ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Баспахана өнімдерін зерттеуБаспа құралдарының көмегімен жасалған құжаттарды зерттеу. Кейінгі кезде баспа құралдары лазерлік, матрицалық, жылжымалы принтерлер. әртүрлі кассалық аппараттар және т.б. арқылы орындалған фкаттар саны бірден өсіп кетті.Осындай қүжаттарды зерттеу кезінде әртүрлі идентификациялық және идентификациялық емес сипаттағы сұрақтар туындауы мүмкін. Идентификациялык емес сұрақтарға - классификациялық, диагностикалық және ситуациялық сұрақтар жатады. Мысалы: нақты құжатты дайындау үшін қандай таңба басатын құралдың түрі қолданылған, осы құжатты дайындау үшін бір немесе бірнеше таңба басатын құралдардың сай келуі мүмкін бе, таңба басатын қңэддың қандай ерекшеліктері (ескірген немесе жаңа жабдықтар және т.б.) бар. Тергеуші зерттелетін қүжаттардан басқа материалдарды, яғни таңба басатын құралдардың таңба үлгілерін, жөндеулер, бөліктерін ауыстыру туралы және өзге де мәліметтерді жинауы қажет. Құжаттың жалғандығы туралы күдік туған жағдайда, құжат бланкілері техника-криминалистикалық зерттеуге жатады. Тергеу және сот тэжірибесінде ақша, акциздік маркілер, қызмет куәлігі және т.б. құжаттардың бланктерін қолдан (жалған) жасау әрекеттері кездеседі. Қылмыскерлер экономикалық реформа жүргізу кезінде қатаң есептегі бланктік құжаттарды қолдан жасай ş бастады. Сонымен қатар, күнделікті өмірде этикеткалар, ойын-сауық билеттері, жолжүру билеттері мен басқа да баспа өнімдерін қолдан жасау кездеседі. Бланктерді қолдан жасау - ксерокс, компьютер, принтер арқылы баспаханалық шрифт құралдарымен басу; қолдан жасалған жоғарғы баспа формасымен басу; фотомеханикалық жолмен жасалған жоғарғы баспамен басу (фотоцинкография); фотохимиялық өңдеу нәтижесінде алынған жазық баспа формасымен басу; суретін салу арқылы орындалады. Баспаханалық өндірісте мөрлердің келесі түрлері қолданады: бедерлі, жазық, терең және трафаретті, бедерлі мөрде басу элементтері баспайтын элементтерден жоғарырақ орналасқан, жазық формасында олар бір жазықтықта орналасады. Терең формада басушы элементтер әртүрлі тереңдікте болады және бояумен толтырылады, ал баспайтын элементтер жоғарырақ бір жазықтыққа орналысады. Бедерлі мер формасымен басылған таңбалар баспаханалық бояудың шрихтарында біркелкі орналасуымен және шығыңқы элементтерінің бедерлерімен сипатталады. Жазық мөртаңбаларындағы штрихтардың барлық беткі қабатында баспаха-налық бояу біркелкі жағылады, бастыру іздері болмайды, басушы элемент-тердің бейнесі нақты болады. Терең мөрлердің формасынан алынған таңбалар бояуының біркелкі жағыл-мауымен ерекшеленеді. Қылмыскерлер кейде бедерлі мөр әдісімен жалған бланкілерді жасау кезінде жарамсыз деп танылған, жиынтықсыз (комплектісіз) баспаханалық шрифтерді қолданады. Құжат жасаушының біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты жасалынған жалган бланктердің белгілеріне келесілер жатады: бедерлі мөр белгілерінің болуы, таңбаның түпнұсқа бланкке қолданылу шрифтіне сәйкес келмеуі, баспаханалык басу ерешелерінің сақталынбауы (әріптер, сөздер, жолдардың арақашықтығының біркелкі еместігі, жолдардың қисаюы); таңба-ның біркелкі боялмауы, орфографиялық қателіктердің, төңкерілген әріптердің болуы. Фотоцинкографтық қалып (клише) арқылы басылған жалган бланк белгілеріне: фотоға тұсіру кезінде масштабты сақтамау салдарынан таңбаның жалпы өлшемдерінің тұпнұсқа бланктің өлшеміне сәйкес келмеуі; штрих көлемінің әртүрлілігі; түпнұсқаны суретке түсіру кезінде майда штрихтардың анық түспеуі; штрих шеттерінің біркелкі болмауы, штрихтарда үзілістердің болуы және т.б. жатады. Жазық мөр формаларында басылған жалған блактерде келесідей белгілер: масштабтың сақталынбауы, ұсақ детальдардың бейнеленбеуі, түпнұсқа бланк штрихтарынан бұл штрихтардың жуанырақ болуы кездеседі. Бланктерді қолдан жасау көбейткіш-техника құралдарының көмегімен де жасалуы мүмкін (репрография). Бұл үшін электрографикалық аппаратар, кәсіби көшірме машинкалары (ксерокс және т.б.) баспаның трафаретті формалары, ЭВМ-ң принтірлері қолданылады. Электрография көмегімен алынған таңбаларда келесідей белгілер болады: штрих шеттерінің дәл болмауы; штрих жиегінде нүктелер мен шығыңқы жерлердің кездесуі; ашық учаскелерде ұсақ нүктелердің, дақтардың немесе штрихтардың болуы; штрихтардың кейбір белгілерінің болмауы және олардың біркелкі емес боялуы. Сараптамаға материалдарды жібергенде түпнұсқа бланктердің үлгілерін беру қажет. Үлгі бланктері зерттелетін бланк басылған баспаханада басылып, сондай формада және сол нөмірмен орындалуы тиіс. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|