ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сепсистің жіктелуі.І. Этиологиясы бойынша – стафилококты, стрептококты, пневмококты, гонококты, колибациллярлы, анаэробты, аралас және т. б. ІІ. Инфекция көзіне байланысты – жарақаттық, ішкі ауруларға байланысты (ангина, пневмония, т. б.), операциядан кейінгі, криптогенді. ІІІ. Біріншілік қабыну ошағының локализациясына байланысты - гинекологиялық, урологиялық, отогенді, одонтогенді және т. б. ІV. Клиникалық көрінісіне қарай – найзағай тәріздес, жедел, жеделдеу, рецидивті, созылмалы. Даму уақытына қарай - ерте 10 – 14 күнде дамыған, кеш 2 аптадан кейін дамыған VІ. Қабыну кезіндегі макроорганизмнің реакциясына қарай – сепсистің гиперэргиялық, нормэргиялық және гипэргиялық түрлері. Сепсистің клиникалық көріністері – нозологияның клиникалық формаларының ерекшеліктері (найзағай тәріздес, жедел, созылмалы, рецидивті, метастазбен, метастазсыз), науқас ағзасының барлық негізгі органдарының функциясының үдемелі декомпенсациясы, көптеген симптомдардың әртүрлі комбинацияларымен сипатталады. Мысалы найзағай тәріздес сепсис аяқ астынан басталып, тез арада дамиды. Клиникалық көріністері 2-3 сағатта немесе ары кетсе 1-2 тәулікте айқындалады. Жедел түрінде – бірнеше күнде, жеделдеу формасында – бірнеше аптадан кейін жалпы іріңді инфекцияның клиникасы толық белгі береді. Сепсистің созылмалы ағымында айқын белгілері көзге көрінбей, бірнеше айға созылады. Қайталамалы түрінде сырқаттың өршуінде клиникалық белгілері қайталанса, ремиссия уақытында бәсеңдеп, азаяды. Іріңді метастазды сепсисте науқастың органдары, тіндерінде жаңадан іріңдіктер түзілгенде интоксикация белгілері өрши түседі, оларды тіліп, ашып дренаждағаннан кейін интоксикация белгілері біраз бәсеңдейді (109-сурет).
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|