ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Олжазба белгілерінің түсінігіӘрбір адамның жазба тіл дағдысын сипаттайтын белгілер жиынтығын екі топқа бөлеміз: 1. жазба тілінің белгілері; 2. жазба белгілері. Жазба тіл белгілері жазудың мағыналық жағын сипаттайтын тілдің бір түрі. Ал, жазба белгілері жазба тілінің қозғалып сызылу жағынан қарастырады. Жазба тілі - грамматикалық, лексикалық және стильдік жагынан сипаттайды. Егер де мәтін компьютер, жазу машинкасымен емес колмен орындалған болса, бұл белгілер қолжазба белгілерін толықтырады. Мәтін компьютер, жазу машинкасымен орындалса, оның авторы немесе орындаушысы анықталады. Грамматикалық белгілерге: сөздердің әріптік құрылым ерекшелігі, сөйлем құрастыру мен сөйлем белгілерін қою жатады. Лексикалық белгілер адамның тіл байлығындағы соз қорына байланысты зертгеледі. Стильдік жағынан зерттеген кезде сөйлемнің жүйелі, кезекті немесе орынсыз қолдануы, жергілікті немесе тандамалы сондай-ақ, жай немес күрделі, анықтаушы, салыстырмалы және пысықтаушы сөздерді қолдану және т.б. жағдайлары анықталады. Жазба тілінің мағыналық және қозғалыс жақтары бірге қарастырылады. Сауаттылыктың белгілері бір дэрежесіне қозғалыс координациясының белгілі бір дэрежесі сәйкес келеді және қолжазбаның мазмүны мен оны қолдану мақсаты қолжазба белгілеріне әсерін тигізеді. Осыған байланысты жазба тілді зерттеу идентафикацияға маңызы бар жазба белгілерін дүрыс анықтауға мүмкіндік береді. Қолтаңбалық зерттеуде қолжазу белгілері басты рөл аткарады. Қолжазбаны сипаттайтын қолжазу белгілері жалпы және жеке болып екі тұрге бөлінеді. Жалпы белгілеріне қолжазбадан көрініс тапқан жазба қозғалыс дағдысының жалпы қасиеттері туралы мәліметтер жатады. Бұл мәліметтер жалпы жазу қозғалыс жүйесінен көрінеді. Жеке белгілер - жазба козғалыс дағдысының жекеленген жақтарын, ерекшеліктерін сипаттап, жеке әріптерді немесе олардың тіркестерін орындау кезінде көрініс табады. Қолжазбаны қозгалыс жүйесі ретінде жалпы белгілер сипаттайды. Оларға төмендегідей белгілер жатады: 1. Қолжазбаның маңызды белгісіне қалыптасу дэрежесі жатады. Яғни, жазба техникасын меңгеру деңгейін аныктау. Осыған сәйкес қолжазудың қалыптасу деңгейін төмен, орташа және жоғары деп бөлеміз. Қолжазбаның қалыптасуы орындаушының мәтінді жылдам, үйлесімді және түракты қозғалыспен орындау қабілетінен түрады. Қолжазбаның қалыптасу деңгейі тек қана мәтінді орындаушы арқылы ғана төмеңцеуі мүмкін. Қолжазбаның жоғары деңгейде қалыптасуы үшін орындаушы ұзақ уақыт жаттығулар жасауы қажет. Осыған байланысты зерттеліп отьфған қрсаттағы қолжазу дәрежесі тексеріліп отырған адамның әдеттегі қалыптасқан жазуынан жоғары деңгейде болса, күдіктеніп отырған орындаушы бр мәтінді орындамады деген шешімге келуге болады. Қалыптасу деңгейі бірдей қолжазбаларды құрылысына байланысты ажыратамыз. Қолжазбаның жазба белгілері ресми жазбаға сәйкес болған жазу қарапайым болып саналады. Егер ресми жазуда ауытқулықтар болса, ал жазудың ауытқу сипатына сәйкес - күрделенген немесе қысқартылған болады. 2. Жазудың қисаюы - жазба белгісінің бойлық осі мен жол сызығының арақатынасы арқылы анықталады. Жазулар тік, оң және сол жаққа қарай қисайган болып белінеді. Жазудың қисаюы тұрақты белгілер қатарына I 3. Қолжазудың екпінділігі әріптерді орындау кезіндегі тік және көлденең жасалған қозғалыстың өзара қатынасын көрсетеді. Төмен екпінде жазылған j қолжазбадағы әріптердің ені, оның биіктігі тең немесе биіктігінің жартысына i тең. Жогары екпінде орындалған қолжазба әріптерінің ені биіктігінен жоғары • турде орындалады. Ал, өтпелі көрсеткіштерге ие қолжазбалар орташа екпінде орындалу болып табылады.
.
4. Қолжазбаның көлемі - әріптердің орташа биіктігіне қарай анықтапады.Ірі көлемде әріптердің орташа биіктігі - 4мм-ден жоғары, орташа - 4мм-ге дейін аралығында, ұсақ көлемде әріп биіктігі - 2мм-ге дейін. 5. Жазбаның жылдам шапшаңдықпен орындалгандығы жазу құралын қағаз бетінен алмастан, әріптерді, олардың тіркестерін және сөздерді үзбей жазуды көрсетеді (жазбаның жоғары байланыстылығы), әріпті конструкцияда Баяу жылдамдықта жазылған қолжазбадан жазу құралының қағаз бетінен жиі үзіліс алуын, сондай-ақ әріп конструкцияларының күрделілігін, штрихтардың басталуы мен аяқталу жақтарының доғалдануын байқаймыз. Жазба құралын қағаз бетінен үзбей орындалған әріптердің саны бойынша қолжазу темен, орташа, жоғары байланыстагы деп бөлінеді. Біріншісінде 3 әріпке дейін, екіншісінде 3-6 әріпке дейін, ал соңғысында 6 әріптен жоғары орындалады. Бұл белгі түрақты болып табылады, себебі жазба байланыстылық деңгейін ұзақ жаттығуларсыз көтеру мүмкін емес. 6. Әріптердің қағаз бетіне батып жазылуы жазба құралдарына салынған салмақ арқылы сипатталады. Қолжазбаның катты, орташа және элсіз басып жазу түрлері бар. Әріп штрихтарының ені тек басып жазумен ғана емес, сонымен қатар қағаздың сапасына, жазу құралының ерекшелігіне байланысты сипатталады. 7. Әріптердің, олардың тіркестерінің, сөздердің дұрыс орындалуынан көрініс табатын қозғалыстың кеңістікте тура орындалуы үйлесімділік болып табылады. Төмен үйлесімділікті келесілер көрсетеді: тік штрихтардың беліну салдарынан әріптердің ирелеңдеп түсуі, әріптің иілген жерінің бұрыштануы, жекеленген элементтердің бір-біріне сәйкес келмеуі, әріптің басталуы мен аяқталуы кезіндегі штрихтардың (дәлме-дэл) тура келмеуі. 8. Қолжазбаны орындау қозғалысының ку-рылысы, формасы, бағыты,созылуы, саны, кезектілігі, үзілмеулігі және үдетілуі жағынан қарастырылады. Қолжазбада жиі кездесетін қозғалыс формасы - тіксызыкты-бұрышты, Жеке белгілерді 4 топқа бөліп жіктеуге болады: 1. жазу белгілері мен олардың элементтерін орындау кезіндегі қозғалыс багытгарының ерекшеліктері; Мысалы, суреттерде "д" эрпінің орындау шіндегі қозғалыс бағыты көрсетілген. 40-суретге "д" әріпінің дөңгелек элементі сол жақтая төмен қарай бағытталып оң жақтан жоғары карай көтеріледі, содан кейін оң жаққа және темен қарай бағытталады, 40-1-суретте "д" әріпінің дөңгелек элемент сол жақтан оң жакка қарай жоғары бағытталып, содан кейін төмен қарай бағытталады. олардың элементтерінің байланысу ерекшеліктері; суреттерде әріптер мен әріп элементтерінің байланысу ерекшеліктері көрсетілген. Мысалы, 40-2-суретте "ф" әріпі элементтерінің үздіксіз орындалуы, 40-3, 40-4-суреттерде "ж" және "т" әріптері элементтерінің бөлек жазылуы көрсетілген, 40-5, 40-6-суретге "б-е"; "ы-р"; "у-р" және "т-р"; "б-у"әріптерінің үздіксіз жазьшу көрсетілген. 2. жазу белгілері мен олардың элементтерінің өлшемі, кисаюы бойынша өзара қатыстылығының ерекшеліктері. Мысалы, 40-7-суретге "н" әріпінің оң жағыньщ вертикалды элементі сол жақ элементінен кішірек екендігі және "а" әріпінің соңғы элементі жазу жолыньщ ортаңғы бөлігінде орналасқандығы көрсетілген. 3. жазу белгілері штрихтарының басталуы мен аякталу нүктелерініц орналасуы және оларды орындау әдістері. Мысалы, суреттерде "р" әріпінщ әртүрлі жазылу түрлері көрсетілген. 40-8-суретте "р" әріпінің вертикалды Жеке белгілердің идентификациялық маңыздылығы мен мәнділігі, олардьщ басқа адамдар орындаған қолжазбаларында кездесу жиілігіне байланысты. Жеке белгілердің кездесу жиілігі төмендеген сайын, орындаушыны анықтау кезіндегі қолданылатын белгінің маңыздылығы соғүрлым жоғарылайды.Қолжазбаны зерттеу орындаушының әлеуметтік-демографиялық сипатыш байланысты жорамалдау мақсатында (жынысы, жасы, кэсібі), сонымен қатар олардың психикалық жай-күйін анықтау (ауруга жалдығуы мен көңіл-күйініц бұзылуы) және идентификациялау мақсатында жүргізіледі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|