Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Эмоция туралы психологиялық теориялар.




Эмоциялық құбылыстардың табиғатын түсіндіру ерте кезден бастап, әруақытта да ойшылдар мен ғалымдарды қызықтырған еді. Ертеде философияда, мысалы, эмоциялық үрдістер мен құбылыстарды танымның ерекше түрі ретінде қарастырды.

Ағзаның өмірінде эмоцияның мәні мен маңызын түсіндіретін алғашқы кең тараған теориялардыц бірі — Ч. Дарвин ұсынған теория болды.

Әртүрлі тірі жәндіктердің анатомиялық-физиологиялық ұйымының жалпылығымен сыртқы байқалатын олардың эмоциялық көңіл-күйлерінің арасында белгілі байланыстың бар екендігін ол көрсетіп берді.

Шындығында, бір-біріне ешқандай жақындамайтын әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген мәдениеттер мен халықтарға қатысты адамдардың эмоциялық — экспрессивті мінез-құлқын талдап қарағанда, ен алдымен мимикасында, дауысында, бет пішінде, қолының козғалысында олардың эмоциялық-экспрессивтік жағдайларының бірыңғайлылығы көзге бірден байқалады.

Дарвиннің ұсынған эмоциялардың тұжырымдамасы оның көрсетілген ерекшеліктеріне байланысты "эволюциялық'' деп аталды.

Бұл тұжырымдама бойынша,сыртқы эмоциялық экспрессия көп жағдайда туа біткен болып табыладыжәне ағзаның өмірінде бейімдеушілік, биологиялық қызметті
орыңдайды. Адамдарда эмоцияның басты әлеуметтік-психологиялық қызметі эмоцияның арқасында біз бір-бірімізді сейлеуді пайдаланбай түсінісуге, бір-біріміздің жағдайымыз туралы қарым-қатынас жасауға мүмкіншілігіміз бар.

Жоғары сатыдағы жануарлар мен адам бет пішінінің көрінісі бойынша бір-бірінің эмоциялық жағдайын қабылдауға және бағалауға қабілетті.

Бірақ эмоциялық — экспрессивтік көріністер барлығы бірдей туа біткен болып табылмайды. Олардың кейбіреулері оқыту мен тәрбиенің нәтижесінде өмірге келгеннен кейін қалыптасады.

Бір уақытта Америка психологі У.Джемс және дат ғалымы К. Ланге ұсынған эмоциялардың шығуын және оның органикалық үрдістермен байланысын түсіндірген теория психологияда кең өріс алды. Ғылым тарихына ол екі ғалымның атымен Джемс-Ланге теориясы деп енген еді. Бұл теория бойынша, эмоциялық жағдайдың пайда болуының алғашқы себептері ағзада іске асатын физиологиялық сипаттағы өзгерістер болып табылады. Сыртқы немесе ішкі стимулдардың әсерімен пайда болып, олар содан кейін кері жүйке байланыстарының жүйесі арқылы адам миында бейнеленеді және белгілі эмоциялық тондағы түйсіктерді туғызады. Алдымен, Джемс — Ланге теориясы бойынша, стимулдардың ықпалына жауап ретінде сәйкесті органикалық езгерістер болуға тиісті және содан кейін олардың субъективті бейнеленген салдары ретінде эмоция пайда болады.

У. Джемс пен К. Лангеден байқалған айырмашылық үлкен емес. У. Джемс айтуынша, денедегі өзгерістерді қоздыратын факторлар стимулдарды қабылдаудан кейін жүріп отырады, ал эмоция біздің түйсіктеріміз ретінде өтіп кеткен органикалық өзгерістер болып табылады. К.Лангеннің айтуынша, сенсорлық стимулдар қан тамырларының рецепторларында пайда болады, бұл тамырлар ең алдымен сыртқы әсерге жауап береді, ал эмоцияларында болып жатқан өзгерістерді бейнелеу ретінде содан кейін пайда болады. Джемс - Лангенің эмоциялардың пайда болу теориясы қолдау табумен қатар әртүрлі қарсылықтарға кездесті. Джемс-Лангенің атына елеулі сын-ескертпені У. Кеппон айтты. Ол алғашқылардың бірі болып, төмендегі жағдайларға ерекше көңіл аударды: оның айтуынша, эмоцияларда пайда болатын дене реакциялары өте бір-біріне ұқсас, адамдарда кездесетін эмоциялардың сапалық жан-жақтылығын қанағаттанар-лықпен түсіндіру үшін жеткіліксіз болып табылады. Одан басқа, ішкі органикалық құрылымдар, оның ішінде қан тамырлары олардың өзгерістерімен К. Ланге эмоциялық көңіл-күйлердің пайда болуын байланыстырады.

У. Кеннонның Джемс-Ланге теориясына қарсы бағытталған негізгі сын-ескертпесі төмендегідей: адамдарда арнаулы құралдармен жасанды жасалынатын органикалық өзгерістер. У. Джемс-Ланге эмоциялық реакциялардың пайда болуына ерекше мән берді, ал У. Кеннонның айтуынша, іс шын мәнінде әруақытта да эмоциялық көңіл-күйлермен бірге қабаттасып келмейді. Осының нәтижесінде У. Кеннон эмоцияның пайда болуының баламалы теориясын ұсынды.

У. Кеннонның айтуынша, эмоциялық көңіл-күйлер және оған сәйкес органикалық өзгерістер бір уақытта дүниеге келеді және бірдей қайнар көзден пайда болады.

Осындай қайнар көз - эмоциогендік орталық, У. Кеннонның көзқарасы бойынша, таламус болып табылады, негізгі органикалық үрдістерді және перифериялық, ішкі рецепторлардан бас мидың қыртысына және кері беріп отыратын импульстарды реттеуде негізгі рөл атқарады.

У. Кеннонның айтқан қағидаларын одан әрі дамытқан П. Бардо болды. Шындығында, денедегі өзгерістер, онымен байланысты эмоциялық көңіл-күйлер бір уақыт пайда болады. Бас мидың барлық құрылымдарының ішінен эмоциямен байланысы таламустың өзі емес, ал гипоталамус және лимбикалық жүйенің орталық бөлімі.

Жануарлармен жүргізілген эксперименттерде дәлелдегендей, осы құрылымдарға электр арқылы әсер ету нәтижесінде белгілі дәрежеде эмоциялық жағдайларды, мысалы, қорқыныш және ашу сияқты, басқару мүмкін екендігін көрсетіп берді.

У. Кеннонның тұжырымдамасын жетілдіру нәтижесінде жаңа атқа ие болды, оны Кеннон – Бардоның эмоция тарихы деп атады.

Мынаны ескеруіміз керек: адамдаэмоциялық үрдістер мен жағдайлардың динамикасында органикалық және дене ықпалына қарағанда когнитивтік факторлардың атқаратын қызметі ерекше. Осыған байланысты соңғы жылдары адамдағы эмоциялардың жаңа тұжырымдамасы ұсынған болатын, когнитивтік факторлар бірінші орынға қойылады.

Алғашқылардың бірі болып табылатын Л. Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясы. Бұл теорияны американдық психолог Л. Фестингер ұсынған (1957 ж.) және адамның мінез-құлқына когнитивтік элементтер (сенімдер, пікірлер, құндылықтар, ниеттер және т.б.) жүйесін түсіндіретін батыс әлеуметтік психологиясы тұжырымдамаларының бірі. Бұл теория бойынша адамда жағымды эмоциялық көңіл-күй сол уақытта пайда болады, егер оның күткені дәлелденсе, айталық елестетулер өмірге енгізіледі, жоспарлар орындалады, яғни іс-әрекеттің нақтылы нәтижелері белгіленген немесе күтілген болжамға сәйкес келсе, байланысса болғаны. Жағымсыз эмоциялар сол жағдайда пайда болады және күшейе түседі, егер күтілетін және іс-әрекеттің шындық нәтижелерінің арасында сәйкессіздік — диссонанс болса. Субъективтік когнитивтік диссонанс жағдайында адам дискомфорт көңіл-күйде болады (қолайсыздық). Ол қалай болғанда да мүмкін болса, тезірек одан құтылуға ұмтылады. Когнитивтік диссонанс жағдайынан шығудың жолы екі жақты болуы мүмкін күтілетін нәтижені және жоспарды өзгерту, олар шындық алынған нәтижеге сәйкес келуі керек немесе жаңа нәтиже алуға әрекет ету, ол бұрынғы күтілген нәтижелермен байланысты болуы дұрыс.

Қазіргі әлеуметтік психологияда Л. Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясы адамның қылығын және әртүрлі әлеуметтік ахуалдарда оның әрекетін түсіндіру үшін қолданылады.

Эмоциялық үрдістерге ес және адамның машықтануы (мотивация) ерекше үлес қосқандығын атап көрсетті. С.Шехтердің ұсынған эмоциялардың тұжырымдамасы когнивтік — физиологиялық деп аталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных