Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мөр және мөр таңбаларын зерттеу




Жалған мөр және мөртаңбаларын жасау әдіс-тәсілдері мен оларды анықтау әдістері. Бұл жалғандық әртүрлі әдістер қолдану арқылы жасалады. Соның ішінде қолданатын ең қарапайым әдіс - жалған құжатқа таңбаның бейнесін (суретін) тікелей салу. Ол келесідей бірнеше белгілер арқылы анықталады: алдын-ала дайындық белгілері (қарындаш штрихтары, таңба бейнесінің жекеленген детальдарын салу), белгілі бір жазу

немесе сызу құралдарын қолдану (қарындаштың, циркульдің басу іздері) салынған шрифт (бірдей әріптердің конфигурациясының әртүрлілігі (сәйкес келмеуі), белгілер көлемінің, олардың өзара қашықтығының бірдей болмауы штрихтарда (қолданылған жазу немесе сызу құралдарына байланысты) бояудың жайылуы.

Сондай-ақ, жалған таңбалар суреті қағазға салынған клише қолдану жолымен орындалады.

Мұндай клишеден жасалған жалған таңбалар құжаттың қажетті жеріне штрихтарды ылғалдандырып көшіру нәтижесінде жүзеге асырылады. Клише­ден түскен таңба бейнесі - біркелкі емес, нашар көрінетін штрихтармен және құжаттың жекелеген жерлерінде бояудың жайылып түсуінен көрініс табады. Сонымен қатар, құжаттағы таңба түскен қағаз бөлігі басқа бөліктерден ерекшеленіп тұрады, әсіресе ультракүлгін сәулелерімен зерттеу кезінде люминесценция сипатымен ерекшеленеді. Тэжірибесі жоқ орындаушылар таңбаны бір құжаттан екінші құжатқа тікелей көшіреді, мұндай жағдайда таңба бейнесі теріс көрініс береді. Ал тәжірибелі адамдар ылғалдандырып кешіру әдісімен таңбаны алдымен "тегіс клишеге" түсіріп алып, содан соң құжатқа көшіреді.

Аралық (жалпақ жазық) клише ретінде әдетте ылғалданған фотоқағаздар, пленкілер немесе жақсы көшіру кабілеттілігі бар басқа да материалдар (піскен жұмыртқаның белогы және т.б.) қолданылады.

Мұндай әдіспен жасалған жалған таңбалар келесідей белгілері: штрихтағы бояулардың біркелкі түспеуі, бояу түсінің нашар түсуі, бояудың жайылып түсу белгілерінің болуы, штрихтарды крлымен салу немесе бастырып түсіру белгілерінің болуы арқылы анықталады. Түсу белгілерінің болуы, штрихтарды қолымен салу немесе бастырып түсіру белгілерінің болуы арқылы анықталады.

Ультракүлгін сәулелерімен зерттеп қарау барысында "тегіс клишемен" қатынаста болған қағаз бөлігінде люминесценцияның күшейтілген түрі байқалады. Мөртаңбаны жалған құжатқа көшіру кезінде көшірме қағазының көмегімен түсіру, үстінен бастырып жазу, терезе жарығына қойып түсіру әдістері қолданылады.

Клишенің өзін қолдан жасаудың да бірнеше әдістері бар. Бедерлі клише -ағаштыа линолеумді, теріні және басқа да иілгіш (майысқақ), созылғыш материадды ойып немесе баспаханалық әріптерді жинақгау арқылы жасалады. Бұл таңба мәтіндерінен теріс түскен әріптер мен грамматикалық қателер де кездеседі.

Қолдан қиып жасалған клише ойықтары келесідей белгілермен сипатталады: нақты геометриялық формалардың қатаң түрде болмауы, белгілердің ара қашықтығының біркелкі болмауы, сөздердің, жолдардың, дөңгеленген элемент белгілердің дұррыс емес формада болуы, дөңгеленіп қиылған штрихтердің іздерімен және әртүрлі көлемдегі штрихтермен сипатталады. Мәтінде бр ойықтардың жеке белгілері кездеседі. Нақты айтқанда сэулеленген бейнедегі геометриялық қателіктер кездеседі. Ойықты қарау кезінде клишенің жалғандығы баспаханалық шрифтың жиынтығы арқылы анықталады. Яғни, баспаханалық әріпті теру ережелерінің бұзылуын табу арқылы анықталады (әртүрлі шрифтердің колданылуы, жол сызықтарының тегіс болмауы, грамматикалық және т.б. қателіктер). Сонымен қатар, штрихтердегі бояулардың біркелкі бөлінбеуі.

Мөрлерді идентификациялау. Құжаттағы мөртаңбаларды зерттеу кезінде ол осы мекеменің мөрімен басылды ма, әлде сезіктіден алынған немесе қандай да бір басқа мөрмен басылған ба, соны аныктау қажеттігі туындайды.

Мұндай зерттеу жүргізу үшін тексеріліп отырған мөртаңбаны зерттеліп отырған құжаттағы мөртаңбамен салыстырып қарау керек. Салыстырмалы зерттеуде қолданылатын мөртаңба үлгілері болуы қажет. Үлгілер зерттеліп отырған қрсаттың қағазындай қағазға және қатты ақ қағазға мөртаңбаларды 10-12 per әртүрлі дэрежеде басу жолымен алынады. Мер және мөртаңбаны идентификациялау салыстырмалы зерттеу жолымен олардың жалпы және жеке белгілерінің сәйкестігі мен ерекшелігін анықтай огарып жүргізіледі.

Мөрдің жалпы белгілеріне: оның формасы. көлемі, мөрдегі мәтіннің орналасуы мен мазму_ны, елтаңбаның, эмблеманың, шрифтің көлемі мен суреті жатады. Мерді жасау мен қолдануга байланьтсты кейбір: ұсақ деталь формалары, бір-біріне қатысты жеке элементтердің орналасуы, штрихтарды қосу бұрышының көлемі, ерекшеліктерін, жеке әріптер мен белгілердін және т.б. қисаюы мен өзгеру ерекшеліктерін жеке белгілерге жатқызамыз.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных