ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ылмыс болған жерден кашып кеткен айыпкерлерді, ұсталған және сотталған тұлғаларды, белгісіз қылмыскерлерді тіркеуҰсталған, айыпталған және сотталған тұлғалар алфавиттік (фамилиясы бойынша) және дактилоскопиялық тіркеуге алынады, Ал қылмыс жасаған жерден қашып кеткен белгісіз қылмыскерлер - қылмысты жасау тәсілдеріне байланысты арнайы тіркеуге алынады. Белгісіз қылмыскерлер, ауыр және аса ауыр қылмыстар категориясы бойынша сотталғандар сыртқы бейне белгілері бойынша тіркеуге алынады. Алфавиттік тіркеу. Тіркеудің бұл түрі алфавиттік карточка көмегімен жүзеге асырылады. Компьютерге енгізілген мұндай карточкаларда келесідей тіркеме жасалған мәліметтер бекітіледі: фамилиясы, аты-жөні, туған жылы мен жері, ұлты, тү_рақты тұрғылықты мекен-жайы, соттылығының болуы; үкім шығарған сот; Қылмыстық кодекске байланысты бабы, сотталу уақыты, жазаның түрі; бұрынғы қылмыстық әрекеті (қашан, қандай органмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің қандай бабы бойынша жауапершілікке тартылған), рақымшылық немесе кешірім жасауға байланысты үкімнің өзгеруі, жазаланған мерзімі мен орыны, сотталушының қайтыс болған күні, айы, жылы; іздестіруде жүрген тұлғаны жазадан босату негізі, қайыр тілеу мен босқындап жүруіне байланысты ұсталған тұлғалар; тіркеуге алудың зандық негізі жөніндегі мәліметтер. Карточкада тіркелетін түлғаның дактилоскопиялық формуласы көрсетіледі, оң қол сұқ саусағының таңбасы басылып алынады, олар алфавиттік және дактилоскопиялық карточканың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мүмкіндік болса тануға көрсету үшін карточкаға тіркелетін (тізімге алынатын) тұлғаның фотосуреті қоса тіркеледі. Карточкалар - тіркелетін тұлғалардың фамилиясы ескеріле отырып алфавиттік рет бойынша картотекаларға енгізіледі. Нақты карточка арқылы тұлғаның жеке басын: оның қандайда бір сезік тудыратындай немесе ол жөнінде мәлімет беретіндей, сондай-ақ айыпталушының, сотталушының бұрын соттылығының болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді анықтау мақсатында тексерулер жүргізіледі. Тексерілетін тұлғалар туралы алфавиттік карточкаларда бекітілген мәліметтердің дүрыстығына күмән келтіретін жағдайларда, карточка бойынша тексеру дактилоскопиялық тіркеу арқылы тексерулер жүргізумен толықтырылады. Дактилоскопиялық тіркеу - қамауға алынған, бас бостандығынан айыру немесе жер аудару жазасына жазаланған, сонымен қатар қайыр тілеп жүргендігі және босқындығы үшін ұсталган тұлғаларды тіркеуге алудың бір түрі болып табылады. Ол дактилоскопиялық карталар арқылы жүзеге асырылады. Арнайы бояулар көмегімен тіркелетін түлға қолының әрбір саусағының папиллярлы өрнектері боялып, бланкінің тиісті клеткаларына оның таңбалары түсіріледі. Дактилоскопиялау кезінде келесідей әрекеттерді орындау ұсынылады: егер дактилоскопия жасалатын түлғаның қолы кір болса, оның қолын сабындап жууын талап ету керек; шыны немесе тегіс металл пластинкасына арнайы бояуды салып оны резеңке білікпен тегістеп жағу қажет; оның үстінен саусақты бір жақтан екінші жаққа қарай айналдыра отырып бедерін бояуға бояп, оны картотеканың тиісті жерінде көшірмесі қалатындай етіп түсіру кажет. Барлық саусақтардың (бас бармақтан бастап) іздерін тексеру үшін екі қолдың да саусақ бедерінің іздерін бір уақытта жай ғана басып алу арқылы алынуы тиіс; алынған барлық саусақ таңбалары толық және анық болуы керек. Мәйіттің қол саусақ таңбаларын дактилоскопиялық картаға түсіру үшін, оның жеке-жеке саусақтарын бөлек қагазға түсіріп алып, содан кейін оның эр саусақтарының іздерін қандай саусақтан алынғанын айта отырып, оң қолының саусақ таңбалары бір бөлек, сол қолының таңбалары бір бөлек әр саусағының аты жазылып қағазға жапсырылады. Егер мәйіттің сіресіп қатып қалуы бірден байқалса дактилоскпияға түсірмес бұрын қолдың сіңірін кесу жұмыстары сот-медициналық маманына жүктеледі. Сондай-ақ ұзақ уақыт суда жатып қалған немесе мумификацияланған (кеуіп қалған) мәйіттерді дактилоскопиялау сот -медициналық мамандарына тапсырылады. Дактилокарталар белгілі бір тәртіппен реттеледі: он саусақ, бес саусақ және бір саусақ (монодактилоскопиялық) жүйесі бойынша. Дактилокарталарда осы аталған саусақтар бойынша бәрінің немесе әрқайсысының жеке -жеке белгілері туралы мәліметтер тіркеледі. Он саусак жүйесі бойынша айыпкерлер, ү-сталған тұлғалар, сотталушылар тіркеуге алынады. Дактилокарталарды жүйелеу қол саусақтарының папиллярлы өрнектерін топтастыруға негізделеді. Папиллярлы өрнектер үш түрге бөлінеді: 1) доға тәріздес; 2) ілмек тәріздес; 3) шеңбер тәріздес (шеңберлі). Доға тәріздес өрнекте папиллярлы сызықтар саусақтың бір жақ шетінен екінші жағына қарай бағытталып жүріп доға тәріздес суретінен тұрады, орталық ағымның папиллярлы сызықтары бір жақтан басталып ортаға келгенде көтеріледі және саусақтың екінші жағынан аяқталады. Доға тәріздес әрнекк дельта болмайды. Доға тәріздес өрнектің пирамида тәріздес (шұғыл (кіяг) иілген сызықтардан тұратын) және шатыр тәріздес бірнеше түрлері болуы мүмкін, яғни орталығында тік немесе еңкіш сызықтары бар пирамида тәріздес өрнектер. Ілмек тәріздес өрнекте ішкі суреттің сызықтары әдетте саусақтың бір жол төменгі жағынан басталып, жоғарыға және орталыққа қарай бағытталады ортаға келгенде бірден иіліп барып ілмек жасайды және сол келген бағытын» қарай қайтадан қайтады. Папиллярлы сызықтың иілген бөлігі (жері) ілмеич басы, ал қалған бөлігі ілмектің аяғы деп аталады. Ілмек басының орталық нүктесі ілмектің ұшы деп аталады. Ілмек тәріздес өрнекте көбінде бір дельта болады. Ол базистік (өрнек негізінде орналасқан) және перифериялық сызықтардың (ілмекті жоғарғы жэМ төмен жағынан иіп тұратын сызықтар) бір-біріне жақындап тоғысатын жерінде орналасады. Ілмек тәріздес өрнектің типіне жатқызу үшін орталық ағымды толық ілмек құрайтын кемінде бір сызықтың болуы жеткілікті. Ішкі суретіне құрылыс ерекшеліктеріне байланысты ілмек тәріздес өрнектердің бірдей түрлері бар. Олар: тік сызықты, көлденең, бас жағы иілген, тұйық ілмекі ракеткалы, параллельді және қарама-қарсы деп бөлінеді. Ілмек тәріздес өрни шынашаққа бағытталған (ульнарлы) және бас бармаққа бағытталған (радиапды) болып келеді. Ілмектің ашық белігі шынашаққа қарай бағытталса ульнарлы, ал бас бармаққа қарай бағытталса радиалды деп аталады. Шеңберлі өрнекте - өрнектің орталық оң және сол жақ бөлігінде дели болып, арасында концентрлік шеңбер, сопақша, спираль, дөңгеленіп келіп (егіз-қос сызықтар) ілмек түріндегі суреттер орналасады. Шеңберлі өрнекте еа (кейде үш, төрт) дельта кездеседі. Нақты картотекада көрсетілген саусақтың папиллярлы өрнегінің ерекшелш тері ескеріле отырып толтырылатын арнайы формуланың көмегімен дактилоскопиялық карталарды жүйелеуге мүмкіндік болады. Тіркеу жүйесінің екі тұрлі формулалары бар: негізгі, қосымша. Олар картаның беткі бетінің оң жаі жоғарғы бұрышына жазылады. Негізгі формула шеңберлі өрнекті жұп санды саусақтардың шартты сандық белгілердің қосындысына бір санын қосудан тұрады. Ал бөлімі, керісінше шеңберлі өрнекті тақ санды саусақтардың сандық белгілердің қосындысына Щ санын қосудан тұрады. Саусақтың тақ, жүл екені бас бармақтан шынашаад(қарай оң қолдан сол қолға өту арқылы кезектесіп анықталады. Саусақтың тиісті сандық белгісін анықтау үшін ең алдымен саусақтарда жұптарға бөлеміз. Сәйкес жұптарға келесідей сандық аныктамалар беріледі: ол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағы - 16; оң қолдың ортаңғы мен төртінщ саусағы - 8; оң қолдың шынашағы мен сол қолдың бас бармағы - 4; сол қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусағы - 2; сол қолдың төртінші саусағы ма шынашағы -1. Формуланың негізгі бөлігін шығаруға мысал келтірейік: оң қолдың ср саусағы мен шынашағы және де сол қолдың бас бармағы мен ортаншы саусактары шеңберлі өрнекті болсын. Сонда келесі формуланы есептеп шығарамыз: 16+0+4+2+0+1=23______________________________________ 0+0+4+0+0+1=5 Қосымша формуланың алымында оң қолдың барлық өрнектеріне сәйкес тиісті сандық белгілері, ал бөлімінде сол қолдың сандық белгілері (оларды бір-біріне қоспай, кезектесе орналастырамыз) көрсетіледі. Қосымша формуланы қосымша бөлігін шығару үшін папиллярлы өрнектердің түріне, типіне байланысты тиісті әртүрлі сандық белгілері беріледі. Доға тәріздес өрнектер - 1; радиалды ілмек тәріздес өрнектер - 2; ульнарлы ілмек тәріздес өрнекте, егер дельтаның тармақтарының екі жақка бөлінуі мен өрнектің ортасы арасындағы сызықтар саны 1-ден 9-ға дейін болса - 3; сызықтар саны 10-нан 13-ке дейін болса - 4; 14-тен 16-ға дейін болса - 5; 17-ден жоғары болса - 6; шеңберлі өрнекте дельталардың ішкі орналасуы (сол дельтаның төменгі тармақшасы оң дельтаның төменгі тармақшасынан жоғары орналасып, арасында екеуден көбірек сызыктары болады) кезінде - 7; дельталардың орташа орналасуы (дельталардың төменгі тармақшалары бір сызықтың бойында жатса немесе екеуінің арасында бір немесе екі сызық орналасса) кезінде - 8; дельталардың сыртқы орналасуы (сол дельтаның төменгі тармақшасы оң дельтаның төменгі тармақшасынан төменірек орналасып, арасында екеуден кебірек сызықтары болады) кезінде - 9; Қосымша формуланы есептеп шығаруға мысал келтірсек: оң қолдағы бас бармақтың ернегі - доға тәріздес (1); сұқ кол - сызықтар саны 15 ульнарлы ілмек тәріздес өрнек (5); ортаңгы саусақ - дельталары сыртқы орналасқан шеңберлі өрнек (9); твртінші саусақ - радиалды ілмек тәріздес өрнек (2); шынашағында - сызықтар саны 19 ульнарлы ілмек тәріздес өрнек (6). Сонда бөлшектің алымы 15926 сандарынан тұрады. Осындай жолмен сол қол бойынша бөлшектің бөлімін есептеп шығарамыз. Дактилоскопиялық формула әр адамға тиесілі жеке түрде болмай, тек қана карталар арасынан белгілі бір карталар тобын бөліп алуға мүмкіндік береді. Осы топ ішінен тексерілетін адамның өрнектерін салыстыра отырып табуға бодады. Қылмысты жасалу тәсілі бойынша тіркеу. Тіркеудің бұл түрі өзара байланысқан екі картотека арқылы жүргізіледі. Біріншісінде белгісіз трғалармен жасалған қылмыстардың, ал екіншісінде жеке басы анықталынбаған тұлғалармен жасалынған қылмыстардың жасалу тәсілдері "Сипатталады. Тіркеу карточкалары жүйеленіп, есепке алынатын белгілері бойынша кезектілікті сактай отырып картотекада орналастырылады. Алдымен қылмыстың түріне қарай топтарға бөлінеді, ал әр топтың ішінде оқиға болған жерге (мысалы: қоймада, дүкенде, пәтерде жасалған ұрлық), қылмыскердін қолданған техникалық құралдарының сипатына, жасалған әрекеттердің ерекшеліктеріне және т.б. байланысты шағын топтарға іріктелінеді. Криминалдық полициямен жүзеге асырылатын тіркеу бірқатар сұрақтарды шешуді жеңілдетеді: а) бірнеше ашылмаған қылмыстар бір түлғамен жасалынбаған ба? ә) осы қылмысты жасаған түлға бүрын сотталғандардың және қылмыс жасауға бейім тұлғалар тіркеуінде жоқ па? б) тергелетін қылмыс бұрын жасалу тәсілі бойынша тіркеуге алынған тұлғамен жасалынған жоқ па? Сыртқы белгілері бойынша тіркеу. Тіркеуге рецидив-қылмыскерлерді, іздеудегі қылмыскерлердің кейбір категориясын және жәбірленуші немесе куәның сыртқы бейнесін есінде сақтап қалған белгісіз соттан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді алады. Тіркеу тануға керсету фототүсірілімдерін жасау және «сөздік портрет» әдісімен сыртқы белгілерін сипаттау негізінде жүзеге асырылады. Фото - суреттер фотоальбомдар немесе фотографиялық картотека (фототека) түрінде жүйеленіп сақталынады, ал сыртқы белгілері суреттелінген карточкалар - белгі картотека тұрінде, сонымен қатар компьютерде сақталынады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|