ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ауыр бетонның құрамын іріктеп есептеуАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІлім және ғылым министірлігі Азақ бас сәулет құрылыс академиясы Ауыр бетон құрамын анықтау Рылыс материалдары пәндері бойынша 2903, 2906, 2907, 2908 мамандарының студенттері орындайтын лабораториялық жұмысының методикалық нұсқаулары. Алматы Ауыр бетонның құрамын іріктеп есептеу Жұмысының мақсаты: Бетон құрамын есептегенде ең негізгі көп тараған тәсіл – абсолюттік көлемінде есептеу әдісін үйреніп оны жұмыста қолдану. Бетон жасағанда қолданылатын шикізаттар, бетон араласпасының қасиеті және қатайған бетондар төмендегі құжаттардың талаптарын орындау қажет:
Берілген мөлшерде есептелініп алынған байланыстырғышпен, толтырғыштармен және сумен араласып қалыпталынып қатайған жасанды тас материалын бетон деп атайды. Бетон жасағанда байланыстырғыш зат ретінде цемент, әк, гипс, битум және полимерлер қолданылады. Толтырғыштар ретінде табиғи тас жыныстарынан (известняк тасы – гранит т.б.) ұстау арқылы алынған жарықшақ (шебень) тас, қиыршық тас (гравий) және құм пайдаланылады. Бетон араласпалары жылжымалы және қатты (тұтқырлы) болып келеді. Жылжымалығын бетон араласпаларынан жасалынған конустың шөгіну шамасымен анықтайды (к.ш.см), қаттылығын (жесткость) аспаптағы қалыпта алдын-ала жасалынған (тұрғызғын) конус пішіні сілкіп-тербетілгенде (вибрация) қалыпта беті тегістеліп жайылғанға кеткен уақытымен сипатталады (секунд). Бетонның негізгі қасиеті (сипаттамасы) – маркісі (класс) көлем мөлшері 15х15х15 см пішіні бар бетон стандарт тәсілімен қалыпталып және 28 күнде қатайғанда сынаған беріктік шек көрсеткіші. Ауыр бетон үшін 100 (В 7,5), 150 (В 10), 200 (В 15), 300 (В 25), 400 (В 30), 500 (В 40), және 500 (В 45) маркілері енгізілген. Тәжірибе жұмысы кезінде студенттер бетонның құрамын еспетейді және іріктейді, үлгіні дайындап сынайды да беріктігіне қарай маркісін анықтайды. Бетонды есептеп іріктеу төменгі сатыдан тұрады: 1. Бетон құрамын есептеу, 2. Бақылау араласпасын дайындау және араласпаның талапқа сай жылжымалығын (консистенциясын) алу, 3. Үлгіні дайындау, сынау және талапқа сай беріктігін анықтап маркілеу. Бетон құрамын жобалап есептеу үшін келесі негізгі көрсеткіштер (плакаты) берілген: - бетон маркісі - бетон араласпасының жайылғыштығы - толтырғыштың түрлері және қасиеттері - толтырғыштың және цементтің құрғақ күйіндегі тығыздығы, цементтің беріктігі, құмның ірілік модулі, ірі толтырғыштардың қуыстық көлемі және толтырғыштардың ылғалдылығы.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|