ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесіАдамның сыртқы бейнесінің элементтерін және олардың белгілерін негізге ала отырып, адамның сыртқы бейнесінің белгілері мен элементтер жүйесі дәстүрлі түрде топтастыру арқылы қарастырылады. Адам денесінің кұрылыс белгілері мен злементтері және оның өмір сүру әрекетінің көрініс табуы - өзіндік белгілер деп аталады. Олар адамның өзіне ғана тән, оның сыртқы бейнесі бөлінбейді, тек өзіне тиесілі. Адамның сыртқы бейнесін толықтыратын белгілері мен элементтері ілеспелі болып табылады. Олар адам денесінің құрылыс элементтеріне жатпайды, бірақ қандай да бір көлемде өзіндік белгілер мен элементтерді анықтауға (жасын, жынысын, әдет-дағдысын, жүрісін және т.б.) мүмкіндік береді. Ілеспелі элементтер мен олардың белгілеріне: киім, ұстап жүруге арналған ұсақ заттар адамның сыртқы бейнесі (немесе олардың бөлшегі) мен олардың белгілерін бейнелеуге колданатын нәрселер. Өзіндік элементтер мен олардың белгілері жалпы физикалық, анатомиялық және функционалдық болып бөлінеді. А. Адамның сыртқы бейнесінің жалпы физикалық және демографиялық емеиттеріне - оның жынысы, жасы, антропогендік типі жатады. Жалпы физикалық белгілер адамның анатомиялық, функционалдық және ілеспелі белгілерінен, адам денесінің жалпы кұрылыс белгілерінен, бет белгілерінен, киімінен және баска да белгілерден көрініс табады. Сондықтан да жалпы-физикалық элементтер мен оның белгілерін көбіне кешенді деп те атайды. Адамның жынысы, жасы, оның түріне сырттай қарау арқылы анықталады. Мысалы: 20-25 жас аралығында, өйткені адамның сыртқы бейнесі кейде нақты жасына сай келе бермейді. Антропологиялық типі - азиат, европа, монгол және т.б.типтес деп салыстыру арқылы анықталады. Б. Адамның анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін сипаттайтын белгілер анатомиялық (немесе статикалық) деп аталады. Белгілердің келесі тобының физиологиялық негізі адамның динамикалық стереотип қозғалысынан туындап, қатар жүретін шартты-рефлекторлы процестері бар белгілерді кұрайды. Бұл - әдеттегі, автоматтандырылған адам қозғалысы мен денесінің және оның жекеленген бөлшектерінің (жүрісі, дене бітімі,. қолын бұлғап сөйлеуі, бетін қимылдатып сөйлеуі) жай-күйі. Осы топқа кіретін белгілер функционалдық немесе динамикалық деп аталады. Ауызша суреттеу әдістемесінде адамның сыртқы бейне белгілерінің қалыпты юриациясы ғана емес, сондай-ақ патологиялық формалар да (анатомиялық және функционалдық аномалиялары) мәнді маңызға ие болады. Олар «ерекше белгілер» деп жеке топқа бөлінеді. Ерекше топты бірден кезге түсетін, яғни салыстырмалы түрде сирек кездесетін, көзге айқын түсетін, есте оңай сақталынып қалатын белгілер құрайды, Қосымша белгілер тобына адам киімдері мен басқа да ұстап жүретін сипаттағы заттар жатады. Бұл белгілер іздестіру шараларындағы тану әрекеттерін жүргізуге қолданылуы мүмкін. Ауызша суреттеу анатомиялық белгілерді олардың көлемімен, пішінімен, жай-күйімен қарастырады, ал кейбір жағдайларда түсін, санын және көзге көріну деңгейін (әжімдерді) көрсетеді. Адам денесінің пішіні оның денесінің басқа бөлшектерін көзбен шолып салыстыру жолымен анықталады. Мысалы: маңдай биіктігі мұрын жеке ауыз елшемдеріне қатысты, қолдың ұзындығы адам бойына қатысты анықталады. Ауызша суреттеу кезінде үш сатылы, бес сатылы және жеті сатылы градациялар қолданылады. Үш сатылы градация бойынша мандай өлшемдеріне байланысты - төмен, орташа, биік деп сипатталады. Егер де оған өте төмен және өте биік деген сипаттау мөлшерін қосатын болсақ, бес сатылы градация пайда болады. Ал, осыған тағы да екі мөлшерді: орташадан төмен және орташадан жоғары деп қоссақ, жеті сатылы градация деп аталады. Бір градацияларды қолдану мақсатына қарай жедел-іздестіру тәжірибесінде көбінде үш сатылы, ал сот сараптамасында бес және жеті сатылы градациялар пайдаланылады. Дененің сыртқы пішінін сипаттау үшін геометриялық фигуралар мен сызықтардың терминологиясы (үшбұрышты, сопақ, тік, шығыңқы, ирелеңкі және т.б.) қолданылады. Дене бөлшектерінің өзара орналасуы тік және көлденең жазықтыққа қатысты бекітіледі. Шашқа, көзге, бет-әлпетіне, дақтарына, тыртықтарына, татуировкаға және басқа да ерекше белгілеріне қатысты ғана түстері көрсетіледі. Бет-әлпеті екі түрлі көріністе сиапатталады: алдынан (бетпе-бет - фас) және жанынан (бір қырынан - профиль, ереже бойынша оң жағынан). Анатомиялық (статикалық) белгілерді: Адамның бойы қалыптасқан ереже бойынша үш деңгей шегімен анықталады: ер адамдар аласа (160 см.-ге дейінгі), орта (164-174 см.) және ұзын (174 см-ден жоғары) бойлы. Әйел адамдарына бұл деңгей мөлшері 5-10 см-ге кішірейтіледі. Жалпы дене бітімі бойынша адамдар мықты, орташа және әлсіз деп ажыратылады. Адам денесіндегі май қыртысының шырайлығы бойынша арық, орташа, толық, сонымен қатар, өте толық және өте арық деп бөлінеді. Басы. Адам басының көлемі жалпы дене бітімімен салыстыра отырып көрсетіледі, ал желкесінің формасы қырынан (тік, ішке кіріңкі және шығыңқы) бейнеленеді. Шашы. Оның қалыңдығы, формасы, маңдайының алдыңғы бөлігіндегі шаштың өсу бағыты, таз болу және ақ шаштардың таралу дәрежесі, шаштың ұзындығы, прическасы, шаштың қиылу түрі, шашты бояу белгілері бекітіледі. Ал мұрты, сақалы және бакенбардысына байланысты оның ұзындығы, түрі, тусі көрсетіледі. Бет-әлпеті. Алдынан қарағандағы жалпы формасы (дөңгеленіп келген, сопақша және т.о.), беттің қырынан қарағандағы жалпы пішіні (тік, (деңес) кіріңкі және шығыңқы), толықтық дәрежесі мен түсі сипатталады. Мандайы. Қырынан қарағандағы биіктігі, орналасуы (ішке қарай кіріңкі, тік, шығыңқы) және жалпы пішіні сипатталады. Қас имегінің алдыға қарай шығуы және мандай дөңестерінің болуы көрсетіледі. Бетпе-бет қарау жағынан мандайдың ені бекітіледі. Касы. Ұзындығы, ені, қалындығы, орналасуы (сыртқа немесе ішке қарай иілуі, көлденең), пішіні және өзара орналасуы бойынша бейнеленеді. Көзі. Өлшемі, формасы, көз қиығының орналасуы, көз алмасының шығыңқылық деңгейі және түсі сипатталады. Көз түстерінің әртүрлілігі, қылыйлығы, ақ дақтардың болуы, көз протезінің және басқа да ерекшеліктер көрсетіледі. Мұрны. Биіктігі мен ені, мұрын үстінің ұзындығы, кеңсірігінің тереңдігі, мұрынның шығыңқылығы, қырынан қарағандағы мұрын үстінің пішіні, алдыңғы жағынан мұрын үстінің ені мен формасы, қырынан мұрынның орналасу негізі, мұрын ұшы мен танауының орналасуы мен формасы сипатталады. Еріні. Оның қалыңдығы, сондай-ақ үстіңгі еріннің биіктігі мен шығыңқылығы бойынша сипатталады. Алдыңғы тістер болмаған жағдайларда еріннің тартылып тұруы байқалуы мүмкін. Ал тістері болған кезде үстіңгі еріннің көтеріңкі болуы немесе төменгі еріннің салбырап тұруы көрсетіледі. Ауызы. Алдынан қарағанда ауызының келемі мен бұрыштарының орналасуы (көлденең, көтеріңкі, түсіңкі) бейнеленеді. Тістері. Көлемі, формасы, орналасу ерекшелігі мен түсі бойынша көрсетіледі. Тістерінің болмауы, зақымданғаны, пломбылар мен протездердің болуы, олардың жасалған материалдарының түстері көрсетіліп бекітіледі. Иегі. Төменгі еріннің жиектерінен иектің ұзынына дейінгі арақашықтықтың биіктігі бойынша (жанынан қарағанда), ені бойынша (алдынан қарағанда), иектің жоғары, темен орналасуы бойынша сипатталады. Қрак. Жанынан қарағанда оның көлемі, формасы (сопақ, домалақ, тікбұрыш, үшбұрыш). Оның орналасуы (тік, жатыңқы), сондай-ак сырғалықтың қрақ түйіншігі және де құлак қалқанының басқа да бөлшектерінің ерекшеліктері көрсетіледі. Құлақтың анатомиялық ерекшелігінің әр түрлі болуы және тұрақтылығы оның үлкен ақпараттық және идентификациялық мәнін білдіреді. Әжімдер. Егер әжімдер қалыпты морфологиялық деңгейлерде (жасқа сәйкес) көрсетілсе, оның идентификациялық рөлі жоғары болмайды. Ал егер бұл әжімдер жас адамның бетінде көп кездессе немесе керісінше қарт адамның бетінде болмаса онда мұндай белгілер үлкен идентификациялық мәнге ие болады. Әжімдер өздерінің орналасуы бойынша мандайдағы, қасы арасындағы, самайдағы, құлақтың түйініндегі, ауыздағы, беттегі ерін мен мұрын арасындағы және мойындағы болып бөлінеді. Сипаттау кезінде олардың орналасуы, саны, көрініс деңгейі, формасы, бағыты көрсетіледі. Мойын. Биіктігі және жуандығы бойынша сипатталады; жүяқыншағы болса, оның көріну сипаты көрсетіледі. Иық. Ені бойынша және орналасуы бойынша сипатталады (төменге қарай тусіңкі, тік, көлденең, көтеріңкі, кейде бір иық екіншісінен темен болуы мүмкін). Кеуде. Ені бойынша, шығыңқылығы бойынша (төменге қарай түсіңкі, шығыңқы) және кеуде бұлшық-еттерінің көріну деңгейі бойынша (кеуденің толықтығы) сипатталады. Арқа. Арқа тік болуы мүмкін (жалпақ). Мойын, кеуде және бел жақтағы кішігірім бүктесінің болуымен және мойын омыртқасы аумағында қисаюдың болуымен (бүкір) сипатталады. Сонымен қатар, омыртқаның патологиялык қисаюы да ескеріледі. Аяқ-қолы. ¥зындығы мен жуандығы бойынша сипатталады. Қолдың басын сипаттау кезінде олардың ұзындығы мен ені, алақанының сыртқы бетінде түктердің болуы, саусақтардың ұзындығы мен жуандығы, жекелеген саусақтың немесе ондағы буындардың болмауы, саусақтың қисық болуы және бүгілмеуі, буындардың жуандығы, тырнақтардың формасы мен көлемі, кәсібіне байланысты қолдың ойылуы мен тыртық іздерінің болуы көрсетіледі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|