ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Атты ауыратын зоналар1-сүйек панарицийінде; 2-буын панарицийінде; 3-теріасты панарицийінде; 4-сіңір панарицийінде; 5-алақан абсцесінде; 6-бірінші саусақтың тендобурситінде; 7-бесінші саусақтың тендобурситінде. Тері панарицийі қол саусақтарының қабынуының жеңіл түрі, тері ішінде орналасады, көтерілген эпидермис астында серозды, іріңді немесе геморрагиялық экссудат көзге көрініп, айналасындағы тері қызарады. Саусақта ауырсыну пайда болады. Егер теріге тері асты панарицийі жарып шықса, құмсағат тәріздес панариций орын алады. Емі – асептика заңын сақтай отырып, іріңдікті тіліп ашып, көтерілген эпидермисті кесіп, алып тастап, антисептиктермен жуып, асептикалық таңу салынады. Лимфангиитпен асқынған жағдайда антибиотик, физиотерапия тағайындап, қолдың қимылын шектеу қажет. Операциядан кейін кол ауырмаса, жарадағы таңғышты 3-5- күнде бір ауыстырады. Саусақ сыртында панариций сирек кездеседі, болған күнде де науқасты аса мазаламайды, тері жұқа болғандықтан іріңдік өзі жарылады. Тері асты панарицийі қол іріңдіктерінің арасында бірінші орын алады. 50-суретте қол ұшының 5-саусағының теріасты Сурет 50. Қол ұшының 5- саусағының теріасты панарицийі, Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|