ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Оғамдық ұдайы өндірістің жалпы кестесі
Кестеде көрініп тұрғандай, бөлу фазасы мен тауарлар айырбасынан соң олардың барлығы тұтынылмайды, яғни әдеттегідей тауарлардың бір бөлігі резерв, қосалқы қор түрінде жинағыштарда сақталады және қажеттіліктің туындауына қарай пайдалануға түседі. Ұлғаймалы өндірістің түрлері: 1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды. 2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды. 3. Аралас өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды. Қоғамның экономикалық өмірі әрқашанда үнемі қозғалыста болады. Осы қозғалыс адамзат үшін қажетті және өмірлік маңызы бар өндірістің үнемі жаңаруы не қайталануы ғана емес, сонымен қоса бұл - өндірістің сапасы жағынан және саны жағынан өзгеруі. Экономикалық даму процесінің түпкі мазмұны бұл экономикалық жүйенің мүмкіншілігінде жатыр, яғни, көп нәтиже жасау. Сөйтіп қоғамның өсіп келе жатқан қажеттігін және сапа жағынан өзгеретін қажеттігін қанағаттандыру. Экономикалық өсу - барлық елдердің алдында тұрған орталық экономикалық проблема. Оның динамикасы бойынша ұлттық экономиканың дамуын, халықтың өмірлік деңгейін, сирек ресурстар проблемаларының шешілуін жан-жақты қарайды. Экономикалық өсуді зерттеуде екі бағытты бөледі. Бірінші бағытты жақтаушылардың ойынша, (Макконнел, Брю) экономикалық өсуді екі әдіспен есептеп шығаруға болады: 1) не ЖҰӨ (немесе ТҰО) жалпы өсуін санап; 2) не осы көрсеткіштердің кісі басына өсуі; Екінші бағыттағылардың ойынша, экономикалық өсу бұл сан жағынан ғана емес, сонымен қоса өнімдердің және өндіріс факторларының сапасы жағынан жетілдірілуі деп санайды. Экономикалық өсудің үш типін ажыратады: экстенсивтік, интенсивтік, аралас (нақтылы) экономикалық өсу. Экстенсивтік өсу -қосымша өндіріс факторларын қатыстыру арқылы ұлттық өнімді өсіру. Мысалы, 1950-ші жылдардың аяғында астық өндірудің көлемін көбейту үшін Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру арқылы жүргізілді. Интенсивтік өсу -технологияны және техниканы жетілдіру арқылы ұлттық өнімді өсіру. Нақты өмірде экстенсивтік және интенсивтік типте болмайды. Олар аралас болып келеді. Аралас (нақты) өсу – технология мен техниканы жетілдіру арқылы және қолданатын өндіріс факторларының санын өсіру нәтижесінде өндірістің қуаттылығын (күшін) өсіру. Тиімділік проблема экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды мейлінше дұрыс пайдалану жолдарын зерттейді. Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше. Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді: - тұтынушы – өз қажеттілігін максималды қанағаттандыруды; - фирмалар - пайданы максималдауды; - мемлекет - қоғамның әл-ауқатын максималдауды көздейді. Осы мақсаттарды жүзеге асыру экономикалық субъектілердің тиімді іс-әрекетін сипаттайды. Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады. Нақты өмірде адамдар альтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қорытынды жасасақ, ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктерді жоғалту, яғни, қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады. У С D F E B X
| Мысалы, экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Хжәне У - А - барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған - В - Х тауарын өндіруге, - С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану - Е - ресурстарды толық пайдаланбау - D - осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс. | |||||||||
1 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы. |
Альтернативті шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен тауар өндіру қажеттігі. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды.
Ұсыным көлеміне әсер ететін негізгі фактор - шығындар. Сондықтан қанша тауар өндіру керек туралы шешім қабылдау үшін, фирма шығындарды талдап шығуы қажет.
Шығындар - бұл өндіріс факторларын алуға төлемдер. Шығындардың мәні әртүрлі экономистермен түрлі тұрғыдан, әртүрлі мақсатпен қарастырылады.
К.Маркс шығындарды оқып білуді, құнда көрінетін жалдамалы жұмысшыны қанау ерекшелігін зерттеумен байланыстырады. К.Маркстің айтуынша, тауар өндіру үшін қоғам қалай тірі еңбек (қажетті және қосымша), сондай құралдардың, шикізаттың, жанармайдың және т.б. құнында көрсетілген затталған еңбек жұмсауы (шығындалуы) керек.
Тауардың құнын құрайтын осы еңбек шығындарын ол «қоғам шығындары» деп атады. Тауарды өткізген соң түскен ақшадан капиталист құралдарға, шикізатқа, жанармайға, энергияға және қажетті еңбекке төлемге жұмсалған шығындардың орнын жауып өтейді. Қосымша еңбек төленбейді.
Демек, капиталистің шығыны, яғни, оның өндіріс шығындары қоғамдық шығындардан (тауар құны) аз (төленбеген қосымша еңбек көлемінен). Атап айтқанда, пайданың көзі болып саналады. Демек, Маркста пайда шығындардан тыс жатыр. К.Маркс өндіріс шығындарынан басқа айналым шығындарын бөледі, яғни тауарларды өткізу процесімен байланыстыратын шығындар.
Тауар құнын құруда айналым шығындары емес, тек өндіргіш болып саналатын бөлігі, яғни, айналым саласында өндіріс процесінің жалғасын білдіретіндер ғана қатысады (жүк тасымалдау, сақтау, орау және т.с.с). Сондықтан, барлық шығындар баға құрушы болып саналмайды.
К.Маркске қарағанда, қазіргі кездегі батыс экономистері шығындарды шаруашылыққа қарайтын қызметкер тұрғысынан қарастырады. Олардың ойынша, кәсіпкер барлық шығындардан кіріс кіргізудің амалын ойлайды. Осының негізінде олар тәуекелге төлем ретінде бағалап, кәсіпкердің пайдасын шығынға қосады.
К. Маркстің айтуынша, өндіріс шығындарының сомасы (C+V) пайдамен (P) бірге өндіріс бағасын құрайды. Шетел әдебиеттерінде шығындарды басқаша классификациялайды. Өндіріс көлемі өсуінің әсеріне байланысты шығындар тұрақты және ауыспалы болып бөлінеді.
Тұрақты шығындар FC (Fixed cost.) – бұл өндіріс көлеміне байланысты еместер. Оларға жататындар: ғимарат пен құрылыс амортизациясына аударылған сомалар, ренталық төлемдер, әкімшілік-басқарма шығындары және т.б. Бұл шығындар кәсіпорын тоқтап қалса да төленуі қажет.
Ауыспалы шығындар VC (variable cost) - бұл шығындар өндірілетін өнімдер санына байланысты. Олар шикізаттарға, материалдарға, жалақыларға және т.б. шығындардан тұрады. Өндіріс көлемінің өсуімен бірге олар да артады. Шығындардың тұрақты және ауыспалы болып бөлінуі, жағдайға байланысты және талдау жасайтын кезеңге байланысты. Сонымен ұзақ мерзімдік кезеңде барлық шығындар ауыспалы болады, өйткені ұзақ мезгілде барлық жабдықтаулардың айырбасталуы мүмкін (жаңа зауыт сатып алынады немесе ескісі сатылады).
Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы барлық немесе жалпы шығындарды TC (total cost) құрайды.
Бірлік өнімді өндіруге кеткен шығындарды өлшеу үшін орташа жалпы АТС (average total cost), орташа тұрақты AFC (average fixed cost) және орташа ауыспалы шығындар AVC (averade variadle cost) категориялары қолданылады.
Орташа шығындар фирманың пайдалылығын анықтау.үшін маңызды: егер баға орташа шығынға тең болса, онда фирмада пайда болмай, нөлдік тиімділік болады.
Егер баға орташа шығыннан аз болса, онда фирма шығындалып, күйреуі мүмкін.
Егер баға орташа шығыннан көп болса, онда фирма осының айырмашылығы көлемінде пайда алады.
Орташа жалпы шығындар жалпы өндірілген өнімдердің санына бөлгенге тең:
ATC | = | TC |
Q |
Орташа тұрақты шығындар жалпы тұрақты шығындарды өндірілген өнімдердің санына бөлу арқылы анықталады:
AFC | = | TFC |
Q |
Орташа ауыспалы шығындар жалпы ауыспалы шығындарды өндірілген өнімдердің санына бөлу арқылы құрылады:
AVC | = | TVC |
Q |
Шығындарды бағалау әдісіне байланысты «бухгалтерлік» және «альтернативтік шығындар» деп айырады.
Бухгалтерлік шығындар - бұл белгілі бір өнім санын істеп шығаруға өндіріс факторларының фактілік шығыны.
Бірақ бір және сол ресурстарды әртүрлі альтернативтік мақсатта қолдануға болады. Сондықтан пайдалана алмаған мүмкіндік шығындары немесе альтернативтік шығындар болады.
Альтернативтік шығындар - ресурстарды қолдануда альтернативтік әдістердің барлық мүмкіншілігінен ең пайдалысынан алуға болатын ақылы сомасы.
Қаражаттардың жиналуына байланысты шығындар сыртқы және ішкі деп бөлінеді.
Сыртқы шығындар - фирманың шикізатты, жабдықтарды, энергияны «сырттан» сатып алуға кеткен шығындары, яғни кәсіпорынның құрамына кірмейтіндері.
Ішкі шығындар - бұл өздерінің жеке қолданатын ресурстарына төленбеген шығындар. Мысалы, өсіп шыққан астықтың бір бөлігін фирма келесі жылға қолдануға алып қалады. Оны фирма өзінің ішкі қажеттігіне қолданады және ол төленбейді.
Өнімді максималды шығару мақсатында фирма шекті шығындарын есептейді.
Шекті шығындар МС (marginal cost) - шығарудың берілген көлеміне қарағанда әрбір қосымша өнім бірлігін өндіруге қажетті қосымша шығындар.
МC | = | DTC |
DQ |
Ол фирманың стратегиясын анықтау үшін қажет. Тұрақты шығындар өзгермейтін болғандықтан, шекті шығындар ауыспалы шығындардың өсуіне тең, яғни шикізат, жұмыс күші және т.б.
Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бір жағынан жекеленгендердің жиынтығы болып табылады, басқа жағынан дербес (жеке меншік шаруашылығы) ұдайы өндіріс жүргізуші фирмалардың өзара тәуелділігін білдіреді.
Дербес ұдайы өндіріс -бұл тауарды жасау және кіріс алу мақсатында өндіріс факторларын өндіргіш ретінде қосып, біріктірудің үздіксіз қайталану процесі.
Өндірістік циклдің сатысы:
Мұнда: А – бастапқы капитал (авансталған ақша);
Т – тауар
ЖК - жұмыс күші
ӨК - өндіріс құралдары;
Ө - тауарлар мен қызметтерді өндіру процесі;
Т¢ - өндірілген өнім;
А¢ - алғашқы авансталған капиталдың өсуі
Үш сатының әр біреуі белгілі функцияларды орындайды:
- біріншісінде өндіріс жағдайы құрылады;
- екіншісінде тауарлар мен қызметтер өндірісі жүргізіледі;
- үшіншісінде тауарлар мен қызметтерді өткізу және пайда алу жүреді;
Үздіксіз қайтадан басталатын процесс ретінде қарастырылатын айналымдылық капитал айналымы деп аталады.
Айналымдылық пен айналым арасында айырмашылық бар: айналымдылықтың бір ағымында (айталық аяқ киім партиясын өндіру) фирмаға бастапқы авансталған құнның бір бөлігі ғана қайтып келеді; ал айналымның бір ағымында фирмаға бастапқы авансталған құнның барлық бөлігі қайтып келеді. Бұл үшін бірнеше айналымдылықтың болуы мүмкін.
Айналым уақытпен және жылдамдықпен өлшенеді.
Айналым уақыты бұл - ағымда, ресурстар, өндіріс және айналыс сфераларын өтіп, бастапқы (ақшалай) формасына қайтып келетін кезең.
Айналым уақыты өндіріс уақытына және айналыс уақытына бөлінеді.
Айналым жылдамдығы бір жыл ішінде жүргізілетін, ресурстардың айналымы санымен өлшенеді. Айналым саны мына формуламен анықталады:
n – бір жылдағы айналым саны;
o – қабылданған уақыт бірлігі (1 жыл)
t - берілген ресурстардың айналым уақыты;
Айналымды өндірістік капитал істейді. Өндірістік капитал - тұйық ұдайы өндіріс циклінде жұмыс істейтін өндіріс факторларының құндық формадағы көрінісі.
Қолданған өндірістік капиталдың құнын жасалған тауарлар құнына көшіру әдісіне тиісті, әртүрлі натуралдық-заттық формасымен оның элементтері екі топқа бөлінеді: негізгі капитал, айналым капиталы.
Негізгі капиталға жататындар: ғимарат, жабдықтар және т.б. Олар өндірістік циклде бірнеше рет қолданылады және құнын бөліктеп көшіреді.
Айналым капиталына жататындар: шикізат, материалдар, жұмыс күші. Олар толығымен қолданылады және құндарын бір өндірістік цикл кезеңінде көшіреді.
Негізгі капиталдың жұмыс мерзімі кезеңінде оның құнын, өндірілген тауарлар құнына көшіру процесінде оны амортизациялық қорда аккумуляциялауды (жинау) амортизация деп атайды.
Амортизациялық қор физикалық және моральдық тозу кезінде өндіріс процесінен шығып қалатын негізгі капиталдың элементтерін қалпына келтіру үшін арналған.
Негізгі капиталдың физикалық тозуы - оның тұтыну құнын жоғалтуы.
Моральдық тозу бұл - екі себеппен құнын жоғалтуы:
1. Осыған ұқсас және арзан еңбек құралын жасау;
2. Осы баға бойынша өнімділігі жоғары еңбек құралын шығару.
Физикалық және моральдық тозуды есептеу үшін амортизацияның нормасын құруда маңызы бар.
Амортизацияның нормасы - пайызда көрсетілген амортизациялық төлемдердің жылдық сомасының, негізгі өндірістік капиталдың орташа жылдық құнына қатынасы. Ол негізгі капитал құнын қанша жылда орнын толтыру керек екенін көрсетеді. ҒТП жағдайында жабдықтардың жұмыс істеу мерзімі қысқарады, сондықтан амортизацияны тездету проблемасы пайда болады.
Негізгі қорларды (капиталды) қолдануды жинақтап қорытатын көрсеткіш қордың қайтарылуы (фондоотдача ФО):
Мұнда: ФО – қордың қайтарылуы;
П - өнімдерді шығару;
Фнег - негізгі өндіріс қорларының (капиталдың) құны
Айналым қорларын қолдану материал сыйымдылығымен (материалоемкость МЕ) беріледі:
Мұнда: Фоб - айналым қорлары
П - шығарылған өнімдердің құны
Негізгі және айналым капиталынан басқа фирмалардың айналыс қорлары болады, ол өткізу процесіне арналған.
Айналма қорларына және қорлар айналымдылығына салынған ақша қаражаты айналым қаражаттарын құрайды.
Айналым қаражаттарын қолдану тиімділігі (эффективность) айнамдылық коэффициентімен анықталады. Ол (соңғысы) бір жылда өткізілген өнімдер құнының, айналым қаражаттарының орташа қалдығына қатынасымен өлшенеді.
Пайда мәселесі экономика теориясындағы ең қиыны және даулы болып саналады. Оның көздерімен экономикада атқаратын рөлі де айтыс тудырады.
Қазіргі кезде «пайда» сөзі (алғашқыда шығындалған капитал соммасына) «өсу», «көбею», «үстеме» деп түсіндіріледі. Бұл үстеме тауар өндірілгенде ғана емес, олар сатылып кеткенде көзге түседі. Сондықтан, пайданы коммерциялық қызметтегі жетістікпен байланыстырады.
Осыған орай, заңды сұрақтар туындайды: ол қай салада жасалады, кім өндіреді, ненің арқасында пайда болады.
Әртүрлі мектептер мұны әртүрлі түсіндіреді.
Меркапиталистер пайда айналым арқылы пайда болады және оның негізгі көзі болып сыртқы сауда есептеледі дейді.
А.Смит пен Д.Ракардо пайданы жұмысшы еңбек өнімінен шегеру дейді.
К.Маркс пайданы жалдамалы еңбектен қана шыққан қосымша құнның өзгерген, туынды формасы ретінде қарастырған.
Бұл категорияның қазіргі Батыс экономистерінің анықтамасы бойынша әр түрлі нұсқалардың компромистік қоспалары сияқты көрінетіні және оның негізгілері төмендегідей екені белгілі:
- пайда – өндірістің бар факторларынан түсетін табыс немесе ол рента, пайыз және еңбекақы;
- пайда - кәсіпкерлік іс-әрекетке сыйақы және техникалық жетілдірулерді енгізу;
- пайда - тәуекелге, белгісіздікке бел буу.
Қазіргі уақыттағы пайда туралы түсінік үш бағытта жүргізілуде: кейнстік, институционалды-әлеуметтік және неоклассикалық.
Кейнстіктер макроэкономика деңгейіндегі жиынтық пайда концепциясын алға тартады.
Институционалды-әлеуметтік теорияда пайда әлеуметтік, сыртқыэкономикалық факторлар тұрғысынан түсіндіріледі: қоғамның барлық мүшелерінің игілігіне қамқорлық, т.б.
Неоклассикалық теорияда, неғұрлым толық түрде пайданы зерттеу жетілген мен жетілмеген бәсеке жағдайында негізгі мақсаты пайданы максимизациялау болатын жеке фирма деңгейінде жүргізіледі.
Фирма жалпы, орташа және шекті табысты есепке алады.
Жалпы табыс бүкіл өнімді өткізуден түсетін түсімге тең.
Орта табыс сатылған өнімнің бір бірлігіне есептеледі.
Шекті табыс дегеніміз - бір бірлік қосымша өнімді сатудан жалпы табыстың өсуі.
Сандық тұрғысынан қарағанда пайда тауарды сатудан түсетін жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма ретінде қарастырылады. Бұл шығындардың құрамына не кіретініне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайданы айырады.
Бухгалтерлік пайда - жалпы табыс пен өндірістің бухгалтерлік шығындары арасындағы айырма (23 сұрақты қараңыз).
Экономикалық пайда - жалпы табыс пен экономикалық шығындардың айырмасы. Тура осы - экономикалық теория ғылымының зерттейтін мәселесі.
Егер фирманың жалпы табысы оның шығындарына тең болса, онда экономикалық пайда «нөлдік» немесе «қалыпты» делінеді (экономикалық шығындарға неоклассиктер кәсіпкердің «тәуекелінен туатын пайданы кіргізеді»).
«Қалыпты пайда» – неоклассика моделіндегі «жетілген бәсеке» пайдасының негізгі түсінігі.
«Қалыпты» пайда (Марксте - орта пайда) – фирманы «шаруада» ұстау үшін алатын жоғары табысы.
Жетілмеген бәсеке жағдайында, егер фирма нарықта монополиялық жайда болса (газ, мұнай, теміржол т.б.), онда ол қолайлы табиғи ортада пайда бола беретін (табиғи байлық, климат т.б.) монополиялық пайда түсіреді.
Фирма үшін пайданың қажетті көзі болып құрылтайшы пайда есептеледі. Ол – акцияны ашық жазылу арқылы сатудан түсетін сомамен кәсіпорынға салынған нақты капиталдың арасындағы айырма. Оны осы акционерлік қоғамның құрылтайшылары иеленеді.
Фирма табыстарының салыстырмалы мөлшері пайда нормасымен суреттеледі. Пайда нормасы - пайызбен берілген пайданың өндіріс шығындарына шаққандағы арақатынасы.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском: