ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Баспа әдісімен жазылған құжаттарды зерттеуМашинкамен басып жазылған құжаттардың тәжірибеде кездесетінін ескере отырып, бұл объектілердің өзіне тән қасиеттерін білу қажет. Машинкамен жазылған мәтіндер техника-криминалистикалық жағынан зертгеледі және келесідей жағдайлар анықталады: 1. құжат немесе ондағы жеке бір жазбалар қандай типтегі (класс,марка, модельдегі) машинада немесе қандай маркілі шрифтпен жазылғандығы (жазба машинкасының қай топқа жататындығын анықтау); 2. машинкамен басылған мәтін осы машинкамен басылып жазылды ма (нақты жазу машинкасын идентификациялау); 3. құжаттағы мәтін бір жазу машинкасымен жазылған ба, әлде әртүрлі машинкамен бе; 4. мәтіннің жазылу мерзімі қандай. Сонымен қатар, криминалистикалық зерттеу процесінде басқа да мәселелер шешіледі. Мысалы: құжат неше данада жасалғандығы туралы, кейбір жагдайда қрсаттағы мәтінді орындаушы туралы мәселелер шешілуі мүмкін. Іздестірудегі жазу машинкасыныц маркасын, моделін және оның шрифтінің маркісін анықтау жеке мәселелердің біріне жатуы мүмкін немесе идентификациялық зерттеудің алғашқы кезеңі болып табылады.Машинкамен жазылған мәтін бойынша машинканың маркасы мен моделін аныктау үшін жачпы белгілер қолданылады. Жалпы белгілеріне жазу машинкасының және оның шрифт мехашізмінің жұмысын сипаттайтын белгілер: 1. Әріптердің, белгілердің бір-бірінен нақты бір қашықтықта орналасуын қамтамасыз ететін жазу машинкасының басты механизмінің жазу жолы бойынша басқан қадамы. Жазу жолдарының қадамы - клавиштың біреуін басқан кездегі каретканың орналасу арақашықтығымен анықталады. Басты механизм қадамы - салыстырмалы тұрақты белгі, ол тек машинкаға жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін гана өзгеріске ұшырайды. 2. Интервал жолының аралық көлемі, яғни келесі төменгі жолға көшу ушін жазу машинкасының валигін автоматты түрде бұру кезінде пайда болған жолдардың арақашықтығы. Интервалды механизм арқылы - 1,2,3-интервал жолдарының арақашықтығын анықтауға болады. Әртүрлі маркілі және модельді машинка 3. жолдарының аралық интервалдары бір-біріне сәйкес келуі немесе әртүрлі болуы мүмкін, бірақ-та олар нақты маркі мен модель үшін тұрақты болып табылады. 4. Әріптік қалыптағы шрифт белгісінің белгілі бір саны және клавиатурадағы клавиштердің саны бойынша анықталатын клавиатура типі. 5. Қағаз бекітетін (орайтын) валиктің ұзындығы мен каретканың көлеміне байланысты жазу жолының максимальды ұзындығы. Бұл белгі зерттеліп отырған мәтіндегі жолдың ұзындығы тексерілетін машинкадағы жолдың үзындығынан асып кеткен жағдайда ғана қолданылуы мумкін. 6. Шрифт маркасы белгі суреті мен оның өлшемінің ерекшеліктерімен анықталады. Шрифт маркілері мемлекеттік стандарт бойынша реттеледі. Мәтін бойынша жазу машинкасының маркасы мен моделін анықтау кезінде жоғарыда аталған барлық белгілердің жиынтығы зерттеледі. Жазба машинкасының жекеленген детальдары мен механизм ін бірыңғайлау және стандарттау қазіргі уакытта жазба машинкасының накты маркасын анықтауды қиындатады. Қай топқа жататындықты анықтайтын криминалистикада қалыптасқан әдістеме бойынша жазба машинкаларды келесідей топгарға жіктеуге болады: механикалық және электромеханикалық; рычаксыз монолитті литертасушы; жазу автоматтары; кеңселік; теретін-жазба машинкалары мен автоматтары; көлемі кіші - портативті және жол машинкалары. Жазу машинкасының әрбір типінің нақты маркасы болады, ал әрбір марка бір немесе бірнеше модельге бөлінеді (мысалы: "Оптима", "Ятрань "). Қазіргі кезде жазу машинкасының маркасы мен моделін анықтау жу-мыстарый ақпараттық-іздестіру жүйесі жеңілдетеді. Онда барлық отандық жазу машинкаларының маркасы мен модельдері, оларға арналған шрифт маркасы, сондай-ақ шетелдік жазба машинкалары мен шрифттары туралы мәліметтер жинақталған. Жазу машинкаларын идентификациялау. Әрбір жазба машинкалары жоғарыда керсетілген жалпы белгілерімен катар жазба мәтінінен көрініс табатын жеке белгілермен де сипатталады. Жазба машинкасын ұзақ уақыт қолдану салдарынан, оның механизмдерінің немесе шрифтарының өзгеріске рырауы нәтижесінде пайда болған белгілер жатады: а) белгінін бойлық осінің вертикальдан ауытқуы; б) белгінің вертикаль немесе горизанталь бойынша жшжуы; в) белгі таңбаларының косарланып немесе жағыльга түсуі; г) белгінің біркелкі емес боялуы, ол жұмыр біліктің сыртқы қабатының тегіс болмауына Ж5не клавиштердің айқасып қалуына байланысты; д) қағаз шығару механизмінің дұрыс істемеуі нәтижесінде жолдардың паралельді болмауы. Осы өзгерістер жөндеу жүргізу нәтижесінде жөнделуі мүмкін. Мәтін бойынша нақты жазу машинкасын идентификациялау жалпы және жеке белгілерді салыстыру және зерттеу жолымен жүзеге асады. Бұл белгілер зерттеліп отырған мәтіннен және тексерілетін жазба машинкасының еркін және эксперименталды үлгілерінен көрініс табады. Жаңа машинкаларды идентификациялау кезінде зерттелетін мәтіндегі таңба-лардан көрініс табатын литер микрорельефінің белгілері қолданылады. Бұл белгілержоғары жиілікті электр алаңында фотоға түсіру әдістермен анықталады. Жеке белгілердің сәйкес келуі мен айырмашылығын қамтамасыз ететін ең тиімді, әрі көмекші әдістердің бірі - проективтік геометрияда математикалық аппаратты пайдалануға негізделген графикалық идентификациялык алгоритм болыптабылады. Машинкада жазылған мәтіннің орындалу мерзімі белгілі бір уакыт аралығында еркін үлгіде машинкада жазылған мәтіннің жеткілікті мөлшерде болуына байланысты анықталуы мүмкін. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|