ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістеріКриминалистикада «ауызша суреттеу» немесе «сөздік портрет» арқылы адамды іздестіру және тендестіру мақсатында арнайы терминологияны қолдана отырып, оның сыртқы белгілерін сипаттаудың ғылыми негізінің жүйесі ретінде анықталады. Мұнда анатомиялық белгілеріне, әсіресе бет-әлпетін сипаттауға ерекше көңіл бөлінеді. «Ауызша суреттеу» - адамды белгілері бойынша тануға мүмкіндік береді, сыртқы бейнесін есте сақтауды жеңілдетеді, қысқа мерзім аралығында адам белгілерінің дұрыс сипатын құруға, сондай-ақ оның белгілерін фотокарточка арқылы сипаттауға, іздестіріп отырған түлғалардың бейнелерін компьютерлік көмегімен құрастыруға мүмкіндік береді. Бейнелеу кезінде арнайы терминдерді қолдану сипаттау белгілерін барлық адамдардың бірдей қабылдауын қамтамасыз етеді. Жедел-іздестіру қызметкерлері мен тергеушілердің адамның сыртқы бейнесін сипаттау кезінде тұрмыстық сөздерді қолдануларына жол берілмейді, себебі ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Тергеуден бой тасалап жүрген адамды іздестіру көп жағдайда қылмысты көзімен көрген адамдардан жауап алу процесі кезінде, туысқандарынан, таныстарынан жауап алу кезінде анықталған белгілер бойынша, сонымен қатар, фотографиялық суреттерін немесе тіркеу құжаттарын зерттеу нәтижесінде алынған сыртқы белгілері бойынша ғана анықталуы мүмкін. Кезімен көруші тұлға іздестіріліп отырған адамды сипаттау кезінде нақты емес, әрі түсініксіз жалпы түрмыстық терминдерді қолданады. Әртүрлі жағдайларға байланысты жауап алушылар белгілерді толық қабылдамауы мүмкін, мысалы: байқау уақытының аздығынан, жарықтың дұрыс болмауы салдарынан және т.б.. Адамды идентификациялау үшін маңызды белгілердің көбісі аса мән берілмегендіктен ескерілмеуі ықтимал. Жедел-іздестіру қызметкерлерінің немесе тергеушілердің міндеттері іздестірудегі түлғалардың сыртқы бейне белгілерін толық анықтау. Ол үшін сипаттау «Ауызша суреттеу» ережелері бойынша жүргізілуі керек және барлық ұсақ-түйектер толығымен ескерілуі тиіс. Белгілері бойынша іздестірудің нәтижелі аяқталуы сыртқы бейненің және киімнің белгілерін дұрыс және жылдам уақыт аралығында қолдануға байланысты (беттегі пластырь, қолдағы таңылулар, көптен бері қырынбаған бет және т.б.). Осы белгілер жылдам жойылып кететіндігін ескере отырып іздестіру жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру қажет. Қылмыскердің сыртқы киімінің кейбір белгілері жайында белгілі бір қорытындыға келуге болады, кейбір жағдайларда оқиға болған жерді мудият қараудың тигізетін көмегі мол. Табылған аяқ іздері мен қадам алысына байланысты оның бойы, физикалық кемістігі, мысалы: аяғын ақсап, сылтып басуы анықталады. Ең алғаш рет габитоскопия жүйесі Федеративті Герман республикасында жасалған. Адамның сыртқы бейнесінің элементтерін арнайы журнал түрінде қағаздарға жапсырып жасаған. Бұл кағаздарды көзімен көрушілерге ұсынған. Сыртқы бейненің қажетті элементтерін қиып алып жабысқақ пленкілерге жабыстырған. Осыдан алынған бейнеге өндеулер жасап, түзетулер енгізген. Одан кейін фотография қайта суретке түсіріліп, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қолданылған. Субъективті портрет құру үшін барлық жүйе тұрақты түрде үнемі жетілдіріліп отырады. Қазіргі кезде жеке компьютерлер қолданылады. Компьютер базасындағы адамның сыртқы бейнесі элементтерінің көптеген түрлері ішінен жәбірленушілерге, өз көзімен көрген куәларға таныс бейнені таңдап алуды ұсынады. Таңдап алынған элементтерден бір бейне қарастырылып, іздеудегі түлғаның жалпы портреті жасалады. Субъективті портрет қылмыскерлерді ғана емес, сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен трғаларды іздестіру үшін де қолданылады. Егер мәйіт табылып ол танылмаған кезде, оган алдымеи әрлеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттарға «ауызша суреттеу» ережелері бойынша бейнесі сипатталып жазылады және танытуға көрсету үшін суретке тусіріледі. Бірақ кейде мәйіт қатты өзгеріске ұшыраған (шіріп кеткен немесе өрлеп қалпына келтіруге мүлде болмайтындай) жағдайлар кездеседі. Мұндай жағдайда адамның бейнесі профессор М.М. Герасимовтың әдістерін колдана отырып, оның бас-сүйегі бойынша қалпына келтірілуі мүмкін. Бас сүйегі бойынша адамның жынысы, жасы, бойы (бастың биіктігі адамның бойына қарағанда 8 ece қысқа болады), қай нәсілге жататындығы және басқа да белгілері, мысалы: егер сифилиспен, остеомилитпен ауырса оның белгілері анықталады. Адамды ұстамас бұрын ол іздестіріліп отырған нақты сол түлға ма соны анықтап алу қажет. Ол үшін оның сыртқы бейнесінің элементтерін «ауызша суреттеу» әдісі бойынша қылмыстық іс материалдарындағы мәліметтермен салыстырып, қылмыстық іс жүргізу заң талаптарына сәйкес тану әрекеті жүргізіледі. Адамның сыртқы бейне белгілері жөніндегі мәліметтердің қайнар көзіне куә мен жәбірленушілердің көрсетулері, оқиға болған жерді қарау нәтижелері, фотобейнелер, субъективті портреттер мен мәйіт қана емес, сонымен қатар кейбір эндокриндік және т.б. аурулар да жатуы мүмкін. Темекі шегушілердің жақтарының төменгі бөлігінің өзгеріске ұшырауынан, олардың темекіні ауыр мүштік қолданып шеккендіктері байқалады. Шыны үрлеуші мен кернейшілер тістерінің ерекше зақымданғандығын байқауға болады. Бас сүйек бойынша, сондай-ақ суреті салынған портрет жасалуы мүмкін.»Егер мәйіттің өмір сүрген кездегі суреті болса, сол суретпен бас сүйекті салыстыра отырып, «бас-сүйек» - суретке түсірілген адамға катыстылыгы жөнінде нақты қорытындыға келуге болады. Ауызша суреттеуді тәжірибеде дүрыс әрі нәтижелі колдану үшін міндетті түрде: 1. Адамның басының, бетінің және денесінің жеке бөлшектерінің, сондай-ақ шімінің, аяқ киімінің, күнделікті өзімен бірге алып жүретін заттарының дұрыс етауын білу; 2. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша ауызша суреттеу жүйесіне ийкес сипаттау тәртібі мен кезектілігін сақтау; 3. Нақты іздеген тұлғаны басқа адамдар арасынан ажыратуға мүмкіндік беретін сыртқы белгілердің барынша ерекшеленген белгілерін іріктей білу қажет. Адамды сыртқы бейне белгісі бойынша идентификациялау әртүрлі формада; жұзеге асырылуы мүмкін. Бұл термин тану процесінде қолданылады. Ол (қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүргізіліп, оның I қорытындысы қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде қолданылуы мүмкін. Теңдестірудің екінші формасы - адамды сыртқы бейнесі бойынша сараптық идентификациялау. Үшінші формасы - адамды жедел-іздестіру мақсатында тану үшін көрсету. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|