ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жаттардың бастапқы мазмұнын өзгерту мен оларды қалпына келтірудің әдіс-тәсілдеріҚұжаттарды қолдан жасаудың барынша кең тараған түрлері: түпнұсқа құжаттың мазмұнын қырып өшіру, қосып жазу, химиялық реактивтер қолдану, құжаттың кейбір беттерін, құжаттағы фотосуреітерді ауыстыру жолдарымен өзгерістер енгізу. Тазарту дегеніміз — мәтінді өшіргішпен немесе өткір заттармен: лезвия, пышақ, скальпельмен қыру арқылы механикалық өшіру. Қырып өшіру нәтижесінде қағаздың беткі қабатының құрылымы өзгереді, бұзылады және қағаз бетінде тікірейген талшықтар пайда болады. Олар қиғаш тұсірілетін жарыктықта зерттеу кезінде мұқият бақылау жүргізу арқылы көзге көрінеді. Қағаз бетіндегі мәтінді қырып өшіру нәтижесінде қағаз жұқарады. Пайда болған мұндай белгілер құжаттарды өткірі жарықтықта қарау кезінде аныкталуы мүмкін. Қагаздың беткі қабатымен бірге, оның қорғаушы торы, ассюре, баспаханалық сызықтар мен бастапқы орындалған мәтіннің штрихтары жойылады немесе зақымданып бұлінеді. Бұл белгілер құжаттарды үлкейткіш әйнектер (лупа) немесе микроскоп арқылы қарағанда анықталады. Сонымен қатар, қорғаныш торы мен ассюренің зақымдалған сызықтарының үстінен қайта басып жазу іздері, қырып тазаланған жерлерде қайта орындалған жазбалардың микроқұрылымдарының өзгешелік белгілері, бастапқы мәтіннен қалған штрихтар байқалады, эсіресе, сапасы төмен қағаздарда сұйық бояғыштарды пайдалану арқылы жазбаларды орындау кезінде айрықша көзге көрінеді. Қырып тазартылған жазуларды оқу үшін физика-химиялық әдістер жиын-тығы қолданылады. Бұл әдістер нашар көрінетін штрихтарды, бастапқы мәтіннің люминесценциясын қалпына келтіреді. Штрихтарын қырып тазартқан жағдайда бастапқы жазылған мәтін өткінші жарықта қарау және фотосуретке тұсіру арқылы анықталуы мүмкін. Кейбір жағдайларда құжаттың бастапқы мәтінін бастырып жазудан қалған қағаздың кері жағындағы бедері бойынша немесе бастапқы мәтінді орындау кезінде астындағы параққа басылып түскен іздері арқылы оқуға болады. Бастырып жазу іздері қиғаш түсетін жарықта қарау арқылы анықталады. Өңдеу - бұл бастапқы жазбаларды (немесе оның бөліктерін) химиялық жолдармен өшіру, яғни штрихтарды түссіздендіру арқылы жою. Химиялық реактивтер қолдану арқылы өндеу фактісі қағаздың механикалық қасиетінің өзгеру белгілері бойынша анықталады. Химиялық заттармен өвделген қагаз жұқарып, жыртылғыш, әрі кедір-бұдырлы болып келеді. Қағаздың беткі қабатында майда жарықшалар (мелкие трещины) пайда болуы мүмкін. Қағаз бетінің оптикалық қасиеті: түсі, түрі, люминесценция сипаты өзгереді. Барлық жағдайда күмән туғызатын құжаттарды көрінбейтін ультра-күлгін және инфрақызыл сәулелерде қарап, зерттеу қажет. Ультракүлгін сэулелері әсерінен көптеген химиялық өңдеу кұралдары мен заттары люминесценцияланады. Қағаз бетінің әртүрлі люминесценциялану сипаты (қарқыны мен түсі) бойынша өңдеу әрекеті жүргізілгендігін көре аламыз. Кейбір жағдайларда ультракүлгін сэулелерінің әсерінен бастапқы мәтіндегі штрихтардың люминесценциялануы байқалады Егер зерттелетін құжатқа спектрдің көк-жасыл бөліктерімен әсер етсе, көрінбейтін инфрақызыл сәулелердің де аумағында люминесценция пайда болуы мүмкін. Бастапқы жазылған мәтіннің нашар көрінетін штрихтарын жарық фильтрлерді іріктеу, контрасты және түс айыру әдістерін қолдану жолымен қалпына келтіріледі. Өңдеу фактісі мен өнделген мәтіннің мазмұ.нын химиялық әдістермен де зерттеп: құжаттың беткі қабатының сипатын (қышқылды және сілтілі ортасын), өндеу үшін қолданылған заттың шығу тегін аныктауға, сонымен қатар, түссіздендірілген жазбаларды қалпына келтіруге болады. Бастапқы жазылган мәтінді өшіру мақсатында штрихтарды сумен, спиртпен және басқа да ерітінділермен жуу әдісі де колданылады. Бұл кезде құжаттьвд беткі қабатында жиегі түрлі-түсті дақ тәріздес булдырланған іздер қалады. Жуылған жазбаларды қалпьша келтіру әдістері жоғарыда көрсетілгевдей, өвдеу фактісін анықтау кезіндегі қолданылатын әдістер сияқты. Қосып жазу - қүжаттың мәтініне жаңа жазбаларды немесе жекеленген белгілерді, кейде жекеленген штрихтарды енгізу арқылы мәтіннің бастапқы мазмұны мен мағынасын өзгерту әдісі. Қосып жазу көбінесе құжаттың мәтіні жоқ бос жерлерде жазу материалдарының түсіне ұқсастырылып арнайы іріктеп алынып орындалады. Қосып жазуды анықтаудың екі түрлі белгілері бар: жазудың белгілері және материал штрихтарының физика-химиялық қасиеттерінің белгілері. Жазу белгілеріне - қосып жазылған жеке сөздер мен сөйлемдер жатады. Қосып жазылған үзінділер жазба белгілері бойынша құжаттың негізгі мәтінінен ерекшеленеді. Қосып жазу үзінділері бастапқы мәтінді жазған тұлғамен орындалған жағдайдың өзінде де қолжазудың көлемінде, бағытында, екпінді-лігінде, жол сызықтары формалары мен бағыттарында, сөз арасындағы интервалдар өлшемдерінде, үзіндінің негізгі мәтінге қатысты ерекше орналасуында да айырмашылыктары болады. Жазу материалдарының физика-химиялық қасиеттерінің әртүрлілігіне негізделген қосымша жазудың белгілері: штрихтардың бастыру дәрежесінің өзгешелігі, бұл қиғаш түсірілген жарықта, жоғарғы топ жиілігінде анықталады; өлшеуіш лупалардың, микроскоптардың, көмегімен штрихтардың жалпақты-ғының (енінің) өзгешелігі; штрихтардың микроқұ.рылымдарының ерекшелігі жазба материалдарының әртүрлігінен, жазба құ-ралдарының ерекшеліктерінен көрініс табады; жазба материалдар құрамын бейнелейтін белгілердің ерекше-ліктері: а) жазба материалдарының түсі мен түрі түс бөлгіш, жарықфильтр-лердің көмегімен түс ажырату, спектрофометрлер, лазерлік спектроскопия, әдістерімен анықталады; б) инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерін шағылыстыру және сіңіру қабілеттілігі; в) органикалық ерітінділер мен өнделген полимерлі пленкідегі штрихтардың және олардың баспасының люминесценциясы (адсорбционды-люминесцештік әдіс); г) штрихтардың көшірмелік қабілеттілігі анықталады. Олар жазу материачдарының құрамына немесе штрихтарды жазу уақытына негізделеді (кейінірек жазылған штрихтар жақсы кешіріледі, көшіру арнайы ерітінділермен өңцелген әртүрлі материалдарына жүргізіледі); қүрам бөлшектері мен қоспалары бойынша ерекшеліктері, олар: электрофорез, хроматография, талдау, лазерлі спектроскопия, микроспектрофотометрия, ультракүлгін және инфрақызыл аумағында, спектрофотометрияда қолданылатын кешенді әдістермен аныкталады. Егер салыстырылатын жазуларда штрихтардың қиылысу нүктесі болса, қосып жазуды аныктау мүмкіндігі артады. Бұл үшін микроскопияны, инфрақызыл люминесценциясының суретін, көшіру әдістерін қолданатын арнайы әдістеме құрылған. Сонымен қатар, жазбаларды орындаудьщ ескіру мерзіміне байланысты арнайы әдістемелер бар. Фотосуреттерді ауыстыру негізінен тұлғалардың жеке басын куәланды-ратын қүжаттарда орындалады. Бұл құжаттар баспаханалық мәтіні, қорғау торлары, типографиялық клише сызықтары бар арнайы бланктерде жасалынады. Қылмыскерлер жалған құжат жасау кезінде басқа құжаттағы фотосуретті немесе жаңа суретті, мөр таңбасы бар фотокарточканың үстіне бұрышы қиылған басқа фотосуретгі жабсырады. Барлық жағдайда фотосуретті жабсыру белгілері қалады: қайтадан жабыстырған фотосуреттегі мөрдің таңбасын салу; басқа құжатган алынған фотосуретті жабыстырғанда фотосуреттегі мөр баспасының құжаттағы бөлігіне сәйкес келмеуі; бастапқы жабыстырылған фотосуретті құжаттан алып тастағанда сызыктардың, қорғаушы тордың бұлінуі, фотосуретгің артқы жағында басқа құжат қағазының бөліктері мен талшықтарының, клейдің іздерінің болуы. Құжаттың бөліктерін ауыстыру бірнеше бөліктерден тұратын құжаттарда (төл қрсат, еңбек кітапшасы, қауіпсіздік техникасының инструкциясында, журналдарда, мәміле шарттарда) жүзеге асады. Беттерін ауыстыру белгілері: парақтардың нөмірленуін, серия және нөмірлерінің, былғану дәрежелігінің эртурлілігі, парақтардың көлемінің, олардың түстерінің сәйкес келмеуі, скрепкадан қалған артық тесу іздерінің болуы, парақтардьщ нөмірлерін қолдан салу, жабыстыру арқылы және басқа да өзгерту. Әртүрлі құжаттардың бөліктерін кү-растыру жолымен де жалған құжаттар жасалады. Ол эсіресе ескі, көне құжаттарды қолдан жасағанда қолданылады. Бұл айырмашылықтар қағаздарды, мәтін штрихтарын, құжаттың барлық бөліктерінде орындалған мәтіндегі қолжазбаны зерттегенде анықталады. Бастапқы мәтіні бар қағаздың беткі қабатын қиып оның орнына қажетті мәтіні бар-жаңа қағаз қабатын жабыстыру жолымен кейбір құжаттарда (кассалық чектер, лотерея билеттері т.б.) белгілеулер ауыстырылады. Бұл кезде клейдің іздері, қагаз бөліктерінің шекарасы, қорғаушы тор сызыктары сәйкес келмейді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|