ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Com баллистикасының түсінігімен мақсатыСот баллистикасы криминалистикалық техника бөліміне жатады. Баллистика (гр. сөз. «balle» - «лақтырамын») - оқ және бытыраның қозғалысы мен жылдамдығын зерттейтін ғылым. Баллистика сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі баллистика қару оқданындағы оқтың қозғалысы. Сыртқы баллистика кеңістіктегі оқтың қозғалысы. Сот баллистикасының теориялық және әдістемелік мәселелері В.Х. Черваков, С.Д. Кустанович, Ю.М. Кубицков, Б.Н. Ермоленко, А.П. Вакуловский, B.C. Axa-нов, Ю.Г. Корухов, Б.И. Шевченко, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Көптеген авторлар сот баллистикасын зерттеу объектісі ретінде қарастырған.В.Ф. Черваков сот баллистикасын қылмыстық-техниканың көлемді бөлімі ретінде қарастыра отырып, атыс қару-жарақтарын, оқ-дәріні, гильзаларды, оқты және оқ-дәрі жабдықтарын материалдық құрамы жағынан, сондай-ақ, әртүрлі заттар мен киімдерден табылған порохтар мен өзге де іздерді, атыс қаруларын криминалистика және сот-медицина тарапынан зерттеу қажеттілігін көрсетті. А.П. Вакуловский сот баллистикасын криминалистикалық техниканың бір саласына жатқызып, қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылатын атыс қаруларын, оқ-дәрі жабдықтары мен олардың іздерін табу, бекіту, алу және зертеу әдіс-тәсілдерін оқытатын ілім деп көрсеткен. Б.И. Шевченко сот баллистикасы анықтамасын сот баллистикалық зерттеу арқылы шешілетін мәселелермен толықтырады. Ол, сот баллистикасын криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарастыра отырып, атыс қаруларын, ату кезінде пайда болған құбылыстарды, қылмыскерлер қолданған қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің қай топқа жататындығын анықтау және идентификациялау мақсатында ату іздерін зерттеу қажеттілігін, сондай-ақ атылған және оқ-дәрі жабдықтары арқылы зақым келтірудің техникалық жағдайын анықтау қажеттілігін көрсеткен. ¥зақ жылдар бойы жинакталған тәжірибелік материалдарға байланысты сот баллистикасының теориялық мәселелерін зерттеу қажеттілігі туындады. Атап айтқанда: оқгың атыпу заңдылықгары, қылмыс жасау мақсатында қолданылған қару-жарактар мен оны колдану нәтижесінде пайда болған соттық дәлелдемелер. Осы заңдьшықтарды түбегейлі танып (зерттеп) білу, атыс қаруларын пайдалану арқылы заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу мәселелерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сот баллистикасы өзінің жеке теориялық негіздерінің қалыптасуына байланысты криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарасты-рылады. Оның мазмұнына ату заңдылықтары мен қару-жарақтың тигізетін әсерін зерттеу және осылардың негізінде атыс қаруларының, оқ-дәрі жабдық-тарының ату кезінде пайда болған іздері мен құбылыстарын табу, бекіту, алу және зерттеу кезінде қолданылатын ғылыми-техникалық әдіс-тәсілдер мен құрал-жабдықтарды өндеп шығару жатады. Сот баллистикасының ғылыми негізін диалектикалық материализмнің жалпы әдістемесі мен гылыми-техникалық білім салаларының ғылыми ережелері құрайды. Атап айтқанда, оларға: атыс қарулары мен оның оқ-дәрінің қүрылысын, оқтың бөгетке тигізетін әсерін; қару оқпанындағы ату кезіндегі пайда болган құбылыстарды және оқтың оқпаннан шыққаннан кейінгі козғалысын зерттейтін эскери-техникалық ғылым салалары жатады. Б.И. Ермоленко өз тарапынан сот баллистикасына қатысты келесідей: «оқ және гильзамен байланысқа түсетін қару-жарақ бөлшектерінің өзіндік бедері, қару-жарақ бөлшектері бедерлерінің тұрақтылығы (идентификациялық кезең); оқ-дәрі мен гильзада пайда болған іздердің механизмі; оқ және гильзадағы іздерде қару-жарақ бөліктері белгілерін бейнеленуіне әртүрлі факторлардың әсер етуі; сот баллистикасы объектілеріндегі іздерді бекіту жөнінде ғылыми мәліметгер; сарапшы қорытындысын шығару кезінде объектілердің әртүрлі қасиеттері мен белгілерін бағалаудың тәртіптері туралы» ілімдерді көрсетгі. Ғылыми зерттеудің әдістемесін дәстүрлі зерттеу әдістері қүрайды: бақылау, өлшеу, эксперимент, салыстыру, бейнелеу және т.б.. Сонымен қатар, сот баллистикалық зерттеудің арнайы әдістемесі - оқтар мен гильзалардағы іздерді микро- және макрофотографиялық әдістермен бекіту, экспериментальды оқтар мен гильзаларды ачу әдісі, шашыраған бытыра бойынша ату арақашықтығы экспериментальды түрде анықтау әдістемесі; ату қару-жарағының жағдайын анықтаудың әдістемесі және т.б. Сот баллистикалық зерттеулер екі түрлі процесуалдық нысанда жүргізіледі: 1. тергеуші (кейбір жағдайларда маманның қатыстырылуымен) жүргізілетін тергеу әрекеті ретінде - оқиға болған жерді қарау, атыс қару-жарағын, оқ-дәрі жабдықтарын, ату іздерін қарау, атыс қару-жарағы немесе оқ-дәрі жабдықтарымен тергеу экспериментін жүргізу; 2. зерттеуді сот баллистикалық сараптама нысанында жүргізу. Тергеу әрекеттері мен баллистикалық сараптама шеңберінде жүргізілетін баллистикалық зерттеулер қылмыстың объективтік және субъективтік жағынан тұратын жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Осы жағдайларды екі топқа бөліп қарастыруға болады: идентификациялық; идентификациялық емес. Идентификациялық мәселелерге: оқиға болған жерден табылған немесе мәйіттен алынған оқтар сезіктіден алынған қару-жарақтан атылған ба? Оқиға болған жерден табылған оқ (гильза) пен ашылмаған қылмыстар бойынша алынган оқ (гильза) бір қару-жарақтан атылған ба? Оқиға болган жерден және мәйіттен алынған бытыра (картечь) мен сезіктіден алынған бытыра (картечь) бір металдан жасалынған ба немесе бір қоспаны құрай ма? Оқиға болған жерден табылған тығын мен сезіктіден алынған тығын бір материалдан жасалынған ба? Қолдан жасалынған қару-жарақ сезіктіден алынған құрал-жабдықтар мен материалдардан жасалынған ба? Идентификациялық емес мәселелерге (классификациялық, диагностикалық, ситуациялық): қылмыстың жасалу уақыты мен орны, қылмыс жасау кезінде қандай ату құралы қолданылған, атудың арақашықтығы мен бағыты, атқан адамның және жәбірленуші мен басқа да оқиғаға қатысушылардың орналасу жағдайы, қылмыскердің ниеті, оқтың ұшу бағыты, атылған оқтың саны мен кезектілігі, қарудың жарамдылығы, өздігінен атылып кету мүмкіндігі туралы мәселелерді, сондай-ақ қаруды, оқ-дәрі жабдықтарын жасау әдісін, қандай материалдар қолданғандығы, қарумен атылған-атылмағандығы, калибр жүйесінің қандай да бір бөлшегі ауыстырылған ба, жоқ па, ауыстырылса қандай түрімен ауыстырылды, сезікті жейдесінің қалтасында металл іздерінің бар-жоқтығын және т.б. анықтау жатады. Сот баллистикалық зерттеу объектісі болып негізінен ату және атылу мүмкіндігімен байланысты заттай дәлелдемелер табылады. Зерттеу объектілері келесідей топтарға бөлінеді: 1. атыс қарулары; 2. оқ-дәрі жабдықтары (патрондар), шикі заттары, материалдары, қару-жарақ пен оқ-дәріні дайындау кезінде қолданылған құралдар; 3. ату кұралдарын қолдану іздері 4.. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|