Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ




Азақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

 

УДК 330 (075)

ББК 65.012.1я7

 

Авторлары: - М.Ш. Кенжеболатова -э.ғ.д., профессор, экономикалық теория және құқық кафедрасының меңгерушісі;

- Х.Н. Мұрсалова -экономикалық теория және құқық кафедрасының аға оқытушысы

Оқу құралына аннотация: Экономикалық теория пәні бойынша аталмыш оқу құралы пәннің типтік бағдарламасына сәйкес дайындалған. Оқу құралы кредиттік жүйеде оқитын барлық мамандықтарға арналған.

Пікір жазғандар: - Д.М. Мадиярова – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры, э.ғ.д.;

- Н.М. Қасқатаев – С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Маркетинг» кафедрасының э.ғ.к., доценті

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған

 

 

ISBN

© С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2011 ж.

АЛҒЫ СӨЗ

Экономикалық теория пәні барлық мамандықтарға міндетті және жалпы білім дайындау бағыттарында оқытылады. Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын қалыптастырады.

Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болып табылады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Оның түп тамыры саяси экономия классиктерінің еңбектерінде жатыр.

Экономикалық теория пәні бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылымның бірі.

Курстың мақсаты: Экономикалық теориядағы нарықтық экономика мемлекеттің негізгі игілік факторына және қоғамның толық түрде алғанда дамуының негізгі ұғымдары, принциптері және заңдылықтарын оқу болып табылады.

Курстың міндеті: Экономикалық теорияны студенттің толық түрде түсінуі, оның әлемге көзқарасын қалыптастырады, экономикалық теория саласындағы теориялық және методологиялық бағыттарды бағалауға және алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, сонымен қатар экономиканы басқару, қаржы және арнайы пәндерді оқуға көп көмек береді.

Курс аяқталғанда студенттер төмендегі көрсетілген талаптарды білуі қажет:

· Экономикалық жүйелердің құрылымы және классикалық жүйелердің критериялары;

· Экономикалық мектептердің негізгі даму бағыттары;

· Қазіргі жағдайдағы нарықтық экономиканың негізгі факторлары мен даму тенденциялары;

· Мемлекеттің экономикалық жүйесін басқару кезіндегі экономикалық саясаттың түрлері.

Оқу құралы ғылыми және статистикалық әдебиеттермен өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге дағдылайды. Оқу үрдісінде студенттерді өздігінен оқытудың маңызды нысандарының бірі – логикалық ойлау іс-қимылдарын, қабілеттіліктерін арттыру.

Аталмыш оқу құралында алған білімдерінің деңгейін жоғарылатуда өзінше ой қорытып, жауапты шешім қабылдай алатын экономикалық білімді мамандарды тәрбиелеуге көмектеседі. «Экономикалық теория» пәніне қойылатын жалпы талаптары мен тапсырмалары қарастырылған.

 

БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных