Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сурет 1. Терідегі және теріасты майындағы іріңді процестердің локализациясы.




1-карбункул; 2- гидраденит; 3-фурункул; 4-тілме; 5-теріасты майының флегмонасы.

Фолликулит (folliculitis) – шаш түбірі қалташасының (фолликуласының) іріңді қабынуы (2-суретте схема түрінде көрсетілген, 3-суретте терідегі көрінісі).

 

Сурет 2. Фолликулит. 1-қабынған фолликула, 2-қабынбаған фолликула

 

Сурет 3. Фолликулиттің терідегі көрінісі.

 

Негізгі қоздырғышы алтын түсті стафилококтар. Көбінесе адам ағзасы әлсіреген жағдайларда (жүдеу, суық тию, созылмалы аурулар) кездеседі.

Клиникасына келсек бір тал шаштың түбінде конус тәріздес пустула түзіліп, айналасында гиперемия, инфильтрация пайда болады. Қабыну басылып, іріңді қабыршаққа айналып түскенде, орнындағы болар болмас жара эпителизацияланып жазылады. Егер де фолликулиттер бастың түкті жерлерінде орналасса, олар бір бірімен байланысып, инфильтраттанып, іріңдеп, аумақты жараға айналады. Жара біткенде орнында үлкен тыртық қалады.

Емі. Қабынған жерге су тигізбей, айналасын 2% салицил спиртімен сүртіп, шашты қысқалап қиып, фолликулдарды стерилды инемен тесіп, йод немесе бриллиант жасылы ерітінділерімен, қабыршақтанғанша сүртеді. Фолликулиттердің созылмалы түрлерінде қосалқы ауруларды емдеумен қатар антибиотиктер, иммунды препараттар, витаминдер, физиотерапия тағайындалады.

Фурункул (furunculus), сыздауық – шаш фолликулы, май бездері, айналасындағы майлы клетчаткалардың жедел іріңді қабынуы, фолликулитке қарағанда ауқымды болып келеді. (4-суретте қабынудың терідегі көрінісі, 5-суретте фурункул схема түрінде көрсетілген). Дененің түкті жерлерінде дамиды. Сыздауық бірнеше жерден шықса фурункулез деп аталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных