Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лак-бояу және боялған заттарды зерттеу




Көп жағдайларда қылмыстық істерді ашу кезінде лак-бояу бұйымдары (лак,бояу, эмаль және олардың қосындылары), боялған заттардың беті заттай дәлелдеме ретінде пайдаланылады. Лак-бояу, боялған заттарды сараптаудың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады: I - заттың боялған, не бояу жүққан қабатынан лак-бояу заттарының сиымлымын және түрін анықтау; I - лак-бояу жұғылған іздерді зерттеу арқылы, заттардың тектік, топтық рірлестіктері мен айырмашылықтарын және олардың шығу тегін аныктау. l Тергеу тәжірибесінде көптеген тергеушілер, соттар сарапшылардың алдына дұрыс сұрақ қоюды жете білмейді. Сондықтан лак-боялауларды зерттеуде көптеген қателіктер кетеді. Мысалы, зерттелетін бояулар химиялық құрамы жағынан бірдей болуы мүмкін, бірақ олардың шығу тегі әртүрлі. 1; Бүгінгі таңда лак-бояу заттарын зерттеу олардың қай топқа, текке жатуына байланысты жүргізіледі. Бұлай зерттеудің себебі лак-бояуларды жасау тәсілінің бағыттарттылығына байланысты (біртекті технология). Соңғы уақытта боялған заттардың өзара қатынасын зерттеуде сараптама көптеген жетістіктерге жетті. Мәліметтегі өзара байланысты анықтау – кешенді сараптаманың мәселесі болып табылады. Бұл мәселені сараптамалық зерттеу өте күрделі жұмыс. Мұндай жағдайлар көбінесе көлік оқиғасымен байланысты. Тәжірибе көрсеткендей көбіне сарапшыға бояуды, талшықтарды, бензинді, болярканы, шыныны, топырақты жеке зерттеуге тура келеді, бұл заттар негізінен үлкен бір заттың бөлшектері болып табылады. Бұл зерттеу трасология ғылымының тәсілдерімен толықтырылған жағдайларда ғана заттардың өзара байланысын анықтауға болады.

Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып лак-бояу объектілерін зерттеу арқылы төмендегідей мәселелерді анықтауға болады:

- заттың бетіндегі бояу ма, әлде басқа зат па;

- салыстырылатын бояулардың тегі және тобы бір ме, әлде бөлек пе;

- зерттелетін бояудың бөлігі арқылы сол бояуды білуге бола ма, егер болса осы бояу (түйіршік) - боялған затпен (бұйыммен) байланысты ма, әлде басқа затпен байланысты ма;

- зерттелетін заттар бір-бірімен байланысты ма, әлде жоқ па.

Жағдайға байланысты сарапшының алдына басқа да келесідей сұрақтар қойылуы мүмкін:

- заттың бетіндегі бояу қолдан жағылды ма, әлде зауытта жағылды ма;

- бояуды қай жерде пайдаланады;

- зерттелетін зат қылмыстың ізін жасыру үшін басқа түске боялды ма, әлде боялмады ма.

Бояуды криминалистикалық зерттеудің тиімділігі көбінесе тергеушілер сараптамаға жіберетін заттарды дұрыс дайындауларына байланысты. Тергеушілер сараптама тағайындағанда мынандай мәселелерді шешулері керек: сарапшы нені анықтауы қажет, сарапшыдан нені білгілері келеді, сараптамаға жіберілетін заттай дәлелдемелердің (көліктің кейбір боялған бөлшектері - есігі, рамасы т.б.), не болмаса бояулардың қайсысы идентификациялауға жатады.

Ол үшін тергеуші зерттейтін заттардың үлгілерін сарапшыға жібереді. Сараптамаға жіберілетін лак-бояу заттары:

- оқиға болған жердегі бояудың бөлшектері;

- оқиға кейіпкерлерінің заттары (киімдері, аяқ киімдері, келіктің бөлшектері т.о.);

- оқиғаға байланысты күдікті объектілердің үлгілері.

Егер оқиға болған жердегі бояудың көлемі бірнеше миллиметр болса және ол көзге анық көрініп тұрса, онда трасологиялық сараптама жүргізіледі. Зерттеудің нәтижелі болуы мына жағдайларға байланысты:

- сәйкестендіруге жататын боялған заттың тез табылуына, бояудың өзгермеуіне (қайтадан бояу, бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру және т.б.жағдайлардың болмауына) байланысты;

- сараптамаға оқиға болған жерден табылған заттың бетіндегі қатпарланған ізін қырып алмай, мүмкіндігінше өзін жіберуіне байланысты;

- оқиға болған жерден, мүмкіншілігі болса сынған заттардың барлық бөлшектерін, тіпті болмаса өте ұсақ бөліктерін де жіберу қажет.

Себебі, осы ұсақ бөлшектер оқиғаны анықтауда шешуші орын алуы мүмкін. Тергеуші ұсақ бөлшектерді алғанда олардың қай жерден алғандығын хаттамада көрсетуі тиіс. Боялған заттың өзін жіберуге мүмкіндік болмаса, ол заттың бетінің әр жерінен үлгі алынуы керек. Бояу үлгілері заттың бетінен өткір пышақпен, болмаса басқа затпен өте терендетіліп алынады. Бұл жағдайда бояудың морфологиясы сақталады. Егер зерттелетін объект сұйық болса оның бәрі жіберіледі.

Тергеуші сараптамаға жоғарыдағы айтылған мәліметтерден, үлгілерден басқа келесідей мағлұматтарды беруі керек:

- заттардың боялған уақыты (автокөліктің зауыттан шыққан уақыты, технологиялық боялу ерекшеліктері, мысалы: зауыт немесе зауыттан тыс жағдайда боялуы) туралы;

- боялған заттың бетіндегі баска заттар (әк, қиыршық, ағаштың ұнтағы т,б.) туралы;

- боялған заттың қай жерде, қандай жағдайда сақталғандығын (мысалы, көлік сарайда цементтің арасында сақталған) жөнінде;

- оқиға болған уакыттан ұлгі алғанға дейін өзгерістердің болуы (кайта бояу,бір бөлшекті екінші бөлшекпен айырбастау) жайында;

- боялған заттың екінші затпен қақтығысуы (жанасуы, соғылуы, үйкелісуі) туралы;

- тергеуші хаттамаға зерттейтін заттардың қандай жағдайда табылғандығы жөнінде және табылған

- заттардың үлгілері қалай алынғандығы туралы анықтап жазып көрсетуі қажет.

Тергеуші зерттеуге жататын заттарды жібергенде жоғарыдағы айтылған мәселелерді және мағұлматтарды жан-жақты қарастырып, сарапшыға тиянақты сұрақтар қоюуы керек.

Көп жағдайларда сараптаманың нәтижелігі тергеушінің үлгіні қалай дайындағандығына байланысты. Заттай дәлелдемелер сарапшыға сол куйінде жеткізілуі тиіс. Үлгі, заттай дәлелдемелерді алу, оларды сақтау, жіберу мына төмендегідей талаптарға сәйкес болуы тиіс:

- оқиға болған жердегі боялған заттың бөлшектері қағаз, не болмаса шыны ыдыска сапынады;

- алынған үлгі басқа заттармен араласпауы және олардың зақымданбауы керек;

- ылғал заттар кептіріледі;

- әрбір зат жеке-жеке оралады немесе буып-түйіледі, оған қандай зат екендігі жазылады және қол қойылып, мөр басылады;

- орайтын кағаз, шыны т.б. заттар міндетті түрде таза болуы шарт.

Топырақтану

Қылмысты алдын ала тергеуде және сотта мынандай мәселелерге: кылмыс болған жердегі адамның, жануардың, заттардың, көліктің жылжуына, орнынан қозғалуына олардың арақатынастары мен тағы басқа жағдайларға көңіл аудару керек. Бұл жағдайларда киімге, аяқ киімге, көліктің кейбір жерлеріне жабысқан заттарға (топырақ, шөп т.б.) қарап қылмыстың кай жерде болғанын, қандай топырақпен байланысты екенін анықтауға болады. Бүгінгі танда топырақтану ғылымы жақсы дамыған.

Топырақтану сараптамасы криминалистикадағы топырақтану тәсілінің негізінде дамып, табиғатты зерттеу ғылымдарының басқа, яғни геология, минералогия, микробиология, агрохимия, биохимия табыстарының соңғы жетістіктерін пайдаланады.

Топырактану арқылы келесідей жағдайлар анықталуы мүмкін:

1. зерттейтін заттарға жабысқан объектілер және ол заттың қай жеріне жабысқандығы;

2. жабысқан заттың топырақпен байланыстылығы, болмаса басқа заттармен байланыстылығы;

3. жабысқан түйіршіктердің бір жерден, не болмаса әр жерден екендігі;

4. топырақтың қай жерден екендігі;

5.затқа жұққан топырақ оқиға болған жердің топырағына жататындығы немесе жатпайтындығы және оқиғамен байланыстылығы;

6.затқа жабысқан заттардың бір-бірімен арақатынас жағдайлары. Көрсетілген сұрақтар топырақ зерттеу сараптамасының негізі болып саналады.

Бірақ, іс жүзінде қылмысты тергегенде басқа да (жабысқан заттардың пайда болуы және оның уақыты, зерттейтін заттардың қандай жағдайларда сақталғандығы және де алынған топырақ елдің қандай мекеніне жататындығы жайында) сұрақтар туындайды. Сарапшыға кейде топырақтың «ұқсастық», «бірыңғайлылық», «теңестіру» және оның «химиялық құрамын» анықтау мәселелері жөнінде орынсыз сұрактар қойылады. Сұрақтарды бұлай қою дұрыс емес, «химиялық құрамы», «ұқсастық»-деген сөздер өздігінен еш нәрсені білдірмейді. Себебі табиғаттағы әртүрлі заттардың ұқсастығы болуы мүмкін. Сондықтан ол заттың шығу тегі жөнінде теріс қорытынды шығарылады. Мысалы, топырақ пен шынының химиялық құрамын зерттегенде бірдей элементтерді табуға болады: силициум, марганец, феррум т.б. Сондықтан, «химиялық құрамы», «ұқсастық» дегендер заттың табиғаты жөнінде ештеңе білдірмейді. Екі түрлі топырақты салыстырмалы зерттегенде «бірыңғайлылық» - деген сұрақ ештеңені көрсетпейді. Себебі, «бірыңғайлылық» - дегеніміз әртүрлі топырақтардың бірлігі, не болмаса топырақтың араласуы. Әртүрлі топырақты зерттегенде «бірдейлік», «теңестіру» -деген сұрақтарды қою әдістемелік жағынан дұрыс емес. Себебі, «бірдейлік>, «тепе-теңдік>, тек қана бір затта болады. Әртүрлі топырақты салыстырмалы түрде зерттегенде «тендік» - дегеніміз сол топырактардың бір жерден болуын көрсетеді. Алайда зерттеуге жіберетін топырақтардың саны бірнеше болады.

Сонымен топырақтану зерттеу сараптамасы бүгінгі таңда келесідей мәселелерді шешеді: топырақтың табиғатын анықтау; топырақты сұрыптау; топырақты біріктіру; оқиға болған жердің басқа да жағдайлармен өзара байланысын анықтау.

Көптеген жағдайларда заттардың өзара қатынасын әртүрлі сарапшы-мамандардың қатысуымен шешуге тура келеді. Олар: топырақ зерттеу, талшық және бояу-сырларды тексеретін, жануарларды, өсімдіктерді зерттейтін сарапшылар т.б.

Тергеуші оқиға болған жерді қарау арқылы ластанған заттың қандай жерде және қандай жағдайда болғанын анықтауы тиіс, яғни ол анықталған заттың қоршаған ортасын білуі керек. Бұл жағдайда тергеушінің қоршаған ортадағы болған мән-жайды анықтауы шешуші рөл атқарады. Қоршаған ортаны белгілеу жалпылама, не болмаса сандық сипатта болады. Мысалы, сулы жердің солтүстік жағында жол, ал басқа жақтарында ағаштар. Бұл жалпылама сипаттама, ал сандық сипаттамаға мынандай мысал келтіруге болады: оқиға болған жердің ұзындығы -20 м, ені -10 м, оңтүстігінде -150 м жерде ағаштар, ал солтүстігінде жол бар.

Қоршаған орта табиғи жағдайда болуы немесе жасанды болуы (адам қолымен жасалуы) мүмкін.

Табиғи дегеніміз - сулар, сайлар, қыраттар, шөптер және т.б..Қолдан жасалғандарға (жасалдыларға) мыналар жатады: жолдар, егістіктер, бау-бақшалар, бақтар және т.б.. Табиғи ортаны анықтау өте қиын, себебі бір жердің топырағы екінші жермен бірдей болады. Ал қолдан жасалған жағдайда бір жермен екінші жердің топырағының айырмашылығы бірден көзге түсіп тұрады.

Қоршаған ортаның нақты белгілері айқын болса, тергеуші топырақтану зерттеу сарапшысына осы жердің көлемін, сипатын және басқа белгілерін көрсетеді. Егер ол жердің айқын белгілері болмаса тергеуші сарапшының өзін сол жерге шақырады. Сарапшы немесе маман сол жерден топырақты қандай үлгіде алу керек екендігін анықтайды. Топырақ зерттеу сарапшысына алынған заттарды жіберуден бұрын тергеуші төмендегідей мәселелерді шешіп алуы керек:

• оқиға болған жерді қарау, тексеру, оның аумағын, шекарасын анықтау;

• оқиға болған жерден зерттеуге үлгі топырақты алу, оларды буып-түю;

• ластанған заттарды табу, бекіту, алу және буып-түю немесе орау;

• оқиға болған жер жөнінде кейбір деректерді жинау (жерде тыңайтқыш, қоқыстар бар ма және т.б.);

• оқиға болған уақыттан топырақ үлгісін алғанға дейінгі аралықта ауа-райы қандай болды (жаңбыр, жел, ауаның температурасы, топырақтың ылгалдылығы және т.о.);

• оқиға болған уақыт пен заттың үлгісін алу арасында өзгерістер болған жоқ па (киімді, аяқ киімді өзгерту, оларды тазалау, я болмаса op қазу, жер жырту т.б.). Сонымен, тергеушінің жұмысы тек зерттеу үшін үлгі алу емес, сол жерді тексеріп қарау.

Енді осы жұмыстардың әрқайсысын жеке қарастыратын болсақ, заттай дәлелдемелерді тексергенде мына мәселелерге көңіл аудару қажет: заттай дәлелдемелердің беті лас болып, ал оқиға болған жер құрғақ болса, онда бұл жерде жаңбыр жауғандығын не жаумағандығын анықтау керек; егер заттың бетіндегі топырақтың түсі сол жердің топырағына ұқсамайтын болса, онда оқиға басқа жермен байланысты болуы мүмкін.

Заттай дәлелдемелерді тексеру таза қағаздың бетінде жүргізіледі. Топырақтың үлкен бөлігі жеке оралып, оның қай жерден алынғандығы көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер қатты қағазға оралып, жәшікке салынады. Су заттар қатты қағазбен жабылып бөлме температурасында кептіріледі. Әрбір затты буып-түйгеннен кейін оның сыртына не нәрсе екендігі жазылады және қол қойылып, мөр басылады.

Егер сарапшыға заттай дәлелдемелерді (киімдерді, аяқ киімді т.б.) жіберу мүмкін болмайтын болса, оларға жабысқан түйіршіктерді ақырын алып, орап, қай жерден алынғандығы хаттамада көрсетіледі.

Аяқ киім табанындағы тағадағы және аяқ киімнің үстіндегі ластарды ақырын алып, орап, қай жерден алынғандығы жазылады. Тағадағы балшық, не болмаса із жақсы сақталатын болғандықтан оған аса көңіл аудару керек. Оқиға болған жер аумағындағы топырақтың беткі қабаты құрғақ болса немесе бұл аумақ көгал болса, онда бұл заттай дәлелдеме басқа қайнар көзден ластанғандығын білдіреді.

Оқиға болған жерді анықтау сол жердің топырағын алумен анықталады. Зерттеуге жіберілетін топырақтың үлгісі қанша болу керек екендігі сол жердің топырағының құрамына, шөптердің түрлеріне байланысты (егер, жер әртүрлі болса үлгі көп болады). Топырақтың үлгісі келесідей екі түрге бөлінеді: 1) салыстырмалы түрі - бір жерден немесе бірнеше жерден алынады; 2) бақылау түрі - сол ортаның айналасынан алынады. Мысалы, аяқ киімнің табанындағы балшық (сезікті адамның жұмыс істейтін жерінің, болмаса тұратын жерінің балшығы)-бақылау түріне жатады.

Топырақ үлгілері (салыстырмалы және бақылау түрлері) -50 гр.; -200 гр. -дейін алынады. Үлгі топырақ болса, оны полиэтилен-дорбасына салу қажет. Үлгі жол бойында дұрыс сақталуы үшін оны ораған зат мықты болуы тиіс. Топырақтың әрбір үлгісін қай жерден, қандай тереңдіктен алынғандығы, уақыты, нөмірі хаттамада бекітіледі. Топырақтану зерттеу сарапшысына топырақ үлгісі оқиға болған жерді қараудан кейін көп уақыт өткізбестен дереу жеткізілуі керек. Себебі уақыт өткен сайын топырақтың қасиеттері өзгереді. Топырақ үлгісін қандай тереңдікте алу, тексерілетін заттың қаншалықты терендікке кіргеніне байланысты. Мысалы, тексерілетін объект етік болса, онда үлгі-топырақ 1-2 см тереңдіктен алынады.

Алынған үлгілер хаттамада толық, әрі жан-жақты сипатталып, оларға нөмірлер қойылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных