ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Талшық заттарды зерттеуТергеу тәжірибесінде табиғи талшық заттарды криминалистикалық тұрғыдан зерттеу кеңінен қолданылып жүр. Себебі олар күнделікті өмірде жиі кездеседі және қылмыстық істерді (кісі өлтіру, зорлау, көлік оқиғасы т.б.) ашуда маңызды рөл атқарады. Көрсетілген қылмыстарды ашу кезінде оқиға болған жерде қылмыскердің киімі мен жәбірленген адамның киімінің, не болмаса көліктің кейбір бөлшектері (қолғап, белбеу, бөтеңке бауы, ілгек, жіп, матаның қиығы) қалады. Аталған қылмыстарды ашуда криминалистикалық зерттеудің негізгі мақсаты әрбір жеке бөлшектердің бір затқа жататындығын анықтау. Мысалы, қолғаптың біреуі екіншісінің сыңары, белбеу күртешенікі, ілгек көйлектікі екендігін және т.б. Көптеген табиғи талшық заттарды қылмыскерлер заттай дәлелдемелерді жасыру мақсатында оларды орауға, буып-түюге пайдаланады, мысалы: қапшық, жіп, маталар т.б. Нақты айтқанда талшық заттар мен олардан жасалған бұйымдарды криминалистикалық зерттеудің мақсаты - белгілі бір тәсілдерді қолданып, талшық заттардың болған оқиғамен байланысын білу арқылы сол болған оқиғаның ақиқаттығын анықтау. Талшық және одан жасалған заттарды зерттеу арқылы мына төмендегі мәселелерді анықтауға болады: - жіптердің, маталардың, жіп бұйымдарының және басқа да заттардың тектік, топтық тегін анықтауға; - талшық зерттелетін заттың қай жерінде орналасқанын анықтауға; - тоқыма талшықтарымен былғанған киім іздері бойынша бір киім мен екінші киімнің байланысын анықтауға; - тоқыма талшық іздері мен басқа микроіздер бойынша киім мен кісі өлтіру құралының, не болмаса көлік белшектерімен арақатынасын анықтауға болады. Бұл мәселелерден басқа да мынандай жағдайларды да шешуге болады: талшықтың жалпы ортақ шығу тегін, дайындау тәсілдері мен киімінің немесе тоқыма бүйымдарының зақымдалу жағдайларын және себептерін. Талшық зерттеу мүмкіншіліктеріне байланысты тергеуші мынандай сұрақтарды анықтай алады: - зерттелетін заттың бетінде өзге заттардың қабатталуы орын алды ма, егер орын алса сезікті немесе жәбірленушінің киімінің талшықтары бір топқа жата ма; - зерттелетін киім талшығы қылмыскердікі ме, болмаса жәбірленушінікі ме, ол жерде кісі өлтіру және көлік қүралдарының іздері бар ма; - зерттелетін күлде киімнің және басқа талшық заттардың қалдығы бар ма, егер болса олар талшықтың қай түріне жатады және оны не үшін пайдаланады; - зерттелетін киімнің немесе талшық бұйымдарының бөлшектері бұрын бір бүтін болған ба; - талшық заттары қалай жасалған және қалай сақталған. Талшық заттарды зерттегенде тырнақ астында қалған талшықтарға аса қөңіл бөлінуі кажет. Бұл тырнақ астындағы талшықты зерттеу арқылы сезіктінің, не болмаса жәбірленушінің киімдерінің талшықтарымен сәйкестігін немесе өзгешелігін анықтауға болады. Талшық бөлшектері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізудің бүгінгі танда даму деңгейіне сәйкес, әртүрлі киімдерден көп мөлшерде табылған талшық бөлшектері мен талшық түрлерінің әрқайсысы қай киімге тән екендігін анықтау қиынға соғады. Мұның себептері: - біріншіден, киімнің бетінде баска жақтан жұққан талшықтардың болуы; - екіншіден, талшықтардың зерттелетін затқа жұққан уақытының белгісіздігі (оқиға болғанға дейін, оқиға болған сәтте, мүмкін оқиға болғаннан кейін); - үшіншіден, киімдер бір-біріне араласқанда олардың талшықтары бір киімнен екінші киімге түгелдей жұқпауынан. Талшық заттарына: талшық бұйымдары, техникалық талшықтар (жіптер, маталар, трикотаждар, киіздер және басқалар) жатады, олардың түрлері өте көп. Сондықтан, талшықтар және одан жасалған заттар бір үлгімен жіктеледі. Олар: ғылыми-техникалық, технологиялық, сауда-саттық және т.б. Табиғи талшық заттарды зерттеуде олардың оқиғаны шешуге көмектесетін өзіндік жіктеуі бар. Мысалы, табиғи талшық заттар әртүрлі кластарға бөлінеді: әрбір талшық олардың қосындысы, көлемі; жіптің әрбір кесіндісі, олардың қосындысы және көлемі; киімнің түрлері, тұтастай және олардың бөліктері. Бұл кластар әрі қарай түрге және топтарға бөлінеді. Мысалы, бір түсті талшықтар түрдің (қызыл, сары, көк т.б.) бірінші деңгейін кұрайды; түрі бір және бір түсті талшықтар (қызыл түсті мата, көк түсті т.б.) екінші деңгейді құрайды; ал бір түсті, түрі бір, бір технологиямен дайындалған талшықтар үшінші деңгейді құрайды. Талшық және талшық заттарының жіктелуін білу тергеушіге заттай әэлелдемелерді қалай алуға және сарапшыға дұрыс сұрақтар қоюға көмектеседі. Белгілі бір заңдылықты сақтай отырып тергеуші оқиға болған жерден төменде көрсетілген заттай дәлелдемелерді алады: - жәбірленуші адамның немесе мәйіттің киімдерін; - сезікті адамның оқиғаға қатысты барлық киімдерін. Киімдерді сараптамаға жіберуге дайындағанда келесідей шарт талаптары міндетті түрде сақталуы тиіс: жәбірленушінің киімдері сезікті адамның киімдерімен және басқа да заттармен араласпауы керек; әрбір зат (киім) жеке жылтыр қағазға, калькаға, целлофанға немесе полиэтилен пакетіне оралады; заттай дәлелдемелер калькамен, жылтыр қағазбен, целлофанмен не болмаса полиэтилен қабыршағымен жабылған үстелдің үстінде тексеріледі; заттарды тазалауға, жууға, шайқауға болмайды; тергеуші жәбірленушінің, сезіктінің немесе мәйіттің киімдерімен қатар, олардың тырнақтарын да алып талшық зерттеу сараптамасына жібереді, әрі қарай ол заттар сот-медициналық, сот-биологиялық сараптамаларына жіберіледі. Заттай дәлелдемелерді алу қиын болған жағдайларда тергеуші мамандарды шақырады. Заттай дәлелдемелерді алу және пайдалану барысында көптеген кемшіліктер кездесуде. Соның ішінде төмендегідей кемшіліктер жиі кездеседі: - тергеуші өзінің заттарды сарапшыға жіберу туралы қаулысында жоғарыда көрсетілген қағидаларды сақтамай жалпы сұрақтар кояды; - заттай дәлелдемелер ережеге сәйкес алынбайды және буып-түйілмейді; - заттай дәлелдемелерді сараптаманың қай түріне (талшық-зерттеу, трасологиялық, сот-медициналық, сот-биологиялық т.б.) бұрын жіберу кезектілігі сақталмайды; - заттардың бір-бірімен араласып кетпес үшін, оларды сарапшыға жеке буып-түйіп жіберу тәртібі сақталмайды; - көбінде жәбірленуші мен сезіктінің тырнақтары сараптамаға жіберілмейді; - кейде оқиғаның қалай, әрі қандай жағдайларда болғанына және оқиғаға байланысты қажетті басқа да мәліметтер сарапшыға жіберілмейді немесе олар хаттамада көрсетілмейді. Осы аталған мән-жайлар толық әрі белгіленген талаптарға сәйкес жіберілсе сарапшының зерттеуді дүрыс жүргізіп нәтижелі қорытынды жасауына себебін тигізеді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|