Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмуны және құқықтық негіздері




Қылмыспен күрес жүргізу мақсатында біздің дәуірімізге дейін де тіркеу әдістері қолданылған. Әдетте мынандай екі түрлі әдіс қолданылды: таңбалау және мертіктіру, яғни тану мен жазалауды қатарынан жүзеге асыру (б.д.д. ІІ-ші ғасырдағы ежелгі үнді «Ману заңы» және ежелгі Вавилонның Хаммурапи заңы). Қылмыскердің жасаған қылмысы бойынша жазалау, олардың денесіндегі мертіккен жерлерін ғана сипаттап қоймай, сонымен қатар қанша қылмыс жасағандығын да айқын әшкерлеп көрсететіндей етіп таңбаланды. Таңбалау кезінде шартты белгілерді, әріптерді немесе толық бір сөзді адамның бетіне, болмаса денесінің басқа бөлшегіне күйдіріп түсірді.

Таңбалау қылмыскерлерді үстауға біршама көмегін тигізді, бірақ оның кайда, қашан және не ұшін жазаланғандығын, сондай-ақ таңбасы арқылы оның жеке басын аныктауға мүмкіндіктер болмады. Англия мен Францияда «Идентификациялық салтанаттар» - деген атпен қамаудағы қылмыскерлердің ішінен полициялар бұрын көрген қылмыскерлерді тануға байланысты тексерулер жүргізді.

Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негізін ең алғашқы рет XIX ғ. аяғында (1882 ж.) А. Бертильон қылмыскерлерді тіркеудің антропометриялық, ал В. Гершель, Г. Фулдс, Ф. Гальтон 1887-1891жж. дактилоскопиялық тіркеу әдісін енгізу арқылы қалыптастырған. Қазіргі уақытта да криминалистикалық оқулықтарда кездесетін тіркеудің алғашқы жүйесі «қылмыстық тіркеу» - деп кездейсоқ аталмаған. Бүгінгі танда криминалистикалык тіркеу жүйесі шеңберінде тіркеудің сан-алуан түрлері қолданылады. Мысалы: алфавиттік, дактилоскопиялық және т.б. тіркеу түрлері.

Криминалистикалық тіркеу түрінен оның формасын ажырату қажет, яғни тіркелетін ақпараттарды жинау тәсілдері. Криминалистикалық ақпараттарды бекіту әдістері де әртүрлі: сипаттайтын, бейнелейтін, графикалық, коллекциялық болып келеді. Тәжірибеде тіркеу әдісінің аралас түрлері де жиі қолданылады: ұсыныстар-альбомдармен, суреттермен; ал ақпаратты бекітудің суреттеу тәсілі-фототүсірілім, дактилоскопиялық карта және т.б. жасау арқылы үйлестіріледі.

Криминалистикалық тіркеуді оқып білудің негізі - бізді қоршаған әлемді, материалдық танымды, диалектикалық заңдар мен таным теориясын білуге неізделеді. Криминалистикалық тіркеудің дамуы – криминалистикалық идентификация теориясымен, іздердің пайда болу тетігі жөніндегі ілімдермен, және қылмысты жасау тәсілдерімен, дәлелдемелі ақпараттарды бекітумен табиғи байланыста болып келеді.

Криминалистикалық тіркеулер қылмыстық процесуалдық зандарда тікелей қарастырылмаған. Бірақ та криминалистикалық тіркеуді жүргізу тәртіптері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптары негізінде анықталады. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарында бекіту тәртібіне қатысты заттай дәлелдемелерді сақтау және алу; салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алу; маманды қатыстыру; сот сараптамасын тағайындау және жүргізу көрсетілген. Сонымен қатар, полиция мен жедел-іздестіру қызметі туралы нормативтік актілері де криминалистикалық тіркеудің қүқықтық негізі болып табылады.

Тіркеудің материалдарын жинау процедуралары Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Бөлімінің заң актілерімен, Бас прокуратураның жеке бұйрықтары және инструкцияларымен белгіленеді.

Жеке тұлғаларды тіркеуге темендегілер жатады:

• қамауға алу сияқты шараларды қолдану туралы, сондай-ақ айыпкер ретінде қылмыстық іске тартуға байланысты прокурордың, тергеушінің немесе анықтама жүргізушінің шығарған қаулылары;

• соттың үкімі немесе шешімі;

«тұлгаларды іздестіруді жариялауға байланысты шығарылған каулылар;

• сезіктіні ұстау хаттамасы.

Тергеу әрекетінің хаттамалары кылмыстық оқиғамен байланысты баска да объектілерді тіркеудің занды негізінің біріне жатады

.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных