ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Техникалық жалған қол қоюды зерттеуҚұжатқа зандық күш беретін қажетті реквизиттің бірі - қолтаңба болып табылады. Жалған қолтаңба жасау кезінде орындаушы ең алдымен жалған қойылып отырған қол мен тұпнұсқаның сыртқы белгілерін ұқсатып жасауға тырысады. Бұл әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда қолды қойған тұлғаның қолжазбасына және қойылған қолына ұқсату жолымен, ал кейде арнайы техникалық әдістер қолдану арқылы қолтаңбаның түпнұсқасына дәлме-дәл келтіріп, сол тұлғаның атынан орындалады. Осы екінші әдіс техникалық жалған қол қою деп аталады. Мұлдай жалған қол қоюдың келесідей түрлері бар: алдын-ала қарындашпен салып алып, оны кейін үстінен бастыру арқылы; қолтаңбаны үстінен басшру немесе терезеге қою жолымен көшіру қағазын қолданып бір қағаздан екінші қағазға түсіру арқылы; жоғарғы көшірмелік қасиетгегі бояғыш затгарды қолтаңба түпнұсқасынан жалған құлсатқа көшіру арқылы; компьютерлік әдістерді қолдану арқылы жалған қолтаңбалар жасалынады. Жалған қол қоюдың басқа да әдістері кездеседі. Көшіру қагазы арқылы жалған қол қоюдың техникалық белгілері: әріп элементгерінің тік немесе догал болып қисық түсуі, штрихтардың басталуы мен аяқталу элементтерінің қисық түсуі және жазу құралдары іздеріндегі себепсіз үзілістердің болуы; біріккен екі штрихтың болуы, алдын-ала дайындалған штрихтар, екіншісі - бастырып сызу нәтижесінде пайда болған штрихтар. Қолтаңбаны көшірме қағазын қолданып бастыру нәтижесінде, алғашқы штрихтар кұ-жат бетіне кешірме қағазының бояуымен боялып түседі, ал қойылған қолды көшірме қағазын қолданбай-ақ үстінен бастырып жазу кезінде жалған қрсатта түссіз бастырылған штрихтар пайда болады. Алдын-ала дайындалып бастырылып жазылған іздер және көшірме қағазының бояу штрихтарынан қалған іздер микроскопиялық зерттеу арқылы анықталады. Терезеге қою арқылы бастырып көшірілген жалған қолтаңбаны, орындаушы-ның жүргізген бояу қозғалыс белгілері арқылы, ал қаламсаппен бастырылып көшірілген жалған қолтаңба штрих бояуларының тегіс түспеу нәтижесінде пайда болған белгілері арқылы анықталады. Барлық жағдайларда көшірме қағазын пайдалану жолымен көшірілген жалған қолтаңбаның жазу белгілері, құжатгағы түпнүсқа белгілеріне сәйкес келмейді. Себебі бастыру кезінде қозғалыс іздерін дәлме-дәл, тура түсіру мүмкін емес.Қазіргі көшірмелі-көбейтпелі комьютерлік құралдардың көмегімен түпнұсқа қолға толық сәйкес келетін қолтаңбаларды алуға мүмкіндік береді. Мүлдай қолтаңбаларды зерттеу штрихтардың құрамын (бөліктерін), олардың микроқұ-рылымын және оларды қағазға түсіру әдістерін анықтаумен ерекшеленеді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|