Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сезім және эмоцияның физиологиялық негіздері.




Күнделікті бақылау жұмыстары көрсеткендей, эмоциялық көңіл күйлер ерекше физиологиялық үрдістермен және ағзадағы өзгерістермен байланысты. Мысалы, эмоциялық көңіл-күй жағдайында қан айналысы өзгереді, жүректің соғуы жиілей немесе баяулай түседі. Эмоциялық көңіл-күй жағдайында адам қызарады, кейбіреулері - бозарады, түсі өзгеріп кетеді. Адамның эмоциялық жағдайларының жүрек қызметінің өзгерістерімен байланысы анық байқалады. Оны сөйлеу тілімізде ертеден бері сезімді жүректің қызметімен бірлікте қарастырып келгеңдігін білеміз.

Эмоциялық жағдайларда тыныс алу да өзгереді: сезімнің бір түрлерінде ол жиілінеді, кейде - бәсеңсиді. Ас қорыту үрдістері мен ішкі секреция бездерінің қызметі ағзаның қызметіне әсер етеді.

Адам сезімінің физиологиялық негіздеріне бас ми қыртысында іске асатын үрдістер жатады. Бас ми қыртысы сезімдердің күші мен тұрақтылығын реттеп отырады. Ал жартышарларынан айырылған жануарлар әруақытта да өте күшті, кез-келген жағдайда қозу үрдісінде болатындығы дәлелденді. Бет бұлшық еті сему ауруымен ауыратын адамдар кез-келген нәрсеге күлегеш келеді. Кейбір бас ми қыртысының қызметі бұзылған ауруларда әртүрлі себептерден өте сәйкес келмейтін эмоциялық жағдайларды - орынсыз күлу немесе жылау сияқты сезімдерді басынан кешіреді.

Көптеген сезімдердің физиологиялық негіздеріне И.П.Павлов қалыптасқан динамикалық стереотип қызметінің бұзылуын атап көрсеткен болатын-ды.

Сезімдер бас мидың қыртыстары аймағының қызметімен байланысты. Сезімдерді білдіретін еріксіз қозғалыстардың орталықтары болып табылатын көру төмпешіктері жатады. Көру төмпешіктерінің бұзылуы эмоциялық саланың бұзылуына әкеп соқтырады, бас мидың қыртыстары аймағында вегетативтік жүйке жүйесін басқаратын орталықтар жатады, сол орталықпен эмоциялық көңіл-күй тығыз байланысты.

Кейбір сезімдер вегетативтік жүйке жүйесінің және оны басқаратын басқа органдардың қызметінің артуымен байланысты. Сондықтан да кейбір эмоциялық көңіл-күйде біз қан айналысы, ас қорыту органдарының қызметінің артуын, тыныс алу, көз алдындағы өзгерістер, терінің қызаруын байқаймыз. Ішкі секреция бездерінің қызметі артады, организмге қажетті шырындарды бөліп шығарады. Осындай эмоциялық жағдайда біз күштің артуын көреміз, өзімізді сергек, еңбекке қабілетті сезінеміз.

Басқа сезімдер, керісінше, вегетативтік жүйке жүйесінің органдарының қызметін әлсіретуімен байланысты. Қайғы, қасірет, үрейлену сияқты жағымсыз эмоцияларда қан айналысы, ас қорыту, тыныс алу, беттің бозаруын, көздегі өзгерістерді және т.б. байқаймыз.

Кейбір жағымсыз сезімдер кейде вегетативтік жүйке жүйесінің артуымен аңғарылады, мысалы, ашу, қорқыныш сезімі. Бұл сезімдердің жағымсыз әсері организмнің әлсіреуімен, күштің кетуімен, ал кейде ерекше жүйкелік күйзелістермен жүріп отырады. Кейде вегетативтік жүйке жүйесінде оның басқаратын ағзаларында себебін еөзіміз білмейтін көңіл-күйлер болады. Мысалы, адамдарда орынсыз, есепсіз шаттану, қуану, қорқыныш және т.б. сезімдер кездеседі.

Бас ми, И.П. Павловтың ілімі бойынша, жүйке жүйесінің жоғары бөлігі ретінде ағзада іске асатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайды. Одан біздің білетініміз, барлық эмоциялық көңіл-күй белгілі дәрежеде бас ми қыртысының іс-әрекетімен байланысты.

Сезімдердің физиологиялық негіздері туралы айтқанда, оның негізіне бас мидағы тұрақты байланыстар жүйесі жатады, оны ұйымдастыруда адамда екінші сигнал жүйесі ерекше рөл аткарады.

Сезімнің сыртқы көрінісі. Барлық психикалық үрдістер белгілі дәрежеде ағзаның сыртқы өзгерістерінде және қозғалыстарында байқалады. Сонымен қатар сырттай ерекше айқын көрінетін адамдардың бастан кешірген көңіл-күйлері болып табылады.

Эмоциялық көңіл-күйлер ағзаның сыртқы өзгерістерінде анық аңғарылады, біз адамның сыртқы түріне, келбетіне қарап, адамның қандай сезімде екендігін, қандай көңіл-күйде екендігін анықтаймыз.

Біздің эмоциялық көңіл-күйіміз мимикада (бет пішіні), пантомимикада (дене қозғалысы) және ишарада (қол қимылы) ерекше айқын аңғарылады. Адамның эмоциялық көңіл-күйі төмендегідей айқын физиологиялық үрдістерде және оның қозғалыстарында байқалады (жылау, күлу жене т.б.).

Эмоциялық көңіл-күйлер адамдарда сөйлеген сөздерінен, дауысынан аңғарылады. Әртүрлі эмоциялық жағдайларда сөздің жылдамдығы өзгереді, оның синтаксистік дұрыстығы бұзылады, ритмика мен дауыс ырғағы өзгереді. Әртүрлі эмоциялық жағдайларда, көңіл-күйлерде дауыстың ырғағы бұзылады. Осындай сезімнің сыртқы көріністері көп жағдайда еріксіз іске асады. Жекелеген сезімдердің белгілі көріну түрлері тән болады. Мысалы, қорқу сезімінде көздің қарашығының кеңеюі, дененің дірілдеуі, беттің бозаруы тән. Қуаныш сезімінде көздердің жарқырауы, беттің қызаруы, қозғалыстың өзгеруі және т.б. белгілерден байқалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных