Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жекешелендірудің тәсілдері. Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың




1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды) 3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.  

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуын жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірілді.

2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жүзеге асуын қамтамасыз ету. Халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігінше жүзеге асуына жағдай жасау.

3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.

4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

- шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

- бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесті дамыту;

- жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных