Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыптар. Қылмыстық –процестік құқықтың түсінігі мəні және міндеттері




Модуль

Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдар (сот рпокуратура,алдын ала тергеу және анықтау жүргізетін органдар) болып табылады. Бұл мемлекеттік органдардың қызметтері бір-бірімен өзара байланысты болғанымен,олрдың іс жүргізу кезіндегі өкілеттіктері бірдей емес. Мәселен, алдын ала тергеу органы бұрын болған қылмыстың мән-жайларын толық ашып,айыпталушыны қылмыстық жауапқа тартатын болса да, оның кінәлігі жөнінде мәселені шешпейді. Осыған байланысты алдын ала тергеу жүргізу аяқталған соң тергеуші қылмыстық істің материалдарын заңдылықтың сақалуын қадағалайтын прокурорға жібереді. Прокурор алдын ала тергеу заңды түрде және толық жүргізілген деп санайтын болса, онда бұл қылмыстық істі тиісті соттың қарауына береді. Содан соң қылмыстық іс бойынша үкім шығарады. Осындай заңға сәйкес жүзеге асырылатын өкілетті органдардың іс-әрекеттер жүйесі қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу деп аталады.

Қылмыстық іс жүргізу ұғымы жөнінде айтқанда, бұл қызметті сот,прокуратура және алдын ала тергеу органдары атқарумен қатар жеке тұлғалардың да іс жүргізуге қатынасатындықтарын ескеру қажет. Жеке тұлғалардың іске қатынасуларына байланысты олрдың құқықтары мен міндеттері заңда көрсетілген. Осының бәрі қылмыстық іс жүргізу кезінде аталған мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының өз араларында және,сонымен қатар,мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың араларында да құықтық қатынастардың болатындығын білдіреді.

Сонымен жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйене отырып, қылмыстық іс жүргізу ұғымын толық айтқанда былайша тұжырымдаймыз:

Ылмыстық іс жүргізу-соттың,прокуратура,алдын ала тергеу және анықтау органдарының қоғм мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды да қатыстыра отырып атқаратын заңмен реттелген қызметі, сондай-ақ осы қызмет саласында туындайтын құқықтық қатынастар жүйесі болып табылады.

Осы ұғымға сәйкес,құқық қорғау органдарының қылмыстық процестегі міндеттері қандай деген сұрақ туады. Ол міндеттер ҚІЖК-нің 8-бабында баяндалған. Бұл бапта көрсетілгендей, аталған мемлекеттік органдар қылмыстарды тез және толық ашу,қылмыстық істерді әділ шешу,заңдарды дұрыс қолдану, азаматтардың заңсыз айыпталуын және сотталуын болғызбау, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарының заңсыз шектелуін болғызбау мақсатында қажетті іс-әрекеттерді орындауға міндетті.

Қылмыстық іс жүргізу басқа сөзбен қылмыстық сот ісін жүргізу деп те аталады:қылмыстық іс жүргізу заңында және ғылыми еңбектерде де осы екі термин аралас қолданылады (орысша: «уголовный процесс» және «уголовное судопроизводство»). Яғни, қылмыстық іс жүргізу қызметін «қылмыстық сот ісін жүргізу» деп те атауға болады және мұның өз себебі бар. Ол себеп қылмыстық іс жүргізу алдын ала тергеу органының қызметімен аяқталмай,істің сотта қаралып шешілетіндігіне байланысты.Сондықтанда қылмыстық іс жүргізу ұғымының «сот төрелігі» ұғымымен сәйкес жері бар деп айта аламыз:қылмыстық істі сотта қарап шешу сот төрелігін атқару болып табылады. Бірақ «қылмыстық іс жүргізу» ұғымы «cот төрелігі» ұғымы бірдей емес. Ӛйткені бір жағынан, «сот төрелігі» ұғымының тікелей мағынасы сот қызметі болып табылады да, ал «қылмыстық іс жүргізу» ұғымы соттың қызметімен қатар алдын ала тергеу органдарының да қызметін қамтиды. Екінші жағынан, сот төрелігіне тек қылмыстық істерді ғана қарап шешу жатпайды; оған, сонымен қатар, азаматтық әкімшілік және т.б. істерді шешу қызметі кіреді.

Қылмыстық іс жүргізу қызметін атқару «қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп те аталады (орысша: «производство по уголовному делу»).Бұл жағдайда «өндіріс» деген сөз заңды түрде жүргізілген іс-әрекеттердің орындалуын және ол іс-әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Мәселен, алдын ала тергеу жүргізуге кірісу үшін тергеуші алдымен қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығарып, содан кейін қылмысты тез және толық ашу міндетін орындауы тиіс. Тергеушінің, сол сияқты анықтаушының да, қылмыстық іс бойынша атқаратын осындай қызметі «сотқа дейінгі қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп аталады. Ал, қылмыстық іс сотқа сотқа келіп түскеннен кейін болатын іс-әрекеттер қызметін «соттағы қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп айту қате емес.

Қылмыстық іс жүргізу ұғымымен қатар осы қызметке сәйкес ғылыми сала және оқу пәні ұғымдарында білу қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу қызметі және бүл қызметті зерттейтін ғылым саласы мен оған сәйкес оқу пәні ұғымдары өзара байланысты болғанымен, олардың әрқайсысы жеке ұғым болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңмен реттелген мемлекеттік қызметтің арнайы саласы болғандықтан, оның қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты екендігі айқын болып табылады. Бұл жөнінде өткен ғасырдың 60-жылдары М.С. Строгович былай деп жазған: «Қылмыстық істерді тергеу және шешу тәртібі,тергеу және прокуратура органдарының, сондай-ақсоттың қызметі, олардың қылмыстық іс бойынша өндіріске қатысушы азаматтар және ұйымдармен қарым-қатынасы қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі».Осы айтылғанның өзінен қылмыстық процесс ұғымының қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымынан айырмашылығы көрінеді:қылмыстық іс жүргізудің тікелей мағынасы іс жүргізу қызметін білдіретін болса, ал қылмыстық іс жүргізу құқығы - осы қызметті және осы қызметті атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Яғни, М.С.Строговичтің айтқанындай, «қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні қылмыстық іс бойынша өндірістің (алдын ала тергеу жүргізу мен істі сотта қарап шешудің) рәсімін орнату деп түсіну қажет». Бұл ұғымға қазіргі ресейлік басқа да ғалымдардың пікірі сәйкес келеді. Мысалы, П.А. Лупинскаяның жазуы бойынша,қылмыстық іс жүргізу құқығы-бұл қылмыстық істерді тергеу,талқылап шешу қызметін реттейтін заңда баяндалған ережелер жүйесі, яғни құқықтық рәсім ережелері болып табылады. Осы қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен орнатылған қызмет атқару тәртібіне мемлекеттік органдар да, іске қатысушы азаматтар мен ұйымдар да бағынышты және бұл тәртіпті толық сақтауға міндетті болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-әдістемелік кешені. Қылмыстық іс жүргізу қызметінің барысы бірнеше, әрқайсысының жеке маңызы бар кезеңдерге бөлінеді. Ол кезеңдер қылмыстық процесстің стадиялары деп аталады. Стадиялардың әрқайсысы мынадай белгілермен сиппатталады: 1) әр стадия іс жүргізудің жеке кезеңі ретінде ҚІЖК-де арнайы белгіленген; 2) әр стадияның жеке маңызы және өзіне тән міндеттері бар; 3) әр стадияның мәнін құрайтын іс-әрекеттердің субъектілері көрсетілген; 4) әр стадия- оның нәтижесін қорытындылайтын процессуальдық шешім қабылдаумен аяқталады.

Қылмыстық процесстің стадияларына мыналар жатады:

1) қылмыстық і бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу; 2) қылмыстарды тергеу; 3) басты сот талқылауын тағайындау; 4) басты сот талқылауы; 5) апелляциялық тәртіппен істерді қарау; 6) үкімді орындау. Бұл стадиялардың алдыңғы екеуі сотқа дейінгі стадиялар, ал кейінгілері сотта болатын іс жүргізу стадиялары деп қаралады.

ҚІЖК–нің 8-бабы осы міндеттерге арналған. Мұнда былай деп көрсетілген:

1. Қылмыстық процесстің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.

2. қылмыстық іс жүргзудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудыдан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда – оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстардың алдын алуға, азаматтардың құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.

 

Бұл міндеттер қылмыстық іс жүргізудің барлық стадиялары үшін ортақ болып табылады және олардың әрқайсысы осы міндеттердің орындалуына ықпалын тигізеді. Қылмыстық іс жүргізу органдары осы міндеттерді басшылыққа ала отырып өз қызметтерін атқарады.

Қылмыстық іс жүргізудің мәнін толық түсіну үшін «процессуальдық нысан» және процессуальдық кепілдіктер» ұғымдарын қарастыру қажет.

«Процессуальдық нысан» ұғымын алдымен философиялық нысан» ұғымымен салыстыру арқылы көрсетуге болады. Философиялық ілімге сәйкес, әр нәрсенің, заттың немесе құбылыстың өзара тығыз байланысты элементтерден тұратын тұрақты құрылымы болады. «Нысан» ұғымы сол әр заттың немесе құбылыстың ішкі құрылымының тұрақтылығын және құрылымның сыртқы бейнесін білдіреді. «Процессуальдық нысан»ұғымы осы айтылған жалпы ғылыми «нысан» ұғымына сәйкес келеді. Сондықтан заңи әдебиетте процессуальдық нысан - заңмен белгіленген қылмыстық іс жүргізудің тәртібі деп түсіндіріледі. Яғни, процессуальдық нысан ұғымы қылмыстық жүргізудің сыртқы бейнесі, көрінісі дегенді білдіреді. Процессуальдық нысанының ішкі құрылымы қылмыстық іс бойынша заңға сәйкес орындалатын іс-әрекеттердің жиынтығынан тұрады.

Қылмыстық істі жүргізуші мемлекеттік органдар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар өз мақсаттарына сәйкес заңды түрде іс-әрекеттер жасайтын болғандықтан олардың қызметі бірнеше жеке бағыттарға бөлінеді. Осы субъектілердің қылмыстық процестегі қызмет ету бағыттары процессуальдық функциялар деп аталады. Дара мағынада айтқанда, процессуальдық функция деген – қылмыстық процесс субъектісінің өз мақсаттары мен міндеттеріне немесе заңды мүдделеріне сәйкес атқаратын іс-әрекеттер жүйесі болып табылады.

Процессуальдық функциялар негізінен үш түрге бөлінеді: 1)айыптау, 2) қорғау, 3) қылмыстық істі соттың шешу функциясы. Бұлардың ішінде алдымен айыптау функциясына тоқталу қажет. Себебі, қылмыс жөнінде айыптау болмаса, онда қылмыстық іс жүргізу де болмайды. ҚІЖК – де бұл фунция «қылмыстық ізге түсу» және «айыптау» терминдері бір мағынаны білдіреді.

Айыптау функциясының мәні – қылмыстың болғандығын анықтау және оны жасаған адамның кінәлілігін дәлелдеу, срндай-ақ бұл адамға жаза немесе өзге құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын іс-әрекеттер болып табылады. Бұл функцияның атқаратын субъектілерге мыналар жатады: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, жәбірленуші (жеке айыптаушы), азаматтық талаптар және заңды өкілдер мен өкілдер. Бұл аталған субъектілер айыптау тарабы деп аталады, яғни бұлар айыптау тарабын құрайды.

Қылмыстық іс жүргізу кезінде оған қатысушылардың арасында, яғни олардың атқаратын функцияларына байланысты құқықтық қатынастар туындайды. Бұл қатынастар қылмыстық іс жүргізу құқығымен реттелетін болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары деп аталады. Ал, толығырақ айтқанда, қылмыстық іс жүргізу құқықтың қатынастары немесе процессуальдық қатынастар дегеніміз – қылмыстық процесс субъектілернің арасында заңға сәйкес туындайтын және осы суъектілердің құқықтары мен міндеттері болуымен сипатталынатын нақты байланыстар деп түсіну қажет. Процессуальдық қатынастардың өз субъектілері мен объектісі бар және бұл субъектілердің құқықтары мен міндеттері заңда құқықтық нормалар түрінде көрсетілген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных