Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






КӨБЕЙТКІШТІҢ ТОЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕКТРЛІК СХЕМАСЫ




 

5 - суретте оң сандардың цифрлық көбейткішінің толық электрлік сұлбасы көрсетілген.

Оң таңбалы сандарды көбейткiштiң толық құрылымының электрлік сұлбасын игеру барысында бірінші көбейткіш төрт разрядтан құралған А санын енгізетін шифратордың синтезделген сұлбасы және төрт разрядты В санын беретін санақшыны шартты белгіленуі арқылы қосу ескерілді.

Шифрлаушы курстық жобада DD1- DD8 микросхемаларымен iске асырылған. Микросхемалар шығысында 8421 екiлiк кодына түрлендіріліп шығарылады (9(10) = 01001(2), шифратордың коды – 8421). К155ИЕ5 микросхемасында iске асырылған санақшының шығысынан, ондық санды 8421 кодына түрлендіріп шығарады (13(10) = 1101(2)). Бұдан әрi схемалардың көбейтуiн КЛС1, КЛС2, КЛС3, КЛС4 операциясы өндiрiп алады, К555ЛИ3 микросхемасында жасалған.

Әрбір жартылай көбейтінді, екінші жолдан бастап, бір разрядқа солға ығыстырылады –бұл операцияны К555ИР11 маркалы үш параллель регистрдің көмегімен жүзеге асырамыз. Содан соң, алынған жартылай көбейтінділерді К155ИМ3 микросхемандағы төрт разрядты үш сумматордың көмегімен біртіндеп қосып, толық көбейтіндінің мәнін аламын және де алынған нәтижелер бірден соңғы К555ИР9 микросхемасындағы параллельді – тізбекті, оңға ығыстырғыш регистрға беріледі. Онда толық көбейтіндінің мәндері кіші разрядтан бастап, үлкен- соңғы разрядқа дейін тізбектеле, оңға ығыстырылып шығады.

 

 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Позициалық белгіленуі Аталуы Саны Ескерту
DD1-DD4 К155ЛЛ1 4дана.  
DD5-DD8 K155ЛН1 4 дана.  
DD9 К155ИЕ5 1дана. -
DD10-DD13 К555ЛИ1 4 дана.  
DD14 -DD16 К555ИР11 3 дана. Бір кірісі мен шығысы жерлендірілді
DD17- DD19 К155ИМ3 3 дана. Бір разряды жерлендірілді
DD20 К555ИР9 1 дана D8 кірісі жерлендірілген

 

 

 

ОРЫТЫНДЫ

 

Осы курстық жоба барысында оң таңбалы екілік сандардың көбейтілуін орындайтын қондырғыны, яғни цифрлық көбейткішті жобалап, жұмыс істеу принципімен таныстым. Ең алдымен 8421 кодында Және -Емес базисінде А (9) және В (13) сандары берілді. Шифратор арқылы ондық санау жүйесіндегі А санын екілік санау жүйесіндегі 8421 кодына түрлендірдім. Берілген А және В сандарын көбейту үшін 4 КЛС қажет болды. Әр КЛС 4 конъюктордан тұрады. А және В сандарын көбейтіп, толық көбейтінді алдым. Шыққан шығым сегіз разрядтан (S8 ) аспауы қажет, өйткені К555ИР9 сегіз разрядты.

Ен қарапайым санақшы– бұл триггер, ол екі күйде де бола алады.Содан кейін біз санақшыны синтездейміз. Кез келген санақшыны синтездеу үшін, кез келген сандық қондырғыныкіндей ақиқат кестесі маңызды болып келеді. Осы жағдайда - бұл 8421 кодындағы кестені құрастырамыз. Санақшыны құрастыру үшін JK-триггеррін таңдадым. JK - триггерды таңдаған себебім, бұл триггер арқылы J және K кірістерін тізбектей қосып Т-триггерын құрастыра аламыз.

Ары қарай Вейча картасын пайдаланып, санақшы құрау үшін функциялар есептелінеді. Вейча картасын толтыруға қолайлы болуы үшін өзінің толтыру тәртібі бар.

К155ИЕ5 маркасын қолдандым. К155ИЕ5 микросхемасы асинхронды екілік санақшы болып келеді. Ол Т- триггерлардан тұрады және 0 келтірілген екі R кірісі бар.

Неше жол болса, сонша регистр керек. Әр көбейтілген жартылай жолда тіркеп, еске сақтау үшін солға жылжытатын К155ИР11 маркалы регистрын қолдандым. Ары қарай көбейтіндінің толық нәтижесін экранға шығарып беру үшін параллельді тізбекті К555ИР9 регистрын пайдаландым. К155ИР11 микросхемасы – бұл мәліметті сақтайтын регистр, төрт разрядты D-триггердан тұрадын.

Әрі қарай шыққын жартылай шығымды жинастыру үшін төрт разрядты сумматорлар керек болды. К155ИМ3 маркалы сумматорды пайдаландым.

Курстық жобада А және В сандарының көбейту үшін құрылған барлық микросұлбаларды біріктіріп, курстық жобаның электрлік сұлбасын құрастырдым. Бұл сұлбаны құрастыруға қажет болған құрылғылар: Шифратор, КЛС схемасы, КЛС-тен алынған нәтижені тіркеп, еске сақтап, сумматорға беру үшін регисторды орналастырдым. Көбейтіндінің толық мәнін біртіндеп шығаратын параллельді-тізбекті оңға ығыстырғыш регисторды жалғадым.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных