Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Астана қаласы, №54 мектеп-лицейінің тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі

Мухамадиева С.Т.

Рөлдер мен орындаушылар:

Қасым-хан –

Есім хан –

Темір би -

Оңай батыр -

Марғасқа жырау–

Белгісіз адам -

Уәзірлер мен кеңесшілер–

Бұқара халық –

Хатшы -

Күзетші -

 

(Әуезді музыка ойналады. Декорация көрсетіледі (слайд). Осы музыка фонында автордың даусы естіледі.)

 

Автор: (Сахна сыртынан оқылады): 1511 жылы Талас, Шу маңындағы халық Қасымды боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге көтеріп хан сайлады. Қасым ханның ұстанған жалғыз сара жолы болды. Ол жол – бейбітшілік жолы- өз жеріңді ешкімге берме, өзгенің жерін тартып алма. Әкесі Жәнібек ханның «Тағанақ Кеңесін» қалпына келтірді.

 

(Автор сөзі оқылып жатқан сәтте кейіпкерлер сахнаға орналасады)

 

І көрініс.

 

Төбе басында жиналған халық алдында Қасым отыр. Оны айнала кеңесшілері мен уәзірлері орналасқан.

 

Қасым хан: (Қолына Шыңғыстың «Яса» кітабын ұстап отырады. Үнсіздік. Біраз уақыттан соң): -Уа, халқым, өзара атыстың да, шабыстың да. Араздыққа сылтау таба алмай, түймедейді түйедей қылып, алалы жылқы, ақтылы қой алдың.Бір-біріңді талан-тараж- қылып, ата қонысынан айырдың. Айрандай аптап, күбідей пісіп жүрген жұрттың «ай» дейтін ажасы, «қой» дейтін қожасы болмақ емес пе? Жетіп отырған жесіріңді басқа бір тентек ат сауырына салып әкеткен күні де болды. Ағайын, ұзында өшті, қысқада кекті болмайық. Бітім сұрап, бас сауғалар жауың емес. Бір туған қазақсың. Алынбай жүрген кегің де, тимей жүрген есең де жоқ бірі-біріңде. Ендеше, елдің бірлігі мен ағайынның татулығын ту етер күн туды бүгін. «Тағанақ Кеңесінің» мәжілісіне «Қазақтың ата жолын» сақтар жаңа заң тәртібін енгізсем деймін.

(Хатшыға ишара етеді. Хатшы қағазы мен қамыс қаламын дайындап, ханның қасына тізе бүгеді)

 

Кеңесшілер мен уәзірлер: (қостап) Уа, хан ием, дұрыс сөз! Елдің елдігі мен ағайынның арасын тарқатар заң қазаққа қажет-ақ! Қолдаймыз, айтыңыз, хан ием!

Қасым хан: Айтсам, халқым, ата-бабаңнан қалған мүлкіңе қатысты, қылмыстық әрекетке қарсы, әскери заң ережелері, елшілік жоралғылары мен жұртшылық заңы болмақ. Жер дауы мен жесір дауы өршіген, жан-жақтан анталаған жауың қаптап тұрған шақта, өз елінің бүтіндігін ойлаған батырлардың әскери борышын орындау парызын да осы заңда қарастырдым.

 

(Қасым хан сөйлеп жатқанда хатшы жазып отырады)

 

Белгісіз адам: Шыңғыс бабаңнан қалған «Ясаның» қандай тармақтары сақталмақ бұл заңда?

Қасым хан: Бұл заңда «Ясаның» «қанға-қан» және «керуен соғу» тармақтарын ғана өзгеріссіз қалдырдым. Өзара өшігуінің салдарын аз тартты ма халқым?! Сондықтан басқа жағдайда өлім жазасын кесуді артық санаймын.

Темір би: Хан ием, елшілік жоралғылары туралы бұл заңда не айттың? Анығырақ атасаң деп едім.

Қасым хан: Елшілік жоралғыларын да естен шығарғам жоқ. Маңайымыздағы елдер тұрғай өз жұртына қырғидай тиген Бұрындықтың қылығын ұмыта қоймаған шығарсыңдар. Одан не ұтты Бұрындық? Елден кетіп тынбады ма? Менің пайымдауымша «тек жүрсең, тоқ жүресің». (Пауза) Былай барсаң өзбек бар, былай барсаң орыс бар. Моғол хандары да осал емес. Әрқайсысымен елшілік қарым-қатынас орнатып, сауда жасамақпын. Атақты Әбілқайырдың жас жолбарысы, азуы алты қарыс Мұхаммед- Шайбани Иран әміршісімен жағаласам деп жүріп мерт болды. Оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасатты Шах Исмайыл. (Пауза) Бұны қорыққандықтан айтып отырғаным жоқ. Ел шетіне жау тисе, қорған болар ерлерімнің барына сенемін. Бірақ, жатқан жыланның құйрығын басып опа таппасымыз анық. Сондықтан елмен - ел, жаумен –жау бола білгеніміз жөн.

Халық: жарыса: Дұрыс айтады хан ием! Орынды сөз!

Қасым хан: Мен халқымның сұрапыл күшіне сенемін. Қазақ елі нағыз алмас қылыш емес пе?! Қайрай білу - бір өнер, жұмсай білу – бір өнер, құрсай білу- бір өнер. Сәл тайқысаң егерде, өз басыңа тіленер.

Оңай батыр: (ханға қарап)Осы алмас қылыш кімнің қолында болады, кәп сонда ғой. Кім оны қалай ұстайды, қандай мақсат үшін жауға салады? Арандап қалмай ма қалың ел?

Қасым хан: Жөн айтасың, Оңай батыр. Бабын таппасаң, қыран құс қасқыр алмайды. Халқымның қамы үшін жасалған бұл заң - шариғат заңы ғана емес, халықтың ата салтына негізделген заң болмақ!

Халық: (қостап): Бәрекелді! Ендеше бұл заң «Қасым ханның Қасқа жолы» болсын!

(Музыка ойналады. Кейіпкерлер сахнадан шығып кетеді)

 

ІІ көрініс.

 

(Музыка ойналады. Декорация ауысады.)

 

Тұрсын ханның ордасы. Тақта қисайып Тұрсын хан жатыр. Қолында шарап толы кесе бар.Жанында желпуішпен желпіп құл тұр. Биші қыздар бұрала билейді. Бір шетте тұтқынға алынған Есім ханның әйелдері мен балалары, қыздары отыр. Күзетші кіреді. Музыка баяулайды.

 

Күзетші: (иіліп, тағзым ете) Әміршім, Марғасқа жырау келіп тұр.

Тұрсын хан: (менменси) Кірсін!

 

(Тақта қисайып жатқан күйі қозғалмаған Тұрсын ханның алдына Марғасқа жырау келіп, тізе бүгеді.)

 

Марғасқа жырау: Ей, Қатағанның ханы Тұрсын

Кім арамды ант ұрсын!

Жазықсыз елді еңіретіп

Жер тәңірісіп жатырсың.

Хан емессің, қасқырсың,

Қара албасты басқырсың!

Алтын тақта жатсаң да,

Ажалы жеткен пақырсың!

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есігіңде келіп тұр:

Алғалы тұр жаныңды,

Шашқалы тұр қаныңды!

 

Осы кезде Есім хан Тұрсынның ордасына кіріп келеді.

(музыка баяу ойналады)

 

Есім хан: (ызбарланып, қолындағы қылышын көтере): Ей, тексіз ит! «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» деген аталы сөзді білуші ме едің? Бірақ, туғаның жау қылығынан да артық бүлік жасап, ордаңды тонап, бала-шағаңды зар жылатса, одан артық қылмыс бар ма? Сендей арамзаға қандай жаза тарттырсам да артық емес. Ел арасының нағыз әділетті заңы болған Қасымның «Қасқа жолында» қылмыс заңы да, әскери заң да қарастырылған. Сен соның екеуі бойынша да өлім жазасына кесілдің! Өз қолыммен бауыздармын сен итті. Маған қарсы шыққан дұшпанның көрер күні осы!

 

(Есім қолындағы қылышын Тұрсынға сермейді. Азалы музыка қаттырақ естіледі)

 

Халыққа қарап, күрсіне: Амал нешік, саған ілескен екі ру Қатағанның да жазасы осы болмақ! Үкімім осы, орындалсын!

 

(Музыка ойналады. Кейіпкерлер сахнадан шығып кетеді)

 

Автор: Еңсегей бойлы ер Есім осылайша Қатаған руының еңбектеген жас баласынан еңкейген кемпір-шалына дейін қырғызған бұл оқиға тарихта «Қатаған қырғыны» деген атпен қалған екен. Ал кейін Есім хан Қасымның «Қасқа жолын» жаңғыртып жаңа заң жасаған. Ол заң тарихта «Есімнің ескі жолы» деп аталады.

 

(Автор сөзі оқылып жатқанда барлық кейіпкерлер сахнаға қайта оралады. Көрермендерге тағзым етіліп, рөлдер мен орындаушылар таныстырылады.)

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. І.Есенберлин «Көшпенділер», бірінші кітап, «Алмас қылыш», Алматы: «І.Есенберлин атындағы қор», 1998 ж., 185 бет, 188 бет.

2. Садықов Т.С., Жолдасбаев С., Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Алматы: «Атамұра». 2007 ж., 183-184 беттер.

3. М.Әуезов, шығармалар жинағы, 9-том, Алматы: «Жазушы», 1981 ж.,

34 бет

4. М.Мағауин, «Қазақ тарихының әліппесі», Алматы, «Мектеп», 2008 ж., 22-23 беттер, 72 бет.

5. М.Шаханов, «Эверестке шығу», Алматы: «Атамұра», 2003 ж.,133 бет.

6. Testent.ru /0-613: С.З.Зиманов. «Қазақтың «Жарғы» заңдары – әлемдік маңызы бар құқық жүйесі».

7. Kitap.kz., С.Зиманов, Н.Өсеров, «Жеті Жарғы»- қазақ заңдарының жиынтығы», 168 бет.

 

Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолы»

Рөлдер мен орындаушылар:

Қасым-хан –

Есім хан –

Тұрсын хан -

Темір би -

Оңай батыр -

Марғасқа жырау –

Белгісіз адам -

Уәзірлер мен кеңесшілер –

Бұқара халық –

Хатшы -

Күзетші -

 

(Әуезді музыка ойналады. Декорация (слайд). Осы музыка фонында жаршының даусы естіледі.)

 

Жаршы: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Естімедім демеңіздер! Тағанақ Кеңесі шақырылады! Тағанақ Кеңесі шақырылады!

 

(Кейіпкерлер сахнаға орналасады)

 

І көрініс.

 

Төбе басында жиналған халық алдында Қасым отыр. Оны айнала кеңесшілері мен уәзірлері орналасқан.

 

Қасым хан: (Қолына Шыңғыстың «Яса» кітабын ұстап отырады):

- Уа, халқым, өзара атыстың да, шабыстың да. Араздыққа сылтау таба алмай, түймедейді түйедей қылдың. Жетіп отырған жесіріңді басқа бір тентек ат сауырына салып әкеткен күні де болды. Осы мәселелерді реттеу үшін «Тағанақ Кеңесінің» мәжілісіне жаңа заң тәртібін енгізсем деймін.

(Хатшыға ишара етеді. Хатшы қағазы мен қамыс қаламын дайындап, ханның қасына тізе бүгеді)

 

Кеңесшілер мен уәзірлер: (қостап) Уа, хан ием, дұрыс сөз! Елдің елдігі мен ағайынның арасын тарқатар заң қазаққа қажет-ақ! Қолдаймыз, айтыңыз, хан ием!

Қасым хан: Айтсам, халқым, ата-бабаңнан қалған мүлкіңе қатысты, қылмыстық әрекетке қарсы, әскери заң ережелері, елшілік және жұртшылық заңы болмақ. Жер дауы мен жесір дауы өршіген, жан-жақтан анталаған жауың қаптап тұрған шақта, өз елінің бүтіндігін ойлаған батырлардың парызын да осы заңда қарастырдым.

 

(Қасым хан сөйлеп жатқанда хатшы жазып отырады)

 

Белгісіз адам: Шыңғыс бабаңнан қалған «Ясаның» қандай тармақтары сақталмақ бұл заңда?

Қасым хан: Бұл заңда «Ясаның» «қанға-қан» және «керуен соғу» тармақтарын ғана өзгеріссіз қалдырдым. Өзара өшігудің салдарын аз тарттық па? Сондықтан басқа жағдайда өлім жазасын кесуді артық санаймын.

Темір би: Хан ием, елшілік туралы бұл заңда не айттың? Анығырақ атасаң деп едім.

Қасым хан: Елшілік туралы да естен шығарғам жоқ. Былай барсаң өзбек бар, былай барсаң орыс бар. Моғол хандары да осал емес. Әрқайсысымен елшілік қарым-қатынас орнатып, сауда жасамақпын. Атақты Әбілқайырдың жас жолбарысы, азуы алты қарыс Мұхаммед- Шайбани Иран әміршісімен жағаласам деп жүріп мерт болды. Оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасатты Шах Исмайыл. Бұны қорыққандықтан айтып отырғаным жоқ. Бірақ, жатқан жыланның құйрығын басып опа таппасымыз анық. Сондықтан елмен - ел, жаумен –жау бола білгеніміз жөн.

Халық: жарыса: Дұрыс айтады хан ием! Орынды сөз!

Қасым хан: Мен халқымның сұрапыл күшіне сенемін. Қазақ елі нағыз алмас қылыш емес пе?! Қайрай білу - бір өнер, жұмсай білу – бір өнер, құрсай білу- бір өнер. Сәл тайқысаң егерде, өз басыңа тіленер.

Оңай батыр: (ханға қарап) Осы алмас қылыш кімнің қолында болады, кәп сонда ғой. Кім оны қалай ұстайды, қандай мақсат үшін жауға салады? Арандап қалмай ма қалың ел?

Қасым хан: Жөн айтасың, Оңай батыр. Халқымның қамы үшін жасалған бұл заң - шариғат заңы ғана емес, халықтың ата салтына негізделген заң болмақ!

Халық: (қостап): Бәрекелді! Ендеше бұл заң «Қасым ханның Қасқа жолы» болсын!

(Музыка ойналады. Кейіпкерлер сахнадан шығып кетеді)

 

ІІ көрініс.

 

(Музыка ойналады. Декорация ауысады.)

 

Тұрсын ханның ордасы. Тақта қисайып Тұрсын хан жатыр. Қолында шарап толы кесе бар. Жанында желпуішпен желпіп құл тұр. Биші қыздар бұрала билейді. Бір шетте тұтқынға алынған Есім ханның әйелдері мен балалары, қыздары отыр. Күзетші кіреді. Музыка баяулайды.

 

Күзетші: (иіліп, тағзым ете) Әміршім, Марғасқа жырау келіп тұр.

Тұрсын хан: (менменси) Кірсін!

 

Марғасқа жырау: Ей, Қатағанның ханы Тұрсын

Кім арамды ант ұрсын!

Жазықсыз елді еңіретіп

Жер тәңірісіп жатырсың.

Хан емессің, қасқырсың,

Қара албасты басқырсың!

Алтын тақта жатсаң да,

Ажалы жеткен пақырсың!

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есігіңде келіп тұр:

Алғалы тұр жаныңды,

Шашқалы тұр қаныңды!

 

Осы кезде Тұрсынның ордасына Есім хан кіріп келеді.

(музыка баяу ойналады)

 

Есім хан: (ызбарланып, қолындағы қылышын көтере): Ей, тексіз ит! «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» деген аталы сөзді білуші ме едің? Сендей арамзаға қандай жаза тарттырсам да артық емес. Ел арасының нағыз әділетті заңы болған Қасымның «Қасқа жолында» қылмыс заңы да, әскери заң да қарастырылған. Сен соның екеуі бойынша да өлім жазасына кесілдің! Өз қолыммен бауыздармын сен итті. Маған қарсы шыққан дұшпанның көрер күні осы!

 

(Есім қолындағы қылышын Тұрсынға сермейді. Азалы музыка қаттырақ естіледі)

 

Халыққа қарап, күрсіне: Амал нешік, саған ілескен екі ру Қатағанның да жазасы осы болмақ! Үкімім осы, орындалсын!

 

(Музыка ойналады. Кейіпкерлер сахнадан шығып кетеді)

 

 

Барлық кейіпкерлер сахнаға қайта оралады. Көрермендерге тағзым етіліп, рөлдер мен орындаушылар таныстырылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. І.Есенберлин «Көшпенділер», бірінші кітап, «Алмас қылыш», Алматы: «І.Есенберлин атындағы қор», 1998 ж., 185 бет, 188 бет.

2. Садықов Т.С., Жолдасбаев С., Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Алматы: «Атамұра». 2007 ж., 183-184 беттер.

3. М.Әуезов, шығармалар жинағы, 9-том, Алматы: «Жазушы», 1981 ж.,

34 бет

4. М.Мағауин, «Қазақ тарихының әліппесі», Алматы, «Мектеп», 2008 ж., 22-23 беттер, 72 бет.

5. М.Шаханов, «Эверестке шығу», Алматы: «Атамұра», 2003 ж.,133 бет.

6. Testent.ru /0-613: С.З.Зиманов. «Қазақтың «Жарғы» заңдары – әлемдік маңызы бар құқық жүйесі».

7. Kitap.kz., С.Зиманов, Н.Өсеров, «Жеті Жарғы»- қазақ заңдарының жиынтығы», 168 бет.

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
арифолла Есімнің «Адам-зат» еңбегін философиялық тұрғыдан талдау | Список экзаменнационных вопросов.


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных