Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Л – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Самғау

Күндегі әдетінше Еркін таңертең тұрып беті – қолын жуып, таңғы асын асықпай отырып ішті де бөлмесіндегі биік киім шкафын айқара ашып киімдеріне қарады. Түрлі матадан тігілген костюмдер, оларға сәйкес етіп алған жейделер қатардағы солдаттардай тізіліп ілініп тұрды. Әуелі, қолына қоңыр түсті костюмін алып, қасына қосып ақ жейдесін таңдап алды. Оған қосып қара шалбарын алды. Шалбарының қыры сықиып, үтікпен емес, керісінше, күндей қызып тұрған отқа күйдірілген ең қымбат металлдың ыстығымен басылғандай бір келкі. Аяғына киетінін ұзақ ойламай, бірден таңдауы қоңыр түсті туфлиге түсіп, өзіне жарасымды стильде киініп жолға шықты. Бойдақтық өмірдің үй ішінен ізі де білінбейді. Мұнтаздай таза үй ішіндегі бөлмелер үйде ер адам ғана тұратынын тіпті байқатпайды. Ыдысы жиюлы, киімдері жуылған, тап – таза, өз орнымен тұр. Диванның астында жатқан шұлықтар да көрінбейді. Мұның барлығы Еркінге бала күнінен сіңіп қалған тәртіптен болатын. Бала күнінде үнемі таза жүретін. Үстінен қыры мінсіз болып түскен жейдесі мен шалбарын тастамайтын. Жанына шаң жуымайтын Еркіннің бұл тазалық күндегі әдеті. Жолға шығып бара жатып тағы үй ішіне бір көз қырын тастап ештеңе ұмытпадым ба дегендей мойнымен ғана бұрылып қарады. Еркіннің өз жеке көлігі бар болатын. Жеке көлік Алматыда ең қажетті дүние. Онсыз қаланың бір басынан екінші басына жету едәуір уақыт алатын жұмыс. Еркінге көлік тіпті қажет дүние. Себебі, жаяу немесе қоғамдық көлікпен жүрер болса табынушылары автограф деп маңынан кетпей ұстап, жолынан да бөгеп қалар еді. Еркін қазақ эстрадасының жұлдызы. Елге танымал болып келе жатқан «Жігіттер» квартетінің әншісі. Бұл танымалдылық оған оңай келген жоқ. Бала күнінде әнге құмар болған, айтысқа да қатысқан. Көлігіне мініп, жұмысына қарай жылжыды. Жұмыс деп отырғаны ән жазатын студиясы. Айдар мен Бағлан студияға ерте келіп Ердос пен Еркінді күтіп отырған болатын. Бұлар төртеуі сол «Жігіттер» квартеті. Еркін көліктегі радиосын қосты. Шіркін, қазақ радиосы... Тамылжыған керемет қазақтың әуендері қандай десеңізші. Алайда дәл бұл уақытта әуе толқынында айтыс болып жатты. Керемет айтыскер қызымыз Айнұр Тұрсынбаева мен жас айтыскер Төреғали Төреәлі айтысып жатқан. Айтыстары өте әдемі ұйқасып жатты. Сонда Еркіннің есіне мектеп қабырғасындағы айтысы түсті. Ол кезде тәжірибе аз, дегенмен, Ердос екеуі үйлестіріп айтысқан. Ердос пен Еркін бір мектепте, бір сыныпта оқыған. Шамамен 1990 жылдары бірінші сынып табалдырығын аттаған болатын. Ол мектеп Оңтүстік Қазақстандағы Шұбар ауылының мектебі болатын. Бала күнінен тай құлындай тебісіп өскен Ердос екеуі тіпті қатар үйде көрші болып тұрған. Еркін көлігінде келе жатып бала күндерін еске ала бастады. Ол кездері Ердос екеуінің де аналары мұғалім болған. Ұстаз атанып жүрген қос ананың сәбиі болған екеуі мектепте басқалар сияқты бұзық болмай, керісінше, сабақтарын үздік оқыған. Мектеп қабырғасында әдебиетке жақын болған Еркін сол кездерде ақындықпен көріне бастаған. Еркін өзінің ақындығын әлі күнге жасырып келеді. Алайда, өзінің де кей әндерінің авторы да өзі. Еркін ойланып отырып, кенет Фарида апайын еске түсірді. Ішінен, қандай ұстаз болғанын ойлады. «Менің алғашқы ұстазым... Айтысқа да жөн сілтеген менің аяулы ұстазым» деді ол ішінен. Ердостың анасы Ұлзейнеп апайы ағылшын тілінен сабақ беретін. Тіпті, Еркін мен Ердосты қыспақтап сабақ оқы демейтін. Себебі, олар үнемі айтыс болады деп дайындалып отыратын. Еркін үшін ең ыстық жеңісі ол 1999 – 2000 жылдардағы облыстық оқушылар айтысының бас жүлдесі болатын. Бір кезде Еркін еріксіз күліп жіберді. Мұнысы есіне балалықпен жасағаны есіне түскендіктен еді. Еркін сырттай қарағанда салмақты, тұйық мінезді болып көрінгенімен әзілге өте жақын болатын. Еркін мен Ердос мектепте екінші партада, ал бірінші партада Эльмира деген қыз отыратын. Дәл сол кездерде «Қара қыз» әні танымал болатын. Еркін мен Ердос «Ей, қара қыз, қара қыз, Бізге де бір, бізге де бір қараңыз» деп алдында отырған қызға тиісетін. Балалық қой. Еркін өзі дауыстап осы кезде өзінен – өзі «Әйй, мектепте қыздарға көп тиісе беруші едім» деп, аздап жымиып қойды. Мұның барлығын еске алып отырған себебі «Жігіттер» квартетінен, топтан шығуын ойға алуынан еді. Әріптестіктен гөрі дос, бауыр болып кеткен жақындарына мұнысын, мұндай шешімін қалай айтарын тағы ойлады. Кеше кешке осындай шешімге келіп, жігіттерге хабарласып студияда кездесуді сұраған. Қазір Бағлан, Айбарлар Еркінді күтіп отыр. Ердос сәл кешігіп келетінін айтып, ескерткен болатын. Ердос пен топтың продюссері «Жігіттердің» шаруаларымен жүрген. Бір кезде Еркінге белгісіз нөмір хабарласты.

- Сәлеметсіз бе, бұл Еркін Нұржанов па екен?

- Иә...

- Мен «Жұлдыздар отбасы» журналының тілшісі боламын. Есімім Анар Дәукен. Журналымыз сауалнама жүргізіп жатқан еді. Сізге қалай жолықсақ болады?

- Мен дәл қазір студиямызға бара жатырмын. Сонда келе аласыз ба?

- Әрине...

- Мекен – жайымыз... – деп, тілші ханымды студияға шақыртты. Балалықты ойлап келе жатып студияға да жетті.

Студияда әлі Айбар мен Бағланнан өзге ешкім көрінбейді. Бағлан кітап оқып отыр. Бұл кітабын қолынан тастамай оқып жүргеніне міне, бір аптадай уақыт болды. Қызыға оқып жүргені соншалық уақытының ең көбін кітапқа бөлетін болды. Ал Айбар ән әрлеумен айналысып, нота жазылған ақ параққа телміріп отыр. Студияның іші тыныш, жарық мол. Ешкім бөгет емес. Адымдап кірген Еркінді байқап жатқан бірі жоқ. Артынша жаңағы тілші де келді. Еркіннің айтқанын тез ұғып, уақыт созбай тез келген бұл тілші ханымға Еркін риза болды. Төргі бөлмеге кіріп, тыныштықта отырып сұхбаттарын бастап кетті. Анар келгенде ғана Айбар мен Бағлан Еркінді байқады. Еркін сұхбаты барын айтып, шақырған себебін сұхбаттан соң айтатынын мәлім етті. Бір жағынан оған дейін Ердос пен Әбдірайымов ағасы да келіп қалар деп ойлады.

- Еркін, біздің сауалнамамыз «Қазақ эстрадасы тоқырауға ұшыраған жоқ па?» деген сауал аясында болмақ. Бірінші сұрағым, қазақ эстрадасына әндерді сараптап отыратын көркемдік кеңес қажет пе?

- Әрине, көркемдік кеңес керек. Өйткені қазіргі көптеген әндердің сөзі түкке тұрмайды. Әйтпесе, өлеңге бай, ақын халық емеспіз бе?! Тіпті, кейбір әнді тыңдап отырып, орындаушының не айтып жатқанын түсінбейсің. Сонымен бірге көркемдік кеңестерде өнерді сүйетін, әділ адамдар отырса деп те ойлайсың. Өйткені, қит етсе ағайынын сүйреу қазақтың қанына сіңіп кеткен жоқ па?!

- Қалай ойлайсыз, қазақ эстрадасы тоқырауға ұшыраған жоқ па?

- Қазақ эстрадасы әзірге тоқырауға ұшыраған жоқ. Бірақ, қазақ тілін білмейтін жастарымыз соны тоқырауға ұшыратпақшы. Өзінің тілін білмеген соң, кімнің артынан ергенін білмей жүр.

- Неге біздің әншілер шетелдің әндерін қазақшалап орындауға құмар?

- Бұл негізінен ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретіндердің тірлігі. Ән іздеп, еңбектенгісі келмейді. Әрі жаңадан бір ән жаздыру үшін шығын шығады. Ал қазір ақшаның көп шыққанын кім қалайды? Сол себепті шетелдің әнін қазақшаға аударып алып, орындап жүре береді. Ол адам ертеңгі күні осының бәрінің өзіне таяқ болып тиетінін ойламайды. Егер оған қазақтың әні ұнамаса, шетелдің әнін сол жаққа барып айтсын.

Сұхбатын аяқтап болған соң дәл дөптегендей студияға Ердос пен Әбдірайымов мырза да кірді. Енді бесеуі ортаңғы кең бөлмеге жайғасып отыра кетті. Бәрі Еркінге қарап отыр. Көздерінде бір ғана «не айтады екен, не себепті жинады» деген алып – ұшқан ой. Солдаттарын жинап, көтеріліске аттанғалы отырған сарбаздар сияқты көздері жылт етіп енді бұлар Еркінге қарап телміріп отыр. Еркін даусын сәл кенеп алып асықпай жеңіл сөзбен бастады. Топтан шығатын болдым деп еді Әбдірайымов мырза төмен қарап, ұзақ ойланды. Ердостар сұрақ үстінен сұраққа алып жатты. Бұлар бірге бастаған топ төртеуіне де ыстық болды, дегенмен, Әбдірайымов мырза бұлардың басын біріктіргендіктен тіпті ыстық болған. Содан, соңында келісіп, Еркін топтан шығатын болды. Орнына әншіні көп іздеген жоқ, Мырзахан деген қазақтың қара баласын топқа алады. Оның дауысы да сазды, әдемі болып бәрінің көңілінен шығады. Еркін оған өзіндік ақылын айтып, еш қысылма деп топқа қосты.

Ердос бала күнгі досы болғандықтан бауыры сияқты болып кеткен. Ең жақыны да осы Ердос. Ердостың Еркін хақында айтқан мынадай сөздері де бар – тын: «Еркін – өте адал жан. Біз бала күнімізден тай – құлындай тебісіп, бір үйдің балалары секілді бірге өстік. Арада үй болмаған, көрші тұрдық. Бір қызығы, бізде достықтан бөлек туыстық сезім басымырақ, яғни бауырлармыз десем де болады. Оның анасы менің анамның туыс сіңлісі болып келетіні тағы бар. Еркін – ақкөңіл жігіт. Сахнадан көрген жұрт оны мұңды деп ойлап жатады, шын мәнісінде Еркін өте көңілді. Ең бір атап өтер «ерекшелігі» - ұйқыбастығы. Оның ұйқысы ертедегі батырлардың ұйқысы тәрізді. Еркін – сенімді дос. Аздап сыр сақтамайтыны бар, кейде ақкөңілденіп айтып қояды. Біз бас қосқанда таңды таңға ұрып әңгімелесеміз. Ахат деген татар көршіміз бар еді, соның ауласы Еркін екеуміздің сырласатын орнымыз болатын. Мен осы уақытқа дейін өзге адамдармен дәл Еркінге сенгендей сырласпаппын, ол да солай. Сол уақытта – ақ үйлену туралы, болашағымыз туралы ой бөлісетін едік. Еркін – өте намысшыл. Көк шыққан уақытта қырға барып, екеуміз күресетінбіз. Мен оған қарағанда үлкендеумін, әрине, жеңіліп қалатын. Бірақ соған намыстанып, жеңгенше күресетін. Еркін тез тіл табыса біледі. Айналасындағыларды тез баурап алатын қасиеті бар. Күлкілі де шығар, бірақ біз бала күнімізде отырыстарға баратын кезде киімдерімізді ауыстырып киетінбіз. Әр кезде әртүрлі киінгіміз келетін болса керек. Бір қызығы, бір сыныпта оқыдық, бір партада отырдық, бірге оқуға тапсырдық. Мен тамыздың 26 – сында, ол 28 – інде тапсырып, екеуміз де 66 балл жинап, оқудан құладық. Сөйтіп, басқа оқуға тағы да бірге құжат тапсырған едік, тағдырдың жазуымен бір факультетке, бір группаға түстік. Ол менің ең жақсы көретін досым, бауырым».

Еркіннің топтан шығатын шешіміне қатты қапа болған да осы Ердос. Өмірде мәңгі бірге бауыр болып келе жатқан екі бауырдың жарты жолда екі түрлі жолды таңдауы екеуіне де қиын соқты, дегенмен Еркінге ешкім ренжіген жоқ. Еркін өз шығармашылығын бастап та кетті. Оны көпшілік қолдады. Бірақ, халық арасында өсек – аяңдар көбейіп, шығармашылығына әсер етпей қоймады. Еркін жігіттермен ұрсысып, ренжісіп қалыпты деген қауесет тез – ақ тарады. Шындығы тек Еркін мен жігіттерге аян бұл жағдай тым көтеріліп, журналисттердің басты сауалына айналып кетті. Алайда, шу араға уақыт салып басылды. Еркін туралы баспасөз беттері көптеп жаза бастады.

Еркін Нұржанов деген кім? Оның әндері қандай? Бағыты қандай? Мұның барлығы уақытша сұрақтар болды. Қазірде Еркін десе Нұржанов дейтін болған. Яғни, танымалдылығы артып келеді. Еркін 1983 жылдың 12 желтоқсанында ОҚО – да дүниеге келген. Ал әнші ретінде алғаш рет 2003 жылы үлкен сахнаға шықты. Әріптесі, әрі рухани әпкесі Роза Әлқожа айтпақшы «Еркін Нұржанов – дала этикасын меңгеріп, елінің дәстүр – салтын бойына жиып өскен қазақтың қарапайым да маңғаз баласы. Оның өзгелерден ерекшелігі – Алла берген дауысында ғана емес, сезімнің сәулелі сәттерін санасына сіңіріп, жүрегінен өткізе білетін сезімталдығында». Расында, ол ерекше жан. Алайда, Еркін қазір мұның барлығынан бұрын шығармашылығына беріліп келеді. Әуендер жазып, эстраданың жарық жұлдызына айналды. Танымалдылық пен өнер арқасында көп дүниені бағындырған ол енді ата – анасын Шымқала, шырайлы Шымкенттен Алматыға көшіріп әкелуді ойластырады. Ата – анасы келісіп, көшіп келеді. Дегенмен, ауылдың таза ауасына үйренген үлкен кісілер үшін бұл шешім сәл ойлануды талап етеді. Барлығы жақсы... Бір күні баспасөз дүрлігеді. Мұны Еркін дәл қазір өзінің сүйікті бөлмесінде диванда отырып ойлап отыр. 2009 жыл болатын. Жақын достарымен жолда келе жатып жол апатына ұшырайды. Еркін Алланың құдіретімен аман қалады, алайда, өнердегі және өмірдегі досы, бауыры Нәби (Аймұратов) дүниеден дәл сол жерде қоштасып кетеді. Бұл оқиға баршаның қайғысы болатын. Маусым айларында Шымкенттегі ауруханаға әкелініп, Еркін біраз уақыт демалыс алады. Еркін үшін Нәби бауырының өлімі ең ауыры болды. Ата – анасы да жалғыз ұлы үшін қатты уайымдады. Нәби Аймұратов жүргізушілікпен қатар әншілікті қатар алып жүрген, елдің баласы болатын. Ал Еркін үшін тіпті жөні бөлек жан болған. Сегіз жылдай уақыт өтіпті ғой деп ауыр күрсінгеннен өзге Еркінде басқа шара жоқ.

Әкесінің жағдайына алаңдап, жанынан адам үзбей жүретін Еркін бүгін әкесінің жүрегіне ота жасатпақшы болып Шымкентке жүрмек. Әкесінің жағдайы тым қатты алаңдатып жүрген болатын. Сонымен, не керек, әкесімен жолға шықты. Бәрі сәтті болды. Шымкентте күн бұрынғыдай. Қыстың суығы болмаса бәрі жақсы. Шымкентте жаз да, қыс та жылы болады дейді барып келгендер. Еркін мен әкесіне бір кезде Еркіннің қарындасы хабарласады. Телефоннан естігеніне Еркін сенер – сенбестен Алматыға әкесін алып ұшып келеді. Жүрген жолы бітпестей болып, әрең дегенде, Алматыға да жетеді. Қарындасының хабарлауы бойынша аналары ауруханаға түсіп қалған. Анасы үнемі Еркінді еркелетіп жүретін болған. Ана орны бөлек қой, шіркін... Кейде Еркін анасының уайымшылдығына ренжіп: «Мама, қызықсың, мені кішкентай баладай көресің» деп айтып тастайтын. Ондайда «Балам, Алла ұрпақ беріп балалы болып әке атансаң, сонда «шешем байғұс осылай шырылдаушы еді» деп менің қадірімді түсінерсің» дейтін. Тіпті, ана көңілі ғой, Еркін үйге таң ата кіріп келсе де, анасы шаңқай түсте жүргендей сергек көңіл – күймен қарсы алатын. Оған қоса тамақ ішпей жатқызбайтын. Бәріміз де анамызды өмір бойы жанымызда жүре беретіндей көреміз. Қазақта «өлместей көріппін» деген де бар емес пе...

Еркін ауруханаға келіп дәрігерлерге дереу жағдайды түсіндіріп, анасы жатқан палатаға кіреді. Жүзі сұрланып кеткен ол қаптаған аппараттардың ортасында жатқан анасының жанына отырып білген дұғасын оқи бастайды. Алладан «Қандай жағдай болса да жеңілдете гөр» деп жалбарына бастайды. Алайда, анасы бір тәулік жатып, қайтып кетті... оған себеп құлаған сәтінде – ақ миына қан кеткен екен. Еркін қатты қапаланады. Жалғыз ғана жанашыры анадан айырылудың азабы айтпаса да белгілі. Еркін азамат болғаннан соң ғана қайғыны ақылға жеңдіріп, саналы түрде қабылдауға тырысты. Дегенмен, әр азаматтың арманы болған немере сүйдіру мен Меккеге апару сынды жүрегіндегі армандарын орындай алмағаны үшін қиналды. Алайда, Еркіннің бір қуанатыны анасының көңіліне тиетін сөз айтпағандығы еді. Еркін анасы туралы мына айтқан сөздері баспасөз бетінде жарияланған. «Анамнан айырылғанда бәрі бітіп, өмір тоқтап қалғандай көрінген. Тіпті ауруханада дәрігерлер анамның жанының үзілгенін айтып тұрса да сенбей, бұл бір әділетсіздік сияқты көрініп, өзіммен – өзім арпалысып, жанталасып кеттім. Алдында ұялы телефон арқылы таныс дәрігерлермен анамның жағдайын айтып хабарласып отырдым. «Анаңыз жүріп кетті...» деген қаралы хабарды естігенде, не істерімді білмей, сандырақтап, телефонымдағы адамдардың тізімін қарай беріппін... Не үшін екенін өзім де білмеймін... «Жанын қайтарып алатын» адам іздеп жатырмын». Еркін көзіне жас алды. Қанша ер азамат болса да ананың қайғысы баланың қайғысы. Мұны бастан өткермегендер Еркіннің халін толықтай түсіне алмасы хақ.

Кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, Ана құшағы ғана. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен Ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі Анаңа, тағы да Анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда. “Егер атаң мен Анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі Анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”, “Кімде-кім ата-Анасының ризалығын алған болса, соның өмірін ұзартады” делінген. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның Анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

Еркін бұл қайғының артынша ұзақ ойланды. Елу жыл ғұмыры өткен ауылды бір – ақ күнде айырбастап Алматыға әкете салу анасы мен әкесіне жеңіл тимеген шығар деп түйді ол. Тіпті, сағыныш, ауылды аңсау, мүмкін, ішқұсалық та болды ма екен деп ойлады. Себебі, бастапқы кездері ауылды қатты сағынатын болған, алайда ұлдарына мұнысын олар сездірмей жүрген. Жалғыз қолдаушы Алла ғана. Еркін бұл қайғыны тез еңсеріп, тіршілікке кірісті. Себебі, артында қарындасы бар. Еркін анасынан айырылса, қарындасы өмірдегі жалғыз сырлас құрбысынан айырылды емес пе? Мұндайды ешкімнің басына бермесін дейміз - ау, сол кездегі Еркіннің халі тым ауыр болды. Себебі, бәрі көзді ашып – жұмғанша өтті де кетті.

 

Кіріспе

Бұл мен бастап отырған алғашқы еңбек. Кішігірім кітап деуге де келетін шығар. Мен бұны бастар алдында ұзақ ойландым. Еркін туралы жазатындай мен оны қаншалықты жақсы білемін? Оның қаншама тыңдарманы бар. Олар білетін мәліметтен артық не білемін деп те ойландым. Алайда, мен Еркінді сырттай, экранның арғы жағында отырып зерттедім. Зерттей келе, еңбегімді бастап отырмын. Мен әзірге осы жеті беттен асып ештеңе жаза алмаймын. Себебі, оның өмірі ары қарай қалай өрбіп жатыр, мен білмеймін.

Кітаптың басы Еркіннің көлікпен шығуынан, үй ішінің тазалығы мен киім таңдауынан басталады. Байқап қарасаңыз, мен одан да бейхабармын. Дегенмен, оның сабырлығын ескеріп үй ішін таза етіп көрсеттім, киім киісі бәрімізге мәлім дүние. Көлік жағына келер болсақ, «Жігіттерде» жүргенде оның жеке көлігі болған – болмағанын мен білмеймін. Осыдан ескеретін жәйт, көп оқиға кітабымда ойдан шығарылған болып келеді. Яғни, Еркіннің самғау жолын мен әсірелетуім мүмкін, оның барлығы ойдан болмақ. Кей тұстарын шынайы жазамын деген ойдамын. Ол үшін мен біршама уақытымды Еркіннің жанында өткізууіме тура келеді. Дегенмен, бұл тағы мүмкін емес сияқты. «Абай жолын» қайталау да емес, менің мақсатым, Еркіннің өміріндегі лепті сыртқа шығару. Онымен осы кітап арқылы сырласу. Кітаппен оны тыңдармандарымен жақындастыру. Болашақта жазушы боламын демеймін, мен әуелі журналистпін. Еркінге, оның әндеріне деген ерекше пейілімді осы кітаппен көрсеткім келеді. Бұл алғашқы жеті бет тек басы ғана. Еркін ағамның рұқсатымен, бұл еңбегімді жалғастырсам деймін. Егер ағамның тарапынан қарсылық болса, сөз жоқ, еңбегім басталмай жатып аяқталады.

Еркін мен үшін тұлға. Оның сабырлы мінезіне тәнті мен ғана емес шығар. Әуелі Алланың, сосын ағамның разылығымен кітабым жалғасын табар деген сенімдемін!!!

 

л – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

САМҒАУ

Еркін Нұржанов. Маған аңыз

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Платні послуги, які можуть надаватися бюджетними установами. Особливості послуги як продукту діяльності бюд­жетних установ.


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных