Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жаттардың бастапқы мәтінін қалпына келтіру




Көрінбейтін және нашар көрінетін мәтіндерді анықтау. Құжаттағы мәтін қасақана жою нәтижесінде (өндеу, жуу, қырып өшіру), сондай-ақ табиғи

себептерге (қолайсыз жағдайларда құжатгарды сақтау нәтижесінде мәтін штрихтарының еңінің кетуі, уақыттың өтуіне байланысты штрихтардың өшіп жойылуы т.б.) байланысты көрінбеуі мүмкін. Осындай құжаттарды зерттегенде құжат қағазы мен штрихтар арасында түсі бойынша айырмашылық (контраст) болса түс бөлу және ажырату әдістері, қарама-қайшылықты күшейту тәсілі қолданылады.

Көрінбейтін мәтінді инфрақызыл және көрінетін люминесценцияны қоздырту жолымен, сондай-ақ штрихтардың көрінбейтін оптикалық қасиеттері арқылы инфрақызыл және ультракүлгін сәулелерінде суретке түсіруде көрініс табу жолымен анықталады. Сызылған, бояу төгілген және бояу жағылған жазуларды анықтау. Мү.ндай құжаттарды зерттеу әдістемесі штрих заттарының физика-химиялық қасиеттерінің әртүрлілігін және штрих бедерін анықтауға негізделген. Айқындалып отырған мәтін штрихтарының түсі мен кедергінің түсі әртүрлі болса, құжатты зерттегенде дақ түсіне сәйкес келетін түсті жарықфильтр қолданылады. Сонымен қатар, түсажыратқыш және контрасты күшейту әдістерімен фотоға түсіріледі, диффузды-көшірме әдісі де қолданылады.

Кедергі заты инфрақызыл сәулелерін сіңірмеген жағдайда, ал анықталатын жазу оларды сіңіретін затпен орындалса, онда қүжаттағы көрінбейтін жазуларды анықтау үшін электронды оптикалық құралдар немесе инфрақызыл сэулелерде фотоға түсіру әдісін қолдануға болады.

Штрих заттарының және кедергінің көшірілу мүмкіндігі (қабілеттілігі) әртүрлі болса, көрінбейтін мәтін бірнеше ылғалдандырып көшіру әдісі немесе басқа да лабораториялық әдістерді қолдану арқылы анықталады.

Жанған құжаттардағы мәтіндерді қалпына келтіру. Жанған қүжаттардың мәтінін қалпына келтіру мүмкіндігі жоғары температураның әсеріне ү.шыраған қағаз бен штрихтардың жағдайымен анықталады. Егер қағаз бірнеше ұсақ бөлшектерге бөлінсе мәтінді қалпына келтіру мүмкін емес, ал егер оттегі аз мөлшерде болғанда жанса парақтың тек сыртқы, шеткі жағына жақын жерлері бұлінеді. Қағаздың қалған бөлігі кеуіп, күйіп көмірлене бастайды. Күйген құжатқа ұқыптылықпен қараған жағдайда ғана, ондағы жазылған мәтінді анықтауға мүмкін болады. Бұл кезде суретке түсірудің арнайы әдістері қолданылады, атап айтқанда шағылысқан ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерінде түсіру, люминесценция көрінісін зерттеу, сонымен қатар, химиялық әдістер қолданылады.

Жыртылған құжаттардағы мәтіндерді қалпына келтіру осы құжаттардың барлық немесе бірнеше бөліктері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қүжат бөліктері жақсылап толық қаралып, қағаздың түсіне, штрихтарға, қағаз шетінің сипатына, ондағы бүктеулердің бар-жоқтыгына және басқа да ерекшеліктердің болуына байланысты топтарға бөлініп іріктелінеді. Бөліктерден бір бүтін қағаз құрау үшін қағаз бөліктері шыныға орналастырылады. Алдымен сырттары (шеттері) тегіс рамкалары жиналады, содан кейін қағаз бөліктерінде жалпы бөліп тұратын сызықтар болған жағдайда қағаздың ішкі бөліктері жиналады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных