Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






арифолла Есімнің «Адам-зат» еңбегін философиялық тұрғыдан талдау

 

Адам өмірінің мәні мен мазмұны мәселесіне соңғы екі мыңжылдықта философияда, әдебиетте ерекше зейін қойыла бастады.Қазақ философтарының ішінде Ғарифолла Есім адам мәселесін, оның рухани әлемін дүниетанымдық тұрғыдан зерттеумен ерекшеленеді.

Философ Ғарифолла Есім «Адам-зат» деген еңбегінде ұлттық ойлау мәдениетіміздегі «адам болмысы» мәселесіне қатысты ұғымдарды жүйелі түрде талдап, қарастырады. Кітаптың кіріспе бөлімінде автор ең алдымен «Адам» және «Адам-зат» ұғымдарын жеке-жеке дербес мәндерде түсіндіреді. Автордың пікірінше, адам дегеніміз –ол идея, ол нақтылы шындық емес. Ал осы адам деген идеяның заттық қасиетке ие болған шындығын – «Адам-зат» деп тұжырымдайды. Адам-зат дегенде, оның таза заттық қасиеттерімен қоса (тәні, нәпсісі) оның рухани қасиеттерін (ақылы, рухы, көңілі, жаны) бірге қарастырады.

Бұл еңбекте адамды түсінуде алты негізгі өлшем қолданылған: тән жүйесі, жан жүйесі, нәпсі жүйесі, ақыл жүйесі, көңіл жүйесі және рух жүйесі.

Философ тәнді тіршілік иесіне қатысты нақтылы болмыс ретінде қарастырады, яғни тән дегеніміз – адамның дене құрылымы. Шәкәрімнің: «дене-жанның киімі, тұрағы» деген сөзі арқылы автор дене жансыз болмақ емес, тән жаннан айрылған соң өзінің субстанциялық халін жоғалтады деп тұжырымдайды. Автордың пайымдауынша, тән болмысында екі харекет бар: біріншісі: өзін-өзі сақтап қорғаушы, оның өлшемі - періштелік; екіншісі: өзін-өзі қиратушы, оның өлшемі – шайтандық.

Жан тәнге қосылып, адам ғұмыры басталғанда, оның бастапқы «таза күйіне» екі нәрсе қосылады, олар: «нәпсі» мен «ақыл» деген қорытындыға келеді. Ақыл арқылы жан даралығы сақталады. Ал нәпсі арқылы жанның даралануы мәңгілікке ие емес. Нәпсі бірте-бірте күнәні жою процесімен азайып немее мүлдем жойылуы мүмкін.

Автордың ойынша, нәпсі дегеніміз – тіршілік нышаны, яғни адам өлсе, нәпсі де тыйылады. Философ адам баласының іс-әрекетіне қатысты нәпсінің мейлінше өріс алған екі саланы бөліп көрсетеді: біріншісі: саясаттағы диктатура, мемлекеттік жемқорлық т.б. (Шыңғысхан, Напалеон, Сталин, Гитлер т.б.); екіншісі: мәдениетте - нәпсісіз ешқандай құмарлық жоқ. Бүгінгі өркениетте кең өріс алған «массовая культура» нәпсіні тауарға айналдырып баратындығын айтады.

Автор адам болмысының келесі бір өлшемі - ақылға ұлттық ойлау мәдениетіміз тұрғысынан қарастырып, ана тіліміздегі ақыл, парасат, зейін, даналық, зерде, зеректік, пайым деген ұғымдарға жеке-жеке тоқталады. Абайдың он жетінші қара сөзін талдай отырып, ақылдың орнын анықтайды. Ақыл ғылымға бастайтын жол. Таза ақылда тәжірибе жоқ, ал ғылым тәжірибеге негізделген. Философ ақыл туралы өз ойын былайша қорытындылайды: даналық – ақылдың биік формасы, ал надандық – оның ең төменгі табалдырығы.

Автор келесі философиялық ұғым – көңілді адам болмысының тұрақты емес, өзгеріп тұратын халі деп түсіндіреді. Оның көріну формалары қызметін атқаратын ұғымдарға: ғашықтық, сұлулық, тақуалық, нәпсіқұмарлық, жомарттық және күйді жатқызады.

Адам болмысын айқындайтын келесі бір философиялық ұғым – рух. Рух тәнге де, жанға да қатысты. Автордың ойынша, рух- жанның тәнсіз формасы. Философ: «рух дегеніміздің өзі – адамды аңсау, оның қасиеттерін ашу, пендесі мен жаратушысының табиғи байланысын сезіну»,- дейді.

Сонымен қатар, Ғарифолла Есім «Адам-зат» атты еңбегінде адам өміріндегі махаббат, ғашықтық, көркемдік, жоматтық, бақыт, үміт, нүкте, өлім сияқты аса маңызды түсініктерге тоқталады.

Қорыта келе, Ғарифолла Есімнің «Адам-зат» еңбегі бүкіл қоғам үшін құнды шығарма болып табылады. Бұл еңбекте бүкіл адам баласының асыл қасиеттері, адам-зат үшін өте маңызды өлім мен өмір, бақыт пен үміт жайлы мәселелерге философиялық тұрғыдан түсінік беріледі. Ғарифолла Есім екі ұғымды ажыратады адам (рухани болмысы) және адам-зат (физикалық дене). Кітапта адам мен оның өмірі, түрлі категориялары жайлы терең ойлар жазылған.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ГЛАВА 6. ДИНАМИКА НАКОПЛЕНИЯ ФИТОМАССЫ | Астана қаласы, №54 мектеп-лицейінің тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных