ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ндіріс және ұдайы өндіріс.
Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды. 1. Өндіріс – материалдық игіліктерді, пайдалы өнімді өндіру процесі. 2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау. 3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі. 4. Тұтыну - өндірілген өнімді, қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану. Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады. Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды, жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі. Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әртүрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді. Табиғи ресурстар дегеніміз – бұлар адамның өмір сүруінің табиғи шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар. Материалдық ресурстар дегеніміз - өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет. Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштері. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері адамның өндіргіш күштері болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет. Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада болады, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық қатынастар әртүрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынтығы, өндірістің технологиясын құрады. Техника, технология және осылардың негізінде қалыптасатын қатынастар қоғамның және экономиканың даму дәрежесінің индикаторы болып табылады. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табылады. Адамдардың экономикалық қызметтері белгілі бір жағдайда немесе ортада жүргізіледі. Солардың ең негізгісі екеу: әлеуметтік (қоғамдық) және табиғи (географиялық). Адам өмірінің әлеуметтік ортасын құратындар: 1) Меншік қатынастары 2) Қоғамның әлеуметтік құрылуы. 1. Меншік қатынасына байланыстылар: - қоғамдағы адамның орны; - қоғамдық өнімдегі адамның үлесі; - қоғамдық өмірдегі адамның рөлі және т.б. Меншік формалары іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді. Қоғамдық меншік шаруашылық қызметін ынталандырмайды. Ал жеке меншік керісінше нәтижелі еңбекке, бастамаға жетелейді. Біреудің қолына түскен меншікке екіншісінің қолы жетпейді. Қоғамның мүліктік бөлінуі өседі, ол жиі әлеуметтік соқтығысқа әкеледі. Қолайлы әлеуметтік орта жасау мақсатында, мемлекет игіліктердің бір бөлігі: табиғи байлықты, ормандарды, демалу ортасын, су ресурстарын және т.б. қоғамның қолында қалдырады. 2. Қоғамның әлеуметтік құрылуы - әлеуметтік заң шығаруға негізделген, яғни, жұмысшылардың және жұмыссыздардың жағдайларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Әлеуметтік заңдарға елдің әлеуметтік қамсыздандыруы, зейнетақыны төлеу, мүгедектерді, қарт адамдарды, ауруларды қамтамасыз ету және басқа да еңбекке қабілетсіз тұрғындардың жағдайы байланысты. Қоғамның әлеуметтік ортасының деңгейін мынадай көрсеткіштермен айтуға болады: еңбек пен өмір сүрудің үй-жай және тұрмыстық жағдайы, бос уақытты қолданудың мүмкіншілігі, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және т.б. Табиғи ортаға жататындар - табиғи және еңбек ресурстары мен өмір сүрудің басқа да жағдайлары. 1. Табиғи байлықтар табиғат ресурстарын құрайды. Көптеген елдер өздерінің экономикалық әрекеттерін, ресурстардың табиғи шектеулі жағдайында жүргізеді. Зерттелген және қазылып алынған табиғат ресурстары материалдық өндірістің әртүрлі салалары үшін шикізат болады. Өз кезегінде, қоғамдық өндіріске қатысқан және сонда бірнеше рет жаңартылған шикізат материалдары экономикалық ресурстарға айналады. Қазіргі кездегі өнеркәсіп шикізаттың көптеген санын - 75 % дейін қолданады. Бұл жағдай көптеген елдердің шаруашылық қызметтерін шикізаттық тәуелділікке әкеледі. Сондықтан дамыған елдерде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау (қайта өңдеу) әдістері жасалып жатыр. Осы салада жұмыс істейтін экономистер айналым дәуірінің келуін болжайды, яғни, экономикада негізгі шикізат материалы қалдықтар болатын ресурстарды қайтадан қолдану. Ал табиғат запастары жабдықтаудың резервті көздері рөлін орындайтын болады. 2. Табиғи ортаның екінші маңызды элементі ол - еңбек ресурстары. Олардың материалдық немесе өндірістік емес салада жұмыс істейтін бір бөлігі экономикалық активті тұрғындарды құрайды. Дамыған елдерде оның үлесі барлық еңбек ресурстарынан 70 % құрайды, ал дамып келе жатқан елдерде - 45-55 %. Еңбекке қабілетті тұрғындар және жұмыс істемейтіндер арасындағы қатынасты білген маңызды. Оны демографикалық салмақ деп атайды. Әлемде орташа 100 еңбекке қабілеттілер өздерінің жалақысымен 70 бала мен зейнеткерлерді қамтамасыз етеді. Барлық ресурстардың жалпы бір ерекшелігі бар: олар сирек немесе шектелген мөлшерде болады. Әрбір қоғам бір және сол ғана мәселемен кездеседі: ол ресурстардың шектеулілігі; яғни, өздерінің мүмкіншіліктері. Ал қажеттілік - бұл тіршілік пен дамуды қолдау үшін керекті жеке адамның немесе қоғамның бір нәрсеге қажеттігі. Адамдардың қажеттіліктері әртүрлі. Әдетте қажеттіліктердің үш тобын бөледі: материалдық, рухани, әлеуметтік. Алдыңғы қатарда әрқашанда материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру тұрады (тамақ, киім, үй және т.б.). Материалдық қажеттіліктер тауарлармен, қызметтермен (автомобиль жөндеумен, заңгердің немесе дәрігердің кеңесімен және т.б.) қанағаттандырылады. Материалдықтың құрамына сонымен қоса фирмалар мен мекемелердің құрылысқа, транспортқа, ғимараттарға және т.б. қажеттіліктері жатады. Рухани қажеттіліктер - ғылыммен, өнермен, білім алумен және т.б. шұғылдануды қанағаттандыру. Кең мағынада рухани байлыққа адам қабылдайтын ақпараттың барлық түрі жатады. Қоғамның даму барысында қоғамдық және ұжымдық қызметтердің әртүрлі формаларына қатысумен байланысты әлеуметтік қажеттіліктер қанағаттандырылады және оны кеңейту мүмкіншіліктері өседі. Олар материалдық және рухани болуы мүмкін. Соның негізгісі олар қоғамдық сипатта болады және көптеген адамдардың бірге өмір сүріп, қызмет істеу қажеттілігімен байланысты. Қажеттіліктердің қанағаттану дәрежесі екі саланың даму деңгейімен анықталады: біріншісіне - материалдық өндіріс, екіншісіне - материалдық емес өндіріс жатады. Материалдық өндіріс саласында заттық игіліктер жасалады (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және т.б.) және материалдық қызметтер көрсетіледі (транспорт, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.). Материалдық емес салада рухани, өнегелі және басқа да құндылықтар жасалады, соған ұқсас қызметтер (білім, мәдениет және т.б.) көрсетіледі. Екі сала да әрқашанда өзара әрекетте болады және ол қазіргі кезде тез күшеюде. Материалдық өндірістің дамуының жоғарғы деңгейі кейбір елдерде материалдық емес өндірісте елдегі барлық жұмыс істейтіндердің көптеген бөлігін (50-70%) қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге материалдық емес өндіріс саласындағы ғылыми ашылулар, техникалық өнертабыстар түріндегі жетістіктер өндірістік саланың дамуына көп әсерін тигізеді. Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент немесе объекті өндіріс факторлары деп аталады. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады: 1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат. 2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал. Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарынсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады. Ақпарат бұл сақтау, өңдеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер. Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағлұматтардың болуы. Экономикада ақпарат экономикалық процестерді талдап, дұрыс болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Барлық экономикалық ресурстарға бір ғана қасиет тән-ол шектелгендік. Адамдардың қажеттілігі шексіз, әрі үнемі өсіп отырады, ал ресурстар шектелген. Барлық қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға қоғамның мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қоғам алдында тұрған проблема не өндіру керек, қалай өндіру керек, қандай көлемде өндіру керек. Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. 1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады: Ø жер беті ретінде Ø экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде Оның негізгі ерекшелігі оны көбейтуге және тасымалдауға болмайды. Олардың пайдалану мүмкіндіктері:
Егер қажетті минералды және органикалық тыңайтқыштарды, әсіресе, жаңа технологияны қолданса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды, одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.
2. Капитал: Ø Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады. Ø Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі). Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.
3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады: - адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті. - өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары. Еңбекті қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интеллектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай: - көп дайындықты қажет ететін еңбек, - көп дайындықты қажет етпейтін еңбек, - ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбек деп бөлінеді. Еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастырғанда жұмыс күшін немесе адамның еңбек етуге қабілетін қарастырады. Бұл факторды елдегі еңбекке қабілеті бар және жұмыссыз халықтың үлесі арқылы сипаттауға болады.Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни, еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, біліктілігі, білім дәрежесі, еңбек мотивациясы өте маңызды рөл атқарады.
4. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндіріс факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекше түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс. 1) Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы керек. 2) Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек. 3) Жаңашылдыққа ұмтыла білуі керек. 4) Тәуекелшіл болуы керек. Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.
6 кесте. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|