ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттерімен түрлеріҚұжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу дегеніміз -кылмыстық және азаматтық істер бойынша заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттарды зерттеу кезінде туындайтын мәселелерді шешу мақсатында жаратылыстану және басқа да техникалық ғылым салаларынан алынған теориялық ережелер мен арнайы әдістерді жүйелендіру негізінде қалыптасқан криминалистикалық техниканың жеке бір саласы. Қүжаттарды техника-криминалистикалық зерттеуге жататын мәселелер шеңбері, зерттеу кезінде қодцанылатын әдістер сиякты кең ауқымды және көптүрлі. Құжаттарды техника-криминалистикалык зерттеудің жалпы мәселелері идентификациялық және идентификациялык емес деп екі топқа бөлінеді. Оларға мыналар жатады: • құжаттар бір әдіспен жасалған ба (немесе реквизиттері); • құжаттағы мөр таңбалары осы мөрмен басылған ба; • құжаттағы жазбалар осы қаламмен жазылған ба; • құжат мәтіні осы жазу машинкасында басылған ба; • құжаттың бланкісі осы клише көмегімен орындалынған ба; • құжаттың бланкісі осы станокта басылған ба; • құжаттың бланкісін дайындауда осы бояулар қолданылған ба; * кужатың бланкісін дайындау үшін қағаз қолданылган ба; • құжаттың бланкісін дайындау үшін материалдар қолданылған ба және т.б. • Идентификациялық емес: • құжат мәтінінде қавдай да бір өзгерістер бар ма, бар болса қандай, қандай әдіспен жасалған және құжаттың бастапқы мазмұны қандай болған; • құжат немесе оның реквизитгері қандай әдіспен жасапған; • құжатай уақытта жасалған және де оның реквизиттері қандай кезектілікте жасалған; • құжат қандай техникалық құрал-жабдықтар мен материалдардың көмегімен дайындалған; • мөрдің таңбасы қандай әдіспен салынған; • өшіп қалған, түссіздендірілген және қан жұққан жазбалардың мазмүлы қандай; • жанған, жыртылған құжаттардың мазмұны қандай; • жалған қүжатты жасау үшін қолданылған материалдар қайда және қандай аяда қолданылады және т.б. Техника-криминалнстикалық зерттеудің тікелей объектілеріне төменде-гілер жатады: реквизиттер, құжат материалдары және техникалық қдоалдар. 1. Құжаттардың реквизитгері, оларға: мәтіндер. жазба мәтіндері, қолтаңба және басқа да таңба түрлері; баспа түріндегі таңбалар (мөр, жазу машинкасының және мөртаңба, телеграфтық, кассалық және басқа да белгілерді басатын аппараттар мен құрылғылар); фотосуретгер, маркілер, бланкілер жатады. 2. Құжаттарды немесе оның жекеленген реквизиттерін жасау үшін қолданылатын техникалық құралдар: жазу құралдары (шарикті қаламның стержені, қарындаштар, фломастерлер), компьютерлер, принтерлер, сканерлер, ризографтар, клишелер, мөр және мөртаңбалар, баспаханалық техникаға жататын жазу құрылғылары: баспа машинкалары және басқа да белгілерді басатын күрылғылар (кассалық, телеграфтық және т.б.); қағаз тескіштер, 3. Құжат материалдарына келесідей қолжазба материалдары жатады: сия, тушь, шарикті қаламның пасталары, бояулар, қарындаш графиті, электрографикалық тонерлер; құжаттар жасайтын қағаз, картон; қосымша қолданылатын қажетті материалдар клей, қорғағыш қабаттар, түптеуге қажетті (леде рин тәріздес) материалдар, өндеу, түзету үшін пайдаланылатын (сұйықтықтар, «штрих» тәріздес), құралдар; уландырғыш заттар күнделікті үй-тұрмысында қолданылатын химиялық заттар, фармацевтік препараттар және т.б.Жоғарыда аталган тікелей объектілерге қатысты қүжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің жеке әдістемесі қалыптасқан. Олар, құжаттарға сот-техникалық сараптамаларын жүргізу кезінде қолданылады. Қүжаттарды техника-криминалистикалық зерттеудің жекеленген әдіс-тәсілдерін тергеуші құжаттарға тергеу қарауын жүргізген кезде қолдануы мүмкін. Қылмыскерлер әртүрлі әдіс-тәсілдермен жалған күжаттар жасаулары мүмкін. Жалған жасаудың техникалық әдістері негізінен екі топқа бөлінеді: толық және жартылай. Жартылай жалған жасау қылмыскердің қолындағы түпнұсқа құжатқа өзгерістер енгізуден тұрады. Жартылай жалған жасаудың әдістеріне: тазарту, уландыру, жуу, қосып жазу, қосып басу, фотосуреттерді және кағаз беттерін ауыстыру. Құжаттарды толық жалған жасау келесідей нүсқаларда жүргізіледі. Қылмыскер мөр басылған және мекеме штампы койылған құ-жаттың таза бланкісін тауып, оған тек мәтін енгізіп, басқарушының қолтаңбаларын жалған қояды. Басқа нұсқасы, қылмыскер таза бланк тауып, оған жалған мер және қолтаңба қойып, сәйкес мәтін енгізеді. Соңғы бір нұсқасы, қылмыскер құ_жат бланкін қолдан дайындап, құжатқа қажетті қалған реквизиттерді енгізеді. Құжаттарды техникалық жалған жасаудан қорғау үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер қарастырылған. Құжатгардың жалпы жүйесі бойынша қатаң тіркеудегі құжаттарды бөліп қарауға болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|