

\/

/\ 22 - жастағы әйел, жүрек қағуының жиілеуі, эмоциональді лабильділік, агрессивтілік, 2 айда 8 кг жүдеуге шағымданып қаралды. Әйел астеникалық типті, терінің гипергидрозы, «телеграф бағанасы» симптомы. ЖЖЖ - 120 рет мин. Қалқанша безі біртекті ұлғайған, аздаған экзофтальм.

Емдеу жоспарына төмендегі топ препараттарының қайсысын бірінші кезекте қосқан БАРЫНША тиімді?

+ тиреостатиктерді

– β–блокаторларды

– калий препараттарын

– тиреоидты препараттарды

– седативті препараттарды

\/

/\ Қандай дертте науқастардың беті «ай тәріздес» және гиперемия айқын гипертрихозбен сипатталады?

– акромегалияда

– феохромоцитомада

– қантсыз диабетте

+ Иценко-Кушинг ауруында

– адипозогенитальді дистрофияда

\/

/\ 17 - жастағы қыз бала, дене салмағының жоғарлауы, бір жыл бойы менструальді циклдің бұзылуына шағымданады. Сан, құрсақ, сүт бездері тері жабындыларында жалпақ қызыл- қоңыр стриялар. АҚ - 140/90 мм с.б.б. Глюкозаға толеранттылық сынамасы: ашқарынға – 4,5 ммоль/л; глюкозалық жүктемеден 2 сағаттан кейін – 8,6 ммоль/л. КТ: екі бүйрек үсті безінің гиперплазиясы. Сағат 8-де қандағы кортизолдың деңгейі -1060 нг/л (қалыпты 260 -720 нг/л), 14 сағ. - 1250 нг/л.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– церебральді семірудің

+ Иценко-Кушинг ауруының

– гипоталамустық синдромның

– Штейн-Левенталь синдромының

– экзогенді-конституциональды семірудің

{Правильный ответ}=B

\/

/\ Қабылдау бөліміне АҚ - 300/130 мм.с.б.б. дейін жоғарылаған әйелжеткізілді. Криз қорқыныш сезімі, тахикардия, полидипсиямен қосарласады. Қан анализінде: глюкоза деңгейі 20 ммоль/л дейін жоғарлаған.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– Кон синдромының

+ феохромоцитоманың

– Иценко- Кушинг синдромы

– артериальді гипертензияның

– екіншілік гиперальдостеронизмнің

\/

/\ 31 - жастағы әйел, босанғаннан кейін іштегі ауыру сезімі, құсу, диарея, ентігу, басының ауыруы пайда болды. Кеуде терісінде үлкен көлемді бірімен - бірі қосылатын петехиальді қан құйылулар анықталады. АҚҚ - 70/40 мм.с.б.б.

Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

– нераболды

– ретаболилді

– кордиаминді

– сулодексидті

+ гидрокортизонды

\/

/\ 34 - жастағы әйел, басының ауыруы, менструальді циклінің бұзылғанын байқаған. Асқынған босанудан кейінгі 3 жылда дене салмағының жоғарыла,ануы мазалады. Объективті: бет терісі қызарған, гипертрихоз, бойы - 160 см, салмағы - 93 кг. Тері асты май қабатының таралуы бет пен кеудеде басымырақ. Іш терісінде қызыл-көкшіл стриялар. АҚҚ - 180/85 мм.с.б. Жүрек шекарасы бұғананың ортаңғы сызығы бойынша солға ығысқан. Қандағы қант – 5,5 ммоль/л, жалпы белок – 59 г/л.

Патогенетикалық емдеу шарасының мақсаты мынаны қалыптастыру болуы барынша мүмкін:

– гликемияны

– дене салмағын

– жыныстық бұзылыстарды

– артериальді қысымды

+ гипоталамикалық өзгерістерді

\/

/\ 38 - жастағы әйелді, бас ауыруы, менструальді циклдәің бұзылуы, соңғы 2 жылда дене салмағының жоғарылауы мазалайды. Объективті: бет терісі қызарған, гипертрихоз, бойы – 158 см, салмағы – 103 кг. Тері асты май құрсақтық типті, аяқ пен қолы жіңішке. АҚҚ -160/85 мм.с.б.б. Қандағы қант – 6,1 ммоль/л.

Төмендегі келтірілген тексеру әдістерінің қайсысы барынша мәліметті:

– Т3, Т4 деңгейін тексеру

– глюкозаға толеранттылық сынамасы

– холестерин деңгейін тексеру

– қынаптың жағындысын тексеру

+ 17-ОКС анықтаумен жүргізілетін Лиддл сынамасы

\/

/\ 35 - жастағы әйел, жалпы әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, жүрегінің айнуы, талмаға шағымданып қаралды. Анамнезінде: Иценко-Кушинг ауруынан адреналэктомия жасатқан. Объективті: бойы- 165 см, салмағы - 42 кг. Тері мен шырышты қабаттардың гиперпигментациясы. АҚҚ - 70/40 мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер - 3,5 млн., лейкоциттер - 4,5 мың., Нв – 75 г/л, ЭТЖ – 13 мм/сағ. 8 -дегі қандағы қант - 2,9 ммоль/л.

Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

– АКТГ-ны

– церукалды

– сорбиферді

– левотироксинді

+ гидрокортизонды

\/

/\ Патологиялық климакс ағымының ауырлығының критериі болуы барынша мүмкін:

– науқастың астенизациясы

– артериальді гипертензия

– кардиалгияның айқындылығы

+ тәулік ішіндегі құйылулар саны

– стенокардия ұстамаларының болуы

\/

/\ 56 - жастағы әйелде қозғыштық, жалпы әлсіздік байқалған. Құйылулар жиілігі тәулігіне 20-ға дейін жеткен. Объективті: гипергидроз, жайылған қызғылт дермографизм. АҚҚ - 150/90 мм.с.б.б. ЖЖЖ - 86 рет мин. Қынаптық жағынды атрофияланған.

Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін:

– эндометриоздың

– жатыр миомасының

– тиреотоксикоздың

+ патологиялық климакстың

– артериальді гипертензияның

\/

/\ 47 - жастағы әйел, седативті тұндырмаларды немесе валидолды қолданғаннан кейін басылатын жүрек аймағының қысып ауыруы, тершеңдік, бетінің гиперемиясымен қосарласатын жиі қызу сезімін байқаған. Науқаста 6 ай бойы аменорея. Объективті: тері жабындылары ылғалды, гиперемияланған. ЖЖЖ - 102 рет минутына. АҚҚ -145/85 мм.с.б.б. Анаприлиндік сынама оң. Қынап жағындысы атрофияланған.

Төмендегі диагноздың қайсысының болуы барынша мүмкін:

– тиреотоксикоздың

– артериальді гипертензияның

– НЦД гипертониялық түрі

+ патологиялық климакстың 3 сатысының

– ЖИА. Күштемелі стенокардияның 3 ФК.

\/

/\ 52 - жастағы әйел, жүрек тұсындағы шаншу сезімі, қозғыштық, құйылуларға шағымданады. Объективті: АҚ -180/100 мм с.б.б. ВЭМ: оң, Бастапқыда теріс Т тісшесі 50 вт күш түсіргенде оқға ауысты. Кольпоцитограмма - 100/0/0.

Науқасты қандай тәсілмен емдеу БАРЫНША тиімді?

+ эстрогендерді тағайындау

– дезагреганттарды тағайындау

– антикоагулянттарды қосу

– тиреостатиктерді қолдану

– седативті дәрілерді қосу

\/

/\ Семіздіктің барынша жиі кездесетін салдары:

– гепатит

+ инсульт

– дуоденит

– тонзиллит

– остеопороз

\/

/\ 50 - жастағы әйел, қалыпты пульстегі жүрек қағуы, төс артындағы күйдіріп ауыру сезімі мазалайды. Анаприлиндік сынама – оң.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

– миокардиттің

– тиреотоксикоздың

– жедел миокард инфарктысының

– НЦД кардиальді түрінің

+ климактериялық кардиомиопатияның

\/

/\ 50 - жастағы әйел, 3 дәрежелі семіздікпен және қантты диабетпен ауырады. Емдәммен (калораж -2000 ккал/сут) монотерапия алады. Дене салмағының төмендеуіне қарамастан тәуліктік гликемия 10-нан 15 ммоль/л аралығында, глюкозурия 3%-ға дейін.

Науқасты емдеудің қандай тәсілі БАРЫНША тиімді?

+ бигуанидтерді тағайындау

– сульфаниламидтерді қолдану

– тәулігіне 1200 ккал емдәмді қолдану

– қысқа әсерлі инсулинді тағайындау

– ұзақ әсерлі инсулинді тағайындау

\/

/\ 16 - жасар бойжеткен етеккірінің тұрақсыздығы, бас ауыруы, сан терісінде жіңішке алқызыл сызықтардың пайда болғанына шағымданады. 5 жасынан семіздікпен ауырады, емдәмді сақтамайды. Объективті: бойы - 172 см, салмағы - 116 кг, семіру біркелкі, сан терісінде стриялар. АҚ -160/100 мм с.б.б.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

– гипотиреоздың

– алиментарлық семірудің

– Иценко-Кушинг ауруының

– Иценко-Кушинг синдромының

+ пубертатты кезеңнің гипоталамиялық синдромының

\/

/\ Біріншілік гипотиреозда қандай зертқаналық көрсеткіш БАРЫНША мәліметті?

– гипопротеинемия

– ашқарынға және тамақтанғаннан кейінгі төмен гликемия

+ қандағы тиротропин деңгейінің жоғарылауы

– қандағы гемоглобин деңгейінің жоғарылауы

– қандағы тиреоидты гормондар деңгейінің жоғарылауы

\/

/\ Пациентте шөлдеу, полиурия және сусыздану белгілері. Гликемия барлық сағаттарда қалыптыдан жоғарыламайды, гиперазотемия жоқ. Зәр реакциясы ацетон мен глюкозаға теріс. Тәуліктік зәрдің меншікті салмағы 1000,0-1004,0-1007,0.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

+ қантсыз диабеттің

– диабеттік нефропатияның

– туа біткен өзекшелік синдромның

– созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің

– бүйрек үсті безінің созылмалы жетіспеушілігінің

\/

/\ Әйел 32 - жаста, қозғыштыққа және етеккірінің соңғы 8 айда тоқтағанына шағымданады. Объективті: АҚ - 150/90 мм с.б.б. Кольпоцитограмма- 100/0/0.

Емдеу жоспарына төмендегі дәрілік заттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

+ эстрогендерді

– β-блокаторларды

– тиреостатиктерді

– транквилизаторларды

– АПФ ингибиторларын

\/

/\ 36 - жастағы әйел, салмағының жоғарылауына шағымданады. Дене салмағының индексі 32 кг/м2. Ашқарындағы гликемия - 5,0 ммоль/л.

Төмендегі тәуліктік калораждардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

+ 1200 ккал

– 1400 ккал

– 1600 ккал

– 1800 ккал

– 2000 ккал

\/

/\ Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы жоғары минералокортикоидты белсенділікке БАРЫНША ие?

– урбазон

– метипред

– преднизолон

– дексаметазон

+ кортизон ацетат

\/

/\ 16 - жастағы қыз, семіздіктен зардап шегеді. Салмағы – 116 кг, бойы – 172 см.

Егер пациентте үшінші дәрежелі семіздік болса, артық дене салмағы қанша пайызды құрайды?

– < 10 %

– 10-29 %

– 30-49 %

+ 50-99 %

– 100 % және >

\/

/\ 49 - жастағы әйел, фибромиомамен сырқаттанады, тез шаршау, тершеңдік, бас ауыру, жүрек аймағындағы шаншып ауыру сезімі, кенеттен бетінің қызаруы, ыстықтау сезіміне шағымданады. 2 жылдан бері АҚ 180/100 мм с.б.б-дейін көтеріледі. Соңғы жылда – етеккірінің бұзылуы. Қарап тексергенде: тері жабындысы қалыпты түсте, гипергидроз. ЖЖЖ – 90 рет минутына. АҚ – 168-100 мм.с.б.б. ЭКГ: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. v2-v4 шықпаларда Т– теріс. Жалпы зәр анализінде: эритроциттер – 0-2, лейкоциттер – 2-4 көру аймағында. Седативті ем тағайындалған.

Жүргізілген терапияға төмедегі препараттардың қайсысын қосу БАРЫНША тиімді?

– физиотензді

+ b-блокаторларды

– антибиотиктерді

– АПФ тежегіштерін

– кальций антогонистерін

\/

/\ Семіздіктің емінде төменде көрсетілген препараттардың барлығын қолданады, мынадан БАСҚАСЫ:

– бигуанидтер

– диуретиктер

– сибутрамин

+ β-блокаторлар

– тиреоидты гормондар

\/

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
V. Lernen Sie das Thema | Бакалавриата 250100- Лесное дело


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных