Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Криминалистикалық колжазбатанудың түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері




Жазу тілі адамның жазу барысында пайда болатын криминалистикалык зерттеу объектісінің кеңінен таралған түрлерінің бірі.

Қолжазбаны зерттеу Криминалистикалық техника бөлімінің маңызды әрі дәстүрлі саласының біріне жатады. Қолжазбатанудың ғылыми негіздері А.И. Винберг, С.И. Тихенко, Л.Е. Ароцкер, В.Ф. Орлова, P.M. Ланцман, А.И. Ман-Цветова және басқа да кеңес ғалым-криминалистердің еңбектерінде зертте-лінген. Ғалым-криминалистердің арасынан қолжазбатану теориясын қалыптас-тырған қазақстандық ғалымдарды да көрсете аламыз: В.А. Хван, Н.А. Джан-гельдин, А.М. Агушевич, Т.Т. Культелеева, Л. Шегебаева, А.С. Калимова және т.б.

Қолжазбаны криминалистикалық зерттеу объектісіне жазба мен қолжаз-баның жекеленген және тұрақты белгілері көрініс табатын кең көлемді колжаз-балар (хат, күнделік және т.б.), сонымен қатар, қолтаңба, қолмен орындалған сандық немесе символдық белгілер жатады.

Қолжазуларды зерттеу барысында қарастырылатын мәселелер екі топқа бөлінеді:

Осы сұрақтар қылмыстық және азаматтық істерді қарастыру кезінде шешіледі.

Идентификациялық мәселелерді шешу кезінде мынандай сұрақтар анықталады: Қолжазуды немесе қолтаңбаны орындаған кім? Орындаған осы тұлға ма әлде басқа ма? Егер тергеу барысында орындаушы тұлға анықталынбаса, бірнеше құжаттағы қолтаңба немесе қолжазулар бір адаммен әлде бірнеше адаммен орындалған ба?

Идентификациялық емес мәселелерге: Жазу, кол қою сол колымен не он қолымен орындалған ба? Жазу, қол қою осы адам үшін қолайсыз жағдайда орындалған ба? Бұл адам өз жазуын эдейі өзгерткен бе? Жазу, қол қою осы адамның қолжазуына ұқсастырылып жазылған ба?

Осындай зерттеулер арқылы қолжазба мәтінін орындаудың қажетті шарт-тары қатысты орындаушының жазу барысындағы жағдайы, жазуды өзгергу тәсілдері, орындаушының жынысын аныктау және т.б. сұрактар шешіледі.

ХХ-ғасырдың екінші жартысында қолжазбаны орындаушының психофи-зиологиялық, мінездемелік, кэсіптік, біліми, интеллектуалдық және басқа да қасиетгерін аныктауда теориялық және тәжірибелік зерттеулер қарқынды түрде жүргізіледі. Қолжазуды криминалистикалық зерттеудің теориялық негіздерін -криминалистикалык идентификация теориясының, адамның жоғарғы жүйке қызмет жүйесінің психофизиологиялық, лингвистикалық және педагогикалық мәліметтері, сонымен қатар математикалық, кибернетикалық және басқа да бірқатар ғылымдардың ұғымдық, әдістемелік, техникалық ақпараттары құрайды.

Жазу процесі - саналы, ерікті түрде жасалған әрекет, бірақ кең түрде автоматты реттеліп, ұзақ уақыт жаттығу нәтижесінде қалыптасады. Қозғалыс туралы ой саналы түрде меңгерілмейді.

Жазу процесі әдетте тез, автоматты түрде жасалынып жатқан қозғалыстар болғандықтан, оларды жоспарлау орындаушы тарапынан еленбей жүзеге асырылады.

Қолжазбаны орындаушының жүйелі түрде жаттыгуы қолжазу дағдысының тұрақты қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Жазба дағдысының турлеріне:

1. техникалық дағды (орындаушының жазу құралын ұстауы, қағаз бетінің орналасу жағдайы, жазу барысында адамның отыру қалпы);

2. графикалық дағдылар (жазба белгілері және олардың байланыстіркестері);

3. жазба тіл дағдылары (сөздегі әріптердің орналасу құрамын анықтау, сөздік қор құрамын сөз байлығы сөйлемінің қажетті түрлерін қолдану жатады.

Қолжазбаның жекелігі мен тұрақтылык белгісіне байланысты графикалық және техникалық қалыптасқан дағдылардың маңызы зор. Қолжазу - қолжазбадан көрініс табатын эр орындаушы адамға тән және оның жазба қозғалыс дагдысына негізделген қолжазудың қозғалысы мен тәсілдерінің жұйесі. Қолжазуда қолданылатын қозғалыс жүйе элементтері катаң түрде жаттыққан, үйлесімді жүйе. Қолжазудың тұрақтылыгы мен жекелігі сарапшының алдына қойған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қолжазудың тұрақтылығы И.П. Павловтың динамикалық стереотип ілімін зерттеу нәтижесінде аныкталған. Оны кейіннен Н.А. Бернштейн, П.К. Анохин және т.б.-да кеңестік ғалымдар зерттеп дамытқан. Динамикалық стереотип дегеніміз, қозғалыстың тиімді режимді іздестіруді қамтамасыз ететін және ұқсас жағдайларда қозғалыстың қайталануын қамтамасыз ететін шартты-рефлексті байланыс жүйесі. Динамикалық стереотип туралы ілім -идентификациялау үшін маңызы бар қолжазудың өзіндік қасиетін, ягни қолжазудың салыстырмалы түрақтылығын керсетеді. Қолжазудың алғашкы қалыптасу кезеңінде оның тұрақсыздыгына байланысты идентификациялау мәселесі қиынға түседі.Қалыптасқан қолжазу тұрақтылық қасиетке ие болып, идентификация процесін жеңілдетеді. Адам қартайған кезде қолжазу келесідей өзгеріске ұшырайды: координация төмендейді, қозғалыс баяулайды, көбінде әріптерді қысқартып жазады.

Орындаушының жазу кезінде жаңа үйреншікті емес жағдайлар пайда болса, жазу өзгеріске ұшырап жаңа жағдайға бейімделеді.

Өзгеріске ушырау себептері:

1. Үйреншікті емес, қалыптан тыс жағдайда қолжазбаның орындалуы (орындаушының тұру немес отырыс кейіпі үйреншікті емес жағдайда болуы, сондай-ақ жазба материалдары, жазба құрал-жабдықтары);

2. Сүйек бұлшық ет қызметі мен жүйке жүйесінің бұзылуы (кол жарақаты, көз ауруы, жүйке және т.б. аурулар);

3. Орындаушының әдеттен тыс психикалық және физиологиялық жағдайы (жүйке қозуы, мае болуы және т.б.);

4. Мақсатты түрде қолжазуды қасақана өзгерту (өзінің қолжазуын әдейі өзгертіп жазуы, басқа біреудің жазуына ұқсатып жазу).Қолжазбаны эдеттен тыс жағдайларда орындау кезінде қолжазу қозғалысында темен координация белгілері пайда болады: крлжазбаның иреленуі және тіке штрихтардың бөлінуі, әріптің иіліп келетін жерлерінің бұрыштануы, әріп өлшемінің қисаюының және орналасуының біркелкі еместігі.

Қолжазбаны орындаушының қозғалыс координациясының бұзылуы идентификациялауға кедергі келтірмейді, себебі идентификацияға қажетті белгілер сақталынады. Дегенімен кей жағдайларда (адамның жарақат алуы, психикалык-жүйке ауруына шалдығуы және т.б.) қолжазбаның түпкілікті өзгеріске ұшырауы салдарынан идентификация жасауға мүмкіндік бермейді.

Әріп белгілерінің жүйелі түрде өзгеріп отыруы крлжазбаның әртүрлі вариантта орындалуын көрсетеді. Мысалы: ресми құжат толтырудағы қолжазу, күнделікті дәріс жазғандағы немесе басқа да жазулар. Жазу варианттылығын ескеру салыстырмалы зерттеуді дұрыс жүргізуде ерекше орын алады.

Салыстырмалы тұрақтылық белгісімен қатар қолжазбаны идентификациялау үшін оте маңызды белгілерінің біріне оның жекелігі жатады.

Қолжазу дағдысының қалыптасуына әртүрлі факторлар өз әсерін тигізеді. Бұл оның психикасы, анатомиялық құрылысы, физиологиясы, мектепте және үйде жазуды үйрету шарттары мен әдістемесінің әртүрлі болуы, кейінгі жағдайлар, эсіресе мамандығы, кэсібі. Қолжазудың кейіннен жекеленіп дағдылануына келесідей факторлар әсер етеді: қолжазу кезінде жұмыс істеу мен оқу барысындағы қалыпты жағдайдың болуы. орындалатын құжаттардың сипатына және тағы басқа жағдайларға байланысты.

Сонымен, ғалым-қолжазбатанушылар өз зерттеулерінде қолжазбаға тән зандылықтарды анықтады:

1. әрбір адамның қолжазбасы жекеленген;

2. ол салыстырмалы тұрақты;

3. әрбір қолжазбаның вариациялығы болады.

Бұл әр адамның қолжазуының қалыптасуындағы өзіндік, қайталанбайтын ерекше жеке белгілер жиынтығынан тұрады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных