ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сот баллистика объектілерінің сипаттамасыI. Атылатын қару-жарақ құралы төмендегідей әртүрлі негіздер бойынша топтастырылады: 1. Атыс-қарулары қолдануына байланысты: Жауынгерлік - нақты күшпен соғыс техникасын жою үшін пайдаланатын қару жарақ; Окулык - қару-жарақтың 50. құрылысын білу үшін және ешқандай ату әрекеттерін жүргізбестен, қалай ату қажеттігін оқып үйренуге арналған; Спорттық -арнайы жарыс спорттарында колданылатын ату кұралы; Аңшылық - аң-құс аулау үшін қолданылатын кәсіптік және эуестік қару жарақ құралдары. 2. Ату кезінде қаруды ұстау мен басқаруәдісі бойынша:. тапанша; - револьвер; - винтовка; - карадин-. автомат;. тапанша-пулемет; - мылтық болып бөлінеді. 3 • Автоматтану дәрежесі боиынша: - автоматтандырылмаған; -жартылай автоматғандырылған; - автоматтандырылған.
4.Оқты ату сипаты бойынша: - бірақ рет атылатын қару құралы; - аралас - АКМ (Калашниковтың модерленілген автоматы), ППС (Стечкиннің тапанша-пулеметі), ABC(Симоновтың автоматты винтовкасы) қару-жарагы; - үзіліссіз - РПД З.Оқпан саны бойынша және ұзындыгына байланысты: жалғыз оқпанды; - қос оқпанды; - көп оқпанды; - ұзын оқпанды (мылтық, карабин, винтовка); -орташа (автоматтар); -кысқа оқпанды (тапанша, револьверлер); б.Калибрі бойынша: иір оқпанды: кіші калибрі (6,5мм-ге дейін); орта калибрі (6,5мм-ден 9мм-ге 52. Т.Оқпанның ішкі кұрылысыньщ құрастырылу ерекшелігі бойынша: - иір оқпанды винтовка; - тегіс оқпанды. В.Дайындау тәсіліне байланысты: - өндірістік (зауыттық, фирмалық және т.б.); қолдан жасалған: толығымен жасалган; зауыттан шыққан қарулардың бөлшегін қолдана отырып құрастырылып жасалған; зауыттан шыққан қаруды өзгертіп жасаған немесе арнайы құралдар мен жабдықтарды өзгерте отырып жасалынған (құрылыс-монтажды тапаншалар, газ тапаншалары); - атиптік (қалыптан тыс). Әртүрлі үлгідегі қару-жарақтың түрін ажырату үшін оның жүйесі, құрылыьы және моделі қолданылады. Атыс құралының жүйесі - атыс құралының жеке құрылысы, ол көбіне конструктордың аты-жөнімен немесе кэсіп орынның атымен байланыстыры-лады. Моделі - өндірістік Кәсіпорын өнімдері конструкцияның нақты өзгеруіне байланысты ерекшеленеді. Кейбір түрлері 19-20 суреттерде көрсетілген. Атыс қаруларынан снарядтар мен гильзаларда әртүрлі іздер қалады. Оқтағы іздер қаруды оқтау мен ату нәтижесінде пайда болады. Оқтау кезінде пайда болған іздердің идентификациялық маңызы болмағандықтан, олар жарамсыз болып табылады. Ату кезінде оқпанның ішіндегі октың ойық жиектерімен байланысқа түсуі арқылы оның сыртқы қабатында шұңқыр-сызық іздер пайда болады. Осы іздерді қолдана отырып идентификация жүргізіледі. Тегіс оқпанды қарулардың бытыраларында (картечьтерінде) көбіне елеусіз іздер қалады, сондықтан да қару идентификациялауға жатпайды. Қару жүйесінің барлық түрлерінен ату кезінде гильзаларда іздер қалады. Ал автоматты және жартылай автоматты қарулардан ату кезінде гильзаларды лақтырудан іздер қалады. Оқтау кезінде гильза түбінін жоғарғы жагында магазин аузынан шығудың сызықты іздері және гильза корпусында патронник жиегінің іздері калады. Ал ату кезінде соққыш пен патронник құрылысынан гильзаның капсюлі мен түбінде шұ-ңқырланған іздер қалады. Гилзаны лақтыру кезінде қарудың қайтарғыш (отражатель) пен лақтырғыш бөліктерінен гильзаның корпусында, қалпағында, шеңберлі ойығында шұңқырланған және сызықты іздер қалады.Осы гильзамен оқтағы іздер жекеленген және тұрақты болғандықтан, олар идентификация үшін маңызды. Криминалистикалық тэжірибеде зауытта өндірілгенмен қатар, қолөнерлік және қолдан жасалған атыс қаруларының әртүрлі түрлері кездеседі. Мысалы, сыртқы көрінісі жағынан атыс қаруына үқсағанымен де, олар атыс қаруына жатпайды. Сондай-ақ, керісінше, сыртқы көрінісі басқа заттар мен бұйымдар сияқты болса да олар атыс қаруы тобына жатады (автоқалам, қолшатыр және т.б.). Осындай заттарды атыс қаруына жатқызудың криминалистикалық белгілері (критерийлері) эскери-техникалық критерийлерден ерекшеленеді. Жалпы белгісі - белгілі бір мақсатта қолдануға арналуымен қатар, атыс қаруына жатқызу үшін арнайы белгілері де болуы керек. Олар: снарядтың лақтырылуы үшін жарылғыш заттар газының энергиясын қолдану; снарядтың қозғалысын бағыттайтын оқпанның болуы; оқ-дәрінің (зарядтың) от алуы үшін арнайы құрылғының болуы; конструкцияның жеткілікті беріктілігі және қауіпсіздігі; снарядтың жеткілікті әсерінің болуы. Затты ату құралы қатарына жатқызу үшін соңғы белгісі сандық мағынаға ие болу керек. Криминалистикада осы белгілерді бағалау критерийлері эскери-техникалық талаптарға қарағанда көрсеткіштері өте аз болады. Қару-жарақтың конструкциясы атыстың бірнеше рет болуын қамтамасыз етуі керек. Снарядтың зақымдау әсерін (қирату күшін) бағалаудың ғылыми критериі 0,05 кгм/мм 2 тең минимальды меншікті кинетикалық энергия болып табылады. Бұл көрсеткіш әртүрлі калибрлі снарядтардың 1,1 - 3,0 кгс.м бастапқы кинетикалық энергиясына сәйкес келеді (қирату күшінің әскери-техникалық критерий! 8 КГС.М құрайды).
II. Барлық оқ-дәрі жабдыктарын келесідей топтарға бөліп көрсетуге болады: Сот баллистикалық зерттеудің келесі объектілеріне оқ-дәрі жабдықтары жатады. Оқ-дәрі жабдықтары бірнеше қүрама бөліктерден тұратын күрделі тұсінікті көрсетеді. Оқ-дәрі жабдықтары ұғымы патрон ұғымына тепе-тең. Қолданылатын оқ-дәрі жабдықтарының мынандай түрлерін көрсетуге болады: әскери, аңшылық, спорттық, оқытуға арналған. Патрон - деп әдетте, гильза арқылы бір бүтінді құрайтын оқты (бытыра, картечь), порохты, капсюльді айтамыз. Патрон жабдықтарының қалған барлық элементтерін гильза құрайтын (біріктіретін) болғандықтан мұндай патрондар унитарлы деп аталады; Патрондарды төмендегідей бірқатар топқа бөлуге болады: 1. конструкциясы бойынша: -унитарлы - барлық элементтері гильза арқылы біріктірілген; -унитарлы емес - оқ гильзага орнықтырылмайды, оқпан рғысына орналастырылады; -гильзасыз патрондар - автоматтандырылган 2. қолданатын қару-жарак окпан унғысынын сипатына байланысты: -иір оқпанды; -тегіс оқпанды; -аралас оқпанды болып белінеді. 3. қару-жарақты крлдану орны (максаты) бойынша: -жауынгерлік; спорттық; -аңшылық қару-жарақ, (аң аулау мақсатында қолданылады); 4. қодданылатын қарудын түрі бойынша: -тапаншалық; -револьверлік; -аралас; -винтовкалық; -мылтыққа арналған. 5. дайындап шыгару әдісі бойынша: -зауыттық; қолдан жасалған; -қайтадан жасалған. 6. қолданылған қару-жарақтын сипатына байланысты: -штаттық; -патронды алмастырушы; 7. калибрі бойынша: -кіші калибрлі (6,5 мм дейін); орташа калибрлі (6,5 мм-ден 9 мм-ге дейін); -ipi Порох - түтінді (қара), аз түтінді (механикалық араласқан түтінді және тутінсіз), түтінсіз болып келеді, Түтінсіз порохтар кең тараған, олар пішіні мен тұсі бойынша ерекшеленеді. Капсюль - оқ-дәрінің тұтандырғышы. Снаряд - дегеніміз оқ-дәрі (патронның) лақтырғыш элементі, оған: бытыра немесе картечь, оқтар жатады, Бытыра мен картечь зауытта немесе қолдан жасалуы мүмкін. Өндірісте бытыраның үш тобы (ОМ, ОТ, СТ) және аңшылық картечі (КО) кең түрде шығарылады. Бытыра диаметрі өлшеміне байланысты (1,5-теи 5,0 мм-ге дейін) нөмір бойынша ерекшеленеді (11-ден 1-ге дейін). Картечьтін нөмері болмайды, ол тек қана диаметрі арқылы ерекшеленеді (5,25-тен 10,ОС мм-ге дейін) бытыра мен картечь зауытта қорғасыннан жасалады. Зауыта жасалған бытыра шар тәрізді болып келеді, оның беті тегіс және жылтыраи тұруы мүмкін. Қолдан жасалған бытыра немесе картечь - қорғасыннан, шегеден, темірден және басқа да қолда бар материалдардан жасалынуы мүмкін, Қолдан жасалған бытыра мен картечь форма жағынан әртүрлі болып келеді. Оқтар келесідей түрде бөлініп топтастырылады: калибрі бойынша (кіші, орташа, ipi); құрылысы бойынша (қабықты, қабықсыз, жартылай қабықты); басқа бөлігінің формасы бойынша (үшкір қырлы, дөңгеленген, доғал, баси үшкір емес, бас бөлігі тегіс ұлшы). Сонымен қатар, сауыт бұлар (бронебойная), сауыт бұзар-өртегіш, өртегіш, жарылғыш түріне топтастырылады. Әдеттегі оқтар - олардың болаттан жасалған өзегі болады, бұл өзекгі қорғасын жабылғысы қаптан тұрады, ал қорғасын жабылғысы болатпеи қапталады. Тығын - қолдан немесе зауытта жасалынуы мүмкін. Зауыттан шығарылатын тығындар киізден жасалынады. Кейінгі кездерде патронға тығынның орнына ішіне бытыра немесе картечь салынған полиэтилендік контейнерлер қодданылады. Ал қолдан жасалған тығындар
Гильзалар - аңшы мылтығына арналған гильзалар: металдан, картоннан немесе қағаздан, пластмассадан жасалған гильзалардың төменгі жағы міндетті түрде метал мен қапталады. Бұл гильзалардың формасы цилиндрлі болып 54. келеді. Автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған қарулардың гильзалары тек қана металдан жасалады, ол пішіні жағынан: цилиңдрлі, шөлмекті, конусты болады. Гильза курылысынын негізгі бөлшектері - қалыптан (корпус), түпкі қалпақшадан (донышка гильзы), қалпақшаның жиегінен (фланец), капсюль ұяшығынан (түпкі қалпақшаның ортасындағы) тұрады. Гильзалардың түпкі қалпақшаларында - шығарылған зауыттың белгісі, калибрі, шығарған жылы және т.б. белгі-лер көрсетілуі мүмкін. III. Сот-баллистикалық зерттеу объек-тілеріне бөгетте калган ату іздерін де жаткызып. оларды екі топка беліп жік-теугеболады: - атудан қалған негізгі іздер; - атудан қалған қосымша іздер. - Атудын негізгі іздеріне - снарядтан (оқган, бытырадан, картечьтен) пайда болған зақымдар жатады. Снарядтың энергиясына, бөгеттің қаттылығына және қалындығына, олардың кездесу бұрышына байланысты зақымдар өтетін және өтпейтін болып бөлінеді. Өтетін зақымдар снарядтың кедергі-ден өту нәтижесінен пайда болады. Олар тесіп өтетін және өтпейтін болып келеді. Өтпейтін зақымдар снаряд бөгетке енбеген жағдайларда пайда болады. Оларга үлкен емес шұқырлар, жанама зақымдар (снаряд объектінің тек шетін немесе беткі қабатымен өтеді), тайып кету іздері (рикошет, снарядтың бөгет бетімен жанасып үпіу бағьггын өзгертуі). Рикошеттің бөгет бетіндегі ізі тырналып (бороздка түрін-де) ең жіңішке және үзын жағы оқтың ұшып шығу жағына қарай бағытталады. Атудың косымша іздеріне - атумен қатар жүретін құбылыстың әрекеттері нәтижесінде пайда болатын іздер. Жақын арақашықтықтан ату кезінде пайда болатын қосымща іздер жақыннан ату іздері деп аталады. Қосымша іздердің пайда болуында порохтық газдардың, оқпан ауызының жалынының, порохтың өртенбеген түйірлері, капсюльдік құрамның ыдыраған бөлшектерінің, майлау бөлшектерінің және басқа да заттардың атқаратын рөлі үлкен. Атумен қатар жүретін қүбылыстардың нәтижесінде келесідей іздер пайда болады: • түйісу белбеуі (поясок обтирания) оқтың кіретін жері жиектерінің ластануы, ол күйеден, металл белшектерінен, майдан тұрады. Түйісу белбеуі ату арақашықтығына байланыссыз пайда болады. Шыны, керамика, кафель,пластмасса және басқа да үгілетін бөгеттерде түйісу белбеуі байқалынбайды, өйткені мұндай бөгет бөлшектері оқпен түйісу кезінде бұзылып ұшады, оны жұмсақ заттар, маталардың бетінен кере аламыз. • майлану қыртыстары (шөгінділер): оқпанның майлауымен байланысты, онда тапаншадан майлар 150 см-ге дейін ү.шады. Бірінші атыстан кейін майдың болмауы да мүмкін; • күйе қыртыстары кіретін саңылаудың жан-жағында орналасып, жақыннан ату нәтижесінде пайда болады. Мысалы: «Макаров» тапаншаларының жүйесінде 40 см-ге дейін). Егерде бөгет 0,5-тен 5 см-ге дейін арақашықтықтағы бірнеше қабаттардан тұрса, ату қашықтығы 1000 м болса да күйенің екінші қабатта пайда болуын көре аламыз. Бірінші қабатта күйе іздері болмайды; • бөгетте порох түйірлерінің қыртыстануы мен енуі. Бұл белгі жақыннан ату нәтижесінде пайда болады; • күйіп қалу - бұл жылулық жагынан жалынның бөгетке әсер етуі. Ол өте жақыннан және нысанаға тақап атудан пайда болады; • бөгетгің ішінара қирауы порохтық газдардың әсерінен болады және нысанаға тақап және өте жақыннан атудан байқалады; • қару-жарақ бөлшектерінің іздері. Адамға тақап атудан денесінде, маталарда оқпан ұңғысының іздері пайда болады - штанцмарка. Атқан кезде пайда болған зақымданудың формасы, елшемі және солардың кіру және шығу іздерінің және де каналдардың ерекшеліктері зерттеледі.Кіру саңылауы сыртқы келбеті жағынан домалақ, оқтың бойлық кескініне дейін болады. Бірақ көбінесе бұл зақым домалақ, ал жиектері оқтың козғалу бағытына қарай шеңберленіп келеді. Оқ бөгетпен соғылу нәтижесінде бөгеттің бөлшектерін ұшырып түсіреді, «минус материал» атты құбылыс пайда болады. Егер бөгет осал болса радиалды және концентрлік сызықгарды байқауға болады. Кіру саңылауынын бірден-бір белгісі болып жан-жағында күңгірт түсті жиектің - түйісу белбеуі болып табылады. Шығу саңылауы эдетте қисық пішінді болып кіру саңылауынан бірнеше ece үлкенірек болады. Оның шеттері оқтың ұшу бағытымен бағытталады. Саңылаудың жанында бөгет болуы мүмкін. Ату жарақатының каналы барлық жерінде бір диаметрлі немесе шығу саңылауына қарай бара-бара ұлкеуі мүмкін. Бөгеттегі талшықты материалдардың талшықтары снарядтың қозғалысына қарай бағытгалады. Ату жарақаты құргақ ағашта эдетте домалақ пішінді, ал дымқыл ағашта -сопақша немесе саңылау тәрізді болып келеді, Дымқыл ағаштағы саңылау оқган гөрі кішірек болып келеді. Шығу саңылауы әдетге дұрыс емес пішінді болып, талшықтары оқтың қозғалысына қарай бағыггалады және де бұл ағаштың жаңқалары да байқалады. Шыныда болатын ату жарақатының пішіні ок калибрінің диаметрінен үлкенірек болады. Қозғалыс барысында шыны үгітіліп сынықтарға айналады. Егер атыс жақыннан болса, онда шыны порохтық газдың күшімен ұшырылып кетеді. Оқ өткен шыныда иреленген радиалды және концентрлік саңылаулар байқалады, Баяу жылдамдықтағы снарядтан пайда болған саңылау снаряд диаметрінен кішірек, ал радиалды саңылаулар тік сызықты болады. Трикотажды материалдардағы зақымдар әдетте домалақ пішінді болады, ал басқа материалдарда жіпшелер негізі мен арқауы тік бұрышта қиылысса, сақылау төртбұрышты болады. Матаның шыныдан айырмашылығы, матада тұйісу белбеуі байқалынады және жіпшелері оқтың қозғалыс бағыты бойында орналасады. Егер мата оқпен емес шегемен тесілсе, онда «минус материал» құбылысы болмайды. Оқ арқылы тесілген металдың жиектерін тегістеу кезінде «минус материал» қубылысы көрінеді. Жиектері оқтың қозғалыс бағытына қарай бүгіледі, ал саңылау оқтың өлшеміне қарай сәйкес келеді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|