Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жат материалдарын зерттеу




Құжат материалдары (қағаз, картон, сия, туш, қарындаш, баспаханалық бояу т.б.) көп құрамды қосындылардан тұрады. Олар құжаттарға сот-техникалық сараптама жүргізу барысының барлық кезендерінде зерттелінеді. Құжаттың бастапқы мазмұнының өзгеруін анықтау, көрінбейтін және нашар көрінетін жазуларды анықтау, сонымен қатар, штрих заттары мен жалған кұжаттар жасағанда құжат кағазының бояуын идентификациялау мақсатында да зерттеледі.

Құжат материалдарын криминалистикалық зерттеу күрделі әрі көп сатылы процесс. Құжаттардың материалдары идентификациялық белгілерді көрсететін талдау әдістерінің көмегімен зерттеледі. Ол рецептура ерекшелігіне және накты материалдар мен құжаттарды өндіру, сақтау және пайдалану шарттарымен байланысты. Әдісті таңдау зерттелетін материалдардың ерекшелігіне, көлеміне, қасиетіне байланысты. Құжаттарды сот-техникалық сараптау кезінде материал­дарды, жеке заттарды талдау үшін технологияның, материалды зерттеудің, химияның сәйкес салаларында қолданылатын әдіс-тәсілдердің арнайьі модификациясы қолданылады.

Құжат материалдарын зерттеу сараптамасының жалпы мәселелеріне төменгілерді:

- материалдардың немесе одан жасалған өнімдердің түрлерін;

- материалды немесе өнімді тұтыну мақсатын;

- материалды немесе өнімдерді өндіру, сақтау және пайдалануына байланысты шығу тегін;

- материалдың жекеленіп бөлінген көлемін идентификациялауды;

- материалдың жасау уақытын анықтау жатады.

Қағаз - құжаттың негізгі зерттеу материалы болып табылады. Зерттеу барысында жыртылған қағаз қиындыларының бір бүтінге жататындығын, белгілі бір құжат немесе бланкілерді дайындау кезінде колданылған қағаздың тобын (класын), түрін; әртүрлі сезіктіден алынған өнімдердің бір жерден, шығарылғандығын, қағазды жасау уақытын анықтау мәселелері шешіледі.

Қағазды зерттегенде, оның физика-химиялық қасиеті (оның қалындығы; салмағы, түсі, ішкі және сыртқы бет қабатының қүрылымы), жапсыру түрі мен l дэрежесі, қағаздан жасалатын өнімді сипаттайтын белгілер анықталады. Әртүрлі жерден шыққан бір түрге жататын қағазды ажырататын жеке әдістеме түрлері бар.

Құжатты жасау кезінде колданылатын жазу құралдары да әртүрлі болады, соңдай-ақ ол күрделі құрамнан тұрады. Соңғы жылдары жалған құжат дайындау барысында бұрын қолданылмаған келесідей бояулар пайда болды: полимерлі қарындаштар, түрлі-түсті борлар, әртүрлі тонерлер.Жазу материалдарының құрамын зерттеу кезінде химиялық және физикалық әдістердің арнайы модификациялары пайдалынады. Олар сәйкес материалтану және химия салаларында криминалистикалық зерттеудің ерекшеліктерін ескере отырып қолданылады. Мамандар өңдеп шығарған әдістеме көмегімен қарастырып отырған материал топтарының санын азайтуға, ал кейбір жағдайда осы заттардың жеке бір көлемін көрсетуге болады.

Бұл жоғары сезімтал әдістері: микроспектрофотометрлік, лазерлік талдау, хроматографиялық, көрінетін және ультракүлгін, ультрақызыл, спектрофометрия арқылы жүзеге асырылады.

Әсіресе жазу материалдарының микро құрылымының ажырату әдістерін жетілдіруде сот-техникалық сараптамасының жетістігі мол. Кеңінен тараған жазба материалдарын және (паста, сия, көшірме қағазына, жазу машинкасының лентасына арналған бояу және штемпельдік бояу) олардың штрих бояуларын зерттейтін арнайы әдістемелер бар.Осы материалдар жөніндегі мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығында жиі қолдану нәтижесінде кұжат материалдарын техника-криминалистикалық зерттеу мүмкіндіктері артуда.


VII тарау

ЗАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ

ЗЕРТТЕУ






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных