Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау тактикасы. Ұстау тактикасы.




1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі

2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері

3. Ұстау түсінігі және оның негіздері. Ұстауға әзірлік

4. Ұстаудың тактикалық әдістері

1. Қылмыстық істерді тергеу үстінде көп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің, айыпкердің берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді.

Осындай тексеру арқылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді окиғаның болған жеріндегі нақты жағдаймен, ол жердегі объектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындыққа жата ма, жоқ па деп сынап кереді.

Осындай қарау үстінде жауапта айтылған жерді, онда орналасқан объектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар женінде толық ақпарат алады. Айтылған жауапты тексеру аркылы, оқиғаның болу жолын, осы жердін ерекшелігімен, жағдайымен салыстырып, мұндайда қандай іздер калады, олар қай жерде қалуы мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелдемелер тауып алуы мүмкін.

1960 жылға дейін процессуальдық занда мұндай тергеу әрекеті жоқ болатын. Бірақ айғақты оқиға болған жерге шығып анықтау әдісі тергеу тәжірибесінде колданылатын, оны жауап алудың жалғасы, ерекше түрі деп есептейтін. Кейінірек бүл іске керекті дәлелдеме іздеу әдісі дербес процессуальдық тергеу әрекеті есебінде занда көрсетіліп, тергеуде жиі қолданылатын болды. Әрине, бұл тергеу әрекетін жүргізгенде басқа тергеу әрекетінің кейбір элементтері, әдістері де қодданылады. Бұл тергеу әрекетін жүргізу үстінде жауап та алынады, іздерді қарау әдістері де қолданылады, кей жағдайда тергеу тәжірибелері де өткізіледі. Осыған байланысты бұл тергеу әрекеті жауап алумен де, оқиға болған жерді қарау, тергеу экспериментімен де көп ұқсастығы бар. Бірақ мұнда тергеу әрекетінің тек жекелеген кейбір әдістері ғана аралас қолданатындықтан айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау өзіне тән ерекшеліктері бар, дербес тергеу әрекеті деп саналады.

Айталық, окиға болған жерде тергеудің жауап алудан айырмашылығы мынада: окиға болған жерде тексеру айғақ адамдардың қатысуымен жүргізіледі, жауапта көрсетілген деректер оқиға болған жерде кдйтара тексеріліп, кейбір жауаптағы мәлімеггерді қимыл-әрекеттермен баяндап көрсетеді. Ал, тану үшін көрсету тергеу әрекетімен салыстырғанда, айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нактылаудың ерекшелігі - танушы оқиға болған жерді, ондағы объектілердің танумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ондағы өзі байкаған кейінгі өзгерістерді де баяндайды, өзінің, кейде оқиғаға басқа да қатысушылардың жекелеген әрекеттерін кимыл үстінде көрсетеді.

Бұл тергеу әрекетінің ең басты ерекшелігі сол, жауап алу кезінде шындықты анықтай түсу, жана дәлелдемелер алу мақсатында тергеуші оқиға болған жерді, жекелеген объектілерді жауап берушіні қатыстыра отырып тексереді, егер кажеттілік туындаса оқиға болған кездегі жағдайды қалпына келтіріп, пысықтайды. Егер тексеру кезінде айғақтық жаңа заттар, іздер табылса тергеуші оны да іске пайдаланады.

2. Куәден бе, жәбірленушіден бе, жоқ әлде айыпкерден бе кімнен жауап алынатынына орай айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау үстівде әр түрлі әдістер қолданылады. Сондай-ақ, дайындық жұмыстары жүргізілгенде колданылатын тактикалық әдістер белгіленіп, әдіс іріктелуі мүмкін. Тергеуге кірісер алдында тергеуші жоспар қүрған кезде мұны мұқият ескеруі тиіс. Яғни, жоспарда тергеу әрекетінің мақсаты дәл анықталып, қылмыстық істің жедел-іздестіру шаралары кезінде жиналған материалдары мұқият зерттелуі тиіс.

Егер тергеушіге дәлелдемелердің тексерілетін жері белгілі болса тергеу әрекетін өткізу жоспарын нақтылау үшін ол сол жерге алдын ала барып, алдағы жұмыстың бүкіл барысын пысықтауы керек. Егер тексеру бірнеше жерде өткізілетін болса, оған қатысушылар овда дер кезівде жеткізілетін көліктің түрлері әзірленіп, тексерудің қай кезінде кімді қай жерге, қандай мақсатта орналастыру қажеттігі айкындалуы қажет.

Дайындық кезінде жедел топың құрамы белгіленеді. Оның құрамына тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірге ізге ит салатын кинолог, сондай-ақ маман-криминалист, сот-сарапшысы басқа да қажетті мамандар енгізілуі мүмкін. Содан соң куәгер адамдар қатыстырылады. Оларды іріктегенде тексерілетін істің күрделілігі ескерілуі тиіс, өйткені олар тексерудегі жағдайды түсініп, есте сақтай алатындай, кейін қажеттілік туындаса жүргізілген әрекеттің мазмұны мен нәтижесін баяндап бере алатындай болуы керек. Егер қосымша куәгерлерді бір жерге бірнеше рет шақыру қажет болса, олардың екінші қайтара шақырылмауын ескерген жөн.

Куәні немесе айыпталушыны оқиға болған жерге олардың келісімімен ғана шығару керек.

Дайындық және тексеруді өткізу кезінде айыпталушының оқиға болған жерге баруға ішкі есеппен келісім беруі де мүмкін екендігін, оның ақиқатты ашуға шын ниетімен көмектесуге ықылас білдіруімен бірге, ретін тауып күзетшіден сытылып, құтылып кетуге, қандай жолмен болсын сыбайластарымен байланыс орнатуға, оқиға болған жердегі ізді өшіріп жіберуге немесе тергеушінің әлі неге назар аудармағанын білуге тырысатынын естен шығаруға болмайды.

Аталған тергеу әрекетіне дайындық кезеңі әрекетке қатысушыларға тиісті нұсқау берумен аяқталады. Онда тергеу әрекетінің мақсаты мен тәртібі, катысушылардың құқығы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, келесі мәселелерге айрықша назар аударылады:

а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығының алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бұрынғы жауабында айтқан учаскелер мен заттарды көрсетеді;

ә) барлық ұйымдық мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді;

б) жауабы тексерілетін адамға сұрақ тек тергеушінің рұқсатымен беріледі, қандай әрекет болсын ол тек тергеушінің нұсқауымен жасалады.

Тергеуші де ез әрекетіне өте мұкият қарауы, яғни өзіне икемдейтіндей әрекеттен немесе сұрақтан сақтаңуы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, айыпталушы немесе куә тергеушінің айтқанына ілесіп, оның сұрақтарын мақұлдай беретін болса тергеу әрекетінің текке кеткені. Әдетте, алдын ала жүргізілген тергеу кезінде тергеушінің ақиқатқа көзі жеткен, тек оны оқиға болған жерде «нықтай» түсу қажет болғанда ғана мұндай әдістің қолданылуы мүмкін.

Жауабы тексерілетін адам тергеу бойынша жүретін жолды өзі анықтап, тоқтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен оқиға туралы айтып беруі керек. Бүл белгілі бір объектілерді көрсетуге де қатысты.

Тергеу әрекетінің, бұл әдісінде де оның нәтижесі хатталады. Мұнда басқа да тергеу әрекеттеріндегідей ортақ тәртіппен бірге аталған әрекеттің өзіндік ерекшелігі, яғни:

а) тексерудің, немесе дәлелдеменің оқиға болған жерде пысықталуынын қандай мақсатпен жүргізілгенін түсіндіруге;

ә) жәбірленушінің немесе айыпкердің оқиға болған жерге баруға өз еркімен келісім бергенін жазу;

б) айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылауға қатысушылардың жүрген жолының бастауы көрсетіліп, жауабы тексерілетін адамның түсініктемесі келтіріле отырып жазылған тергеу жолы;

в) оқиға болған жерді және ондағы заттарды танығаны бойынша барлық әрекеттерге берілген түсініктемелер мен баяндауларды келтіре отырып, жол үстінде тоқтаған жерлер мен оның соңғы бітетін тұсын белгілеу;

г) түсірілген фотосуреттер, видеожазбалар, жасалған жоспар туралы жазбалар, т.б. ескерілуі тиіс.

3. Ұстау дегеніміз - қылмысты жасауы мүмкін деген сезікті адамды, оның кінәсі анықталып, айып жариялағанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

Қылмыс үстінде немесе кейін қылмысқа тікелей қатысты қолға түскен, көзімен көргендер, оның ішінде жәбірленушілер, жаңағы адамды кылмыскер ретінде көрсеткен, сезік келтірген адамның денесінен не киімінен немесе оныңтұрған үйінен жасалған қылмыстың іздері табылған жағдайда ол адам тұтқынға алынады.

Заң бойынша егер қылмыс жасады деуге негіз болатындай басқа да деректер кездескен, ол адам қашуға әрекет еткен немесе оның тұрақты мекені болмаған, сондай-ақ сезік келтірушінің аты-жөні анықталмаған жағдайда ғана ұсталуы тиіс. Сондай-ақ егер анықтау органдары жедел-іздестіру немесе қылмыс-тық іс жүргізу заңына сәйкес баскд да шараларды жүзеге асырғанда қылмыс жасаған адам анықталса оның ұсталуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда қылмыс жасады деп сезік тудырған адамды ұстау үшін прокурордың рүксаты талап етілмейді. Анықтау органы тек сезіктелушінің қандай негізде ұсталғанын көрсетіп хаттама жазуға және бұл жөнінде заңда көрсетілген мерзім ішінде прокурорға хабарлауға міндетті.

Негізсіз ұстау заңдылыкты өрескел бұзғандық болып есептеледі. Сондықтан бұған мейлінше сақ болу керек. Егер қылмыстық іс тергеу үстінде болса, онда қылмыс жасағаны туралы сезік тудырған адамды ұстау мәселесін ең алдымен тергеуші шешеді.

Ұстаудың тактикалық әдістері криминалистика ғылымында тәжірибеге негізделіп жасалады. Тактикалық жағынан, сезік тудырушылар жеке-жеке және тобымен ұсталуы мүмкін.

Ұстауға әзірлік. Ұстауға дайындық дегеніміз не? Ол ұсталуға тиісті сезіктелушінің жеке басын, оны ұстау көзделген жердің жағдайын зерттеу; ұстаудың жоспарын жасау; жедел топты жасақтау, жабдықтау және оған нұсқау беру.

Ұсталуға тиісті сезік тудырушының жеке басын зерттегенде қылмыс жасаған кездегі оның әрекетінің қаншалықты қатыгездігі, қауіптілігі, оның бойында қаруының бар-жоқтығы, бұрын ауыр қылмыс жасаған не жасамағандығы, сондай-ақ бүған дейін «полиция қызметкерлеріне қарулы карсылық керсеткен жоқ па, дәл қазір оның осындай әрекетке баруы мүмкін бе», міне осы мәселелердің бәрі егжей-тегжейлі зерттеледі. Осыған қоса, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі, өмір салты, мінез-құлқы, уақытын қайда, қалай өткізетіні, әдетте, қайда, қалай жүріп баратыны, қылмыстық байланысы, т.б. тексеріледі. Аталған әрекеттер ұстау кезінде қылмыскердің қалай әрекет ететінін дәл болжап, соған орай тиімді қимыл жасау, яғни жедел топтың, әрекет мәнерін дұрыс жоспарлау, ұсталатын жер мен ұстау уақытын дұрыс белгілеу, тиімді тактикалық әдісті іріктеу, жедел топтың сандық құрамын дәл анықтау үшін қажет.

Сезік тудырушыны ұстау көзделген жерді зерттеу арқылы жедел топ ұстау кезінде төңіректі еркін болжап, батыл қимылдай адады. Топ мүшелеріне нақты жағдайға орай міндет жүктеледі, бақылау нүктесі, көлік қоятын жер белгіленеді, қозғалыстың бағыты анықталады. Егер кылмыскерді белгілі бір құрылыс ішінде ұстау көзделсе, оның құтылып кетпеуі үшін осы құрылысқа кіретін не шығатын барлық жерлерді, бөлмелердің қалай орналасқанын, терезелерін, баспалдақтарын, қосалқы құрылыстарын алдын ала тексеру, күрылыс маңындағы жабынды жерлерді, бұта, ағаштарды, тығылуға болатын басқа да барлық орындарды анықтау керек

Дайындық барысында қажетті мәліметтер жиналған алғашқы материалдардан, кылмыстық істегі деректерден, жедел-іздестіру деректерінен, қылмысты тіркеу жүйесінен, архивтерден және басқаларынан алынуы мүмкін. Жиналған осындай мәліметтердің негізінде қылмыскерді ұстаудың жоспары жасалады. Онда ұстау мерзімі мен ұсталатын жер, кімнің кандай шараларды жүзеге асыратыны, жедел топты кімнің басқаратындығы көрсетіледі.

Полиция қызметкерлерінің қылмыскерді ұстайтын жерге қандай көлікпен, кандай жолмен жүріп баратыны да жоспарланады. Және мұны жоспарлағанда қылмыскердің полиция қызметкерлерін жол үстінде басқа жолаушылардан айырып, танып қалмайтынына айрықша назар аударылады. Бір мезгілде әр жердегі бірнеше адамды катар ұстау қажет болған кезде қылмыскерлердің бір-бірімен кездестірілмеуі көзделеді. Олар тергеу орнына әр түрлі жолмен, әр түрлі көлікпен жеткізіледі және алғашқы тергеу жүргізілетін камераларға жеке-жеке қамалады. Жоспарда сондай-ақ жедел топтың қандай техникалық-криминалистикалық құралдармен жабдықталатыны көрсетіледі. Сонымен бірге, жедел топ мүшелерінің бір-бірімен қалай байланыс жасайтыны анықталуы тиіс. Бұл мақсатта жедел топтың автокөлігіндегі, мотоциклдеріндегі радио-қондырғылар, жакын мандағы телефондар және басқалары пайдаланылады.

Ұстауға дайындық жедел топқа нұсқау берумен аяқталады. Өйткені топтың барлық мүшелері өздеріне нақты қандай міндет жүктелгенін, яғни кімді, кашан, қай жерде ұстайтынын дәл білуі керек. Ол үшін оған ұсталатын адамның барлық белгілері, басқа да қажетті деректер толық айтылады. Егер топ мүшесінің қолында қылмыскердің суреті болса сонымен салыстырады, сондықтан мүмкіндігінше, топтың әр мүшесінде ұсталатын адамның суреті болғаны жөн.

Нұсқау кезінде жедел топтың әр мүшесінің атыс каруын қалай қолданатыны тексеріледі. Топ мүшелеріне кылмыскермен тілдеспеуді, қылмыскердің ұсталғаны, сондай-ақ ұстау мен тінтудің нәтижесі туралы құпияны жария етпеуі ескертіледі.

 

4. Тәжірибеде байқалғандай, ұстаудың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оның тактикалық әдісі де әр түрлі. Алайда, мүның өмірдегі қолданылуын талдай келе, сезік келтірушілерді жекелеп те, топтап та колға түсірудің сыннан өткен, үлгі ретінде қолданылатындай ортақ әдістерін бөле айтуға болады.

Ұстаудың тактикалық әдісін ұсталатын жерге орай қарау қалыптасқан. Сонымен қатар, қылмыскердің алдын ала дайындық жүргізу арқылы және жағдай талап еткендей, ешқандай дайындықсыз-ақ ұсталатынын естен шығаруға болмайды.

Алдын ала дайындық жүргізу арқылы кымыскер ашық жерде, қоғамдық орындарда, айталық, мейрамханада, мәдениет орындарында, адам көп жиналатын сәулетті ғимараттарда, қылмыс жасалған жерге барар жолда, ұрланған мүліктер жасырылған жерде, қылмыс жасалған жерде, жұмыс орнында, тұратын мекен-жайында ұсталуы мүмкін.

Қылмыскерді ашық жерде кенеттен ұстаған жеңіл. Өйткені ол құқық қорғау органдарының кызметкерлерін көпшіліктің арасынан айыра алмай калады. Дегенмен, сонымен бірге, мұндайда қылмыскердің қарулы карсылық көрсетуі, сөйтіп, айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкіндігін де ескерген жөн. Сондықтан сезік келтірушінің оқшауланып, жеке шыққан сәтін пайдаланып кенеттен қолға түсіру керек.

Бір топ қылмыстыны ашық жерде ұстау үшін де жеке қылмыстыны ұстағандай әдіс колданылады, тек одан өзгешелігі әр қылмыскерді ұстауға жедел топтың жеке арнаулы кызметкері бөлінеді. Жедел топтың жетекшісі, мейлінше, ұтымды сәтті күтіп, сол сәт соққанда қимылға кірісуге бұйрық береді. Оның қарауында кез келген уақытта көмекке ұмтылатын қосымша күш әзір тұрады.

Қылмыскер көп жағдайда қылмыс жасауға бара жатқан жерінде ұсталады. Мұндайда кылмыс жасау ниетімен бағыт түзеген адамның соңына бакылаушы, қылмыс жасалуы мүмкін жерге қоршау қойылады. Өйткені жедел топтың назарына ілікпеген сырт күштің де қылмысқа араласуы мүмкін. Қоршау, міне осын-дай әрекеттің алдын алуы тиіс.

Егер ұрланған зат табылып, бірақ оны ұрлаушы белгісіз болса, қылмыскерді ұстау үшін жаңағы жасырылған бағалы заттың маңына күзет қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мұны білетін адамдардың мейлінше сақ болғаны жақсы. Күзет көбіне ұрланған заттын жасырылған жерін білетін адам анықталғаннан және онымен бұл туралы ешкімге тіс жармауға келіскеннен кейін қойылады. Күзет бүған қажеттілік жойылған кезде алынады.

Парақорлық, мемлекеттің немесе коғамның мүлкін жым-қыру, қызмет бабын өз басына пайдалану сияқты қылмысты жасағандар жеке ұсталады. Айталық, парақорлар пара алып жатқан жерінде, мемлекет және қоғам мүлкін талан-таражға салушылар жымқырған заттарын сол жымқырған жеріне алып шығарда, оны өткізу үстінде тұтқындалады.

Сезік келтіруші (айыпталушы) тұрақты немесе уақытша жұмыс орнында кәсіпорын, мекеме басшыларының көмегімен ұсталады. Оларға ұстаудың себептері түсіндіріліп, әдістері белгіленеді. Ұсталатын адам оның барлық, әрекеттеріне полиция қызметкері толық бақылау қойғаннан кейін шақырылады. Әйтпесе, кәсіпорын не мекеме басшысының шақыруы бойынша келудің орнына сезіктелуші (айыпталушы) тергеу орындарынан сытылып кетуге тырысуы мүмкін.

Сезіктелушіні (айыпталушыны) әсіресе қарулы қылмыскерді түрғын үйлерде ұстау күрделі тергеу әрекеті болып табылады. Өйткені жедел топтың мүшелері үй ішіне қылмыскерге байқалмай кіруі керек. Көп жағдайда бұл қиындыққа түседі. Өйткені, қандай әрекетке болсын кылмыскер өте сақтықпен қарайды. Қауіп төнген сәтте ол ізін жасыруы немесе кажет деп тапса қарулы қарсылыққа әзірленіп үлгеруі мүмкін. Сондықтан басқа жерде ұстауға және уақытты бұдан әрі созуға болмайтын жағдайда ғана, оны өзінің немесе таныстарының үйінен ұстауға тура келеді.

Тергеуден қашып жүрген қылмыскер, егер оны көзімен көргендер немесе жәбірленушілер қылмыс жасаушыны тікелей көрсетсе, қылмысын өтеп отырған жерінен қашып жүргендер назарға ілінсе, сондай-ақ ұрлаған заттарын тасып бара жатқан, базарда, сауда кәсіпорындарында, басқа да елді мекендерде сатып жүрген кезінде ол алдын ала дайындықсыз ұсталады.

Аталған жағдайларда, ауыр қылмыс жасағандардың карулы қарсылық көрсетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, кылмыстың басқа түрін жасағандар да белгілі бір дәрежеде қарсылық көрсетері сөзсіз. Сондықтан қылмыскерді ұстауға әзірленген топ карсылықтың қандай түріне болсын дайын тұруы керек.

Полиция қызметкері кылмыскердің соңына ол жасырынуы мүмкін бағытпен түседі. Ұстау мақсатында қылмыскердің қылмыс жасаған жерден алған көлік құралдары туралы, басқа да мәліметтер пайдаланылады. Қылмыскер уақыт өткізбей, жедел ұсталуы тиіс. Ол үшін ізге түсетін арнайы топ кұрылады. Ол топ жер ыңғайын, қосымша кұрылыстарды зерттейді, жол бойындағылармен, қарсы кездескен автокөліктің жүргізушілерімен, жолаушылармен сөйлеседі және жағдайға орай әрекет етеді. Қауіпті қылмыскерді ұстау мақсатында ішкі істер бөлімдерінің бастықтары қылмыскер шығып кетуі мүмкін басты-басты жолдарды (теміржол бекеттерін, аэропортты, көлік жоддарындағы тоқтайтын жерлерді, т.б.) күзету үшін жедел топ жібереді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных